С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет51/65
Дата06.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#7935
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65

 
 
,ӨЖ: 37.018.11   
 
ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК –  
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ М,СЕЛЕ 
 
М.Қ. Ибраева – Абай атындағы ҚазҰПУ 6D010100 - Мектепке дейінгі оқыту ж`не т`рбиелеу 
мамандығының 2 курс PhD докторанты, ibraeva.mk@mail.ru 
Ғылыми жетекші: Ұ.М. Абдигапбарова – п.ғ.д. Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика жeне психология 
кафедрасының профессоры, Abdigapbarova_um@mail.ru 
 
Мақалада  ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  `дістерінің  жолдары  қарастырылады. 
Мектепке дейінгі педагогиканың кейбір м`селелері туралы айтылады. Белсендiлiк ерте жастағы баланың таным 
iс-`рекетiне деген қатынасын сипаттайтын бiр белгiсi екендігі түсiндiріледi. Мақалада сонымен қатар баланың 
дамуы,  саналы  қалыптасуы  оны  т`рбиелеу  мен  оқыту  процесінде  ересектердің  іс-`рекеті  баланы  ерте  жастан 
бастап  моральдық  сапалары  мен  қасиеттерін  дамытуға  бағытталған  жағдайда  ғана  жүзеге  асатындығын  атап 
көрсетеді.  «Таным»,  «таным  объектісі»,  «таным  субъектісі»,  «танымдық  белсенділік»  ұғымдарына  қысқаша 
түсінік беріледі. 
Тірек сөздер:, таным, таным объектісі, таным субъектісі, танымдық белсенділік, ерте даму. 
 
Елбасымыз Нұрсұлтан dбішұлы Назарбаевтың 2008 жылдың  ақпанындағы халыққа Жолдауында: 
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі 
мектепке  дейінгі  білім  беруге  баса  назар  аударған  жөн.  Ж`не  бұл  сатыны  олардың  шығармашылық 
ж`не  интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытуға  арналған  тиімді  бағдарламалармен  қамтамасыз  ету 
қажет. dрбір балалардың білім алуға, еңбекке ж`не қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы 
кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» - деп айтылған [1].  
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
316 
Баланы туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі т`рбиелеу мен дамыту туралы ғылым – мектеп-
ке дейінгі педагогика болып табылады.  Мектепке  дейінгі  педагогиканың  теориялық  ж`не  практика-
лық мақсаты біреу, ол – жас ұрпақты жан-жақты т`рбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, 
өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету [2]. 
Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы ж`не бостандығы. Адам 
– абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі».  
Таным дегеніміз субъектінің объективтік шындыққа қатынасының түрі. Таным қатынастар түрінің 
даму процесі ретінде субъектінің өмірін басынан аяғына дейін қамтиды. Былайша айтқанда ол өмірі-
мен  бірге  ілесіп  жүреді.  Егер  субъекті  мен  объектінің  қарым-қатынасы  бейтарап  болса,  танымдық 
процеске қажеттілік тумайды.  
Таным —  адамның  санасындағы  ақиқаттылық  ж`не  нағыздықтың  оны  одан  `рі  өзгерту  мүмкін-
дігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың 
түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен м`ні 
ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді.  
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. 
Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай 
қоғам
 болуы мүмкін.  
Таным объектісі деп  танымдық  қызмет  бағытталған  н`рсені  айтамыз.  Таным  объектісі  материя-
лық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі 
мен субъектісінің м`нділігі  - субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды.  
Субъектінің  даралық  қасиеттерін  қалыптастырудың  негізі  деп  саналатын  мотивтердің  бірі  – 
танымдық белсенділік. Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде бала-
ның таным белсенділігі арта түседі. Белсендiлiк баланың таным iс-`рекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi 
жолдарын  таңдау,  талпыныс,  жүзеге  асыру)  деген  қатынасын  сипаттайтын  тұлғаның  бiр  белгiсi 
ретiнде түсiндiріледi.  
Адамның  белсенділігінің  дамуы,  өмірінің  барлық  мезгілінде,  барлық  кезеңінде  шешуші  фактор 
болып  табылады.  Ғалымдар  таным  белсенділігін  дамыту  проблемаларын  түрлі  теориялық  дерек-
көздер арқылы `ртүрлі негізде көрсетеді. 
Ұлы  ұстаз  dбу  Насыр  `л  Фараби  өзінің  "Бақыт  жолында"  атты  философиялық  шығармасында 
адамның танымын дамыту арқылы ғана оны бақыт жолына жетелеуге болатындығын айтса, ұлы Абай 
өзінің  қырық  үшінші  қара  сөзінде  баланың  танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытпаса,  өзінің  із-
түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады [3].  
Баланың  психикалық  дамуындағы  танымдық  белсенділіктің  рөлі  көптеген  зерттеулермен  д`лел-
денген (Л.В.Занков, А.А.Смирнов, В.В.Давыдов, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская, П.Я.Гальперин, 
Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, Н.Ф.Талызина, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, т.б.) [4].  
Бұл жөнінде Г.С.Костюк былай деп атап көрсетеді: «Белсенділік баланың өзін қоршаған ортамен 
өзара `рекетіне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді, өсіп келе жатқан жанды заттың өмірлік талаптарын 
қанағаттандырудың қажетті жағдайы болып саналады, ағзаның ортамен «теңгерілуінің» барлық меха-
низмдерінің пайда болу жағдайы болып табылады.... Дені сау ағзаға т`н белсенділік саналы адамдық 
іс-`рекетке айналуы тиіс» [5].  
Белсенділік  психологиясы  ұғымы  Л.П.Гримактың  «Адам  психикасының  қоры»  (Резервы  челове-
ческой  психики)  еңбегінде  ғалым  осы  кітаптың  «Психологиялық  белсенділікке  кіріспе»  тарауында 
белсенділіктің мазмұнын д`л, нақты, толық сипаттайды. Белсенділік бір жағынан өзін таныту, көрсе-
ту,  өмірден  өз  орнын  алу,  бейімделу  үшін  қажет,  екінші  жағынан  ол  түрлі  психикалық  жаңа  құры-
лымдардың, жасалымдардың (новообразования) пайда болуы мен орнауын қамтамасыз етеді [6].  
Таным  белсенділігінің  м`селесі  –  педагогикалық  зерттеулердің  терең  негізі  екенін  атап  көрсету 
керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, М.А. Даншов, И.Л. 
Лернер, М.И. Махмутов, Т.Ш. Шашова, Г.И. Щукина, ж`не тағы басқалар болды. 
Балалардың танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттарын саналуан `рекет түрле-
рінде:  ойын,  оқу,  таным,  оқу-танымдық,  еңбек,  қарым-қатынас,  т.б.  дамитындығын  Ш.А.Амонаш-
вили көрсетеді. 
Танымдық  белсенділіктің  құрылуы  м`селесінің  педагогикалық  қыры  Л.С.Выготский,  А.В.Запо-
рожец, А.П.Усова, т.б. зерттеулерімен байланысты. Олардың жұмыстарында баланың айналасындағы 
адамдармен,  сыртқы  ортамен  өзара  `рекеттестігі  кезінде  баланың  танымдық  белсенділігін  ерте 
жастан дамыту керектігі д`лелденген. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
317 
А.Страунинг,  М.Шустерман  танымдық  белсенділікті  дамыту  проблемаларының  `дістемелік 
қырына көңіл бөледі. 
Педагогикалық-психологиялық `дебиеттерде белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi[7]: 
•  Таным субъектiсiнiң ақыл-ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л. Рубенштейн).  
•  dртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).  
•  Адамның iс-`рекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды – ерiктiң ж`не ақыл-
ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г. Ковалев).  
•  Бiлiмдi қарқынды меңгеруге `зiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А. Половников).  
•  Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу `рекетiнiң көрiнуi (Л.П. 
Аристова).  
•  Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай (Р.А. Низамов). 
•  Баланың өмiрлiк күшiнiң `серлiгi (Г.И. Щукина).  
Қазіргі таңда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуды жүзеге асырудың маз-
мұндық  ж`не  іс-`рекеттік  бағытының  педагогикалық  негізіне  арнайы  жүргізілген  зерттеу  жұмыс-
тары аз. dсіресе ғылыми негізін жүйелеп түсіндіретін осы бағыттағы зерттеу жұмыстары өз негізінде 
нақтылы шешімін табу қажет. Ғылыми зерттеулер мен т`жірибелерге жасаған талдау негізінде жүзеге 
асыру м`селесінің `лі де болса өзінің шешімін таба қоймағанын, ерте жастағы балалардың танымдық 
белсенділігін дамытуда түсініксіз м`селенің көптеп кездесетінін көрсетеді. Проблеманың өзектілігін 
талдау  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  дамытуда 
қоғамның қажеттілігі мен `лемдік білім беру кеңістігіне табысты кіру үшін мұғалімдер мен т`рбие-
шілерді  к`сіби  даярлаудың  қажеттілігі  ж`не  Қазақстанның  педагогикалық  ғылымында  оның  негізгі 
жағдайларының  жеткіліксіз  теориялық  ж`не  т`жірибелік-эксперименттік  негізделуі  арасындағы 
қарама-қайшылықтың  шешілу  қажеттілігіне  `келіп  отыр.  Дегенмен  соңғы  кездегі  психология-
педагогика  ғылымы  саласындағы  зерттеулер  н`тижесі  балалардың  танымдық  қызығуын  неғұрлым 
ертерек  дамытса,  соғұрлым  олардың  болашақтағы  оқу  `рекеті  жемісті  болады,  -  деген  қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді. 
Баланың дамуы, саналы қалыптасуы оны т`рбиелеу мен оқыту процесінде үлкендердің іс-`рекеті 
баланы ерте жастан бастап субъектілік сапалары мен қасиеттерін дамытуға бағыттаған жағдайда ғана 
жүзеге  асады.  Баланың  ынтасын  үнемі  шектеп  отыру  оның  дамуын  тежейді.  Оның  дамуы    ұзаққа  
созылады, үлкен психикалық ж`не физикалық  күш жұмсауды қажет етеді, бала кін`мшіл болып, жас 
ерекшелік  дағдарысқа  ұшырайды.  Ересек  адам  мектепке  дейінгі  балаға  күшті  педагогикалық  `сер 
етеді,  ол  өзара  `рекет  үрдісінде  кешенді  `дістер  мен  т`сілдер  көмегімен  танымдық  белсенділікті 
қалыптастырады,  балалардың  психикалық:  ойлау,  қабылдау,  ес,  зейін,  сөйлеуді,  өзіне  сенімділікті 
ж`не  ынталылықты  дамыта  отырып,  олардың  белсенді  танымдық  іс-`рекет  пен  шығармашылыққа 
бой алуына көмектеседі.  
Күнделікті  өмір  барысында  бала  шындық  дүниенің  құбылыстары  мен  заттарын  анықтай  білуге, 
адам  баласының  жинақтаған  бай  т`жірибесін  үйренуге  талаптанады.  Балалар  өте  байқағыш,  елік-
тегіш, `р н`рсеге үңіле қарайды, көп н`рселер оларды ойлантады, өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбы-
лыстардың  сырын  білуге  құмартады.  Күн  сайын  олардың  алдында  жаңа  сұрақтар  туады.  Сол 
сұрақтың  жауабын  олар  ересектерден  күтеді,  өйткені,  олардың  түсінігінше,  ересектердің  білмейтіні 
болмайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн.  
Ересектер  дегеніміз - к`сіби ж`не мақсатты түрде кіші жастағы ж`не мектеп жасына дейінгі бала-
лардың  дамуына  ықпал  ететін  балаға  жақын  отбасындағы  адамдар,  мектепке  дейінгі  мекемелердегі 
мамандар.  Біз  балалармен  жұмыс  жасаймыз,  олардың  `рқайсысы  өзінше  `ртүрлі.  Олардың  барлығы 
`ртүрлі  психологиялық,  педагогикалық,  материалдық  ж`не  тағы  да  басқа  даму  жағдайында  болады. 
Ересектер  ерте  жастан  бастап-ақ  баланың  `рекеттерін  ұйымдастырады,  жеке  т`жірибе  жинақтауын 
қамтамасыз етеді, іс-`рекет  үлгілерін, оны дұрыс орындау т`ртіптерін көрсетіп береді. Үлкендердің 
функциясы баланың сабақ, ойын, еңбек үстінде өздігінен, шығармашыл белсенділігін арттыру, оған 
қажетті мөлшерлі көмек көрсету.  
Баланың  өмір  сүру  субъектісі  болып  қалыптасуында  балаға  үлкендердің  көзқарасы  маңызды. 
Бүгінде  т`рбиелеу  практикасында  мұндай  көзқарастардың  бірқатары  қарастырылады.  Мысалы, 
баланың жетістіктеріне назар аудармаушылық байқалады, олар үлкендерге аса маңызды емес сияқты 
болып  көрінеді.  Қолдау  таппағандықтан,  өзіне  назар  аударту  үшін  теріс  `рекеттер  жасай  бастайды. 
Бұл  бала  тарапынан  қарсылық  көрсетуге  `келіп  соғады,  балада  бастаған  ісін  аяқтау  сияқты  білік 
қалыптаспайды, баланың ынтасын тежейді. Үлкеннің мұндай `рекеті балада д`рменсіздік комплексін 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
318 
қалыптастырады – оның ісін қызықсыз ж`не біртекті күйге келтіреді, өзіндік `рекет пен ынталылық 
көрсетпейді.  Ерте  жастағы  балалар    немқұрайлылыққа  төзбейді  ж`не  қалай  да  болса  ересектердін 
назарын  аударуға  тырысады.  Осылай  ересектердің  ұзақ  уақыт  бойғы  немқұрайлылығының  салдары 
баланың теріс `рекеттер жасауына `келіп соғады, ол `ртүрлі қарсылықтар білдіріп, сол сияқты айна-
ласындағыларға  ашық  түрде  ынтасыздық  көрсетеді.  Балалардың  жағымсыз  істеріне,  білмегендікте-
ріне  «үлкендер  қатал»  талаптар  қояды  да,  жағымды  жақтары  аталмайды,  сол  күйінде  қабылданады. 
Мұндай  жағдайда  балалар  өздерінің  кемшіліктері  үшін  үнемі  теріс  баға  алады,  басқа  балалармен 
салыстыру  объектісіне  айналады.  Теріс  баға  баланың  ынтасын,  белсенділігін  төмендетіп,  кемшілік-
тері  үшін  қорқумен  шектеледі.  Балалар  мақтағанды  да,  ескертпелерді  де  оңай  ажыратады.  Ересек-
тердің  `ділетті  бағалауы  баланың  саналы  т`ртіптілігін,  өзіне-өзі  сенімін  дамытады.  Ересектердің 
«субъект-субъект» көзқарасы балаға өзіндік, шығармашыл `рекеттің бастаушысы, өзіндік ерекшелігі 
бар, қайталанбас бірегей жеке тұлға ретінде, тіпті `зірге тұрақты емес, қалып-тасып болмаған болса 
да болмаса да өзіндік мақсаты мен талаптары бар адам ретінде қарауды көздейді. Баланың `рекетін, 
қылықтарын оң бағалау оны дамытудың, белсенділігін арттырудың басты факторы екендігін білеміз. 
Ерте  жастағы  балаларға  ескерту  жасауды,  теріс  бағалауды  пайдаланғанда,  бала  емес,  оның  теріс 
қылығының бағаланатынын естен шығармау қажет: «Сен жаман емессің, бірақ сен жаман қылық көр-
сеттің, ол дұрыс емес, себебі...» деп айту керек. Баланың іс-`рекеті мен оның н`тижесін бағалағанда 
алдымен  жағымды  жақтарын,  содан  кейін  жағымсыз  жақтарын  айтып,  оның  мүмкіндігіне  сенімді-
лікпен қарау қажет. 
Т`рбиелеу  ж`не  үйрету  `дістерінің  көмегімен  баланың  қоршаған  ортамен  байланысы  кеңиді:  ол 
өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағына-
ды,  ересек  адамдармен  бірінші  болып  `ңгіме  бастайды.  Басқа  балалармен  қарапайым  қарым-қаты-
настары пайда болады: бала құрбылары мен олардың `рекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, 
бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. 
Сонымен, ерте жастағы балалардың субъектік қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруды баланы 
өзара  `рекеттестіктің  тең  құқылы  қатысушысы  ретінде  қабылдап,  оның  мүддесі  мен  сұраныстарын 
ескере отырып, `рекеті мен қылықтарын объективті түрде бағалау арқылы, оның белсенділігін артты-
ру ж`не дамыту үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру арқылы ерте жастан бастау керек. Бұл жол 
үлкендерден  шеберлікті, шыдамдылықты, өсіп келе жатқан адамға ж`не оның ұдайы жетілуіне деген 
қамқорлық пен сыйластықты талап етеді. 
 
1  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.n.Назарбаевтың  Парламент  палаталарының  бірлескен 
отырысында Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2008жылғы 7 ақпан.
  
 
2  Р.  К.  Аралбаева  Мектепке  дейінгі  педагогика:  «Мектепке  дейінгі  оқыту  жeне  тeрбиелеу»  мамандығы 
бойынша дайындалатын студенттерге арналған оқулық – Алматы: 2012 ж.
 
3 Философский энциклопедический словарь. М.: ИНФРА-М, 2002. 
 
4  Божович Л.И.  Избранные  психологические  труды.  Проблема  формирования  личности.  М.:  Педагогика, 
1995.
 
5 Костюк Г.С. Избранные психологические труды. Москва, 1988.
 
6 Гримак Л.П. Резервы человеческой психики
: Введение в психологию активности – М:.Полиздат,1989. 
7 Педагогическая энциклопедия в 4-х т/ под ред. Каирова. М.: Советская энциклопедия, 1966
.
 
 
Резюме 
Познавательная активность – философская, психологическая, педагогическая проблема 
Ибраева М.К. –  PhD докторант 2 курса по специальности 6D010100 – 
Дошкольное обучение и воспитание, 
 
ibraeva.mk@mail.ru 
Научный руководитель: Абдигапбарова У.М. – д.п.н., профессор кафедры педагогики и психологии КазНПУ 
им.Абая, Abdigapbarova_um@mail.ru 
В  данной  статье  рассматриваются  методы  познавательной  активности  у  детей  раннего  возраста.  Также 
указаны  некоторые  проблемы  дошкольной  педагогики.  Выяснено,  что  в  основу  указанных  методов  положено 
познание,  как  необходимое  условие  развития  познавательной  активности  ребенка.  Также  рассмотрены 
основной  путь  влияния  взрослых  на  развитие  личности  детей  –  организация  усвоения  ими  моральных  норм
регулирующих  поведение  людей  в  обществе,  эти  нормы  усваиваются  ребенком  под  влиянием  образцов  и 
правил поведения, образцами поведения для детей служат прежде всего сами взрослые  — их поступки, взаи-
моотношения. А  также  дается  определение  понятий  как  «
познания»,
  «
объект  познания»,»  субъект  познания», 
«познавательная деятельность». 
Ключевые  слова:
  познания,
 
объект  познания,  субъект  познания,  познавательная  деятельность,  раннее 
развитие 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
319 
Summary 
Cognitive activity is philosophical, psychological, pedagogical problem 
Ibraeva M.K. –  PHD doktoral 2
th
 courses on speciality 6D010100 is the Preschool teaching and education
ibraeva.mk@mail.ru 
Scientific supervisor:
 Abdigapbarova U.M. doctor of pedagogical sciences, professor. 
KazNPU named after Abai, Abdigapbarova_um@mail.ru 
In this article methods of informative activity at children of early age are considered. Some problems of pre-school 
pedagogy are also specified. It is found out that the knowledge as a necessary condition of development of informative 
activity of the child is the basis for the specified methods. Are also considered the main way of influence of adults on 
development of the identity of children — the organization of assimilation of the moral standards regulating behavior of 
people in society by them, these norms are acquired by the child under the influence of samples and rules of conduct, as 
examples of behavior for children serve first of all adults — their acts, relationship. And also definition of concepts as 
"knowledge", "object of knowledge"," the subject of knowledge", "cognitive activity" is given. 
Keywords: knowledge, object of knowledge, subject of knowledge, cognitive activity, early development 
 
 
,ӨЖ 376.5 (574) 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР Ж,НЕ 
ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
М.К. Жайлауова – п.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, mzhailauova@mail.ru 
 
Мақала бастауыш мектеп кезеңінен бастап дарынды балаларды анықтау ж`не олармен түрлі жұмыс форма-
ларын ұйымдастыру м`селесіне арналған. «Дарындылық» ұғымының м`ні түрлі ақпарат көздерінен айқындала 
келе,  дарындылықты  анықтау  критерийлері  арқылы  анықтау  мүмкін  болатын  оның  түрлеріне  сипаттама 
берілген.  Дарындылық  ұғымымен  қатар  жүретін  «талант»  пен  «данышпандық»  қырларына  түсінік  берілген. 
Дарынды балаларда туындайтын м`селелер ж`не оның шешімін табу мақсатындағы мұғалім тарапынан орын-
далуы тиіс `рекеттер көрсетілген. Мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен к`сіби сапаларын дамыту жолдары 
ұсынылған. Дарынды балаларды анықтау мен оны қолдау мақсатында Азия мен Еуропада жүргізілетін жұмыс 
бағыттарына  салыстырмалы  түрде  талдау  жасалған.  Дарынды  балаларды  дамыту  бағытында  ересектер  тара-
пынан ескерілуі  тиіс бірқатар  кеңестер  берілген.  
Түйін сөздер: дарындылық, данышпандық, талант, қабілет, шығармашылық, оқу үдерісі, білім, білік, дағды.  
 
Қоғамдағы  түбегейлі  өзгерістер  елдің  болашағын  айқындайтын  `леуметтік-м`дени  элитаның 
қалыптасуын талап етеді. Балалардың табиғи дарындылығы неғұрлым ерте анықталып, оның дамуы 
бағытында жұмыстар ерте қолға алынса, дарынды тұлға соғұрлым кеңірек ашыла түседі, `рі қарайғы 
өмірлік `рекетінде мол табысқа жете алады. Сондықтан дарынды бала т`рбиелеу бастауыш мектеп-
тегі оқу үдерісінен бастап  жүзеге асырылуы тиіс.  
«Дарындылық»  ұғымының  м`нін  түрлі  ақпарат  көздерінен  қарастырар  болсақ,  Н.Ожеговтың 
сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндірілсе [1], Б.М.Теплов 
дарындылықты «қандай да бір `рекетті орындауда табысқа қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз еткі-
зетін қабілеттердің сапалық үйлесімі» деп анықтаған. Мұнда дарындылық қабілеттердің механикалық 
тұрғыдағы  жиынтығы  емес,  оған  кіретін  компоненттердің  өзара  `рекеттестігінен  туындайтын  жаңа 
сапа  деп  түсіндіріледі  [2].  Яғни  аталған  екі  пікірге  ортақ  түсінік:  дарындылықты  қабілеттің  жоғары 
д`режесі деп тануы.  
Дарындылық  қандай  да  бір  `рекеттегі  табысты  емес,  осы  табысқа  қол  жеткізу  мүмкіндігін  ғана 
қамтамасыз  етеді.  Тапсырманы  с`тті  орындап  шығу  үшін  қабілеттер  кешенінен  бөлек,  білім,  білік, 
дағды қажет.  
Дарындылықты анықтау критерийлері:  
1.  `рекет түрі ж`не оны психикада қамтамасыз етуші аймағы;  
2.  қалыптасу д`режесі; 
3.  көріну формасы;  
4.  түрлі `рекетте көріну кеңдігі; 
5.  жасқа сай даму ерекшелігі [3].  
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
320 
В.В.Щорс бойынша дарындылық түрлері: 
1.  Көркем  дарындылық.  Ол  `ртістік  шеберлік,  `дебиет,  `н,  мүсін,  техника  салалары  бойынша 
дарындылық деп бөлінеді. Көркем дарындылық сезімге негізделеді.  
2. Шығармашылық дарындылық. Ол баланың `лемді стандартты емес қабылдауы мен түсінуінен 
байқалады. Мұндай дарындылықтың 4 белгісі бар:  
1) ерекше идея мен өнім— кез келген м`селенің ерекше шешімін, стандартты емес жолын табу; 
2) жаңа ж`не күрделі жағдаяттарда идеяларды табу қабілеттілігі;  
3)  үлгіге  икемделе  ойлану  —  объектінің  жаңа  мүмкіндіктерін  көру  мақсатында  оның  формасын 
өзгерту қабілеттілігі. 
3.  dлеуметтік  (көшбасшылық)  дарындылық  –  өзге  адамдармен  ұзақ  уақыттық  өзара  қарым-
қатынас орната алу қабілеттілігі.  
4.  Зияткерлік  ж`не  академиялық  дарындылық  –  талдауға,  ойлауға,  фактілерді  салыстыруға 
қабілеттілік.  
5. Қозғалыстық (психомоторлық) дарындылық – спортқа қабілеттілік.  
6. Моральдық сапалармен байланысты рухани дарындылық.  
7. Практикалық дарындылық  - күнделікті өмірде зияткерліктің жоғары деңгейін көрсету  [4]. 
Неміс  психологы    В.Штерннің  пайымдауынша,  дарындылық  –  бұл  жеке  тұлғаның  өз  ойын  жаңа 
талаптарға  саналы  түрде  бағдарлай  алуға,  психиканың  жаңа  міндеттер  мен  өмір  шартына  икемделе 
алуға қабілеттілігі [5].  
Ағзаның  табиғи  қажеттілігі  өзінен-өзі  адамның  дарындылығына  айналмайды.  Ол  тек  адамның 
дарындылығын айқындайтын шарттар жүйесінің бөлінбес компоненті болып табылады. Дарындылық 
ағзаның емес, жеке тұлға дамуының ішкі  мүмкіндіктерін көрсетеді.  
Дарындылық адамның нақты `рекеті жүзеге асатын  жағдайларға байланысты ғана байқалады. Ол 
осы  `рекетті  орындауға  адамның  ішкі  мүмкіндігі  мен  сол  уақыттағы  психологиялық  жағдайын 
көрсетеді. Дарындылық динамикасы үшін талаптар деңгейі үлкен рөл атқарады. Бұл дарындылықтың 
дамуына `сер ету үшін оқу талаптары да жоғары д`режеде болуы қажет деген сөз.  
Дарындылық  м`селесіне  арналған  `дебиеттерде  жалпы  ж`не  арнайы  дарындылыққа  байланысты 
пікірталастырарлық ой көтеріледі. Ч.Спирмен, В.Штерн, Э.Мейман, Т.Циген, Э.Торндайк ж`не ассо-
циативтік  психология  өкілдері  жалпы  дарындылықтың  бар  екенін  мойындай  отырып,  ол  арнайы 
қабілеттің құрамында болады деген пікірді алға тартады.   
В.Штерн  ақыл-ой  жасы  мен  хронологиялық  жасы  арасындағы  қатынасты  орнату  мақсатында 
интеллектуалдық коэффициент (IQ) ұғымын енгізді. Бұл тек қана дарындылық деңгейін емес, соны-
мен бірге даму қарқынын да анықтау мүмкіндігі. Негізінен IQ оның  белгілі бір кезеңдегі даму дең-
гейін  ғана  анықтайды.  Дарындылықты  өлшеудің  практикалық  маңызы  өмір  сүру  шарттарына 
байланысты ары қарайғы дамуын болжауда болып отыр.  
Дарындылық жайлы аталғанда талант пен данышпандық оның бір қыры ретінде қарастырылатын 
кездері кездеседі.  
Талант  –  адамның  белгілі  бір  `рекет  түріне  жоғары  қабілеттілігі.  Бұл  күрделі  еңбек  `рекетін    өз 
бетінше  табысты,  ерекше  үлгіде  орындап  шығуына  мүмкіндік  беретін  жоғары  деңгейде  дамыған 
арнайы қабілеттер жиынтығы [5]. Балалық шақта-ақ музыка, математика, лингвистика, техника, спорт 
ж`не т.б. салалар бойынша таланттың алғашқы белгілері байқалуы мүмкін. Таланттың қалыптастып, 
дамуы өмірдің қоғамдық-тарихи шарттары мен адам `рекетіне байланысты.  
Данышпандық – жеке тұлға дарындылығының ең жоғарғы деңгейі, қоғам үшін тарихи маңызы бар 
шығармашылық. Данышпан, бейнелі түрде айтқанда, өз білімі аумағында жаңа эпоха жасайды [1]. 
Көп  жылдан  бері  оқушылардың  қабілеттілігі  түрлі  олимпиада,  ғылыми  конференция,  турнир, 
көрме, жеке п`нді тереңдетіп оқытатын мектеп, лицей, гимназияларда, жазғы мектептер мен сауық-
тыру-дамыту мекемелерінде анықталып, бағаланатын.  
Қазіргі уақытта балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артылған: топта 
психологиялық орта мен эмоционалды жайлылық орнату, қандай да бір `рекет түрінде табысқа қол 
жеткізу.  Басты  м`селе  –  шығармашыл,  дарынды  тұлға  дамыту.  Данышпан  жүз  жылда  бір  туылуы 
мүмкін,  бірақ  талантты  ж`не  қабілетті  балалар  көп,  тек  олардың  даму  мүмкіндігін  жіберіп  алмау 
керек.    Мұндай  балалар  үшін  оқу  ерекше,  жеке  `леуетін  дамытуға  бағытталатындай  болуы  қажет. 
Осыдан қоғамдық сипаттағы өзекті м`селе туындайды: балалық шақтан бастап дарындылықты сақтау 
үшін жағдай жасау ж`не дамыту.  
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
321 
Дарынды  балаларға  қорқыныш  сипаты  т`н,  себебі  олардың  қиялы  ұшқыр.  Олар  сонымен  қатар, 
шектен тыс сезімтал, шыдамсыз, б`рін жанына жақын қабылдағыш. Дарынды балаларда туындайтын 
м`селелер:  
- Мектепке немқұрайлылық. Бұл балаға оқу бағдарламасы олар үшін тым жалықтырғыш, қызық-
сыз болып көрнуінен туындайды. Т`ртіп бұзушылық оқу бағдарламасы оның қабілетіне с`йкес кел-
меуінен пайда болуы мүмкін. Дарынды балаларға құрдастарының ойындары мүлдем қызықсыз. Осы-
ның н`тижесінде дарынды бала ортадан шеттеледі, тұйықталады.  
- Философиялық м`селелерге шому. Дарынды балаларға өлім, о дүние, діни сенім, философиялық 
м`селелер жайлы ойлану т`н.  
- Физикалық, интеллектуалдық ж`не `леуметтік дамудың с`йкес болмауы. Дарынды балалар жасы 
үлкен балалармен араласуды қалайды. Осыған орай оларға көшбасшы болу қиынға соғады.  
- Мінсіздікке ұмтылу. Дарынды балаларға мінсіздікке іштей қажеттілігі сипаты т`н.  Осыдан өзіне 
қанағаттанбау, өзін д`рменсіз сезіну, төмендету сезімдері туындайды.   
- Ересектер назарында болудың қажеттілігі. Дарынды балалар мұғалім, ата-ана ж`не өзге де ересек 
адамдардың  назарында  болғанды  қалайды.  Зияткерлігі  жағынан  өзінен  төмен  балаларды  жеккөру-
шілікпен сыни пікір айтып, ортадан шығарып тастауға тырысады. Осылайша, дарындылықты сақтау 
ж`не дамыту – қоғам өркендеуінің м`селесі, шығармашылық `леуетін жүзеге асыру [5]. 
Дарынды балалармен жұмыста мұғалім төмендегілерді ескеру керек: 
– дарынды балалардың дамуы үшін тиімді жағдай жасау; 
– дарынды балалармен түрлі жұмыс формалары; 
– оқу `рекетінде ынтымақтастық орнату; 
– оқушылардың өз бетінше `рекет етуі. 
Дарынды  балалармен  жұмыстағы  бір  ерекшелік  –  шығармашылық  ойлауына  `сер  етуші  жағдай 
жасау. Бұл үшін жұмысты төмендегі бағыт бойынша жоспарлау қажет:  
1.  Дарынды балаларды анықтау жүйесін құру:  
– сынып оқушыларын психологиялық-педагогикалық зерттеу;  
– сыныптан сыныпқа көшерде балаларды жүйелі бақылау; 
– тереңдетілген жеке зерттеу жүргізу үшін балаларды анықтау;  
– психолог маманның жүйелі диагностикалауы. 
2.  Оқу үдерісін ұйымдастыру: 
– стандартты емес сабақтар; 
–зерттеу `рекеті, өз бетінше шындықты тану;   
– қосымша `дебиеттермен жұмыс;   
–  ойлану, талқылау, өз ойын айту, стандартты емес тапсырмалар; 
–  бейімді оқыту; 
– шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастыру. 
3. Сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар байланысы:  
- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; 
- олимпиада, конференция, конкурстарға қатысу; 
- базалық қосымша білім берумен қамтамасыз ету; 
- ғылыми-т`жірибелік конференциялар. 
4. Жалпы дамытушы іс-шаралар – мектептегі д`стүрлі іс-шаралар; п`ндік апталықтар. 
Аталғандардан  бөлек,  дарынды  балалармен  жүргізілетін  жұмыстың  төмендегідей  негізгі    форма-
лары бар: 
1. Шығармашылық шеберхана 
2. Параллельді сыныптардың  озат оқушыларымен топтық жұмыс 
3. Факультативтер 
4. Қызығушылығына қарай үйірмелер 
5. Зерттеу `рекетімен айналысу 
6. Конкурстар 
7. Интеллектуалдық марафон 
8. Ғылыми-практикалық конференциялар 
9. Олимпиадалар 
10. Жеке жоспар бойынша жұмыс [6]. 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
322 
Дарынды балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-т`рбие үдерісін дұрыс ұйымдастыра алу, 
дарынды  баланы  кешенді  түрде  қолдау,  дамыту  үшін  жеке  жұмыстар  жүйесін  құру  қажет.  Ал  бұл 
үшін мұғалімнің жоғары к`сіби құзіретті болуы шарт.  
Жоғарыда аталған мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттер мен к`сіби сапаларын дамыту жолдары: 
1)  тренингтер көмегімен – өзін ж`не өзгелерді түсінуі үшін; 
2)  оқу үдерісі, дарындылық түрлерін дамыту үдерісі ж`не ерекшеліктері жайлы білімін тереңдету;  
3)  тиімді оқыту мен жеке бағдарламаларды құру үшін қажет біліктілігін жетілдіру. 
1-кесте. Азия  мен Еуропа елдірендегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс бағыттары 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет