Белсенді семинар өткізу кезінде студенттердің білім сапасын
тексеруге арналған сұрақтар
1. Кəсіпорын сөзінің ұғымы?
2. Жұмыс күші айналымы дегеніміз не?
3. Кадр саясатын құжаттану қалай іске асады?
4. Кадр саясатының қызметтері?
5. Кадрларды басқарудың қындай стадияларын білесің?
6. Еңбек ресурстарына деген қажеттілік қалай анықталады?
7. Басшылық кадрларды дайындау бағытын ажыратып беріңдер?
8. Қызмет баспалдағымен көтерілуді басқару қалай іске асады?
9. Төлем механизмінің бағыты қалай іске асады?
10. Жоғарғы ақы төлеу мен нəтижеліктің арақатынасы қандай?
11. Кадрларды таңдау механизмін талдап беріңіз?
12. Еңбекті бағалаудың қандай əдіс-тəсілдерін білесіз?
13. Жанжалдар жəне оны шешу жолдары.
88
5. ҰЙЫМДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ МƏНІ МЕН МАҢЫЗЫ
5.1. Ұйымдағы байланыстың маңызы
Байланыс белгілі бір ұйымның ажырамас жүйесі болып табылады.
Егер қандай да бір амалмен ақпараттың келуін тоқтатса, ұйым əрі
тіршілігін жалғастыра алмайды. Байланыс ұйымның барлық саласына
кірісетін тұлғалардың ұйымдағы өз қызметтерін қабылдауды
қамтамасыз ететін жəне кəсіпорын бөлімдерін біріктіретін жұмыс
құралы. Ашық жүйелер теориясы тұрғысынан кəсіпорын сыртқы орта
жөніндегі ақпаратты жинау, жүйелеу жəне талдауға, сондай-ақ
өңделген ақпаратты қайтадын сыртқа ортаға беруге құрылған
байланыс салаларының дамыған жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Байланыс белгілі бір шешім шығару мен оны іске асыру құралы
ұсынады, түрлі жағдай талаптарына байланысты ұйым қызметінің
мақсаттары мен процедураларын анықтайтын кері байланысты жүзеге
асырады.
Байланыстар – ұйымның өзара байланысты салаларын біріктіруші.
Байланыс тоқтасымен ұйым қызметі де тоқтатылады. Оның орнына
тұлғалардың үйлесімсіз қызметі туындайды.
Байланыс ұйым қызметтің ішкі элементі болып қана емес ұйым мен
сыртқы орта арасында ақпарат алмасудың басты маңызы мəнін
атқарады. Байланыс жүйесі ұйымның өз сыртқы ортасына
қосылуының құралы болып табылады.
Байланыстың құрал-жабдықтарын зерттеу ұжымдық мінез құлықты
зерттеуге де пайдалы. Егер белгілі бір ұйымның түрлі салалары
арасындағы ақпарат алудың көзі мен ұйымның сыртқы ортадағы мінез-
құлқына əсер ету жолын көрсете алсақ, біз бұл ұйымды негізінен
түсіне алар едік. Осылайша, байланыс ұйымның маңызды элементі
екендігін көреміз.
Байланыс – бұл кейбір идеялардың ақпарат бастауының сол
ақпаратты алушының мінез-құлқын өзгерту мақсатында берілетін
процесс болып табылады. Мұндай мінез-құлық білімдер мен
əлеуметтік қағидалардың өзгеруіне алып келуі мүмкін. Ұйым бұрын-
соңды иерархиялық дəрежелер мен ортақ мақсаттарды көздеген еңбек
бөлінісіне негізделген жұмысшы тұлғалардың біріккен тұрақты жүйесі
ретінде танылады. Сонымен, ұйым басшысы бағынушыға бұйрық
бергенде, оның орындалуын күтеді. Бұйрық орындалуы да
орындалмауы да мүмкін. Бірақ бұл жерде біз байланыстың бұл амалы
нақты бір нəтижеге жетуді көздегендіктен болғанын көрсетеді.
89
Ұйымдардағы жəне ұйымдар арасы мен олардың ортасындағы
байланыс ұйымдық байланысты құрайды.
Байланыс моделінің негізгі 4 компонентін бөліп қарауға болады,
байланыстың бастау-бұлағы, хабар, жолы жəне алушы. Көрсетілген
компоненттер байланыстың барлық əрекетінде көрінетіндіктен, жай
ИСКП (источник, сообщение, канал, получатель) түрі деп аталады. Бұл
байланыстың жеңілдетілген түрі, бірақ қарастырудың жөнелту пункті
ретінде пайдалы болуы мүмкін.
Қайнар көз – хабарды жасайды. Байланыстың қайнар көзі болып
бірге жұмыс істейтін тұлғалар тобы немесе жеке тұлғаның өзі,
сонымен қатар, қоғамдық институт немесе ұйымдар болуы мүмкін,
алайда бұл жағдайда да өз ұйымының көлемінде əрекет жасаса да
тұлғалар байланыстың қайнар көзі болады. Хабарды дайындаудың
негізгі міндеті қайнар көзде жатыр.
Хабар – бұл қайнар көз алушыға беретін ынта. Дəл осы үшін
байланыс əрекет іске алады жəне осы əрекет үстінде белгілі бір ой
жеткізіледі.
Хабарлар қайнар көз бен алушыға нақты бір мағына беретін
символдардан (грек сөзінен Symbol – белгі, тұрпат), яғни белгілерден
тұрады. Кодтау – беруге дайындады мағыналанған ойда хабарға
айналдыру; ой мағынасын таңба-белгіге айналдырудан тұрады.
Декодтау – алынған ынталандырады берілген хабардың мағынасын
нақты түсінікке айналдыру. Осылайша, алушылар хабарды таңбадан
мағынаға айналдырып декодтайды. Таңбаларға мəн-мағына беру үшін
тұлғалар құбылыстарды категорияларға бөліп, оған есім, яғни код
береді.
Көптеген хабарлар тіл түрінде беріледі. Алайда таңбалар вербальды
емес, яғни ым, мимика т.б. дене қозғалыстары мен графикалық
бейнелеулер түрінде болуы мүмкін. Тіл адамды басқа мақұлықтардан
аныратады. Мысалы, дельфиндер,шимпанзелер байланыстың жабайы
жүйесін меңгергенімен, оларда тіл жоқ.
Мағына дегеніміз – тіл құралын пайдалану арқылы таңба-
белгілерден көрінетін объектілер. Жалпы, байланыс əрекеті болу үшін
қайнар көз бен байланысты алушы арасында ең болмағанда ортақ
тəжірибеде бар, көптеген біркелкі мағыналар болуы керек. Басқа кезде,
тұлғалар жұбының арасында ешқандай сəйкес тəжірибесі жоқ оқиға
бола алады. Соған сай, қолданыстағы тіл (таңбалар, жазбалар) қайнар
көз бен алушыға түрлі мағына білдіреді. Оған қоса, тұлғаның жеке
тəжірибесі де əрқашан өзгеріп отырғандықтан, хабардың түрлі
таңбаларының да мағыналары уақыт өткен сайын өзгереді. Хабар
90
берудің көптеген сəтсіз əрекетті алушы мен қайнар көздің өзара
алмасқан таңба мағыналарын қате түсіндіргендіктен болады.
Мағыналар салыстырмалы болып келеді жəне субъективті
түсіндіруге жол береді. Бұл дерек Берлоны мағыналарды хабарларға
емес адамдарға тəн екен деген қорытындыға алып келеді. Оның
ойынша, сөздер өздігінен мағынаға ие бола алмайды, оларға қайнар
көз бен алушы мəн-маңыз береді. Хабарлар белгілі бір оқиғаның
кейбір баламаларының (альтернатива) іске асу ықтималдығының
өзгеруін анықтайтын ақпараттан тұрады. Осылайша, ақпаратты
хабарлау алушының белгілі бір құбылыстарға байланысты білмеген
нəрселерін кемітеді. Ақпараттың мысалы болып, үш айдың ішінде
белгілі бір өнімге сұраныстың 20%-ға түскенін көрсететін нарықты
зерттеу барысындағы басшының қолына түскен есеп бола алады.
Байланыстың жолы дегеніміз – қайнар көзден алушыға хабар
берілетін құрал, яғни хабардың физикалық жолымен берілетін құралы.
Байланыс құралдары – бұқаралық ақпарат құралдары жəне
тұлғааралық жолдар деп бөлінеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралатын əдіс – көптеген
алушылар үшін ақпарат таратуға мүмкіндік беретін газет, журнал,
кинофильмдер, радио, телевидение сияқты хабар беру құралдары.
Тұлғааралық тəсілдер дегеніміз – бір қайнар көз бен алушының
арасындағы өзара тікелей хабар алмасу жолы. Бұқаралық ақпарат
құралдары мен тұлғааралық тəсіл арасының негізгі айырмашылығы –
соңғысында кері байланыс жеңілдетілген.
Алушы – байланыс процесіндегі басты элемент. Таратушылар
(қайнар көз) оны жиі ұмытады. Олардың кейбірі, қайнар көзге бағыт
береді. Мысалы, өздерінің шəкірттері ғана емес, қызметтестерін де
еске алатын кітап авторлары болып табылады. Басқа қайнар көздер,
«хабарға бағытталған». Олар өз пəнін жетік меңгерген, бірақ алушыға
толықтай түсінікті көрсетпей, терминдермен кодтайды. Үшінші қайнар
көздер «тəсілге ғана бағытталып», алушыны ұмытады да, белгілі бір
байланыс құралына тəуелді болады. Бұл қайнар көзге мысал ретінде өз
алушыларына тек құжаттарды тарату арқылы хабарды беретін ұйым
басшысы көрінеді. Ол жұмысшылармен нəтижелірек болуға мүмкіндік
ашатын жиналыс та өткізбейді.
Кері байланыс – бұл қайнар көзден түскен алушының хабарға
реакциясы. Қайнар көз хабарлар тізбегі өзгергендегі кері байланысты
есепке алады. Осылайша, байланысты (Байланыс) серпінді екіжақты
процесс ете түседі.
Кері байланыс алдыңғы байланыс əрекетінің əсерлігін көрсететін
қайнар көзге түскен хабар ретінде қарастырылады. Жағымды кері
91
байланыс қайнар көзге хабардан күткен нəтиженің шыққанын айтады.
Жағымсыз кері байланыс, керісінше, нəтижесіз болғандығын
хабарлайды. Осы мағынада жағымсыз кері байланыс қайнар көз бен
алушының арақатынасына теріс əсерін тигізіп, жанжалдың тууына
себепкер болады.
Байланыстың нəтижелігін алу, мағынасында жағымсыз кері
байланыс жағымдыға қарағанда маңызды. Алайда оның бүлікшілік
əрекетінен бұл байланысты бастаушы ынталдырылмақ түгел
жазаланады. Бастығыңызға оның ұсынған жəне кадр тұтатын ой-
идеясы əсер етпейді деп айтып көріңізші.
Жалпы алғанда, Байланыс процесінде кері байланыс белсенді
пайдаланылған сайын, ол нəтижелі болады. Кері байланысқа деген
көңіл ақпарат алушыға қарай бағытталады, яғни хабардың оған
«жетуін» көздейді. Мұндай бағыттың іске асуы белгілі бір тарату
жолын қажет етеді, яғни байланыс əрекеті жасалмай тұрғандағы
жиналған қайнар көз болып табылатын алушылар жөніндегі ақпарат
барынша əсерлі хабарды қалыптастыруда қолданылады. Өз
аудиторияңызда біліп алған маңызды. Егер қайнар көзде алушылар
жайында теріс пікірі болса онда оның байланыс күші соншалықты
əсерлі болып шықпайды.
5.2. Байланыс құралдарының түрлері
«Құрал» терминін ұйымдарды зерттейтін ғылымда үш түрлі
түсінікпен ашып көрсетеді.
1. Толық жүйедегі байланыс құралы жүйедегі барлық тұлғалар
байланысының тұрақты схемасын қамтиды, соның ішінде ұйымда
1000-ға жуық тұлғаны топтастыра алады.
2. Байланыс жүйесінің басқа элементтеріне қарағанда бір-бірімен
өзара жиі əрекеттесетін ішкі жүйені анықтайтын байланыс тобы. Топ
көбінде 5-тен 25-ке дейін мүшені қамтиды, кейде саны одан да артып
жығылады.
Топтар ұйымдағы байланыс құралының (тұлғалардың арнайы
байланыстырушы рөлдері бар) негізгі компоненті болып есептеледі.
3. Белгілі бір тұлғаның басқа тұлғалармен байланыс ағынының
тұрақты схемасын анықтайтын байланыстың жеке құралы. Əр
тұлғаның өзі нақты бір мəселелер бойынша басқа тұлғалармен
қатынасатын өзіндік құралы бар. Осылайша, тұлғаның өзіндік
байланысатын ішкі ортасы болады. Өзіндік құрал ара-тұра тұлғаның
мінез-құлқын түсіндіреді.
92
Өзіндік құралдың екі түрін бөліп қарастыру керек: туа бітетін жəне
өзара байланысты. Туа біткен зіндік жеке құрал – тұлғаның өзара бір-
бірімен араласпайтын тұлғалармен əрекеттесу құралы. Өзара
байланысты өзіндік құрал дегеніміз – тұлғамен басқа тұлғалардың да
бір-бірімен əрекеттеседі. Белгілі бір тұлға басқа тұлғалармен қарым-
қатынас жасайтындықтан өзара байланысатын жеке құрал шеңмен
тараған. Бірақ көптеген өзіндік құралдар арасында туа біткенінде өзара
байланысы да бола береді.
Əлсіз байланыстардың күші. Өзара байланысты өзара құралдардағы
байланыстың тұрақты қалыптасқан құрылымдары мүшелері арасында
ақпараттың нəтижелі алмасуына септігін тигізеді. Олар осы жүйеге
мəліметтің түсуіне тасқауыл қоюы мүмкін. Жақын достар
жаңалықтарды бір-біріне жиі айта бермейді. Сондықтан өзара
байланысты өзіндік жүйеге жаңа ақпарат көп түспейді. Бұл жүйені аша
түсу үшін бір мазмұнды емес ақпараттардың ағыны керек, олай
болмаған жағдайда мəліметтердің жетпейшілігі сезіледі.
Адамдардың қарым-қатынасы əдетте жаңалық пен олардың бір-
біріне беретін мəліметерінің ұқсастығы арасындағы тепе-теңдікті
орнатады. Тұлғааралық жүйелерді əрекеттеушілер. «Əлсіз жүйелерінің
күші» деп аталған мəселемен соқтығысты. Зерттеулерінің қысқаша
қорытындысын былайша түсіндіруге болады: екі тұлға арасындағы
байланыс жүйелерінің ақпараттық күші қайнар көз бен ақпарат
алушының
əлеуметтік
статусының
жақындығына
кері
пропорционалды. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа идея үлкен əлеуметтік
қашықтықтан, яғни социометриялық байланыстар немесе туа біткен
тұлғалық жүйелер арқылы өтсе тұлғалардың көпшілігіне жетеді. Өзара
байланысқан тұлғалық жүйелер əлсіз ақпараттық күшке ие. Əлсіз
байланыстар ақпаратқа жаңалықтың топқа тапқа кең тарауына
мүмкіншілік береді. Неғұрлым ашық жəне иілгіш құрылымды
жаңалықтар байланыс жүйелерін тез тарайды, бұл үшін байланыс
жүйесін түрлі жеке баптардың түріне қалыптастыру керек.
5.3. Байланыс мəнін тарату
Ұйым мүшелері бір-бірімен əр түрлі қызметтерді атқару барысында
қатысады. Байланыс рөлдері дегеніміз – ақпарат тарату процесін
орындайтын ұйым мүшелерінің қызметі. Кейбір тұлғалар «күзетші»
мəнін атқарады: Олар кіретін ақпараттардың ағынын бақыласа,
басқасы топтарды байланыстыратын маңызды орындарды иеленеді.
Оларды «байланысшы» деп атайды. Адамдардың үшінші тобының
басты айырмашылығы басқалардың мінез-құлқына формальды емес
93
шешуші əсерін тигізуінде, олар «ой пікірдің көшбасшылары (лидер)»
(формальды емес көшбасшылар). Төртінші топ – космополиттер – олар
жүйені сыртқы ортамен байланыстыратын болғандықтан ұйымның
«əлемге терезесі» болып есептеледі.
«Күзетші» – құрылымда тиісті берілген жолға келе жатқан
ақпараттар ағының бағалап отыруға тұлға.
«Күзетшінің» қызметі бұрау қызметіне ұқсас. Егер сіз дереу
бастығыңызбен кездескіңіз келіп оны секретаршасы «конференцияда»
десе «күзетші» екенін онда түсінеміз.
«Күзетшіліктің» бір қызметі ақпараттық ауыртпалықты азайтудан
тұрады. «Күзетші» ақпарат ағынын саралайды, маңызды аздау
хабарларды бөгеп, ең негізгісін жеткізеді, ұйымның қалыпты жұмыс
істеуіне кедергі келтірмей, ақпарат тасқынын кемітуге көмектеседі.
Массачусетс технологиялық институтының (АҚШ) Слоундық
бизнес мектебінде Т. Аллен «күзетші» ғалымдарының мінез-құлқына
бірнеше зерттеулермен олардың арасындағы ақпарат ағынына
социометриялық анықтамалар жүргізді. Т. Аллен «технологиялық
күзетшілер» деп атап көрсеткен тұлғалар ғалымдар арасындағы
техникалық жəне ғылыми маңыздағы хабарлардың ағынын бақылады.
Олар, əдеттегідей, өздерінің зертханасындағы, сондай-ақ басқа да
көптеген ғалымдармен байланыс орнатты. Мұндай адамдар ақпаратты
алып, оңдеп, оны өз қызметтестеріне тарату сияқты бір жүйенің
шегінде əрекет ете алады. Бүгінде ұйымдарды толық жетілмеген
байланыстарды реттеу процесін кезінен зерттеуге қажеттілік туып
отыр. Топтардағы маңызды «күзетшісін» жұмыстарды не үшін соған
сай адамдар атқаратындығын білу керек. Формальды күзетшілердің
қызметтері қандай шамада жəне сəйкес келе ме? Ауырпалықты азайту
тұрғысындағы ақпарат ағынын бақылауда (маңызды ақпараттарды
жоғалтпай бұрмаламай) «күзетшілердің» қаншалықты жемісті жұмыс
істегенін? Ақпарат ағынын реттегенде қандай критерийлерге
сүйенетіндігін білу қажет.
«Байланыстырушы» (кейде байланыстырушы нүкте деп аталады) –
тұлғаларының негізде жүйедегі екі жəне одан да көп топтарды
байланыстыратын өзі ешқайсысына жатпайтын тұлға (белгілі бір
тұлғалар бір не басқа топтың мүшелігінде бола тұра байланыстырушы
мəнін атқарады, олар «көпір» деп аталады).
Осылайша, байланыстырушылар ұйымдағы ақпарт ағынының
тараптарында
орналасады. «Байланыстырушысы
ұйымның
құрылымдық»
кірпіштерін
бекітуші
цемент
деп
атайды6
«байланыстырушыларды» шығарып жіберсе, жүйе жекелеген топтарға
ыдырап кетеді. Байланыстырушылар ұғым салаларының арасында
94
ақпарат тарату үшін өте маңызды. «Байланыстырушыны»
жоғалтқанда ұйымның бірлігі бұзылады, сондықтан оның орны
маңызды. Динамика тұрғысынан алып қарағанда мұндай рөлдің
жүйеде іске, асуы жəне пайдалылыға ұйымның қызмет істеуіне ықпал
етеді. Егер «байланыстырушы» мəніндегі адамның білімділігі төмен
болса, ұйым үлкен қиындықтарды бастан өткереді. Рөл егер нəтижелі
болса, оның əрекеттері ұйымның өне бойында ақпарат ағынының тез
жүруіне
септігін
тигізеді.
Маңыздылығына
байланысты
«байланысшылар» көптеген зерттеулердің объектісі болады. Алғашқы
рет Джекобсон мен Сишор кейбір тұлғаларының топтар арасында
байланыстырушы қызметін ақпаратындығын атап көрсетті (топтардан
оларды қатынасушы топтар құрылымын кесіп өтетін бір бағытты жиі
болатын жəне маңызды қарым-қатынастардың көптігі айрықшалайды).
«Байланыстырушылар» байланыс жүйесінде белсенді қатысады, бірақ
оларды жеке топша түрінде ашып көрсету қиын.
Джекобсон мен Сишор «байланыстырушыларды» тапқаннан кейін
оларды іздестіруді қойды жəне зерттеушілерінің мақсаты топ
мүшелігінің социаметриялық көрсеткішін табуда еді. Алайда,
топтарды
айқындағаннан
кейін,
олар
топтар
арасындағы
«байланыстырушылар» барлық жүйеде болатындығына көз жеткізді.
«Байланыстырушыларды» жоғалтқанда жүйе байланыссыз топтарға
ыдырап
кетті.
Келесі
зерттеулерде
ұйымдардағы
«байланыстырушыларының» санын айқындауға, байланысының
тұрақтылығы мен олардың тарататын ақпарат мазмұндылығының
өзара байланыстылығына, сондай-ақ «байланыстырушыларының»
жеке тұлғалық жəне Байланыслық мінездемелері мен қасиеттеріне
көңіл бөлінді. Ұйымды талдау барысында, жоғарғы сападағы
басшылардың көпшілігі «байланыстырушылар» екендігі анықталды.
1958 ж. Шварцтың Мичиган университетінде жүргізген зерттеуінде
142 мұғалімінің 22-сі (15%) «байланыстырушы» мəнін атқаратындығы
айқындалды. Олар түрлі көлемдегі 29 жұмыс тобын байланыстырды.
көптеген
зерттеулерге
ұйымның 5–20% дейін
мүшелері
«байланыстырушылар» мəнін атқаратындар болып шықты. Жүйедегі
«байланыстырушылардың» нақты саны мен пайызы зерттеу
барысындағы қаралатын мəселелердің сипаты сияқты факторына
байланысты.
Ұйымдағы тұлғааралық жүйенің нəтижелі жұмыс істеуін
қамтамасыз
ететін
орталық
фигура
болатындықтан
сөзсіз
«байланыстырушы»
рөлдерінің
тəжірибелік
маңызы
бар.
«Байланыстырушылар» ұйымда стратегиялық органдарда отырады.
95
Олар не формальды ақпараттардың алмасуын тездетеді, не таршылық
«байланыстырушылары» мəнін формальды түрде енгізу тиіс.
«Бікерлер көшбасшысы» (лидер) – басқа тұлғаларды өзі қалаған
бағытқа бұрушы жəне қағидаларға формальсыз түрде байқатпай ықпал
ете алатын тұлға. «Бікерлер көшбасшысы» атауын алғаш рет П.
Лазарсфельд ақпарат ағыны қайнар көзден басқалар арқылы өзі кімге
таратуды дұрыс көрген «бікерлер көшбасшысына» қарай баратын
үлгінің бөлігі ретінде енгізді.
«Бікерлер көшбасшылары» өз ұйымында аз болса да арасында
салмағы бар қызметтерді атқарып ықпалды беделге ие болады. Олар
ұйымның барлық мүшелеріне дұрыс тəлім-тəрбиенің үлгісі ретінде
көрсетіледі жəне де сыртқы ақпараттық қайнар көздеріне жол табады,
ал тікелей міндеті топтар мен сыртқы орта арасындағы байланысты
қамтамасыз ету.
«Бікерлер көшбасшыларын» зерттеу көп жағдайда мынандай
қасиеттерін бөліп қарастыруға мүмкіндік береді: сыртқы ақпарат
көздерінің компоненттерімен жиі араласу, жолын қуушылар үшін
жеңіл өздері басқаратын топтарының ережелерді қатаң сақтаушылығы:
көптеген ұйымдарда бікерлер көшбасшылығы жоғары басшылықтағы
тұлғаларға ғана тəн емес, сондай-ақ иерархиялық тұлғада алсақ
қарапайым жұмысшы қызметіндегі ресми емес көшбасшылар да
жұмысшы топ мүшелерінің жемісті еңбек етуіне барынша ықпал ете
алады.
«Космополит» – басқаларға қарағанда жүйенің сыртқы ортасымен
жиі араласатын тұлға өзін сыртқы ортаға ашықпын деп ойлайтын əрбір
ұйым бірнеше «космополиттерді» үстауы керек. Көптеген жүйелерде
«космополиттер» иерархиялық баспалдақ тұрғысында жоғарғы
орындарды иеленеді. Іскерлік жолсапарға жиі шығатын жəне сыртқы
ұйымдардың басқа да байланыстарын падаланатын басшылар сыртқы
ақпарат көздерінен де жаңа идеялар алуға мүмкіндік бар. Ортамен
байланысуының тəсілі бөлігі макродеңгейде жатыр, себебі олар істің
қыр-сырына енбесе де. Сыртқы ортаның өзгерістері жайлы ақпарат
жинайды.
Ұйымдық иерархияда төменгі деңгейдегі тұлғалар сыртқы
ортадағы
өзгерістердің
операциялық
аспектілерімен
жұмыс
істегендіктен ара-тұра «космополит» қызметін атқара алады.
Осылайша төменгі бөлімдегі жұмысшылар тікелей сатып алушылардан
түскен материал жəне отындармен, өндіріс жайлы ақпаратпен қарым-
қатынас жасайды. Олардың «космополитизмі» күнделікті іс-əрекетке
негізделген сипатта болады. Белгілі мағынада «космополиттер» жаңа
идеяларды жүйеге түсіретін «күзетшілерге» ұқсайды. Жоғарғы
96
деңгейдегі «космополиттерге» секерлік жолсапарлар, сыртқы ортадан
түскен корреспонденцияларды оқу, түрлі ұлттық жəне халықаралық
жиналыстарға қатысу мен ұйымдарға мүше болу, жұмыс орнын
таңдаудағы еркінді сияқты сипаттар тəн. Олардың мысалы болуына,
университет профессорлары, сауда агенттері, министрлер т.с.с.
табылады.
Кейбір тұлғалардың «космополитизмі» ұйымның сыртқы ортамен
өзара əрекеттесуіне мүмкіндік бергендіктен жүйенің қоры болып
саналады. Ортаның өзгерістерін алдын ала болмаушылық қасиет əрбір
жүйенің аман қалуы үшін өте маңызды. Нарықты талдау жөніндегі,
фирмадағы
«адамгершілік»
қатынастар
жөніндегі
мамандар
санасындағы өндірісті басқаруды зерттеу мен жасап шығару ғалымдар
сияқты т.б. ұйымдағы кейбір қызметтер арасымен кеңінен байланысуға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |