Резюме
Воспитание младшего поколения к здоровому образу жизни
Конофеева З.С, Казыбаева Г.С. – ст. преподаватели КазНПУ имени Абая, konofeeva.zethan@mail.ru
В статье представлены особенности формирование среди учащихся навыков по ведению здорового образа
жизни. Представленные научные теории и опыт можно исползовать в обновлении системы внеклассной воспи-
тательной работы с учащимися начиная с начальных классов. С изменением общества меняется и содержание
воспитания,формы и методы ее организации становятся более обширны и разнобразны. Невозможно пересчи-
тать формы и методы организации внеклассной воспитательной работы, представленной до настоящего
момента. Воспитательная работа организована в направлении обеспечения интеллектуального развития, эконо-
мического и экологического воспитания, подготовки к специальности с формированием навыков по ведению
здорового образа жизни, приучением к труду и реальной жизни в соответствии с этическими темамии нормами.
Ключевые слова: Воспитание, форма, привычка, здоровый образ жизни, класс, интелектуал, учитель,
школа, ученик, труд, обучение
Summary
Educating the younger generation of healthy lifestyle
Konofeeva Z.S , Kazybaeva G.S. – department of anatomy of a fiziolgiya zoologists and safety of life of activity,
KazNPU named after Abai, konofeeva.zethan@mail.ru
Features of formation of skills on keeping a healthy lifestyle among pupils are presented in the article. It is possible
to make use of the presented scientific theories and experience in updating of system of out-of-class educational work
with pupils since initial classes. With change of society the content of education changes also, forms and methods of its
organization become more extensive and various. It is impossible to count forms and methods of the organization of the
out-of-school educational work presented until now. Educational work is organized in the direction of ensuring
intellectual development, economic and ecological education, and preparation for specialty with formation of skills on
keeping a healthy lifestyle, accustoming to work and real life in compliance with ethical subjects and norms.
Keywords: upbringing, form, habit, healthy lifestyle, class, intellectual, teacher, school, pupil, labour, education
ular work, junior school pupils.
УДК: 373.015.311
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЛИДЕРЛІККЕ ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
А.М. Байкулова – Абай атындағы ҚазҰПУ 6D010300 – педагогика ж`не психология мамандығының
3-курс PhD докторанты, aigerim.baikulova@mail.ru
Ғылыми жетекші: ,бдіғапбарова Ұ.М. – п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ
Abdigapbarova_um@mail.ru
Мақала жоғары сынып оқушыларын лидерлікке даярлаудың маңызына арналған. Автор оқушыларды
лидерлікке даярлаудың маңызын сараптай келе, тиімді лидер болу үшін тұлғаның бойында болуы тиіс қажетті
сапаларға тоқталады. Мақалада мектепте іскерлікпен табысқа жете алатын, айналасына адамгершілігі мол,
шығармашылық идеялары бар, өзінің іскерлік қабілеттерін дамытуға, ізденімпаздықпен өзін жетілдіруге ұмты-
ла алатын, дербес шешімдерін белсенділікпен жүйелі іске асыратын оқушы-лидерлерді
даярлау қажеттілігі сөз
етіледі. Сол себепті қазіргі өмірдің стратегиясын анықтай алатын, тұлғалық ж`не қоғамдық даму т`жірибесінде
оны жүзеге асыру тактикасын жетілдіре алатын адамдар қажет екендігіне тоқталады. Білім беру саласында
адамдармен оңай тіл табыса алатын, лидерлік дағдыларға ие, талдауға, ынталандыруға, стратегиялық ойлауға
ж`не тиімділікке қабілетті жаңа типтегі лидерлер даярлау қажеттілігіне назар аударады. «Біліктілік» ж`не
«харизма» ұғымдарына қысқаша түсінік беріледі. Қарастырылып отырған м`селеге қатысты зерттеген авторлар
еңбектеріндегі харизматикалық лидерге т`н жеке қасиеттерді көрсетеді. Лидерлердің жай адамдардан мақсат-
шылдығымен ж`не жігерлілігімен, адамдар тобын басқаруға құлшынысымен, адалдығымен ж`не парасат-
тылығымен, өз күшіне сенімділігімен, білімімен, сонымен бірге біліктілігімен ерекшеленетініне м`н береді.
Сондықтан да тиімді лидер бойында болуы тиіс біліктіліктер топталады ж`не түсініктемелер беріледі. Мақа-
лада «лидер» ж`не «бедел» ұғымдарының айырмашылығы көрсетілген.
Негізгі сөздер: лидер, тұлға, оқушы-лидер, лидерлік, харизма, жоғары сынып оқушысы, бедел, біліктілік.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
312
ҚР-ның бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында
ұйымдастырушылық қабiлетi мен лидерлік қасиетi бар белсендi оқушыларды, сондай-ақ `леуметтiк
жобаларды iске асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшiлерiн дaяpлaудың көздeлуі, жоғары
сынып оқушыларын лидерлікке даярлаудың қажеттілігін арттыра түседі [1].
Осыған орай оқушылар мен жастар ортасындағы өнегесіздік пен агрессивтілікке қарсы тұра
білетін, мектепте іскерлікпен табысқа жете алатын, айналасына адамгершілігі мол, шығармашылық
идеялары бар, өзінің іскерлік қабілеттерін дамытуға, ізденімпаздықпен өзін жетілдіруге ұмтылатын,
дербес шешімдерін белсенділікпен жүйелі іске асыратын оқушы-лидерлерді даярлау қажет.
Себебі лидер рөлін меңгерудің маңыздылығы қазіргі елеулі `леуметтік-экономикалық өзгерістер
мен жаңалықтар жағдайында өз ойларын білдіріп сөйлей алатын адамды ғана емес, сонымен қатар
`леуметтік маңызды ж`не жеке мақсаттарға жету үшін адамдарды біріктіре отырып, `рекет жасай
алатын адамдарға деген ерекше сұраныстың пайда болғандығымен түсіндіріледі. Бұл дегеніміз, қазір-
гі қоғамдық даму өмірдің стратегиясын анықтай алатын, тұлғалық ж`не қоғамдық даму т`жірибесін-
де оны жүзеге асыру тактикасын жетілдіре алатын адамдар қажет екендігін анық көрсетеді. Сол
себепті адамның бала кезінен жинақталған т`жірибесі оны өмір бойы сүйемелдейтіндігіне байла-
нысты оқушы-лидерді даярлау м`селесі барынша өзекті болып табылады. Себебі лидер рөлін мең-
герудің қажеттілігі, қабілеттілігі мен мүмкінділігі оқушыға өзінің өмірлік келешегін көруді, нақты
мақсаттарды анықтап, оған жетуді, тұлғалық өзара `рекеттестік пен ынтымақтастық ғылымын игеріп,
белсенділікке, дербестілікке, жауапкершілікке ж`не эмпатияға үйренуге мүмкіндік береді.
Демек, қазіргі таңда білім беру саласында адамдармен оңай тіл табыса алатын, лидерлік дағды-
ларға ие, талдауға, ынталандыруға, стратегиялық ойлауға ж`не тиімділікке қабілетті жаңа типтегі
лидерлер керек. Алайда ондай лидерлерді қайдан табу керек деген заңды сұрақ туындайды. Дейтұр-
ғанмен ұдайы өзгермелі жағдайда білім беру жүйесінің барлық деңгейінде талантты, `рі жақсы
дайындықтан өткен лидерлердің аздығы жасырын емес екені анық. Сондықтан білім беру жүйесінде
лидерлік дағдыға ие ж`не жоғары білікті, талантты жоғары сынып оқушыларын іздеп табу, оларды
даярлау мүмкіндігі жұмыстың қажетті, `рі маңызды құрамдас бөлігі.
Сол үшін де, кез келген білім беру саласында нақты қандай лидер даярлау қажеттігін анықтау
мақсатында, оның біліктілік бейінін бекітуіміз тиіс. Бұл идеяның негізі болашақ лидерлердің өзге-
лерден жауапкершілік, қабілеттілік жағынан ерекшелігі болуы керектігін талап етеді. Себебі жоға-
рыда айтып өткеніміздей, келешекте кез келген жағдаятта қандай болмасын қиындықтармен кездессе
де, дұрыс шешім қабылдай білетін, қиындықтардан шыға алатын, біліктілігі жоғары лидер даярлау –
жауапты, `рі күрделі міндет болып табылады.
Өйткені, лидерлікті тиімді жүргізудегі басты біліктілік – ол лидердің харизматикалық ықпалының
деңгейі. Осы тұста «харизма» ұғымына қысқаша м`лімет бере кетер болсақ, ол – жеке даралық
тартымдылығы сипатымен жағымды көрінетін лидердің мінез-құлық сипаттамалары мен өзіндік
сапаларының жиынтығы; лидерлік ықпалдың ерекше формасын атайды [2].
Сондай-ақ айта кетер жайт аталмыш м`селені қарастырған көптеген авторлар харизматикалық
лидерге т`н жеке қасиеттерді табуға талпынғандарымен, бар болғаны келесідей бес сипаттамаға қол
жеткізді:
- Харизматикалық лидерлер неге ұмтылу керектігін біледі;
- Олар стратегиялық мақсатқа жету жолында т`уекелге бас тігуге дайын;
- Сыртқы ортаның қойған шектеуін сезіне алады;
- Ізбасарларының қажеттіліктерін сезіне біледі;
- Үйреншікті шеңберге жатпайтын іс-`рекет үлгісін көрсетеді [3].
Осыған байланысты біз харизматикалық лидер деп, өзінің соңынан топты ерте алатын, адамдарға
ықпалы бар бірегей қабілеттілік пен ерекше қасиетке ие адамды түсінеміз. Өзінің жеке тұлғалық
ерекшеліктеріне қарай ізбасарларының ішкі жан дүниесіне күшті `сер ете алатын, мінсіз болашақты
болжай білетін, оған жол нұсқай алатын лидер харизматикалық лидер деп есептеледі ж`не лидердің
харизматикалық сипаттамалары тұрғысынан алдын ала болжау стратегиясы мен ізбасарларды моти-
вациялық шабыттандыра алуы саналады. Харизматикалық лидер адамдардың сеніміне ене алады ж`-
не өздерінің даралық бірегейлігі мен күші арқылы құндылықтарын қабылдатуға қозғаушы болады [2].
Сол себепті топтағы сыныптастарының бойында ортақ миссиялық сезімін ояту лидерлік факторла-
рының бірі болып табылады. Лидердің харизматикалық ықпалын көрсететін біліктіліктерінің ішіндегі
бастысы – оның `рдайым жауапкершілікті өз мойнына ала білуінде.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
313
Демек, лидер – адамдарды артынан ілестіре алатындай нағыз лидер болуы үшін олардың бойында
ерекше бір `сер қалдыра білуі керек. Ол арқылы достарының жүрегінде болашаққа деген сенім
ұялатып, олардың іс-`рекетіне бастама бола отырып, туындаған м`селені бұрын ешкім қолданбаған
мүлдем жаңа т`сілмен шешуге қол жеткізуге болады.
Сондықтан да тиімді лидер болу үшін тұлғаның бойында: болашақты көре білу, дұрыс мақсат
қою, м`селені шешуде ақпаратты талдау, жағдайға икемділік, дұрыс шешім қабылдау, ал тұлғааралық
қарым-қатынаста тыңдай білу, сезімталдық, бастамашылдық, ойын тез жинақтай білу, адамдарға
ықпал ете білу, яғни сөйлеу м`нері, өзіне сенімділік, сендіре білу ж`не жеке қасиеттері қажырлылық,
сапалы жұмысты ынталандыру, үйрене білу, шыншылдық сынды сапалар болуы қажет [4].
Сондай-ақ мектеп білім беру мекемесі ретінде лидердің қалыптасу үрдісіне өзінің позитивті үлесін
`рқашан да қосуы тиіс. Себебі, лидер – бұл топтың тіршілік кеңістігін ұйымдастыруға қабілетті, мақ-
сатқа бағытталған, табысты түрде өзін-өзі реттеудің үлгілерін көрсете алатын адам. Ал, мектеп қоғам-
дық өмірге араласа бастаған оқушыға өзін барынша н`тижелі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орын.
Сонымен бірге қазіргі күні лидер деп маңызды м`селелер кезінде шешім қабылдау құқын беретін
топ мүшесін атайтыны м`лім. С`йкесінше, лидерлік – бұл топ ішілік қарым-қатынас жүйесінде `сер
ету, бағыну қатынастарында көрінеді [5]. Демек, ол іс-`рекеттің, қарым-қатынастың ұйымдастыру-
шысы, дем берушісі, бастамашысы болып, еліктеуге өнеге бола білу қабілетінен байқалатын
субъектілік позицияны меңгеру, тұлғалық қалыптасудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды
фактор болып табылады.
Сол себепті де, лидерлер жай адамдардан мақсатшылдығымен ж`не жігерлілігімен, адамдар тобын
басқаруға құлшынысымен, адалдығымен ж`не парасаттылығымен, өз күшіне сенімділігімен,
білімімен, сонымен бірге біліктілігімен ерекшеленеді деген пікір айтуымызға болады.
Осы тұста біліктілік ұғымына тоқтала кетсек, стандартқа с`йкес, біліктілік – бұл т`жірибеде білім
мен дағдыны қолдануды көрсете білуді айтамыз. Ал біліктіліктер – бұл тек білім мен дағды ғана
емес, сондай-ақ оқушының іс-`рекетінен көрінетін жоғары табыстылыққа жеткізетін құндылығы,
жеке қабілеті болып табылады.
Сондықтан да лидердің біліктілігінің бейінін [5] төмендегідей топтауымызға болады:
#
н`тижеге бағытталу;
#
өзгерістерге бейімделу;
#
адам ресурстарын басқару;
#
тиімді коммуникация.
Осыған с`йкес, жоғарыда көрсетілген лидерлік біліктіліктерінің анықтамасына қысқаша тоқталар
болсақ:
Н.тижеге бағытталу – бұл өзіне жауапкершілік ала білу, айқындалған мақсаттарға жету үшін
жоспарлы ж`не д`йекті `рекет ету, топтағы қажеттіліктер мен басымдықтарын ескере отырып, қолда
бар ресурстармен басқара білу қабілеті.
Өзгерістерге бейімділік – бұл лидердің тиімділігіне қойылатын талаптардың бірі. Ол басшының
өзінің құндылығы мен ұстанымын өзгертпестен, жағдайға қарай ойлары мен іс-`рекетін өзгерту
қабілеті. Өзгерістерге икемді болу оның сыртқы орта өзгерістерін терең түсінуімен, ағымдағы ж`не
болашақтағы жағдайды талдау, стратегиялық ойлау, икемділік ж`не бастамашылдық қабілеттерімен
тығыз байланысты.
Адам ресурстарын басқару – бұл лидердің ізбасарларын басқарудағы д`йекті т`сілдерді сақтауға,
топтың ағымдағы ж`не келешектегі қажеттіліктері негізінді адам ресурстарын жоспарлауға, оларды
іс-`рекетке ынталандыруға, атқаратын ісін құрметтеуге ж`не оларға топ мақсатына жету үшін
септігін тигізетін қолайлы еңбек жағдайын қолдауға жауапты болу қабілеті.
Тиімді коммуникация – бұл лидердің топ мақсатына жету жолында ақпараттарды тиімді алмасу,
тыңдаушылардың қажеттілігін ескере отырып, түрлі жағдайда коммуникацияның түрлі нысаны мен
т`сілін қолдану арқылы өзінің көзқарасын айқын ж`не нақты тұжырымдау, өзгелерді тыңдай білу
ж`не кері байланыс орната білу қабілеті [5].
Демек, лидер топ ішіндегі тұлғааралық қатынастарды реттейді. Лидер кіші топта пайда болады.
Лидер топ мүшелерімен салыстырғанда алға қойылған мақсатты, міндеттерді шешуде асқан
қызығушылық, белсенділік танытады. Лидер белгілі бір жағдайға байланысты туады деп айта аламыз,
ол топтың іс-`рекеті кезінде өте қажет болады.
Мектеп жағдайында білім алушы субъектілерге лидер туралы түсінікті қалыптастыру маңызды.
Себебі бұл туындаған жағдайларда дұрыс бағытын таңдауға ж`не ондағы оқушының өзіндік
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
314
тұлғалық орнын табудың тиімді `дісін таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ педагогтар мен оқушы-
лар арасында жүргізілген сауалнамалар лидерді беделі жоғары адам ретінде сипаттайды. Мұндай
пікір мектеп практикасы үшін шынайы орынды көрсетеді, `детте лидер шынайы түрде беделді тұлға
болып табылады. Бірақ «лидер» ж`не «бедел» сөздерінің ұқсастығы үнемі нақты емес, өйткені бар-
лық беделді адам лидер бола бермейді. Лидер – топты белгілі міндетті шешуге ұйымдастырушы адам,
сондықтан онда іс-`рекеттік бастама басымдылық танытады, ал беделді адам мұндай қызметті үнемі
орындай бермейді. Ол тек мысал ж`не идеал ретінде болады. Іскерлік міндеттерді шешу оған міндетті
ж`не қажетті болып табылады. Осыған орай, лидерлік феномені – бұл ерекше құбылыс, ол өзге
түсініктермен сипатталмайды деп нақты айта аламыз [6].
Лидердің субъект ретіндегі өзге сипаттамалық ерекшелігі оның жеке ойларында, пікірінде, `ре-
кеттері мен іс-`рекеттерінде көрінеді. Д`л осы қасиет лидерге өзге еркін орындаушы қызметін атқар-
мауға мүмкіндік беріп, өз қатынасы мен `рекеттерінде бастамашылдық танытып, өз үдерісін өз беті-
мен іске асыра алады.
Лидер субъектілі позициясының көрінуі жауапкершілікте, жаңа басталған істі аяғына дейін жеткі-
зу мүмкіндігін беріп, сонымен қатар өзгелер іс-`рекетін басқару кезінде өз ж`не өзге іс-`рекетіне
жауапкершілік таныту керектігін түсінуге жағдай жасайды.
Демек табысты лидер жоғары энергетикалық `леуеті көрсетілген, белсенді, бастамашы, жауапкер-
шілігі мол, өзін-өзі көрсете білетін тұлға деп түсінеміз. Осыған байланысты, лидердің негізгі қызмет-
теріне оның көңіл-күйінің жинақталуы, м`ртебесі мен оның `рекетінің реттелуінен анықтауымызға
болады [7].
Сонымен бірге лидер өзін қолда бар ақпаратты қолдану `дістерінде көрсетеді, м`селен өз іс-
`рекетін өзгелер іс-`рекетін ұйымдастыруда, түзетуде, жетілдіруде ж`не ойластыруда қолдану ж`не
беру. Яғни лидерді өзге негізде сақтау, жинақтау, ақпаратты беру, ақпараттың маңызды қорын
құрушы ретінде сипаттауға болады.
Қорыта келе, қазіргі кезде лидерлік м`селесінің маңыздылығы осы құбылыстың ерекшеліктерін
зерттеп-тануда ғана емес, сонымен қатар оқушылардағы лидерлік қасиеттерін тиімді дамыту үшін
арнайы педагогикалық шарттарды құрудан тұрады. Бұл өз кезегінде қоғамның өмірлік `рекетін алға
жылжытуға ж`не ондағы белсенді мүшелерді барлық `рекеттерге қатыстыруға мүмкіндік тудырады.
Сол себепті де, егер мектепте қалыптасып келе жатқан жоғары сынып оқушысына лидер рөлін
орындай отырып, субъектілі позициясын көрсетуге мүмкіндік берілетін болса, бұл үрдіс табысты
түрде жүзеге асады деп толық айта аламыз.
1 Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдар-
ламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.
2 Байкулова А.М. Түркі ғұламалары еңбектеріндегі харизматикалық лидердің сипаты // ХАБАРШЫ.
«Педагогика ғылымдары» сериясы - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ 2015. №2 (46).
3 Ермеков М.М. Мемлекеттік басқару тиімділігін қамтамасыз етудегі көшбасшылық факторы. мем.жeне
басқ. бейіні докт...дисс. -Астана: ҚР-ның Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару акад-сы, 2014. –
132 б.
4 Лобанов В.В. Работа с высшим административным персоналом в США и других зарубежных странах. -
М.: Изд-во РАГС, 2006. -230 с.
5 Кричевский Р.Л. Современные тенденции в исследовании лидерства в американской социальной психоло-
гии // Вопросы психологии. 1977. №6. -С. 119-120.
6 Crosscurrents in leadership. Leadership Symposia series.V.5 / Ed.by J. G/ Hunt et al. Carbondale 1979.
7 Кудряшова Е.В. Лидерство как предмет социально-философского анализа: автореф…докт.филос.
наук. - М., 1996. – 50 с.
Резюме
Важность подготовки старшеклассников к лидерству
Байкулова А.М. – PhD докторант 3 курса по специальности 6D010300 - Педагогика и психология,
aigerim.baikulova@mail.ru
Научный руководитель: Абдигапбарова У.М. – д.п.н., профессор кафедры Педагогика и психологии
КазНПУ им. Абая, Abdigapbarova_um@mail.ru
Статья посвящена важности подготовки старшеклассников к лидерству. Автор, анализируя важность
подготовки учеников к лидерству, выделяет необходимые качества, которыми должен владеть личность, чтобы
стать эффективным лидером. В статье упоминается необходимость подготовки ученика-лидера, который своей
энергичностью может добиться успеха в школе, своей любознательностью стремится к саморазвитию, проявляя
свою активность, самостоятельно реализует свои решения. Поэтому также особо отмечается необходимость в
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
315
людях, которые могут определить стратегию современной жизни, способные совершенствовать тактику ее
реализации на личном опыте и опыте общественного развития. Автор уделяет внимание необходимости под-
готовить лидеров нового типа, способные быстро находить общий язык с людьми в сфере образования, имею-
щие лидерские принципы, способные анализировать, поощрять, мыслить стратегически и эффективно. Дается
краткое описание понятиям «профессионализм» и «харизма». Также рассматриваются отдельные качества,
присущи харизматичному лидеру в трудах авторов изучающих данную проблему. Особое внимание уделяется
таким особенностям лидера как целеустремленность, энергичность, способность управлять группой людей
своим стремлением, верностью, здравомыслием, уверенностью в своих силах, знаниях. Поэтому груп-пируются
и анализируются профессиональные качества, которые должны быть у лидера, а также рассмат-ривается их
значение. Рассматривается различие таких понятий как «лидер» и «авторитет».
Ключевые слова: лидер, личность, ученик-лидер, лидерство, харизма, старшеклассник, авторитет, профес-
сионализм.
Summary
The importance of leadership training in high school pupils
Baikulova A.M. ‒ 3
th
course PhD doctoral specialty of Pedagogy and psychology, KazNPU named after Abai
Scientific supervisor: Abdigapbarova U.M. – doctor of pedagogical sciences, professor., KazNPU named after Abai
The article is devoted to the importance of leadership training in high school pupils. Author distinguishes necessary
skills that an individual must acquire to become an effective leader by analyzing the importance of preparing pupils for
leadership. The article mentions the need to prepare the pupil-leader, who with his/her vigor can succeed at school,
strive to self-development with curiosity, showing an activity in realizing decisions independently. Therefore, also the
needs for people who can define the strategy of modern life that can improve the tactics of its realization in personal
experience and the experience of social development have been emphasized. The author pays attention to the need to
prepare a new type of leaders that can quickly find a common language with people in the field of education, with
leadership principles that can analyze, encourage, and think strategically and effectively. A brief description of the
concepts of “professionalism” and “charisma” has been given. It also discusses the quality of the individual inherent to
charismatic leader in the works of authors who study this problem. Particular attention is paid to the peculiarities of the
leader as sense of purpose, energy, ability to manage a group of people with desire, loyalty, common sense, self-
confidence, knowledge. Therefore, professional skills necessary to be a leader are grouped and analyzed, also their
definitions are considered. The difference of concepts such as “leader” and “authority” is reviewed and summarized.
Key-words: leader, personality, pupil-leader, leadership, charisma, high school pupils, authority, professionalism.
Достарыңызбен бөлісу: |