Резюме
В данной статье мы расматриваем важность, значение и особую роль этнопедагогических аспектов педагогиче-
ского воспитание в учебный процессе. А так же были проделаны на основе теорической базы анализи влияния
национальной модели воспитания на подрастающее поколение.
Summary
In this article we consider the importance, significance and the special role of the еthnopedagogical aspects of pedagogical
education in the educational process. Also, on the basis of theoretical base we have made analysis of the effect on a national
model of education on the younger generation.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Ш.Оразов – пед.ғ.д., проф., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыстарды ұйымдастырудың алуан түрлі формалары
оқу-жаттықтыру дәрістерінің түрлі бағыттылығын да көздейді. Әдетте дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің келесі формаларын: сауықтыру, спорттық-жаттық-
тыру және жарыстық деп бөлуге болады.
Дене шынықтыру сабақтарының сауықтыру формалары, топтық және жеке, студенттерге, аспирант-
тарға, оқытушылар мен қызметкерлерге, физикалық дайындық деңгейіне қарамастан кез-келген жастағы
ерлер мен әйелдерге ұсынылады. Олар келесі мәселелерді шешеді: денсаулық жағдайын жақсарту,
аурулардың алдын-алу және емдеу, ағзаның аурудың немесе басқа да себептердің салдарынан жоғалтқан
функционалды және бейімделгіш мүмкіндіктерін қалпына келтіру, қимыл белсенділігінің кемшілігінің
орнын толтыру, жан-жақты физикалық даму мен физикалық дайындық, физикалық жаттығуларды
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г.
24
орындау техникасы мен Президенттік сынамалар бойынша сынақтар мен нормативтерді орындау дайын-
дығының негіздерін меңгеру, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілік деңгейін арттыру [1].
Сауықтыру формалары қызығушылық бойынша дене шынықтыру-спорт клубтарында, денсаулық
топтарында, дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізу кезінде, дербес дене тәрбиесі сабақта-
рын өткізу кезінде қолданылады. Дәрістер әдістемесінің өз ерекшелігі бар. Қатаң регламенттелген жатты-
ғулар, әдістемелік принциптерді, әсіресе айналысушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, тиімділік,
біртіндеушілік принциптерін мұқият сақтағанда қатаң шамаланған физикалық жүктемелер әдістеріне ие.
Физикалық жүктемені орындағанда айналысушыларда жаттығуларды орындаудың көлемі мен қарқынды-
лық деңгейлерінің (неше рет қайталанғаны, орындау қарқыны, жалғастылық, бастапқы қалып т.б.) өзгеру-
інде жеке ауытқушылықтардың орасан мүмкіндігі қаралады. Физикалық жүктемелер тиімділігі мен
біртіндеушілік принциптерін сақтау айналысушылардың жағдайымен бақыланады. Осы принциптерге
сүйене адам кішігірім, жанға жайлы шаршаңқылықты, тыныс алу жиілігі мен жүректің жиырылу жиілігі-
нің бір қалыпты күшеюін, азды-көпті тері бөлінуді, қанағаттану сезімін сезінеді.
Дене шынықтыру сабақтарының спорттық-жаттығу формалары әсіресе жастар арасында, сондай-
ақ дене шынықтыру жаттығулары мен спортпен ертеден белсенді айналысқан егде жастағы кісілер
арасында кең етек жайған. Бұл формалар жүйелі оқу-жаттықтыру жұмысын, айналысушылардың спорт-
тық қызығушылықтарын ескеру арқылы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді қарастырады; спорттың
таңдаған түрі бойынша нұсқаушы мен жаттықтырушыға, төрешіге ұсынылатын талаптар мөлшеріндегі
білімді, шеберлік пен дағдыларды меңгеруге, физикалық және спорттық дайындық деңгейіне белгілі
талаптар қояды.
Студенттер үшін дене шынықтыру сабақтарының спорттық-жаттығу формасының оқудан тыс бірінші
кезеңде әсіресе көмекші рөлі айрықша: олар дене тәрбиесі бойынша міндетті оқу дәрістерін толықтыра-
ды, оларға үздіксіз сипат береді және олардың барынша жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Алдағы
уақытта кейбір айналысушылар үшін белгілі спорттық мамандану бойынша тереңдетілген дәрістерге өту
болса, біреулері үшін (әсіресе оқытушылар мен қызметкерлер үшін) дәрістер спорттық-гигиеналық сипат-
қа ие болады. Мұндай жағдайда олар жасы келе организмнің ең қолайлы жағдайын қолдау, жұмыс
қабілеттілігін сақтау мақсатын көздейтін, аса дараланған жандарға айналады.
Дене шынықтыру сабақтарынң жарыстық формалары. Спорттық жарыстар дене шынықтырумен
айналысудың айрықша формасы болып табылады, олар қарқынды физикалық жүктемелер мен жоғары
сезімдіктің арқасында айналысушыларға үлкен тәрбиелік әсерін тигізеді. Спорттық жарыстарға жүйелі
қатысу физикалық және спорттық дайындықтың өсімін барынша тиімді ынталандырады [2].
Спорттық жарыстардың функциялары алуан түрлі. Олар айналысушылардың спорттық шеберлігінің
артуына, олардың бірегей спорттық классификациясының разрядтық нормалары мен талаптарын орында-
уына, өнегелі және еріктік қасиеттерін жетілдіруіне, жеке спортшылар мен оқу топтары ұжымдарының,
курстардың, факультеттердің, кафедралар мен басқа да бөлімдердің, сондай-ақ жеке ЖОО-ның спорттық
жетістіктерін айқындауға мүмкіндік береді; дене шынықтыру мен спортты насихаттау және жарысушы-
лар арасында спорттық жұмыс тәжірибесімен алмасу құралы болып табылады. Жарыс барысында қуа-
нышты көңіл-күй пайда болады, айналысушылар ұжымының ұйымшылдық, жолдастық сезімі дамиды.
Спорттық жарыстар ЖОО-да оқыту шарттарын, студенттердің, аспиранттардың, оқытушылар мен
қызметкерлердің қызығушылықтарын, спорт ұжымының дәстүрлерін ескеру арқылы спорт клубтың
күнтізбе жоспары бойынша өткізіледі. Басты талап жоспардың тұрақты болуы.
Спорттық жарыстар негізін оларды көп кезеңдеп жүргізу принципі қамтуы мүмкін. Бастапқыда олар
оқу топтары, курстар, бөлімдер мен факультеттер ішінде, содан кейін барып дене шынықтыру ұжымы-
ның, одан соң аудан, қала, облыс т.б. біріншілігінде өткізіледі. Жарыстарды спортшылардың оқу-жаттығу
дәрістерінің белгілі белесі немесе кезеңі аяқтайды. Оларға қатысуға тиісті оқу-жаттығу дайындығынан
өткен және дәрігер рұқсаты бар спортшылар жіберіледі.
Жарыстар арасында спортшылардың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру және одан әрі арттыру
үшін қажетті үзілістер болу керек. Егер жарыс кезеңі 2-3 айдан ары созылса, онда осы шеңберде жауапты
жарыстар өткізбейтін аралық кезең бөлінеді. Ол спортшылардың спорттық формасын жақсарту үшін
пайдаланылады.
Спорттың негізгі және қосымша түрлерімен қоса есептегенде жарыс саны, спорт шеберлігінің тиімді
өсімі, спортшылардың физикалық және моральдық-еріктік қасиеттерін, тәсілін, техниканы жетілдіру үшін
жеткілікті болу керек. Алайда спорттық жарыстардың күнтізбе жоспарынан асыруға жол беруге болмай-
ды. Жарыстардың ең қолайлы саны спорт түрінің ерекшеліктеріне, оған қатысушы спортшылардың жасы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г.
25
мен біліктілігіне, жарысқа қатысу оқу мен жұмысқа зиянын тигізбеу керек деген міндетті ережені ескеру
арқылы олардың мүмкіндігіне байланысты [3.4].
Спорттың күшті жылдамдықты түрлерінің көпшілігінде және спорттық ойындарда мысалы, білікті
спортшылар бүкіл жарыс барысында апта сайын дерлік жарыса алады, ал спортшыларға барынша төзім-
ділік таныту керек жерде, сондай-ақ жекпе-жек пен көпсайыстарда жарыстар сирек өткізіледі.
Дене тәрбиесі сабақтарынң алуан түрлерінің ерекшелігіне қарамастан, жарыста спортшы қызметін
ұйымдастыруда дене шынықтыру жаттығуларының жалпы құрылымының негізі сақталуы тиіс. Мұндайда
бір қатар жалпы әдістемелік талаптар орындалуы керек: міндеттерді нақты қою, жүктемені нормалау
ережесі, барлық қатысушылар үшін шарттардың бірдей болуы, сақтандыруды және дене тәрбиесі жүйесі-
нің принциптерінен шығатын басқа да талаптарды қамтамасыз ету. Спортшылардың денсаулығына
қамқор болу, мысалы жарыстар алдында дәрігерлік тексеру міндеттілігінің, жарыстарды өткізу орында-
рының гигиеналық шарттарын қатаң бақылаудың т.б. маңыздылығын көрсетеді.
Өз бетінше дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты ұйымдастыруда оқу-жаттықтыру
дәрістерін тиімді жоспарлаудың маңызы шешуші рөл ойнайды. Ол өз бетінше дене тәрбиесі сабақтарын
басқарудың басты бөлімі болып табылады. Жоспарлау дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының
басшылық етуімен жүзеге асырылады. Жоспарлау құжаттары ЖОО студенттерінің дене тәрбиесі бойын-
ша оқу бағдарламалары мен Спорт комитеті дәрістерінің түрлері (спорт түрлері) бойынша бағдарламала-
ры негізінде жасалады. Ғылыми түрде негізделген жоспарлау климаттық жағдайларды, материалдық
спорттық базаны, жасы мен бастапқы физикалық дайындығын, сонымен қатар ЖОО-да студенттерді
оқыту тәртібінің ерекшеліктерін, мысалы оқыту формасын (өндірістен қол үзбей немесе үзіліспен), сынақ
пен емтихан сессияларының мерзімін, оқу практикасы, демалыс уақытын т.б. ескеруді көздейді. Студент-
тердің үлгерімділігіне, айналысушылардың қоғамдық қызметке қатысуына ерекше көңіл бөліну керек.
Сондықтан жоспарлау құжаттары дене тәрбиесі сабақтарынң сауықтыру және спорттық-жаттықтыру
формалары үшін жеке дайындалады. Жоспарлауды перспективалық (көп жылдық және бір жылға),
ағымдағы және оперативтік деп бөледі [5].
Студенттерге жаттығу дәрістерін жоспарлау мен өткізу кезінде мына жәйді ескеру қажет, яғни сынақ
пен емтиханға дайындалу және тапсыру мерзімінде кейбір жағдайда белсенді демалысқа орын бере
отырып, дәріс қарқындылығы мен физикалық жүктеменің мөлшерін біршама төмендету қажет. Ақыл-ой
және физикалық жұмыстың үйлесуіне күнделікті көңіл бөлген жөн. Өзіндік бақылаудың субъективті
және объективті мәліметтеріне қарай организмнің жағдайын әрдайым талдау керек.
1. Берзин Г.К. К сущности тренировки. - М., 2005, - с. 127.
2. Гориевский В.В. Избр. произв., т. 1. - М.: 2001, - с. 217-224.
3. Грантынь К.Х. Методика проведения уроков физических упражнений в неполной средней и средней школе. -
М., 2003.
4. Құлназаров А., Тайжанов С. «Дене тәрбиесі». Оқыту әдістемесі. - Алматы: Атамұра, 2002. - 80 б.
5. Дмитриев С.В. Учитесь читать движения, чтобы строить действия. - Н. Новгород: Изд-во НГПУ,
2005. – 105 с.
Резюме
В данной статье рассматриваются формы организации спортивных игр и физических оздоровительно-воспита-
тельных работ в ВУЗе. Оздоровительные формы обучения проводится в спортивных клубах, в оздоровительных
центрах и на уроках физической культуры как групповых виде, так и индивидуально.
Summary
The article deals with forms of the organizations of sport works and the physical improvement works in Higher Schools.
Teaching of forms is hold in the sport clubs, in the health centre’s and at the physical training lesson as group work as
persona.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г.
26
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУДЫҢ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ұ.М. Әбдіғапбарова – п.ғ.д., проф.,
Э.Ө. Сағындықова – п.ғ.к.
Мақалада Қазақстандық оқушылардың TIMSS, PISA халықаралық зерттеулеріне қатысу нәтижелері
талданған. Мектепте білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа технологиясы – логика-
лық сипаттағы тестілер қарастырылған.
В статье анализированы результатов участия Казахстанских учащихся в международных исследо-
ваниях TIMSS, PISA. Рассмотрена новая технология по оценке образовательных достижений школьни-
ков – тесты логического характера.
The paper analyzes the results of the participation of Kazakh students in international studies TIMSS, PISA.
We consider a new technique to assess the educational achievements of students - tests a logical nature.
Президент Қаулысымен бекітіліп жүзеге асырыла бастаған Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының (Бағдарлама) ерекшелігі респу-
бликада білім беру сапасын арттыру арқылы ел экономикасын тұрақты дамытуға бағыттау болып табыла-
ды [1]. Өйткені еліміздің бүгінгі бүлдіршіндері мен балалары – болашақ ойшылдар мен кәсіби мамандар,
отаншылдар мен жаңалық жаршылары. Олардың бойында қаланған қазіргі сапалы білім – ертеңгі саналы
іс, сапалы өндіріс, жарқын келешек, өркениетті ел, игі қоғам. Оған қол жеткізу республикада білім беру
саласын реформалаудан талап етіледі. Реформалаудың қай заманда болсын экономиканың дамуына негіз
болғандығы шындық. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Халыққа Жолдауында Қазақстанда адам каптиалын
сапалық тұрғыдан көтеру қажеттігінің, білім саласын жаңғырту тиістігінің көрсетілуі айтылған ойымызды
айғақтай түседі.
Білім саласын жаңғырту бағыттарын айқындаудың тиімді тәсілдерінің бірі болып ұлттық білім
сапасын бағалау, ұлттық оқу жетістіктерін халықаралық салыстырмалы зерттеулерде тексеру мен білім
саласынан дүние жүзі елдері арасындағы рейтингтерге қатысу табылады.
Осыған сәйкес аталған Бағдарламаның басымдық бағыттары қатарында Қазақстанның білім сапасы-
ның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсарту жоспарланған. Соның ішінде, 2011-2020
жылдарда қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалау жөнінде-
гі халықаралық бағдарламаларда, 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалау (PISA) бойынша
40-45 орынға, 4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану саласындағы сауаттылы-
ғын бағалауда (TIMSS) – 10-12 орынға, «Оқу және мәтінді түсіну сапасын зерделеуде» (PIRLS) – 10-15
орынға көтерілу нысанаға алынып отыр [1]. Бұл дер кезінде өте орынды көтеріліп отырған мәселе. Және
осы нысаналы индикаторға мерзімді сәйкес келу Бағдарлама аясында қойылған мақсаттарды үйлесімді-
лікпен жүзеге асыруға септігін тигізеді. Олай дейтініміз Бағдарламаның басты мақсаты – экономиканың
орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту,
білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру саналады. Ал қазақстандық оқушылардың аталған халықаралық
зерттеулерде белгіленген орындарды иеленуі осы мақсаттардың орындалуына негіз бола алады. Себебі,
оқушылардың оқу жетістігі жөніндегі аталған халықаралық зерттеулердегі тапсырмалардың ерекше-
лігі – баланың ойлануын, ұғынуын, ойын жинақтауы мен саралауын, дамуын тексеруге, жинақтаған
білімдерін тұрмыста, өмірдегі әр түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда қолдана білу іскерліктерін
бағалауға бағытталады. Осындай бағалауға дайындығы бар оқушылар келешекте жобалар жасауға,
жаңалықтар ашуға, әрбір ісін ойланып жасауға бейім келеді. Сол себепті мұның адам капиталының
дамуына негіз болатындығы сөзсіз. Мемлекеттегі адам капиталы дамыған сайын оның экономикасының
шарықтап, өркен жаятындығы анық. Бұл, біріншіден. Екіншіден, халықаралық рейтингті анықтайтын
салыстырмалы зерттеулерде біздің оқушылардың алдыңғы орындарды иеленуі Қазақстан білімінің дүние
жүзі елдері арасында бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп, оның осы салада көшбасшылар санатына енуіне
мүмкіндік береді. Үшіншіден, осындай халықаралық зерттеулер нәтижесі әрбір елдің білім беру сапасы-
ның күшті және әлсіз жақтарын айқындауға мүмкіндік жасап, оның білім беру жүйесін реформалауға
негіз болады.
Қазақстандық оқушылар халықаралық зерттеулерге алғаш рет 2007 жылы (TIMSS), 2009 жылы (PISA)
қатысты [2].
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г.
27
TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) халықаралық зерттеуі 4 және 8-сынып оқушылары-
ның математика және жаратылыстану саласынан білімдерін тексереді. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне 36
мемлекет қатарында Қазақстаннан 4-сынып оқушылары ғана қатысты. Қатысқан қазақстандық 4-сынып
оқушыларының математика пәнінен орташа балы 549-ды құрап, қатысқан елдер арасында 5 орынды,
жаратылыстану саласынан 533-ті құрап, 11 орынды иеленді. Ал бұл болса, еліміздің бастауыш сынып
оқушыларының білім сапасының халықаралық деңгейде айтарлықтай ортадан жоғары көрсеткіштерге ие
екендігін көрсетті [2].
Экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымы жүргізетін PISA (Programme for International Student
Assessment) халықаралық зерттеуінің 2009 жылғы нәтижелері бойынша қазақстандық 15 жастағы жасөс-
пірімдер шетелдік жеткіншектермен салыстырғанда төмен деңгейдегі оқу жетістігін танытты. Қатысқан
65 елдің арасында біздің оқушылар PISA халықаралық зерттеуінің үш бағыты бойынша да, оқу сауатты-
лығынан 59 орынды, математикалық сауаттылық бойынша 53 орынды, жаратылыстану саласынан 58
орынды иеленді [3].
Біздің еліміздің осы зерттеуде соншалықты артта қалуының себебі неде? Бұл жайт қазақстандық әрбір
азаматты ойландыратын жағдай. Өйткені еліміздегі білім беру саласының мамандарын айтпағанда, әрбір
жеткіншек пен әрбір ата-ананың отандық білім сапасының халықаралық масштабта алдыңғы қатардан
көрінуіне немқұрайдылықпен қарамайтындығы ақиқат.
PISA зерттеуінің талаптарына сәйкес қатысатын 15 жастағы жасөспірімдер бірқатар елдерде болашақ-
тағы кәсіби жолын таңдай алған, жеке өмір сүру дағдыларына бейімделе бастаған орта буынды бітіретін 9
сынып оқушылары. Осы тұрғыдан аталған халықаралық салыстырмалы зерттеу тапсырмалары оқушылар-
дың игерген білімдерінің болуын ғана емес, оларды өмірлік, практикалық жағдайда қолдана алу іскерлігін
тексеруге бағытталады. Мұндай тапсырмаларды табысты орындау үшін формулаларды, дайын мәтін-
дерді жаттау, теңдеулерді шаблондармен шешу, жаттап алғанын ғана айту жеткіліксіз, өйткені олар
ұшқыр ойды, шешен тапқырлықты, өмірге бейімділікті, пәнаралық байланыс білімдерін қолдануды
қажет етеді.
Мысалы, жаратылыстану саласынан диеталық тағамдарды таңдау немесе электр құрылғыларын
орнатуға лайықты орындарды анықтау, яки аумақты жылу салдарын бағалау сияқты тапсырмалар беріл-
се, математикалық сауаттылық бағытында тұрмыстық проблемаларды математика құралдарының көмегі-
мен шеше білу іскерліктерін тексеруге арналған тапсырмалар енгізіледі. Мәселен, жағармаймен жүзетін
қайықтың жылдамдығын арттыру мен оның жағармайын үнемдеу мақсатында оған батпырауықтың
желкенін қолдану туралы тапсырмада, шыққан шығын мен түсетін пайданың арасындағы айырмашылық-
ты есептеп, осы тәсілдің қайықтың иесі мен қоршаған орта үшін қаншалықты тиімді екендігін көрсету
берілген [3].
Оқу сауаттылығын бағалау барысында сан алуан және әр түрлі жанрдағы мәтіндер беріледі. Бұлар
көркем шығармалардан үзінділер, өмірбаяндар, жеке хаттар, құжаттар, мақалалар, жарнамалық хабарла-
малар болуы мүмкін. Сондай-ақ диаграммалар, суреттер, географиялық карталар, кестелер мен тізбектер,
сұлбалар беріледі. Мәселен, бір тапсырмада граффиттер тақырыбында екі автордың айтқан екі түрлі пікірі
беріледі, олардың бірі «мұндай адам ойын бейнелі жеткізу құралы қоғамға зиян келтіреді», тіпті «ауа қа-
батын зақымдайды, сондықтан да оған тыйым салу қажет» десе, екіншісі «қабырғаға салынған суреттер –
өзіндік өмір сүруге құқы бар өнер түрлерінің бірі» саналатындығын айтады. Оқушыларға осы пікірлерді
оқып, оларға өзінің көзқарасын білдіре отырып, жеке ой-тұжырымын негіздеу тапсырылады [3].
Осындай сұрақтарды орындауда біздің оқушылар қиындыққа тіреледі. Өйткені олар әр түрлі жанрдағы
ақпараттармен жұмыс істеуге және өз ойларын эссе, қысқаша пікірлер, ой-тұжырымдар, түйіндер тұрғы-
сынан жеткізуге әдеттенбеген. Біздің оқушылардың басым бөлігінің дағдыланған тест сұрақтарының
мазмұны негізінен оқу, арасында ғылыми, бірақ барлық уақытта арнайы дайын мәтіндермен жұмыс
істеуді қарастырады және оларды орындауға байланысты «ерекше нақты нұсқаулар» беріледі. Сондықтан
дағдылы шаблоннан сәл ауытқу оларға қиындық туғызады.
Осы сипаттағы тапсырмалар 12 жылдыққа көшуге байланысты эксперимент жүзіндегі және иннова-
циялық мектептерде ғана қолданылып отырғандығы болмаса, жалпы қазақстандық оқушыларға аса таныс
еместігі аян.
Осыған байланысты PISA-2009 зерттеуінің нәтижесі біздің 15 жастағы оқушылардың оқу сауатты-
лығы бойынша: әр түрлі формада берілген ақпараттармен жұмыс істеу; мәтін жазудағы оның мақса-
тын анықтау; көлемді мәтіндердің мазмұнын түйіндеу; кестелерден, тізбектерден, сұлбалардан прак-
тикалық міндеттерді шешуге қажетті ақпараттарды алу; бірқатар нұсқаларға, баламаларға таңдау
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г.
28
жасау; қолда бар деректер негізінде үрдістерді, заңдылықтарды анықтау сияқты іскерліктерді меңгер-
мегендігін байқатады [3].
Біздің оқушылардың жаратылыстану бағытындағы сауаттылығы осы саладағы негізгі ұғымдарды
күнделікті өмірлік жағдайларды түсіндіруде, алынған ақпараттарды сыни бағалауда, болжауларда, өзінің
көзқарасын негіздеуде қолдануға баса назар аудару қажеттілігін байқатты.
Математикалық сауаттылық бағытындағы нәтиже оқушылардың қарапайым есептерді жеңіл шешкені-
мен, диаграммалар, кестелер, сызбалар мен карталардағы ақпараттарды түсініп, міндеттерін шешу
барысында қиналғандығын көрсетті. Сондай-ақ, күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерді шешуге
арналған есептер, сұрақтар, математикалық айғақтар оқушылардың орындауына ауыр соқты. Мысалы,
жартылай жұмыс күнінде жүрген екі қызметкердің кездесуі үшін екеуіне де ыңғайлы уақытты, олардың
жұмыс кестесіне қарап анықтауға берілген тапсырма бір қарағанда жеңіл болып көрінгенімен, тапсырма-
ның логикалық құрылуы оқушыларға ауыр соқты. Оқушылардың логикалық ілімінің таяздығы мұндай
тапсырмаларды орындай алмауына себеп болды. Осындай нәтижелер оқушылардың болашақта матема-
тикалық сауаттылық бағытында логикалық тұрғыдағы және өмірге бейімділік сипаттағы тест-тапсырма-
ларды орындау іскерліктерінің болуын қажет етеді.
PISA-2009 халықаралық зерттеуіне қазақстандық оқушылардың қатысу нәтижесі біздің еліміздің білім
беру саласын жаңғырту мен реформалау аясында бірқатар өзгерістерге қол жеткізу қажеттігін көрсетеді:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын құзырлылықты қамтамасыздандыру
мазмұны тұрғысынан жаңарту (нақты білімдерден тұрмыстық, өмірлік мәселелерді шешуге арналған
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға көшу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
практикалық-бағдарлық мазмұнын күшейту);
- оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді білім алушылардың қосымша ақпараттарды жеке іздеуіне
мүмкіндік беретін тапсырмалар негізінде қайта құрастыру (кестелер, сұлбалар, диаграммалардың
формаларын ұғыну ғана емес, оларды қайта өңдеу, салыстыру, бағалау тапсырмалары т.б.);
- оқу әдістемесін оқушылардың оқуға талпынысын, білімдері мен зияткерлік қабілеттерін пайдалану
арқылы өзінің көзқарасын негіздеуде ақпараттарды сыни бағалау іскерліктерін қалыптастыру мақсатында
жетілдіру;
- практикаға оқушылардың жалпы және арнайы қабілеттерінің дамуы мен оқуының табыстылығын
анықтайтын түйінді құзырлылықтарын қалыптастыру деңгейін тексеруге мүмкіндік жасайтын логикалық
сипаттағы тесттерді енгізу;
- оқушыларға білім берудің қазіргі талаптарына сәйкес педагогикалық білім жүйесін жаңғырту және
осы сала мамандарын даярлау, қайта даярлау.
Сондай-ақ төрт жылда бір рет жүргізілетін бастауыш сынып оқушыларының оқуы мен мәтінді түсіну
сапасын тексеруге бағытталған халықаралық PIRLS зертеуінің 2015 жылы өткізілетін 40-тан астам мемле-
кет қатысатын циклына Бағдарламадағы нысаналы индикаторға сәйкес Қазақстан алғаш рет қатысқалы
отыр. Бұл зерттеуде Қазақстан оқушылардың 10-15 орынды иеленуі мақсат тұтылған [1].
Бұдан басқа да, ұлттық білім беру жүйесінде кезеңдермен өткізілетін оқушылардың білім жетістіктерін
бағалауға арналған тест түрлері жеткілікті (мемлекеттік аралық бақылау, бірыңғай ұлттық тестілеу және
т.б.). Халықаралық сарапшылар кезінде бірыңғай ұлттық тестілеу принциптері мен технологисына оң
баға бере отырып, тест мазмұнының сапасын жетілдіру қажеттігін атап өткен болатын. Соңғы уақытта
білім саласы мамандарының басылым беттерінде осы ойды қозғап жүргендігін де жоққа шығаруға
болмайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық ұстаны-
мына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізде-
ліп отыр. Осыған орай оқушылардың білімін бақылау, бағалау жүйесін, ұлттық емтихандарды, тесттер
құрастыру технологиясын құзырлылық тұрғысынан қарастыру қолға алынуда. Өйткені құзырлылық
сипатындағы тесттер, тапсырмалар оқушылардың игерген білімдері мен дағдыларын сыртқы ортада-
ғы өзгерістерге сәйкес кіріктіре алу қабілеттерін анықтай алады және дамыта түседі. Олай дейтініміз
мұндай тесттік тапсырмалар оқушының оқу жетістігін бағалау ғана емес, оқыту сипатына да ие.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсыруымен Ұлттық білім
беру сапасын бағалау орталығында (2010-2011 жж.), Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығында (2012
жылдан бастап) оқушылардың жалпы қабілеттерін және арнайы қабілеттерін анықтау мен білім-танымда-
рын тұрмысқа бейімділік тұрғысынан дамыту бағытындағы логикалық тесттерді құрастыру, оларды
сараптама жасау бойынша республика көлемінде апробациядан өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г.
29
Тест тапсырмаларының мазмұны дағдылы тест сұрақтарынан ерекшеленеді. Олар ақпараттардың
алуан түрін (үлгілер, сызбалар, кескіндер, суреттер, кестелер) салыстыру, ұғыну және жіктеу; ақпараттың
жеткіліктілігі мен ойға қонымдылығын анықтау; айтылған пікірге баға беру, оның астарында жатқанды
түсініп, айтылмақ ойды айыра алу; міндеттерді айқындап, тұжырымдау; есепті шешудің стратегиясы мен
әдісін таңдау; ұғымдарды пайдалана білу және өзара байланыстыру; модельдерді талдап, құра білу (ғылы-
ми болжаулар); жинақтаған білімдерін өмірде пайдалану және т.б. іскерліктерін тексеруге бағытталған.
Осы тест математикалық және сөздік-логикалық екі блоктан тұрады. Математикалық блокта логика-
лық тұрғыдан ойландыратын модельдер, графиктер, суреттер, диаграммалар; сөздік-логикалық блокта
аналогия, сөйлемді толықтыру, мәтінді оқу және түсінуге бағытталған тапсырмалар беріледі. Мұндай сұ-
рақтар мен тапсырмалар оқушылардың меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдана алуға септігін тигізеді.
2010-2012 жылдары республика мектептерінде логикалық сипаттағы тесттердің алғашқы апробация-
лық зерттеуі жүргізілді. Апробациялық зерттеу нәтижесі оқушылардың логикалық сипаттағы тесттерді
орындауға даярлығының болмағандынан орташадан төмен көрсеткіштер байқатты. Әрине бұл күтілген
жағдай болатын. Өйткені, бүгінгі қолданыстағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерде, оған сәйкес
оқыту әдістемесінде мұндай тест тапсырмалары қарастырылмағандығы мәлім.
Дейтұрғанмен, апробациялық зерттеу барысында тестілеумен қатар аталмыш тест туралы ой-пікірін
білдіретін сауалнама да жүргізілді. Оның нәтижесі педагогтердің, оқушылардың басым бөлігінің логика-
лық сипаттағы тесттерге оң көзқарасын танытты. Зерттеуге қатысқан оқушылардың 70% астамы тест
тапсырмаларының өте қызықты және логикалық ойлауды талап ететіндігін атап өтсе, пән мұғалімдері
тесттердің мазмұны мен сипатының, сапасының бүгінгі күннің талаптарына сай екендігін жасырмады.
Аталған Орталықтарда апробациялық зерттеудің нәтижесі жан-жақты талқыланып, логикалық сипат-
тағы тесттердің базасы толықтырылды, тесттердің мазмұны жетілдірілді; жергілікті білім беру ұйымдары-
ның өкілдерімен оқыту семинарлары өткізілді, практикалық тәжірибесі мол пән мұғалімдері логикалық
сипаттағы тесттер жасауға қатыстырылды. Осы тесттер форматы жағынан дәстүрлі тесттерден өзгеше
болғандықтан, білім беру ұйымдары оқытушыларының, басшыларының аталған тест ерекшеліктерімен
етене жақын таныс болып, олардың оқушыларды тестілеуге психологиялық және әдістемелік тұрғыдан
дайындауы өте маңызды.
Тестілеу сипатының өзгеруі міндетті түрде білім беру стандарттарын, бағдарламаларын, оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешендерін жаңалауды, әсіресе оқытудың әдістерін жетілдіруді қажет етеді. Әрине,
бұл ұзақ уақытты, қоғамның осы тестілеуге оң көзқарасының қалыптасуын, білім саласы мамандарының
бірлескен орасан еңбегін талап етеді.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда логикалық сипаттағы тесттер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың қолға алынуы халықаралық стандарттарға сәйкес білім сапасын көтеруге бағытталған жаңа
технологияның жүзеге асырылып жатқандығын дәлелдейді.
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарла-
масы. - Астана: Ақорда, 2011.
2. Вопросы совершенствования качества образования Республики Казахстан. - Астана: НЦОКО, 2010. - С. 37-
43, С. 74-79.
3. Национальный отчет по итогам международного исследования PISA-2009 в Казахстане Астана: НЦОКО,
2010. - 147 с.
Достарыңызбен бөлісу: |