ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

                 

ҚҰРАҚ  ЖЫРЫ 

Көл жиектеп желкілдейтін көк құрақ 

Жел иектеп селкілдейтін көк құрақ. 

Өсе-өсе қамыс болдың сен, міне, 

Өсе-өсе жігіт болдым мен, міне. 

 

Ей жас құрақ, біздегі сәл айырма, 



Адамға тән... мен айтпай-ақ пайымда. 

Біздің жыр да сендерге ұқсас, тек қана 

Әр дауыспен айтылған бір қайырма. 

 

                                     * * * 



Мен тал көрдім, солқ-солқ еткен құба тал

Ми далады ыққан қойдай бір отар. 

Қайдан ғана қаулап өсіп шықты екен, 


Қақтаған күн қалай ғана шыдатар. 

 

Сұңғақ екен сылап бойын керілген, 



Жел қозғаса еңкеюге ерінген. 

«Беу, бейшара-ай бірдей ғой, - деп ойлаймын, 

Маңдайыңа біткен бағың сорыңмен». 

 

Сол ойымды және өзімнен жасырдым, 



Сарайымды аша алмадым, ашындым. 

Бірте-бірте селдіредің, заң солай, 

Жапандағы жалғыз қалған жасыл мұң 

 

Бозбала күн қабығынан қан тамған, 



Бозбала күн бастан өтіп жалтарған. 

Яки қурап, яки жаңқа боп кетпей, 

Уақыт, сенің есен қалған балтаңнан, 

 

Айналайын бір топ талдан түздегі, 



Бір арманның қалған түбір іздері. 

Тап осылай қалса болды кейінге 

Мың шумақтың бір шумақ жыр тізбегі. 

 

 



                         * * * 

Мен – жастық, мен- жиырма бес,  

                                            

менің күнім, 

Құрылықтар құдіреті боп көрін бүгін. 

Құлпыртқан туған елді қызуымның 

Уақыт, сен берерсің көрімдігін. 

 


Сондықтан өз үніңмен, өз деміңмен 

Төре бол, тура қарап көз – көңілмен. 

Әр ұрпақ жастығыңның ара өлшемін 

Уақыт, сарала өзің безбеніңмен. 

 

Бейбіт күн, биік арман – қос мұратым, 



Парасат күші арқылы паш қылатын. 

Уақыт мойындаған әлдеқашан 

Қоғамның  коммунистік жас қуатын. 

 

Мен – солмын.  



                         

Қуаты жас, сана сергек, 

Көкті орап, жер қопардым дара сермеп. 

Дүниені сан таңданттым, сан таңғалттым, 

Айтпадым: «Мен сиқырдың баласы ем» - деп. 

 

Қиялдың шиырланған қиян көгі, 



Ғасырым, көркің – жастық күй, әндері. 

Бір айдын «Революция – Коммунизм» 

Планета жастығының құяр жері. 

 

Сан алуан әр халықтың тіл мен түрі, 



Бірақ та әділ ойдың бір төркіні. 

Әне, әне, Африка жастығының 

Бет алды сол айдынға мың толқыны. 

 

Мен де – ағыс. 



                    

Шөлін басып талай құмның 

Ақтым да, алғы күнге қарай білдім. 

Мен – жастық, мен – жиырма бес, 



                                                     

коммунистік 

Алғашқы толқынымын сол айдынның. 

 

                    * * * 



Менің бір тұтам өмірім, 

Тартсам созылар тарамыс болсашы, 

Бірде бай, бірде жұтаң көңілім 

Жүйткіп жазылар қаламұш болсашы. 

 

Көп менің жүрген жолдарым, 



Кеңістік көп іздеп, кербез көл іздеп. 

Мен – қарлығаш! 

Қайда ұшпадым, қайда қонбадым. 

Бауырыма басқа балапан талмайтын жем іздеп. 

 

Мінез 

Адамның сорлы міні – мінезсіздік, 

Сананың солғындығы – мінезсіздік. 

Ерлік те, еркелік те – бәрі мінез 

Болмаса тым есерлік, тым ессіздік. 

 

Мінездан табады адам дос та, жау да, 



Табады кейде бейнет – басқа сауда. 

Мінезсіз мінсіздерден мінезділер, 

Бақытсыз болған емес ешқашанда. 

 

Ей, досым! 



                  

Жүз шайысып қалысармыз, 

Тобық қағып, аяқ та шалысармыз. 

“Ер шекіспей бекіспес” -  деген қазақ, 



Мінезің болса –  болды, 

                                 

табысармыз! 

 

 



          * * * 

Нөсерлеп өтті жаңбыр, 

Аспанды күркіретті. 

Көкжиек ала шабыр, 

Астарын жыртып өтті. 

 

Қара оттың түбі балқып, 



Булығып тұр жетілмей. 

Жусаған үйір жылқы 

Жусаннан үркетіндей. 

 

Жазылып жайылмайды, 



Жаңбырға жалдап алып. 

Қайық жел қайырлайды 

Жазықтан жонға барып. 

 

Боз бие дара мүсін, 



Топ малдан биік тұрды. 

Теуіп қап жабағысын, 

Құлынына иіп тұрды. 

 

          



НҰРҚАН МЕН ХАЙРОЛЛА 

Нұрқан – ақын, Хайролла – төкпе жырау, 

Егіз шекті екеулеп жеккен ылау. 

Хайроллаға жыр туса, хабар келген 

Жет Торғайға тезірек, жет, жаным-ау.  



 

Колхоз бенен қаланың арасы алшақ, 

Көлігі жоқ көп жұртқа қарасар шақ. 

Жол жүрер күн, жаз бойы қаңтарулы 

Қарағайға жанасып жара саусақ. 

 

Басып-басып қалғанда сағасынан, 



Шалқып бір күй шығады шарасынан. 

Шекке тиіп кетер деп қорқып отыр 

Жазым қолдың Хайролла жарасынан. 

 

Атын ерттеп асығып қамшылайды, 



Айдау жолдың бойынан шаң шұбайды. 

Ашудастай ащы айран бойға сіңіп, 

Кекірген соң кеңсірік қаңсымайды. 

 

Көкжиекке күлдіреп күн құлаған – 



Көздің майын тауысып тұр бір адам. 

Қызыл толқын ішінде қайық болып 

Жалғыз қара көрінді бұлдыраған. 

 

Бір-ақ елі маңдайды баққа бөлеп, 



Бақыт келсе – байлайтын қақпа керек. 

Келе жатыр ақынға бір жақсылық 

Қызыл толқын ішінен аққан ерек. 

 

Нұрқан үйі – шым тезек қабырғасы, 



Өтті осында жас шағы, жалын жасы. 

Қанатымен осы үйде желпіді оны 

Қайран өлең, қанатты қарлығашы. 

 


Құйып кеткен құрдымға қайран жасын, 

Сезген ақын сезімге қайралғасын 

Селдетіп бір сәуірдей құйып өтіп, 

Шөлдеп көріп сағынған Хайролласын. 

Аударып ап ерінен, еміреніп 

Егіз туған баурындай айналғасын. 

Қозы іңірде көгеннен жамыратып 

Көтереді Хайролла қайран даусын! 

 

Келген адам қи ойып, сақпан атып, 



Ақын жыры бойына от таратып. 

Ескі әріппен жазылған қолжазбаны 

Ежіктейді ай жатып, апта жатып. 

 



Зәру жырға зарығып жұтап едік, 

Жапырағы бар желпі, - деп, - бұта болып, 

Хайролланы қонаққа шақырады ел, 

Ол кетеді өңденіп сыпа болып. 

 

Сәтен көйлек жуылып, құты кіріп, 



Саптама етік аяқтан сыпырылып. 

Дастарқанның басында, қасында ақын 

Төкпе жырау төгеді құтырынып. 

                  * * * 

Оймақтай көлдің жиегі, 

Аққу құс ұшып киелі. 

Қырын бұрып қанатын, 

Қыл мойынға иеді. 

Қарасудан жыртылып, 

Дара тұлға құлпырып, 



Буынсыз бел майысса –  

Қос қанаты қайысша 

Қайта-қайта созылып, 

Қоғажайға тиеді. 

Әуей  желге ілессе,  

Әсіре әуен біресе 

Жіңішкеріп жібектей, 

Тарайды осы түбекке. 

 

ОЙЫЛДАН  КЕЛГЕН  ҚАРИЯ 

                   

(баллада) 

Орынбор. 

Он сегіздің наурыз айы. 

Сәске түс. Совдеп үйі. Аула-жайы. 

Айнала тұтасқан шу, тұтасқан ту, 

Әңгіме – төңкерістің дау-дамайы. 

 

Совдептің шаңырағына бірге қарап, 



Алты жүз сарбаз тұрды – кіл делегат. 

Тапсырып мандат қағаз екі-үш адам, 

Өкілін төрт уездің жүр жағалап. 

 



Қайдансың, Ырғыздық па?.. 

Жүр, Торғайлық. 



Бір жатақ естіп соны тоқтай қалып. 

Келді ме атышулы Аманкелді, 



Көрсетші? – дейді көзі шоқтай жанып. 

 



Беу, - дейді қасындағы егде қазақ, - 

Бізге ұқсап көрген жоқсың сендер азап. 



Болса егер Сардарымыз, әлдеқашан 

Байларды кіргізер ек көрге дозақ. 

 

Кіл жатақ, кіл жақыбай, кедей-кепшік, 



Әйтеуір дүрбелеңге елеңдестік. 

Өткен жыл Жанкелдиннің керуенін 

Ырғыздан қуып жетіп, сәлемдестік. 

 

Бұл өзі не төңкеріс, не дүрбелең, 



Ленин кім, не істе деген, неғыл деген. 

Ататын таң деген не, тап деген не, 

Не нәрсе жеме-жемде жеңу деген. 

 

Соны айтып түсіндіріп, мұртты қазақ: 



Жеңіске қалды, - деген, - тіпті де аз-ақ. 

Ойылдың отырықшы он жатағы 

Төркінін әңгіменің ұқтық тез-ақ. 

 

Намысын өзімізше елдің жанып 



Содан соң әр ауылдан қол жинадық. 

Сардары болмаған соң, өңкей жатақ 

Бәрібір қанатсыз құс, ол бір кәріп... 

 



Е... һе... һе... 

Тыңдап тұрған күлді жігіт, 

Жүніміз десей солай жүр жығылып. 

Аспаннан түсті деп пе ең Аманкелді, 

Түссе егер неге бізбен жүр бірігіп? 

 

Өзіңдей ол да жатақ, ол да кедей, 



Ревком неміз біздің, қорған емей? 

Торғаймен, не Шалқармен хабарлассаң,  

Болмас па, «құдай өзің қолда» демей. 

 

Деді де, бала сарбаз бердеңкесін 



Бір қозғап, қарт алдында керген төсін. 

Заманның аңғарып тұр ағымын ол, 

Ертерек ерлерге еріп ел көргесін. 

 

Сол кезде кірді аулаға бір алқа топ,  



Әндетіп, ортақ ұран – «Ура! Алға!» боп. 

Тағы да ойылдық шал ойлап қалды: 

«Әні несі? Шілдехана, думан ба?» - деп. 

 

Көтеріп биігірек туын олар, 



Адамдап нық басатын түрі де бар. 

Біреулер сыбыр етті: «Итжеккеннен 

Анау, - деп – тірі келген Сібір Омар». 

 

Бір жігіт басқалардан мұңы бөтен, 



Деп қалды: 

Қолдаушысы – пірі ме екен, 



Сұрасам қайтер еді, анау жылғы 

Айдалған менің да ағам тірі ме екен? 

 



Анау кім қасындағы?  



Анау кімі? 

Көк күрте, қадап басқан қадамы ірі. 

Чекмарев. Балтық теңіз матросы, 



Қазіргі – Қостанайдың командирі. 

 

«Балтығы жер болды екен қай шамалы, 



Бар екен от басында қанша жаны?» 

Түртеді жас сарбазды ойылдық қарт 

Шарқ ұрып шартарапқа ой-сауалы. 

 



Қарағым, көп зат жұмбақ, жас ілгері, 

Неге оның күртесінің жасыл зері? 

Матрос – Лениннің інісі ме?.. 

Жас сарбаз «иә» деді, бас изеді. 

 

Ап-ашық күркіріндей күннің кенет, 



Ауланы қоңырау үні – күмбір бөлеп, 

Әсершіл қыр қазағын, революция 

Рухы өтті тағы бір-бір жебеп. 

 

Есікке ойылдық қарт ентелеп кеп, 



Өзінен қалды өзі елбелектеп. 

Қария, мандатыңыз? – деді біреу, 



Қарап тұр: «Ондай қағаз менде жоқ» деп. 

 



Ендеше кіре алмайсыз, - дегенде, шал 

Мінезге басты дейсің алаңғасар. 

Жанкелдин жақын інім, шақырып бер, 



Сол болсын жақсылығың маған жасар. 

 

Айт, қалқам, ағаң сонау, түу Ойылдан 



Кепті де, қайысып бір уайымнан, 

Қас-қағым уақытын бөлсінші деп, 

Жалынып қоймай тұр де, құдай ұрған. 


 

Әй, келмес... – деп қинала кеткен жігіт,  



Қуанып келе жатыр өктем жүріп. 

Ойылдың жатағы ма ең?.. 



Иә... иә... 

Өт залға, бар тез отыр, еппен кіріп. 



 

                           * * * 

Жолдастар! 



                     

Жорық кешкен дала халқы! 

Бұл жорық – революция болады аты! 

Жете алмай мәресіне майып болған, 

Бұл жорық – ата-баба аманаты. 

 

Сондықтан күресте – есе, дауда - хақын 



Жібермеу, большевиктің уәде аты. 

Құрылтай – съездерің құтты болсын, 

Төрт уезд – бүкіл Торғай Уәлаяты!  

 

Жолдастар, 



                    

далалықтар – түз ұлдары! 

Халықпыз түрі момын, қызу қаны. 

 

Халықпыз діндар емес, ділмар емес, 



Жасалған қолдан құдай-құзырлары. 

 

Жолдастар, 



                   

революция жұлдыздары, 

Біреу-ақ төңкерістің түзік заңы: 

Қолдағы кісеніңді үзгеннен соң – 



Жұлынын үстем таптың үзу заңы! 

 

Жолдастар! 



                 

Үздік біздер қол кісенін, 

Бірақ та тұтқасы емес ол місенің. 

Жұлынын үзу үшін үстем таптың, 

Сендерде күллі құдірет, күллі сенім. 

 

Жолдастар! 



                  

Албырт елміз, аңғал елміз

Сан рет санын соғып қалған елміз. 

Дейтұғын: «жарылқармыз, теңгерерміз», 

Жан-жағың жолбике жау, жалған лебіз. 

 

Жолдастар! 



                

Жас елміз біз – тал шыбықтай, 

Сынамыз заман сырын қалсақ ұқпай. 

Секілді ұлан дала – ұлы мұхит, 

Жүзгенбіз талай ғасыр май шабақтай. 

 

Жолдастар! 



                    

Емес бізге құлдық – мұрат, 

Бірақ та аз ғой бізде бірлік – қуат. 

Дүниенің аз дейсің бе жайындары 

«Шабақты жұтсам дейтін қылғып бір-ақ». 

 

Жолдастар! 



                 

Барлық кесел, бар зауалдан 

Жалғыз-ақ сақтар қамал, қорғар қорған, 

Жасасын Октябрь мен Ленин көсем –  



Дүниені дүр сілкінткен, таң қалдырған!   

 

Сөзінен Жанкелдинің зал күркіреп, 



Уралап сүт сауым сәт жаңғырды кеп. 

 

Орнынан оңтайланып екі-үш тұрды 



Ойылдық айтқысы кеп шал бір тілек. 

 



Пай... пай... пай... 

                         

Білімсізді күшті деме, 

Деп қалды ол: «құр қара күш іс біле ме?» 

Өсті деп естіп едім ішкі жақта, 

Өзі бар қолға алыпты істі келе. 

 

Қарт оған қадағанша көзін барлап, 



Комиссар жөнелді әрі сөзін жалғап. 

Советтер өкіметін тез орнату 



Жолдастар, жеңу болмақ, озу болмақ. 

 

Алайда, талай ауыл, талай қыстақ 



Жағдайда отыр әлі қиын-қыспақ. 

Білмейді революция не екенін де 

Сан кедей жүрген қиян, қиыр қыстап. 

 

Құлдықтың ыңыршақты ылауында 



Жүр олар әлі үстем шылауында. 

Мен оны өз көзіммен көрдім былтыр, 

Ойылдан өте беріп бір ауылда. 

 

Он жатақ мені Ырғыздан қуып жетіп, 



Дүрбелең не зат, - дейді, дүбірге елтіп.  

Жүр олар күрес іздеп, қолбасшысыз 

Құла түз құланындай жүрген жортып. 

 

Жолдастар! 



                  

Күрес бар ғой – өмір барда, 

Большевик болсаң, соның жолын жалға! 

Бір жатақ келіп отыр шақырусыз, 

Ойылдан күрес іздеп Орынборға. 

 

Біз оған кел съезге, төрлет десек, 



Алаштың алты ауызын меңдетпесек. 

Жолдастар, жөн бола ма, осы залға 

Кездейсоқ кіріп кеткен топ жоқ десек... 

 



Ол кімдер? Олар кімдер? 

                                         

Зал дүр етті. 

Сол кезде ойылдық шал сәл дір етті. 

Бас бүлік төрелер ғой! 



Иә, төрелер. 

Ал шықсын,  



Шықсын олар. 

Болды! Жетті.  



Оларға он-сан айдар тақты халық, 

Бір сәтте шаңын көкке қақты халық. 

Тоңмойын тоғыз адам амалсыздан, 

Жылысып жүре берді топты жарып. 

 

Сан сарбаз, сан сарғаскер, сан батырлар, 



Үн-түнсіз ұғынысты жан-жақындар. 

Жанкелдин тыныштықты бұзды тағы: 

Делегат – ойылдық шал! Мандатыңды ал! 



 

                         * * * 

Ленинді бір көруге ойым құштар, 



Бойымда сан жорыққа дайын күш бар, - 

Деп қойып, оларға еріп арсалаңдап, 

Келеді Совдеп жаққа ойылдық шал. 

 



Төрт уезд қолға алды деп Жеңіс туын, 

Көсемге хат жолдаймыз тегіс бүгін. 

Дегенде, шал тағы да қипақтады: 

«Қоймаушы ем қара тани – кемістігім». 

 



Жә... жә... жә... оған бола қапа болма, 



Ленин сынар сені жат адам ба?!  

Өзің ол, өзіміз ол,  

                               

ол біледі 

Жатақтың өсетінін жатағанда. 

 



Деуші едік, сондай адам табылса бір... 

Мұңымыз құлағына шалынса – нұр. 

Кірпігі қыпылықтап шал селк етті: 

Омаржан, ауладағы ел абыр-сабыр... 



 

Иә... иә... абыр-сабыр, опыр-топыр, 



Әнеу бір мылтықты ғой шоғыр тобыр. 

Атаман Дутов дейтін ақ банды бар, 

Тағы әлек салған болды-ау, сол өртенгір! 

 


Деді Омар, 

                  

деді дағы демі бітіп, 

Ауаны бір-ақ қарпып, долы жұтып

Алқынып кіріп келсе, аула ішінде 

Тұр екен Қостанайдың қолы күтіп. 

 



«Жолдастар, жау төніп тұр қаланы орай, 



Ойы жоқ тоқтайтұғын табаламай. 

Самардан, Күйбышевтен күш келгенше, 

Бандымен байқасамыз шамаға орай. 

Самарға, Куйбышевке Ленин өзі 

Бұл жайды нұсқау берді қадағалай». 

 

Қып-қысқа комиссардың осы сөзі 



Аулаға сенім шашып самаладай. 

Матрос Чекмарев жөткірінді 

Саңқ етіп суға сүңгір шағаладай. 

 

Сардар да Шалқасқаға мінді қарғып, 



Омардың от жүрегі тұрды тарпып. 

Ырымшыл ойылдық шал «о, тоба!» деп, 

Қуантар оң жақ көзі күлді тартып. 

 

                            * * * 



Атаман Дутов – ақ банды 

Қалаға кірген бетінде-ақ 

Салмақ боп бірден қақпанды 

Совдепке қарай лапылдап, 

Лапылдап келіп лау етіп,  

Меселі қайтып алқынған. 



Өртемек болған жау оты 

Өзіне қарай шарпылған. 

 

Қап-қара түнек құбылыс 



Қаусырып қазір қаланы 

Қалтарыс, қуыс, бұрылыс –  

Қолма-қол айқас алаңы. 

 

Зуылдап ажал оқтары 



Құшты кеп талай кеудені. 

Оқ үшін кімнің атқаны 

Бәрібір кімнің өлгені. 

 

Ажалдан айла асырып, 



Қапысын тауып күштің де, 

Алты жүз сарбаз ашынып, 

Алысты қылдың үстінде. 

 

Алты жүз сарбаз ұраны: 



«Бұйырсын ажал – кәне, кел!» 

Ажалды да алып ұрады 

Кей-кейде көзсіз тәуекел. 

 



Болса егер күні сойылдың, 

Ұрар ем бір-ақ бас  жарып. 

Жұлынды шалы Ойылдың, 

Жымиды Омар Досжанов. 

 

Совдептің үйін тұр қорғап 



Үркердей ғана үш-ақ топ. 

Күші көп банды жүр аңдып 

Екі күн, міне, екі түн, 

Большевиктердің кетуін 

Қырық ру, қырық пышақ боп. 

 

Сардар да тістеп бармағын 



Байлағандай боп қазыққа. 

Қағатын, - дейді, - шаңдарын,  



Шайқасар ма еді жазықта. 

 

Нобайын көрсе қараның 



Түсетін үзіп топшыны. 

Қол мергендері даланың 

Жібермей-ақ тұр оқ шығын. 

 

Жақындай алмай жау дағы 



Жапалаққа ұқсап түнде ұшып,. 

Қанатын қақса болғаны, 

Жалтартпас оқты жүр құшып. 

 

Ал анау Васька Чекмарев, 



Басқаша айла-амалы. 

Көшеге қыруар зат бөгеп, 

Жасап ап қамсау-пананы 

Ұядан, ықтан тұп-тура, 

Ұшардай дауыл өтіне 

Түспейтін қыран тұтқынға 

Біледі-ау, берки, бекіне. 

 



Үйгені несі? – деп бірде 

Таңданған қария соларға. 

Питерде тумай кеткір, - деп, 



Күліп бір алды Омар да. 

 

                            * * * 



...Кіреуке іңір көз байлап, 

Томсарды түннің аспаны. 

 

Жау оғы «жыны» қозғандай, 



Жандана тағы бастады. 

 

Штабтан келген сол мезет 



Шынайы, шындық сөз мынау: 

«Болғанмен біздер қанша өжет, 

Тегеурінді жау, сезді жау. 

Атыссақ бірер сағаттық 

Санаулы дәрі-оқ бізде, 

Жіберсек құйттай ағаттық, 

Адастық. Жеңіс жоқ бізге. 

 

Дутовтың қару-қоймасы 



Қаладан сыртта тұр оқшау. 

Жансыз боп қана бармаса, 

Жақындатпайды бірақ жау. 

 



Қайткенмен соған, қалайда 

Өрт салу керек бүгін, - деп. 

Үш қолбасы... бәрі ойда 

Таба алмай амал күбірлеп 

Тұрғанда шалы Ойылдың 


Тілегін айтты тағы тік. 

Тыңдаңдар менің ойымды, 



Тиегін кетті ағытып: 

 

 -  



Айналып қала ар жағын 

Қойманың келіп артымен, 

Білмейтін таптың жанжалын 

Қазақы қарттың қалпымен 

Жетіп кеп күзетшілерге 

«Жан сырымды» айтам еңіреп. 

Деп алып: «ізет – сіздерге» 

Ойылдан деймін келіп ем. 

 

Ойылдың жалғыз төресі 



Балғымбай би ғой, ол рас. 

Бар еді сәлемдемесі 

Жіберген алаш тобына. 

 

«Қалаға кіре кешқұрым 



Қызылдар қаптап кеткенін 

Абырой боп ерте естідім, 

Сендерге шаққа жеткенім...» 

Деймін де демді бір алып, 

Қауқылдап жорта қуанам. 

Су ішемін деп сұранам, 

Балғымбай бидің хаты деп, 

Қалтамнан қағаз шығарам. 

Жорыққа кәне, жүріңдер 

Оқысын деймін бір адам. 

Қол мергендігім бар еді 


Өткізген жебе сынадан. 

Екі рет көздеп жатпаймын,  

Бір рет көздеп, бір атам. 

 



Омаржан, Сардар бірақ та, 

Гранат деген не зат ол? 

Енді-енді ести бастар-ау 

Ондайдың атын қазақы ел... 

 



Гранат мынау.. «Ф-1»,-  деп 



Ұсынды Омар сол шақта. 

Ойылдық қария күбірлеп, 

Ант айтып іштей қонды атқа. 

 

                      * * * 



...Наурыздың тас түнінде, сәтте көкті 

Екі от екпінімен қаптай өтті. 

Орынбор – оң тұсында от лау етті, 

Орынбор – сол тұсында от лау етті. 

 

Біреуі – ескі дүние шалық оты, 



Біреуі – жаңа дүние жалын оты. 

Ақ банды қоймасының өрті – бірі, 

Біреуі – Куйбышевтің салюті. 

 

                        * * * 



Орынбор. Қызыл туды жалын етіп, 

Тұр, міне, большевиктер ән үдетіп. 

Барады Орынбордан Ойыл жаққа 

Комиссар Жанкелдиннің қолы кетіп. 



Далаға атқан кезде таң ағарып, 

Даламен қызыл керуен дараланып, 

Ойылға қарияның мүрдесі мен 

Мүддесін болашақтың барады алып. 

 

 

 



* * * 

Он алты жас. 

                         

Алыс ауыл. Апрель. 

Бұзылған жол. Өкпек шығар – нәті жел. 

Ақшам. Іңір. Көз байланып барады 

Бір боз бала қақпа айналып барады. 

 

Ойлайды ол: “Сұп-сұр қақпа мына дәу, 



Қырсық болды-ау, ұят шығар сығалау”. 

Ойлайды ол: “Сылтау етіп сәл затты, 

Ең болмаса, күл төгуге шығар-ау”. 

 

Ойлайды ол: “Бүгін айдың нешесі” 



Соғады өкпек кеткендейін есесі! 

Қараңғыда қақырайды қатқан тоң. 

Құйттай ауыл әлдеқашан жатқанмен 

Шуылдайды интернаттың көшесі. 

 

Он алты жас. Алыс ауыл. Апрель. 



Тәтті ұйқыда, қатты ұйқыда жатыр ел. 

Сұр қақпаның ауласынан сөнді шам 

Ойлайды енді ереңгі кеш сәтін ол. 

 

Сен де ойлашы, он бес-жиырма жыл бұрын 



Мұндай қорлық көрген жоқ па ең, “құлдығым”... 

 

                                                          08.0



3.1977 ж. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет