АЛМАТЫ - ДРАЙВЕР РАЗВИТИЯ ТУРИЗМА КАЗАХСТАНА
Есайдар У.С., к.э.н., зав.кафедрой «ТиСО», Бельгибаев А.К., к.э.н., доцент,
Мырзагулова Г.Р., к.г.н., доцент, АТУ, г.Алматы, Республика Казахстан
E-mail: urzada.esaidar@mail.ru, 3Belgibaev@mail.ru, myrzagulova 57 a mail.ru.
Эффективное функционирование индустрии туризм - проблема сложная и многогранная, реше-
ние которой требует системного комплексного подхода, включающего в себя современные реалии и
потенциальные возможности для развития туристической отрасли. Как показывает международная
практика, центрами роста в туризме являются крупные мегаполисы. Так ежегодное количество турис-
тов, посетившее Нью-Йорк - 58млн. человек, Париж - 28 млн. человек, Бангкок - 19,2 млн. человек,
Лондон - 17,2 млн. человек, Сингапур - 14,1 млн. человек, Токио14 - млн. человек, Стамбул – 12 млн.
человек, Дубай - 10 млн.человек [1].
Перечень городов, которые эффективно развивают туризм можно продолжить. Развивая ту-
ризм, города создают новые рабочие места, увеличивают валютные поступления в городской бюд-
жет. Для поступательного развития туристической отрасли Казахстана необходимо определить цен-
тры роста, которые взяли на себя функцию драйвера развития.
На наш взгляд, одним из таких центров туристической индустрии, несомненно, должен стать
мегаполис Алматы, который обладает реальными преимуществами: уникальными природно - клима-
тическими ресурсами, такими как близость гор, большое количество тепла в год, своеобразной непов-
торимой архитектурой города, культурным и грамотным населением, качественными трудовыми
ресурсами, развитой транспортной, торговой и образовательной инфраструктурой.
Одним из главных преимуществ является близость Китая, который в последнее время благо-
даря экономическому росту занимает лидирующие позиции по выездному туризму. В тоже время
данные преимущества полностью не реализованы, а те мероприятия и действия, которые осущест-
вляются, не имеют системного и последовательного характера и поэтому малоэффективны. На наш
взгляд, для становления Алматы центром туристического притяжения необходимо разработать и
принять на государственном уровне программу развития туризма в мегаполисе Алматы, которая
должна учитывать комплекс проблем, связанных с туристической отраслью (1-2).
Между тем, развитию гостинично-ресторанного комплекса в Алматы необходимо придать
предпринимательский характер, так как только бизнес может быстро реагировать на конкуренцию и
на изменяющиеся потребительские интересы. Туристские потоки непосредственно зависят от размера
этого сектора индустрии туризма и качества предлагаемых средств размещения.
Создание и развитие современного инновационного гостиничного комплекса Алматы должно
ориентироваться, прежде всего, на интересы и потребности конкретных групп туристов.
В мегаполисе, который имеет развитую инфраструктуру и транспортную систему необходимо
открывать престижные отели 5-7 звездной категории. В настоящее время отечественный рынок гос-
тиничных услуг остро нуждается в комфортных и недорогих отелях концепции «апартаменты с обс-
луживанием» (как небольшая квартира в структуре гостиницы со своей кухней, санузлом и спальной
комнатой), а также в обычных отелях невысокого ценового позиционирования, но исключительно
для бизнес-туристов.
Тенденция внедрения мировых стандартов в сферу гостеприимства, в том числе в развитие гос-
тиничного бизнеса, приобретает устойчивый характер и для Алматы. Создание современных гости-
ничных комплексов, отвечающих международным стандартам качества, потребуют изыскания и
вливания значительных инвестиционных ресурсов. В тоже время, как показывает международная
практика, вложенные финансовые средства в строительство крупных гостиниц и отелей окупаются.
Как показывает международный опыт, вложенные инвестиции в гостиничный сектор имеют
долгосрочный и краткосрочный эффект прибыли. В долгосрочном тренде вложенные инвестиции в
гостиницы есть по существу вложения в недвижимость. Цена земли и здания, как известно, имеет
постоянный положительный тренд.
Краткосрочный эффект прибыли зависит от текущей деятельности гостиницы, эффективного
вложения инвестиций и от степени загруженности отеля, что связано с рыночными показателями
спроса и предложения на гостиничные услуги. Увеличить загруженность отеля можно путем прове-
дения грамотной маркетинговой и рекламной стратегии, которая должна ориентироваться как на
внутреннего, так и на международного клиента из стран дальнего и ближнего зарубежья. Кроме того,
307
зачастую сами отели становятся туристическими достопримечательностями, что видно на примере
отелей Дубая, Гонконга, Сингапура и других туристических стран.
Тесные контакты необходимо наладить в первую очередь с потребителями туристических ус-
луг из соседних стран Китая и России, обладающих значительными потребительскими рынками.
Фешенебельные отели класса люкс и выше по существу являются условиями роста всей туристи-
ческой отрасли, так как состоятельные и платежеспособные клиенты увеличивают спрос на сервис-
ные услуги и тем самым создают мультипликативный эффект для других видов услуг (транспорта,
торговли, ресторанных и бытовых услуг и. т.д.) [3].
Тесные контакты необходимо установить с крупными международными гостиничными цепями,
которые имеют богатый опыт по эксплуатации и эффективному управлению фешенебельными отеля-
ми. В международной практике такое сотрудничество осуществляется через заключение договора
франшизы. Тесное международное сотрудничество по модернизации гостиничного комплекса, на
наш взгляд, нужно наладить с отельными компаниями из таких стран как Европа, Китай, Россия,
Турция, Таиланд, которые благодаря развитому отельному бизнесу ежегодно принимают в среднем
около 25-30 млн. туристов и тем самым увеличивают потребление туристических услуг, а также
обеспечивают поступление валюты в страну обслуживания.
Город Алматы является стратегическими (воздушными, автомобильными, железнодорожными)
воротами для республики и основная миграция происходит именно через этот город. Помимо удоб-
ных для проведения различных форумов зданий и гостиниц, город имеет все необходимое для отдыха
и развлечений. Кроме того, на территории близлежащей к городу в радиусе 500 км расположены
замечательные рекреационные зоны.
Важным фактором, способствующим туристической привлекательности, служит развитие от-
расли развлечения. Для этого необходимо проводить различные общественные, спортивные, культур-
ные мероприятия, выставки, фестивали, различные праздники, а также развивать производство суве-
нирной продукции.
Поскольку продвижение туристических услуг напрямую зависит от маркетинговой и реклам-
ной стратегий, необходимо использовать агрессивную маркетинговую и рекламную кампании. Соз-
дание привлекательного туристского имиджа Алматы требует проведения соответствующего ши-
рокомасштабного комплекса мер. Основными имиджевыми мероприятиями должны стать участие ту-
ристских фирм и агентств Алматы в международных туристских выставках, ярмарках и конфе-
ренциях, в том числе проводимых по линии ВТО, а также организация подобных мероприятий на
территории Республики Казахстан. Важно развивать конгрессный туризм, который будет способст-
вовать превращению Алматы в центр общественных и культурных событий Евразии.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Усенбаева Г.Д.,Бельгибаев А.К. Международный туризм: организация и управление-
Алматы: Интер Пресс, 2012.- 283 c
2.
Зайцева Н. А. Управление персоналом в гостиницах : учеб. пособие / Н. А. Зайцева. - Москва:
ФОРУМ : ИНФРА-М, 2013. - 415 с.
3. Борзова Ю. А. Индустрия гостеприимства в РК: проблемы развития// Наука и образование
2014, № 3, с.33-35.
4. Туризм как вид деятельности. Интернет сайт http://sajtobzor.livejournal.com/4007.html
ӘОЖ 334
МЕЙРАМХАНАНЫҢ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ СФЕРАСЫ
Ғылыми жетекші: Сарсебаева А.М. «ТжәнеСҚК» кафедрасының аға оқытушысы
Амантай Ә., Алғали Б. «МІжМБ» мамандығының 3 курс студенттері
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: ajgulya.81@mail.ru
Мейрамхананы басқару – бұл қызметтер мен сыбайлас байланыстардың жиынтығын, оның
ішінде жұмыс күшін, материалды, қаржылық ресурстарды қолдану болып табылады. Басқару процесі
ӛндіру аясындағы барлық шарттарды, ӛз ӛндірісіндегі ӛнімдерді жасау, қызмет кӛрсету сапасын жо-
308
ғарлатуға бағытталған. Басқару функциясына келесілер кіреді: қызмет кӛрсетуге алдын ала техни-
калық және технологиялық дайындықтар; техника-экономиялық жоспарлау; есеп және қаржы қыз-
меті; техникалық және сауда қорын толтыру; мекеменің ӛндірістік-қаржылық қызметін талдау.
Жалпы басқарушылық шешімдерді қабылдауға басқарудың жоғарғы тобы жауапты. Бӛлімше-
лер әрбірі ӛзінің спецификалық технологиясын қолданатын функционалды топтар болып табылады,
алайда олардың ортақ бір мақсаты бар, яғни ол - клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру[1].
Адамдар мен жағдайлар ӛзгермелі болғандықтан, менеджер икемді болу керек, яғни кез-келген
ӛзгеріске бейімді. Жағдайды түсіну және білу адам ресурстарын басқару – менеджердің мейрамхана
жағынан жасалатын басшылықтың басты компоненті болып табылады.
Кез келген ұйымдағы (кәсіпорындағы) менеджмент тӛрт негізгі функцияны орындайды – жос-
парлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау – оларсыз ұйымды басқару тиісті деңгейде жүргізіл-
мейді. Негізгі функциялардан бӛлек менеджменттің басты міндеті – табыстылықты, яғни барлық бӛ-
лімшелердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету. Әлемдік стандарттағы мейрамханалар белгілі қыз-
меттер кӛмегімен жүзеге асырылатын ӛз менеджмент құрылымы бар.
Байланысқа түсетін персоналға қойылатын басты талаптарды тӛмендегідей сипаттауға болады:
ұнамды және жинаңқы сыртқы бейне (тиісінше макияж, маникюр, киім және т.б.); әдептілік; этика мен
сӛйлесу психологиясын білу; белсенді болу; шет тілді білу; жас мӛлшеріндегі шектеу және тағы басқалары.
Мейрамхана бизнесінің басты табыстылық формуласы: дәмді ас, жақсы қызмет кӛрсету мен қи-
сынды бағалық саясаттың үйлесімі. Бір қарағанда табысқа жету формуласы қарапайым, оңай болға-
нымен, алайда мейрамхана бизнесі оңай шаруа емес. Аталған үшеуін үйлестірудің ӛзі қиындық
тудырады, сонымен қатар назардан тыс қалдыруға болмайтын ӛзге де параметрлер бар (ас дайын-
дауға кететін уақыт мерзімі, санитарлық талаптар, ӛндіріс шығындары, клиент талғамы мен қалау-
лары, кӛршілес мейрамханалардың бәсекелестігі және т.б.). Жаңа мейрамхана ашушы немесе басқа-
рушы бірнеше маңызды жағдайларды естен шығармауы тиіс[2].
Мейрамхананың негізгі қызмет сферасына тоқтала кетсек, ол ӛз кезеңінде 3-ке бӛлінеді: ұйым-
дастыру (мейрамхана құрылымының бірлігі мен функционалдық формасын таңдау, техникалық про-
цестерді ұйымдастыру, келушілерге қызмет кӛрсету процентін ұйымдастыру және персоналды ұйым-
дастыру бӛлімдері); экономикалық (тауар айналымын басқару, табыстарды басқару, шығындарды
және пайданы басқару бӛлімдері); қаржылық (қаржы басқару, инвестицияны, шаруашылықты басқа-
ру және капитал мен активтерді басқару бӛлімі). Барлығымызға мәлім адамдар бір-бірінен ӛзгешілік-
тері ӛмір стилінен, ақшаны және уақытты қолдану, ӛздерінің демалыстарын ӛткізу мен ұйым-
дастыруына қарай ерекшеленеді. Ӛмір стилі қызығушылықтар, ӛмірге деген кӛзқарастарға байла-
нысты, сондықтан тұтынушылардың іс-қимылдары, әрекетін түсіну арқылы тауарлар мен қызмет-
терді, қызықты мейрамхана концепцияцияларын жасауға кӛмектеседі. Жоғарғы басшылық белгілі бір
құндылықтарды қолдана және сақтай отырып, басқару типін таңдайды, сонымен бірге ұйым мақсат-
тарын кӛздейді. Мейрамхана сервисінің психологиясын білу алдымен, барлық метрдoтельге қажет,
ӛйткені олардың қызметі үлкен психологиялық мазмұнымен сипатталады. Шынында жақсы қызмет
кӛрсету, мысалға даяшының қонақтан индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін түсіну арқылы
қызмет кӛрсетудің ең жақсы тактикасын таңдауға кӛмектеседі[3].
Кӛптеген жағдайда қызмет кӛрсетуші адам тұтынушының ойынша кӛрсетілген қызметпен
байланысты, толығырақ айтқанда тұтынушының санасында олар бӛлінбейтін болып саналады. Бұл
жерде біз адам факторында қызмет кӛрсетудің сезілмейтін күрделі элемент екенін кӛруге болады.
Кадр бӛлімі персоналдарды жұмысқа қабылдайды, оқытады, бағалайды және жұмыстан шығару
сияқты жауапты қызметтерді атқарады. Бұл ӛте күрделі жұмыс болып табылады, себебі персоналдың
сапалы қызмет кӛрсетуі де тұтынушылардың кӛптеп келуіне ӛз әсерін тигізеді. Егер қызмет кӛрсе-
тілген және енді қызмет кӛрсетілетін тұтынушылар арасында тығыз байланыс пайда болса, оның
сапасының деңгейіне байланысты тұтынушылардың саны артады. Тұтынушыларды (клиенттер) кӛр-
сетілген қызметтің сапасы қанағаттандырса, олар ӛздерін жақсы сезінеді. Ол үшін ӛз жұмысын жақсы
білетін, білікті, жұмысқа ынталы мамандармен жұмыс істеу керек.
Персоналдарды тұтынушылармен дұрыс жұмыс істей білу үшін және берлген жауапкершілікті
толығымен атқару үшін арнайы оқытады. Ал егер қызмет кӛрсетуші персонал ӛз қызметін толық иге-
ре алмаса, келген тұтынушыларға толық қызмет кӛрсете алмаса, ондай жерлерге тұтынушылар қайта-
дан бармайды.
Қызмет кӛрсетушілер ұзақ уақыт бойы жеткілікті мӛлшерде мотивирленген болуы керек, сонда
ғана ол кәсіпорынның жұмысы алға басып, оның тұтынушылары да кӛбейе түседі.
Қызмет кӛрсетуші персоналдарды ынталандыру марапаттау арқылы немесе ақшалай сыйақы
кӛрсету арқылы жүзеге асырылуы керек.
309
Қызмет кӛрсетуші персоналдар арасында кәсіпкерлік рухты дамыту арқылы олардың мотива-
ция деңгейін арттыруға болады және олардың жасаған жұмысының нәтижесі де арта түседі. Егер
қызмет кӛрсетуші персоналдарды олардың жұмысы мен кейбір кемшіліктері толғандыратын болса,
онда олар келесі қызмет кӛрсету барысында алдында жіберген қателіктерін жібермеуге тырысады.
Кейде жауапсыз қызмет кӛрсетуші персоналдар ешбір нәтижесіз ӛз білгендерін жасап, кеткен қате-
ліктерін жӛндемей, келген тұтынушыға жауапсыз қызмет кӛрсете береді, мұндай жағдайда кадр
бӛлімі персоналды қызмет кӛрсету орнынан шығаруы керек.
Қызмет кӛрсету сапасын үнемі белгілі бір дәрежеде ұстаған дұрыс, себебі қызмет кӛрсетудің
сапасы нашарлап кететін болса, онда кәсіпорын біріншіден ӛз тұтынушыларынан айырылады және
шығынға ұшырайды, сондықтан мұндай мәселеге тап болмас үшін алдын ала қызмет кӛрсетудің
сапасын қадағалап тұру керек.
Егер қызмет кӛрсетудің сапасында кемшіліктер болып жатса, онда ол сол уақытта жӛнделуі
керек. Қызмет кӛрсетуші персоналдар арасында периодты түрде бақылаулар жүргізіліп отырылуы
керек, сонда ғана қызмет кӛрсетудің сапасы артып, бекітілген стандарттың талабына сай маркетинг
және менеджмент жүйесіне сәйкес қызмет кӛрсетіледі деп айтуға болады
[4]
.
Қорыта айтқанда, мейрамхананың басқару құрылымы белгілі бір функцияны орындайтын сы-
байлас байланысты ұйымдасқан бірліктер жиыны. Басқару аппаратының құрылымы және персонал-
дың әкімшілік ұйымдастыру саны мекеменің қуаттылығына байланысты болады. Бүкіл басқару
аппараты мейрамхана жұмысының үздіксіз ритмді қаматамасыз етуге бағытталған.
Біздегі ең жоғарғы мақсат – қызметкерлерді басқару жүйесіндегі кәсіпорынның таза табысы
адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін ӛндірісте қанағаттандыру болып табылады. Басқару сферасы
қызметкерлерді басқару мақсаттарынның, функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қа-
лыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, ӛңдеу, қабылдау және орындау процестерінде
мамандар мен жетекшілердің тігінен және кӛлденеңінен функционалды ӛзара байланыстардың
қалыптасуынан тұрады. Жалпы әрбір мейрамхана ӛзінің қызмет сферасын жоғары деңгейде
жақсартса, онда еліміздегі мейрамханалардың қызмет сапасы жоғарылайтын еді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мазбаев О. Б, Омаров Қ. М. Қонақ үй шаруашылығы: Оқу құралы. – Алматы: Қаз. Ұ. П. У, 2007.
2. Аванесова Г.А. Сервисная деятельность: историческая и современная практика, предприни-
мательство, менеджмент: учеб.Пособие/-М.: Аспект-Пресс, 2012.-318с.
3. Ляпина И.Ю. Организация технология гостиничного обслуживания: Уч.пособие.-3-е изд,
испр.-М.: «Академия», 2010.-208с.
4. Браймер Р.А. «Основы управления в индустрии гостеприимства». М.: 2012 – 176 с.
ӘОЖ 591.4:632.518
ҰЛТТЫҚ ТУРИСТІК ӨНІМДІ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ НАРЫҚТА ЖЫЛЖЫТУ
г.ғ.к., доцент Актымбаева Ә.С., аға оқытушы Кожахметова Н.С., аға оқытушы Ошанова Г.А.
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: aina_oshanova@mail.ru
Жалпы ұлттық туристік ӛнім түсінігі ӛз алдына ӛте үлкен маңызды мағына мен міндетке ие құ-
рылым болып табылады. Мемлекет үшін маңыздылығы ең алдымен ӛзгелерді қызықтырарлықтай
қайталанбастығы мен ӛзгешелігін айқындайтын имиджі мен әлемдік нарықтағы престижін қалыптас-
тырады. Ал міндеті болып, шет ел туристерін елге тарту, сонымен қоса олардан түсетін қаражат пен
валюталар құнын кӛбейту арқылы, мемлекет экономикасын кӛтеру болып табылады [1].
Жалпы туристік ӛнімді құрастыру, ең алдымен оның мақсатын анықтаудан бастау алады. Ал
ұлттық туристік, яғни халықаралық нарыққа шығатын ӛнім халықаралық стандарт нормаларына сәй-
кес, шет ел туристері сегментіне бағытталған, сапа мен баға ара қатынасын нақты ажыратып ұстай-
тын ӛнім ретінде шығарылуы абзал. Сондықтан нарыққа сапалы ӛнім шығару – мемлекет үшін ӛте
маңызды. Ал сапа дегеніміз -жалпы тұтынушының, кейде жекелеген адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттануын қамтамасыз ететін, белгілі бір стандарттарға жүгіне отырып, анықталатын қызметтер
мен ӛнімдер қасиеті. Гегельдің пайымдауынша «Сапа - ол ең алдымен тұрмыспен байланысты ұғым,
310
сондықтан, егер зат ӛзіне тән қасиетін жоғалтатын болса, онда ол ӛзінің сапасын жоғалтқаны деп
есептеуге болады» дейді.Ал сапалы қызмет ұйымдастырудың келесідей қағидалары бар [2-3]:
1 Ең алдымен туризмнің қазіргі таңда қажет ететін қызметтерінің қағидалары мен принцип-
терін ұстану.
2 Сапалы қызмет ұйымдастырушыларға, яғни қызметкерлерді қолайлы жұмыс ортасымен
қамтасыз ету.
3 Басқарудағы ұйымдастыру құрылымын неғұрлым оптимизациялау, яғни оңтайландыру.
4 Сапа кӛрсеткішіне үздіксіз, толық, жан жақты, обективті бақылау жүргізу.
Жалпы халықаралық туризм нарығы әртүрлі мемлекеттер арасындағы қатаң бәсекелестік аре-
насы іспеттес кӛрінеді. Солардың кӛбісі үшін туризм ұлттық экспорттың басты кӛзі болып саналады.
Ал бәсекелестік күресте жақсы нәтиже алу тікелей мемлекеттің саясатына байланысты болып келеді.
Туристік саясат жалпы мемлекет саясаты секілді болып келеді. Алайда бұл жерде туристік
саясатты қалыптастыратын ӛзге, арнайы факторлар болады. Олар:
– мемлекеттің табиғат жағдайы (рельеф, климат, географиялық орналасуы, флора және фауна)
– кӛлік коммуникация жағдайы, яғни туристік орталықтар мен нысандарға жету жолдары.
– туризмнің дамуындағы әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайлары.
Бұдан басқа, мемлекттің туристік саясаты тек қана ішкі жағдайларға ғана орайластырып құры-
луы мүмкін емес. Халықаралық туристік нарыққа шығатын әрбір мелекет басқа елдермен, кейде тіпті
бүтін әлемдік аймақтармен бәсекелестікке түседі. Туристік саясаттың қаншалықты жақсы жасалға-
нына байланысты мемлекеттің әлемдік туристік нарықтағы орны мен ролі анықталады.
Туристік саясаттың мақсаты елдің тарихи, экономикалық жағдайларымен және жалпы мемлекет-
тегі туризм индустриясының даму деңгейімен байланысты болады. Ал бұл іс шаралардың ішіндегі
бастысы болып елдің ұлттық тур ӛнімін құрастыруы мен оны әлемдік нарықта жылжытуы жатады. Осы
мақсатты іске асырудың ӛзі кӛптеген маркетингтік зерттеулер мен ӛзге де іс әрекеттерді талап етеді.
Ұлттық деңгейдегі туризм маркетингі мемлекетке шет ел туристерін тартуға кӛмегін тигізетін,
елдің әлемдік деңгейдегі туристік имиджінің позитивті дамуына бағытталады. Шынында да, кез кел-
ген турист үшін қандай елге барамын деген сұрақ туған жағдайда, оның ең алғаш барар еліне қояр
шарттары мен талаптары оның мәдени, қаржылық, танымдық, рухани және ӛзге де де қажеттіліктері-
нің қанағаттануы болып саналады.
Ұлттық туристік ӛнімнің жақсы жарнамасының ел үшін тигізетін пайдасы мен жалпы эффек-
тивтілігінің кӛрсеткіші ретінде келесі мысалды кӛрсетуге болады: Франция жұмсалған 1$ ақша үшін
300$ кӛлемінде пайда табады. Ал Ұлыбританияда бұл кӛрсеткіш сәл аздау, алайда ол да 220$ құ-
райды.
Жалпы ұлттық деңгейдегі маркетингті ұстану елдің туризм индустриясын қалыптастыру мен
дамытуда ӛте қажетті іс шаралардың бірі болып табылады.
Отандық туризмінің даму жағдайы мен қазіргі халықаралық нарықтағы алар орны да жылдан
жылға қарқынды дамып, ӛсіп келе жатыр. Және оның дамуына, орнығуына, тұрақты қалыптасуына
мемлекттік бағдарламалармен қатар халықаралық деңгейдегі маркетингтік іс-шараларды жүргізу де
жӛн болады деуге болады.
Халықаралық және отандық нарықтағы туризмнің және ұлттық туристік ӛнімнің беделі мен
позициясын жақсарту мақсатында мыналар бойынша шаралар қабылданатын болады:
– Ұлы Жібек Жолының қазақстандық бӛлігінде инфрақұрылымды дамыту;
– туристерге арналған ақпараттық деректер базасының тұрақты негізде қызмет етуі (министр-
ліктің веб-порталы, веб-сайты);
– ұлттық туристік ӛнімнің тартымдылығын арттыру.
– Мыналар үшін жағдайлар жасалатын болады:
– мемлекет экономикасының шикізаттық емес салаларының ішінде кірісті сектор ретінде
туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
– халықаралық маңызы бар үш туристік орталықтың («Жаңа Іле», «Бурабай», «Ақтау Сити -
Кендірлі») құрылысы жӛніндегі жұмысты бастау үшін жеке инвестицияларды тарту;
– «Қазақстан – планетаның бірінші ғарыш айлағы» жобасын іске асыру шеңберінде Байқоңыр
қаласының маңында жаңаша технологияларды пайдалан отырып, ойын-сауық индустриясы бар ту-
ристік кешенді (планетарий, мұражай, сапарларды басқарудың кіші орталығы, кәдесыйлар сату жӛ-
ніндегі сауда орталығы және т.б. ашу) салу үшін жеке инвестицияларды тарту.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары,
мақсаттары мен міндеттеріне келер болсақ, келесідей іс-шаралар оындалып, іске асырылу жоспар-
лануда, олар:
311
1-саясат бағыт. Қазақстанды Орталық Азия ӛңірінің туризм орталығына айналдыру
1-мақсат. Аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Туризм инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету: туристік орталықтарды салу: Алматы
облысында «Жаңа Іле» туристік орталығын салу» (серпінді жоба), Ақмола облысында «Бурабай»,
Маңғыстау облысында «Ақтау Сити» әлемдік деңгейдегі туристік орталықтарын және «Кендірлі»
демалыс аймағын салу жӛніндегі серпінді жобаларды іске асыру. Ұлы Жібек жолының Қазақстандық
бӛлігінде туризмді дамытудың шебер жоспарын құру. Туристік қызмет кӛрсетулердің сапасын артты-
руды қамтамасыз ету. Қазақстандық туристік ӛнімді халықаралық және ішкі нарықта жылжыту.
Қазақстан қатысатын халықаралық туристік кӛрмелердің географиясын кеңейту. Шетелдік БАҚ ӛкіл-
дері мен туроператорлары үшін ақпараттық турлар санын кӛбейту. Жетекші телеарналарда Қазақс-
танның туристік әлеуеті туралы бейнероликтің шығу санын арттыру. Дайындалған және шығарыл-
ған жарнамалық-ақпараттық ӛнімнің қағаз және электрондық жеткізгіштегі санын кӛбейту және ішкі
туризм бойынша туристік іс-шаралар санын кӛбейту.
Халықаралық қоғамдастыққа кірігу: жалпы Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына және
ӛзінің ұлттық туристік ӛнімін әлемдік нарықта ұсынуына мүмкінкіншілігі зор және сол үшін
табиғаты мен экономикасы қолайлы, саясаты мен мәдениеті сай деп шешуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Уткин Э.А. Экономика, рынок, предпринимательство. - М., 2003.– 244 с.
2. Уткин Э.А. Стратегический менеджмент: способы выживания. - М., Фонд Экономического
Просвещения, 2004. - 452 с.
3. Розанова Т.П. Туристские услуги в системе потребительского рынка национальной экономи-
ки. - М.: Изд-во РЭА, 2010. - С. 39- 42.
ӘОЖ 339.1
Достарыңызбен бөлісу: |