ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

БОЗША  ТАЛ 

 

Табанында тесік өкпе тозса қар, 

Жазғытұрым жылайды екен бозша тал. 

Жаңбыры жоқ көк аспанға телміріп, 

Сағымы жоқ көкжиекке көз сатар. 

 

Алты ай қыстан қақ тілініп қабығы, 



Дің – өзектен білеуленіп тамыры, 

Белін бұрап бозша талдың өтеді 

Атан жығар азулы жел әмірі. 

 

Бұтақтары күрт сынадай күлдіреп, 



Қабықтары көк етіндей үлбіреп, 

Жылап тұрып жасар сонда бозша тал –  

Тірлік – тыныс, тірлік – қимыл, тірлік – еп. 

 

Бұл – Өліара. 



                      

Бұл бір мысал – қас қағым, 

Содан кейін иіп берер аспаның. 

Көкжиекке дала күрмеп көк сағым, 

Бозша талдың көрерсің бүр ашқанын. 

 

Беу, Махаббат. 



                         

бозша талың болайық, 



Өліарана – сынауына шыдайық. 

Тал екеш тал жылап тұрып күрессе, 

Күресейік – 

                     

Махаббатқа лайық! 

 

ВАНЯ 

Ал кеттік, Ваня, шүйді әкел, - 



Деп қалды ол сонда: «цоп, цоп, ей!» 

Қара өгіз қақсал құйма бел, 

Қамытқа түспей өкшелей, 

Өкшелей кейін тартқанда, 

Төрт өрім таспа сарт етті. 

«Жануарға түсті-ау, қап, таңба» 

Ваняның көзі жарқ етті. 

 

Қара өгіз сол сәт қайқаңдап, 



Жортақтап ала жөнелді. 

Қамшыдан көзі тайғанда-ақ 

Бастайды басқа «өнерді». 

 

Көліктің басын ол ұстап, 



Түренді тіреп мен жерге, 

Барамыз баяу жылыстап, 

Малтығып құйттай өрлеуге. 

 

Ол дағы үнсіз, мен де үнсіз, 



Аспан да үнсіз, жер де үнсіз. 

Үнсіздік біздің уайым ба –  

Үміт пе әлде... белгісіз. 

 


Тек қара түрен тілінен 

Шықырлап шыққан қайдағы үн. 

Миға ұрып жүрек түбінен, 

Қайнатты мұңның қайнарын. 

 

Мен де оны іштей аяймын, 



Аяй ма іштей ол мені. 

Дәмдес боп қалдық талай күн, 

Дәм айдап Ваня келгелі. 

 

Дәм бе айдап келген... сол мезет, 



Ойлаймын: «дәмің – тағдыр ма?»  

Адамдар неге елгезек, 

Тағдырдың сонша алдында? 

 

Өжеттер не бір басы асау, 



Сабырлы не бір салқын қан. 

Соғысты қолдан жасамай, 

Тағдырын қолдан жасаса-ау, 

Өзгерер ме едің, дүние, 

Осынау сұсты қалпыңнан. 

 

Баланың ойы – бал қиял, 



Бұйдасыз бұлттай жөңкіліп. 

Қиялмен алып сан қиян, 

Қаламыз бір сәт серпіліп. 

 

Алуан ой – ұшқыр алысып, 



Ұмытылар уайым, бас қайғы. 

Бозторғай даусы талықсып 



Талма түс бола бастайды. 

 



Тоқташы, - дейді Ваня да, 

Бас жіпті мен де босатам. 

Иінінен деп ап дала да, 

Не айтар деп екі жас адам. 

 

Жаутаңдап бізге қарайды,  



Бас шұлғып селеу, боз көде. 

Қаусырған кеңіс маңайды, 

Қалт тоқтап сағым кезбе де. 

 

Дүние бір тына қалғанда, 



Шалғынға шарта жүгініп, 

Бас салып ащы айранға, 

Қойыннан күлше суырып. 

 

Аузымыз тиіп аққа бір 



Қарбытып нанды алғасын, 

Жасаймыз біздер сәт дамыл, 

Сөйлейді сонда жан досым. 

 

Қос сөздің бірі орысша, 



Қос сөздің бірі қазақша. 

Кей жерін ыммен орап кеп, 

Жеткізер жанып көзі отша. 

 

Көкіректің тілі бірге әмән, 



Кеуденің тілі бірге әмән. 

Сананы ортақ ойлармен, 



Ойластырса күллі адам. 

 

Бір барып егіс, малға да, 



Бір тартып орақ, қауға да. 

Тел болып алдық біз, міне, 

Қара бала мен сар бала. 

 

...Тоқтауыл біздің басқарма, 



Көліктің басын ұстауға, 

Қол күші жетпей сасқанда, 

Ауданнан былтыр детдомнан 

Әкеліп еді үш бала. 

Сары үрпек құйттай үш бала, 

Қолғанат – қолы қысқаға. 

Қолғанат  қана боп қалмай, 

Қылпыған бейне ұстара, 

Елгезек епті ісімен, 

Тиянақты үйде, тыста да. 

Емірене сүйді күллі ауыл, 

Үш үміт қой деп бұл да бір, 

Көрінген көзге үш қара. 

 

Петька мен Васька көктемде 



Ата-анасынан хабар кеп, 

Шығарып салдық көк белге, 

Болыңдар енді аман, - деп. 



 

Болыңдар аман, бол аман, 



Тұрдық біз қимай қол бұлғап. 

Үн-түнсіз Ваня манадан 



Жіберді сонда солқылдап. 

 

Селкілдеп біз де жыладық, 



Ерік-күш кетіп денеден. 

Даланың жолы шұбалып, 

Қозғалып арба жөнеген. 

 

Мінеки Ваня – сол бала, 



Қасымда менің толғана, 

Толғана шертіп әңгіме, 

Бері қара, - дейді, - бері қара. 



Аспанға қадап көк көзін, 

Түйір бір топырақ қолға ала, 

Үгітіп оны күбірлеп: 

Аспан – көк, - дейді, - Жер – қара. 



Аспан – көк, - дейді, - Жер – қара, 

Мәселе бірақ сонда ма?.. 

Біздің де жақта осындай, 

Көк аспаны бар кең дала. 

Түсінде тұрған не зат бар, 

Басқа ғой, басқа ғажаптар... 

Мәселен, мен ғой – сарымын, 

Ал онда не тұр,  

                           

сен – қара.  

Шешші бір жұмбақ, түссіз не? 

- ?.. 


Ойланып қойғам мен мана, 

Түсі жоқ – қапыл жел ғана 

 



Ал тұрдық, - деді, - айтар гәп, 

Айтар гәп менде бар тағы... 

Қара өгіз сәл-пәл қайқаңдап, 

Соқаны сүйрей тартады. 

 

                           * * * 



Тұманын бүркіп, сыз бүркіп, 

Тұланын тұтып күз келді. 

Ауылда қалып қыз-қырқын, 

Жіберді құмға біздерді. 

 

Қаркөл ауылы ұшқары, 



Ұлан бір дала шетінде. 

Күздеуі менен қыстағы 

Құмдардың орғыл өтінде. 

 

Он-он бес отар қойы бар, 



Тез өте шығар келте жаз. 

Мал басын қыста қайырар, 

Соғыс қой қазір – еркек аз. 

 

Бір отар құмға малды айдап, 



Тартып біз міне, барамыз. 

Ақбалдақ кемпір айбарлы-ақ, 

Ақылшы, ие, анамыз. 

 

Басқарма бізге кетерде 



Қайысы қасаң тон берген. 

Құранды құрым ер берген, 

Қоймасын бізге көрсетіп, 

Немді аяйын, - деп, - сендерден, 



Шиті бір мылтық берген-ді. 

Боласыңдар, - деп, - қол мерген, 



Жә, қойшы бәрін:  

                              - 

Солдаттар,  

Сау болыңдар, - деп қол берген. 

Көңіліміз сонда шелденген. 

Болмаймыз, - деп, - біз елден кем! 



 

Әйтсе де, мылқау құм іші – 

Медиен, мекер, үрейлі. 

Жалдардың жықпыл жынысы 

Жанарды шектеп тірейді. 

 

Жалғыз бір қыстау, жайық құм, 



Көш салдық біздер кешкілік. 

Түн түскен кезде, байып күн, 

Қорқынышындай ғайыптың, 

Қасқырдың даусын естідік. 

 

Түн бойы ұлып қасқыр да, 



Жел дағы шулап ұлардай. 

Жаттық біз көрпе астында 

Жауына қарсы шыға алмай. 

 

Қолтықтан намыс, кек демеп, 



Тұрды атып Ваня төс ектен. 

Келе алмай әттең, жекпе-жек, 



Қиын екен, - деді, - өш кеткен. 

 

Ақбалдақ кемпір таңға ұзақ, 



«Айтақтап» тұрды далада. 

Қос үрей билеп, қалжырап, 

Көз ілдік біз таң ағара. 

 

                   * * * 



Қиялшыл келіп бала егер, 

Жігерді жаныр болса ұстаз. 

Отпенен суға сала бер, 

Көзсіз ғой қайран он бес жас. 

 

...Біз қазір құмға қожамыз



Үрейді қуып үркіткен. 

Қасқырдан қайтты ызамыз,  

Қақпанмен, шиті мылтықпен. 

 

Құм деген, шіркін, жұмбақ бір, 



Кілегей қаймақ ақ қары. 

Қаңтарда күнгей қырат-қыр, 

Тоң майдай жіпсіп жатқаны. 

 

Бүрін көр қыста жыңғылдың 



Майдай-ау құмда қыс тіпті. 

Ұлытау дейді бұл құмның 

Ұласар жерін түстікте. 

 



Ал кеттік құмның шетіне 

Қой жайып желіп қайтамыз. 

Жорға желісті лекіте, 

Әуелете ән айтамыз. 

 


«Ақбалдақ кемпір аңыз ғып, 

Көп айтқан тауды көрелік». 

Балауса қиял – тамыздық, 

Лап етті. 

               

Қойды иіріп, 

Тас-түйін боп жиылып, 

Шетіне құмның жөнедік. 

 

...Ессіз де түссіз бір мезет, 



Қағылғанынша қасың бір, 

Жазықтың желі тіл безеп, 

Ұрғандай жазым жасын бір. 

Кіндігін жердің суырып, 

Түсі жоқ желдің суылы –  

Түсі жоқ жаудың суылы, 

Үлгердік қойды иіріп, 

Үлгерген жоқпыз бірақ та, 

Табанда тас боп түйіліп, 

Қоржынды шешіп, киініп. 

 

Аштырмай көзді басырдай, 



Алапат бір күш басынды-ай, 

Бұршақ па, қар ма, оқ па әлде, 

Одан соң ес-түс жоқ менде. 

Айналам тұтас ақ дүние, 

Ақ кебінге ұқсап анталап. 

Көзімді қолмен қалқалап, 

Айқайлай бердім «Ванькалап». 

 

Одан соң менің білерім, 



Ақбалдақ кемпір екеуміз 

Оңаша ғана екенбіз. 

Көрінбеді бөлмеде 

Бөтен адам, бөтен жүз. 

Одан соң мен күбірлеп: 

Жасадық-ау бекер біз, 



Жасадық-ау бекер біз. 

Дүние саған біз әлі... 

Тұтқа емеспіз, лекерміз. 

Лекерлесең – не етерміз, 

Біз кінәлі ма екенбіз? - 

Дей беріппін тек қана. 

...Талып кетсем, түсімде 

Аппақ дүние ішінде, 

Әне, әне, Ваня тұр, 

Аққаладай – ақ бала. 

 

 

БІР БӨЛМЕДЕ 



Бір аға ақын үйінде, 

Төрінде Ғабдол Сланов. 

Бір-екі ақын бүйірде, 

Сыбанып сөзге сұранып. 

 

Көңілді бір сәт үй-іші 



Кернеген әзіл сөз екен. 

Ақындар әбден тынысы 

Кеңейіп алған кез екен. 

 

...Бір кезде асау жыр кетті, 



Толқынын төгіп, лақтырып. 

Жаңағы дуды, дүрмекті 

Су сепкен өрттей сап қылып. 

 

Жарықтық, жырдың қуаты-ай, 



Жарықтық, сөздің сиқыры-ай, 

Төрт қабырғаға құп-құйттай 

Қалайша сыйып тұр бұлай. 

 



Жыр үшін, - деді аға ақын, 

Орнынан Ғабдол тік тұрды. 

Желпіп бір жырдың қанаты 

Биіктік сырын ұқтырды. 

 

Сонда мен жырдың – жалынның  



Қызуы шарпып шоқтандым, 

Мейірімі, нұры тәңірдің 

Осы емес пе екен деп қалдым. 

 

Жырдан соң бәрі жымда-жырт, 



Шала сөз, тынды шала дау. 

Өзімен-өзі мына жұрт 

Есікке сонда қарады-ау. 

 

«Бұл бала кім ед, төрлей ғой», - 



Дегенде Ғабдол Сланов, 

Жырды мен келіп бөлгендей 

Қарадым жерге ұялып. 

 

Тұрып мен сонда есікте, 



Кірердей жерге қысылғам, 

Аяғын шешпей мешітке 



Кеткендей еніп мұсылман. 

 

* * * 



Екі ауылдың ортасы жалғыз төбе, 

Өзен бойы көк құрақ, жалбыз, беде. 

Жасақ ертпей жаныңа, жыңғылдардың 

Жықпылымен келмейсің жалғыз неге? 

 

Жалғыз неге келмейсің көп именбей. 



Біздің жаққа кеттің ғой көңіл бөлмей? 

Жалғыз болып жүрмін мен, жәудір тамшым 

Жапырағымнан жәудіреп төгілгендей. 

 

Зәмзәм құяр сен менің құмырамсың, 



Зәмзәмімнен бір жұтсаң құнығарсың. 

Кездесуге апталап келмей кетсең, 

Кермек суға көлденең ұрынарсың. 

 

Қосылмаған зәрулер кемде-кем бе?.. 



Ғашықтықтың ауруы меңдегенде, 

Түтінін де қызғанам екі ауылдың, 

Қолтықтасып төбеде көлбегенде. 

 

ЖАҢЫЛШАҚ 

Жаңылшақжан, жазық маңдай жаз сипат, 

Құрғымыз кеп қиылушы ек наз сұқбат. 

Тоқталған көз, оқталған сөз көп еді, 

Атқан оқтай аялдамай жөнеді, 

Айдарыңнан жастық желі аз сипап. 

 


Бойжеткен шақ ерте айналды басыңнан, 

Күнің толмай гүлің тұрды ашылған. 

Бірақ сенің бал дәуренің аумады 

Жарқ еткенде жазым қылған жасыннан. 

 

Жібек мінез қасиетіңдей, киеңдей, 



Көптің сөзі түртті бірақ түлендей. 

Беу, сұлулық, сен де адамға сормысың, 

Сиқыр болсаң көзге шыққан сүйелдей. 

 

Қос бұрымың Торғай менен Тобылдай, 



Көрген адам кеткісі жоқ шомылмай. 

Жалт қарасаң жараламай жібермес, 

Жанарың бар атқан мірдің оғындай. 

 

Әй, өзің де өртенгің кеп жүр ме едің, 



Шоқ ерніңді сонша неге үрледің? 

Сол ерінге білмедің бе талайдың 

«Мылқау бір түн жалынсын» деп жүргенін? 

 

Тәттілікті үйретпеген тәнге сен, 



Тәнің сенің у да десем, бал десем, 

Жарар еді-ау, жарасарын білген соң, 

Астамшылық жасадың ба әлде сен. 

 

Тағат, төзім кең маңдайда о да тұр



Жо-жоқ сенде сұлулыққа тең ақыл. 

Таразының басып кеткен бір басын, 

О, махаббат, о, махаббат, о, қапыл! 

 


ЖОҒАЛҒАН  АҚША 

Дәркенжан, - деді жан көкем, 



Дәркенжан, - деді. 

                               - 

Әу, - дедім. 

Апыр-ай не боп қалды екен, 

Дірілдей шықты сәл демім. 

 

Көкем ғой біздің бір емес –  



Иесі екі шаңырақтың. 

Сұм соғыс кеше, сұм елес 

Қалтқысы етіп қармақтың 

Әулетімізді арбапты, 

Әйтсе де жұта алмапты, 

Көкемді бізге «сыйлапты», 

Көкеме «сыйлап» балдақты. 

 

Бір әулет бес-он баламыз, 



Көкем ғой біздің панамыз. 

Тұлдырсыз дағы емеспіз, 

Тұғырсыз дағы емеспіз, 

Жетім біз және демеспіз,  

Жетіліп ертең кеткен соң, 

Көкеме серік боламыз! 

 

Сол көкем менің – жан көкем, 



Не айтпақ болып қалды екен. 

Жалт қарай бердім жүзіне, 

Жабырқау ойы бар ма екен?! 

Жо... жо... жоқ,   

                       

көкем көңілді, 



Өзіне-өзі сенімді. 

Иінін бүгін тік ұстап, 

Басқаша маған көрінді, 

Басқармаға ұқсап көрінді. 

 

Сенекке ілген селдір ау, 



Торынан тамшы үзіліп, 

Босаға жақта бір бұрау 

Ақ балық жатты тізіліп. 

 

«Бұл дағы біздің несібе –  



Көкемнің маңдай тері-ау» - деп, 

Жалғыздығымен есіме 

Соңына ерген бір әулет –  

Есіме сол сәт түскенмен, 

Қолымда, әттең, жоқ қайрат. 

Көкемді аяп іштей мен 

Көрсетуші едім сыртқа айбат. 

 

Сол кезде көкем қалтадан 



Бір бума ақша суырды. 

Сендер деп, қалқам, мал табам, -  



Деді де, 

               

сәл-пәл кідірді... 

Қып-қызыл қағаз жұтынып, 

Қып-қызыл шоқ боп қозғандай. 

Көкем де шырт-шырт түкіріп, 

Санайды келіп көзді арбай. 

 



Беріп еді колхоз еңбеккүн, 

Еңбегің жерде қалған ба?! 

Мен үшін көкем жер-көктің 

Ең үлкен Ері жалғанда. 

Уполминзагқа қарыз ем, 



Мә, он сом, - деді, - ал, заула! 

 

Қып-қызыл қағаз – қызыл шоқ 



Қолымды қарып кеткендей. 

Құйындай менің ізім жоқ 

Құмдауыт жаға бетті өрлей, 

Үстімде сырма көк шапан, 

Қалтамда қызыл он сомдық. 

Бұл байлық жұртта жоққа тән,  

Ентігім қатты, еңсем тік. 

Зауладым дейсің зымырап, 

Бататын күнмен жарысып, 

Қақпаны қақтым бір уақ 

Өкпені қолға ала ұшып. 

Қақпаны қақтым... қалт тоқтап, 

Қалтамды қалдым қармалап. 

Жүрегім қалды сәт тоқтап, 

Ақша жоқ, ақша,  

                             

ал ғажап! 

 

Ақша жоқ, ақша, 



                           

жоқ он сом, 

Ал, көке, енді маған сен,  

Тапқаныңды біз шашайық, 

Жоғымызды бар ғып жамаушы ең. 

Ұяттан жанып, қызынып, 



Қылғынуға да шақ қалдым. 

«Япыр-ай, - дедім кіжініп, -  

Ақшаны ойлап тапқан кім?..» 

Бір тілім қағаз қарыз боп

Қамыт боп сәби мойныма, 

Жолымды әрі-бері іздеп, 

Жыладым үйге қайрыла. 

 

Жан көкем даусы құлақта: 



«Сендер деп, қалқам,  мал табам». 

...Өзіне жайлы жырақта  

Туыпты жаңа Ай шалқадан. 

 

               * * * 



Туыпты жаңа Ай қырынан 

Сынған бір семсер шетіндей. 

Шаңытады аспан шытынап, 

Осынау көлдің бетіндей. 

 

Ауыл шеті.  



                     

Аулақта. 

Ымырт та түсіп келеді.. 

Құмарым болмай қол допқа, 

Қабағым тарта береді. 

 



Кетемін, - дедім үйге мен, 

Командир Жеңіс «жоқ» деді. 

Шапанымды алдым, кимелеп 

Қақпаға бергі шеттегі. 

 


Былтырғы сырма көк шапан, 

Биыл да кигем үстіме. 

Төзімді киім басқадан, 

Киемін үш-төрт қыс, міне... 

 

Көнетоз киім болғасын, 



Қақпаны қоям белгілеп 

Еңбеккүн көкем алғасын, 

Кимеспін деймін енді көп. 

 



Кетемін, - дедім, тез іле, 

Кетпейсің, - деді командир. 



Командир болсаң, өзіңе, 

Мен солдат емес, әрмен жүр. 

Итеріп қалдым. 

                         

Шалт адам, 

Шалқая беріп керілген. 

Мен ұстап қалдым қалтадан, 

Ол ұстап қалды өңірден. 

 

Мен дағы қалдым сілкісіп, 



Командир болмақ мәрт адам. 

Екі ашу келіп жұлқысып, 

Дар етті шапан қалтадан. 

 

Шоқ ыршып түскен секілді, 



Қып-қызыл қағаз түсті ыршып. 

Көк мұзға төсеп бетімді 

Құладым мен де тіл қыршып. 

 


Құладым дағы, 

                           

жыладым, 

Жыладым дейсің селкілдеп. 

Жалынып Жеңіс сұрады: 

Тұрсайшы, тұршы, бол, тұр, - деп. 



 

Жоғалған ақшаны уыстап. 

Бойымнан балқып от еріп. 

Адалдық туын тік ұстап, 

Жығылып жаттым, көтеріп. 

 

                                          



ЖҰМБАҚ  ЗАҢ 

Оң қабағыңмен қарайсың маған, 

Сол қабағыңмен қарайсың маған, 

Оңға басса деп ойлары. 

Талай мақтаған, талай сынаған, 

Жекіріп алып жағдай сұраған 

Жанашырымсың қайдағы?! 

 

Мерт бола жаздап айға атылсам мен, 



Майып боп құлап ойда тұрсам мен, 

Жанұшырасың сен неге? 

Көрсеткім келмей, қайратым семген, 

Көзімді бүркеп, ойда отым сөнген, 

Жанұшырамын  мен неге?! 

 

Бөлек құрсақтан, бөлек құндақтан, 



Бөлек толғатқан, бөлек дәм татқан, 

Адамның неге жаны бір? 

Түйсінгенменен, түсіне алмайтын 


Түсіне алмасаң кісіні алдайтын 

Болмыстың жұмбақ заңы бұл! 

 

ҚАП, ҚАЛАЙ? 

Жастықтың беймаза күндері 

Бастықты. Дауылы сиреді. 

Басталды басқа өмір. Күйбеңі 

секілді құмырсқа илеуі. 

 

Әтең-ай, әттең-ай, әттең-ай, 



Тез өткен сонау бір шақ қалай. 

Қош, Жастық, - дегенде тұрдым мен 



Құп-қу боп шүберек, мақтадай. 

 

Әтең-ай, әттең-ай, әттең-ай, 



Кенеттен сарғайған көк тоғай. 

Көркіңнен көз жазып қалғанмын 

Қап, қалай, қап, қалай, қап, қалай? 



 

09.03.77 ж. 

 

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ КӨШЕСІ 

Үлде мен бүлдедей бүркеніп бау-баққа, 

У-шу қаладан іргесін салып аулаққа. 

Көкорай Көктөбе бауырында, 

Қасым Аманжолов көшесі жатыр тау жақта. 

 

Кеше кешіп жүргенде ақын қиялға, 



Тыншу, тар көшеге... Қасым сияр ма? 

Есіп-егіліп, тасып төгіліп жырдың рухы 



Сілтідей тындырып сілтер ед қиянға. 

 

Нөсер болған соң құймай тынбайды, ә, 



Ақын болған соң күй-жай таңдай ма? 

Қасым келді ғой, жасын болды ғой, 

                                                           

болуы, 


Жарығын шашты ғой жақынға, шалғайға. 

 

Үлде мен бүлдедей бүркеніп бау-баққа, 



У-шу қаладан іргесін салып аулаққа. 

Көкорай Көктөбе бауырында 

Қасым Аманжолов көшесі жатыр тау жақта. 

 

Таудың бұлағы қунап, құлдырап, 



Баудың құрағы шулап сылдырап, 

Қасым жырына жеткізе алмайды, 

Бәрі жабылып, 

                          

жабылып жыр құрап. 

 

                                              



КИІЗ ҮЙ 

Күздің бір салқын кешінде 

Лыпасыз дала қалтырап. 

Беті ауған жаққа бесінде 

Безеді қаңбақ тамтырап. 

 

Кіреуке күңгірт аспаннан 



Күлтілдеп тамып марғау нұр. 

Жонынан жаздай таспа алған 

Жалаңаш жайдақ қалды-ау қыр... 

 


Ауыздығымен алысып, 

Екінді ауа жел тұрса. 

Екпіндеп келіп жарысып, 

Жағаға соққан толқынша, 

Кіндігін жердің суырып, 

Кетердей және елірсе. 

Қойшының үйі буынып, 

Не лаж етпек, сеніңше?.. 

 

Жабындысы жоқ жапанда 



Жұлынған сондай жел көрсең, 

Қорықпай-ақ қой, 

                                 

одан да 


Қаттырақ соқсын, дем бер, сен. 

 

Моп-момын, маңғаз күйінде, 



Мыңқ етпей бәрін өткерген. 

Қойшының қоңыр үйінде 

Дауылды, желді көп көргем. 

 

...Кереге сәл-пәл ырғалып, 



Шайқалып кетсе бір уық. 

Шаңырақтан шешем құрды алып, 

Жалғайтын еді жүгіріп. 

 

Қарыстай құрға көлденең 



Қайқайтып сосын жүк тиер. 

Қайтеді, тәйірі, жел деген



Қара жер сенен мықты, - дер  

 


Соғады сыртта долы күй, 

Күшеніп келіп, күпті боп... 

 

Құйысқаны берік қоңыр үй 



Табанын жерге тік тіреп. 

 

Апталап дауыл ұрғанда, 



Иіні түсіп еңкеймей, 

Табаны жерде тұрғанда, 

Тапжылмайтұғын Антейдей. 

 

* * * 



Көлдерім, көк жайлауларым, 

Сағынып сендерді ойладым. 

Ырғайлы белдерді ойладым, 

Ырғалған көлдерді ойладым. 

Ыңыршағы айналып жатқан 

Ыраңды жерлерді ойладым. 

Құйысқанын көтеріп соққан 

Ылаңды желдерді ойладым. 

 

Шық сіңген қара оттарыңнан 



Қара мал күйіс қайырған, 

Мүк сіңген қабақтарыңнан 

Мүңкіп бір иіс жайылған 

Құйқалы қырларды ойладым. 

 

Қоғажай нуларға қонған, 



Мамажай мамыр құстарым, 

Сәскелік шулардан аман 



Сәтінде қолымда ұстадым, 

Момын құс сендерді ойладым. 

 

Кірпігім айқасып кетті, 



Көбірек ойланып тұрып, 

Сағыныш шаршатқаның ба?.. 

Анау жыл қой бағып жүріп, 

Осылай  тұратын едім, 

Астана аңсатқанында... 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет