Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет53/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79

 

Əдебиеттер

1.  Калыш  А.Б.  Историография  семьи  и  брака  казахов (40-50-е  годы  ХХ  века) // Алаш.  Историко-этнологический 

журнал. – 2005. – №2. – С.83-93. 

2. Арғынбаев Х.А. Баянаулдан Камчаткаға дейін // Жұлдыз. – 1991. – №7. – 125-142 бб. 

3. Ажигали С.Е. Халел Аргынбаев // Наука Казахстана. – 1994. – № 23(34). – С. 6. 

4. АжигалиС.Е. Крупнейший казахский этнограф (памяти Х.А.Аргынбаева) // Отан тарихы. – 1999. – №1. – С.7. 

5.  Хамитова  М.А.  Академик  Ə.Х.  Марғұланның  ғылыми  мұрасының  Қазақстан  музей  ісіндегі  маңызы:  Тар.  ғыл. 

канд. дисс. ... авторефераты. – Алматы, 2010.– 29 б. 

6. Калыш А.Б., Исаева А.И. Халел Аргынбаев – видный казахстанский этнолог // Materialy VIII Mezinarodni vedesko-

prakticka conference «Dni vedy–2012». 27.03-05.04.2012. – Dil.56. Historie. – Praha: «Education and Science», 2012. – S.71-

78. 

7.  Ажигали  С.Е.  Крупнейший  казахский  этнограф//Х.А.Аргынбаев.  Историко-  культурные  связи  русского  и 



казахского народов. – Павлодар, 2005. – С.155-168. 

 

 



М. Көпеева 

«Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайының кітапханашы (Түркістан қ.) 

 

ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ОҚУ МƏДЕНИЕТТІЛІГІ 

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев: «Дəстүрлі  мəдениетті  жаңғырту,  өз  халқыңның  тарихи 

тəжірибесіне  жүгіну  тəуелсіздікке  ие  болған  елдің  өмірінен  алатын  заңды  құбылыс.  Мұның  ар 

жағында  қоғамдық  сананың  қалыптасуы,  ұрпақ  тəрбиесі  сияқты  үлкен  міндеттер  жатыр»  деген 

болатын.  Шынында,  жаһандану  заманында  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақталған  бай 

тəжірибесін,  рухани  құндылықтарын  өскелең  ұрпақтың  санасына  сіңіріп,  ойын  дарыту,  бұл  ұлттық 

потриатизмді өрістете келіп, халқымыздың салт-дəстүрін, əдет-ғұрыпын сақтап, танып білуге септігін 

тигізері анық. Ал осы құндылықтардың жинақталатын орны кітапхана екені баршамызға белгілі. 

Кітаптың қадір- қасиеті, оның берер қасиеті, оның берер пайдасы туралы мыңдаған кітаптар мен 

мақалалар жазылған-ал оны оқу туралы оқулық кем де кем.Ал бұл құбылыстарды бөліп жару мүмкін 

емес. Оқымаған кітап-бұл əншейін қағаз үйіндісі. Əдебиетсіз оқу-таза механикалық құбылыс. 

Оқу  дегеніміз-бұл  кітап  мазмұнымен  толықтай  танысу,  автордың  қағазға  түсірген  ойын  жете 

ұғыну. Оқу бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру. 

Кез келген адам ақыл иесі ретінде өмір сүруге жəне оған қоса өзінің білімін жетілдіріп отыруға 

міндетті.  Кітап  ең  мықты  ой  иелерінің  ойластырып,  құрастырғандарының  жақсысын  береді. 

Сондықтан  оқу  əр  адам  үшін  қажет,  оқусыз  өмір  мағанасыз  өмір  болып  қалады.  Конфуций: 

«Ойланбай  оқу  –бекер  еңбек;-  оқымай  ойлау-қауіпті»-деген.  Ал  Сенека  «Қорғанды  оқудан  ізде,  сен 

өмірдің барлық қайғы –қасіретінен құтыласың. Күндіздің қамы түнде күрсіндіруін қояды, сен өз-өзіңе 

масыл жəне басқаларға пайдасыз болмайсың»- деп жазған. 

«Кітап,  бізді  көбірек  алғар  ойлауға  баулып,  албырт  сезімді  тежеуге,  ішкі  ойлау  күші  арқылы 

біздің барлық ойлау жəне сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тəрізді ми гимнастикасы болып 

табылады» (Пьер  Гита  Вокелен).  Кітап-ол  дос,  жұбатушы,  басшы,  біздің  түсініксіз  жəне  белгісіз 

болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші, кітап өзінің мазмұнын нəр татқызып 

рухани  қолдау  береді.  Біздің  қызметіміздің  əр  күні,  ол  қоғамымыздың  əр  мүшесінің  мəдениеттілік 

деңгейін  көтеру  мен  өздігінен  білім  алуда,  көз  қарасын  қалыптастыруда  көбірек  өзіндік 

шығармашылық  танытуын  талап  етеді.  Өздігінен  білім  алу,  ой  өрісін  жетілдіру-ол  тек  қана  ғалым, 

əдебиет  мəдениет  құндылықтарын  өздігінен  оқып  білу  ғана  емес,  сондай  –ақ  өзін  тəрбиелеу 

əдістемесі  бойынша  қажетті  білім  алу,  сол  білімді  тəжірибемен  ұштастыра  білу,  жаңалықтарды 

белсендітүрде енгізу. Өздігіен оқу, білім алудың ең қолайлы жолы, ол кітап-ой еңбегінің əлде қайда 


315 

 

кең таралған құралдардың бірі болып табылады. Кітап адамның бүкіл өмірлік жолында жансерігіне 



айналу керек. Қазіргі кезде отбасылық оқу дəстүрін қайта жаңғырту ісін басшылыққа алу тектен тек 

емес,  отбасының  үлкен  мүшелері  баланы  балалар  əдебиетімен  таныстырғанда,  яғни  оқуға  деген 

сүйіспеншілік пен қызығушылығын оятады; мектепте, жоғарғы оқу орнында кітаппен дұрыс жұмыс 

істей білу алдыңғы уақытта ғылыми көркем əдебиетті өздігінен оқуға баулиды. Өкінішке орай жастар 

арасында  дұрыс  кітап  оқуды  таңдаулы  біле  бермейді,  оқу  мəдениеттілігінің  элементерімен  таныс 

емес. 


Кітаппен  шындап  жұмыс  істей  алмау  біреулердің  кітапқа  деген  сүйіспеншілігін  мұқалтса,  енді 

біреулерді  жүйесіз,  ойланбай  оқуға  əкеліп  соқтырды.  Сонымен  жан  жақтылық  оқу  мəдениетінің 

келесі  ерекшелгі  болып  табылады.  Оның  үстіне  мақсаткерлікпен,  жан-жақты  оқу  белгілі  ретпен 

жүйелі  түрде  жүргізілген  жағдайда  ғана  жақсы  нəтиже  береді.  Жүйелік,  жоспарлық-оқу 

мəдениеттілігіне  қажетті  маңызды  шарттар.  Əдебиетпен  танысудың  тимді  принцпі-  жеңілден 

күрделіге  біртіндеп  ауысу  болып  табылады.  Əрбір  оқыған  кітап  мəліметтер  өрісіңді  кеңейтіп 

тереңдетуге, одан алынған білімді бектуге мүмікдік берді. 

Оқыманның  жас  ерекшеліктері  мен  əлеуметтік  құрылым  сапасы  қаншалықты  сан  қилы  болған 

сайын олардың сұраныстары да соншалықты сан алуан болмақ. 

Кітапханашы  міндеті  кітапхана  алдында  тағыда  өз  оқырмандарына  кітаппен,  ақпаратпен  жұмыс 

жасауға  көмектесу,  оқу  мəдениеттілігіне  тəрбиелеу.  Жоғарғы  оқу  орындарының  «ақпараттық 

мəдениеттілік  негізі»  пəнімен  шектеліп  қоймай,  кітапхана  өзінің  күн  сайынғы  жұмысында 

оқырмандар  мен  жұмыс  жасаудың  əр  түрлі  əдіс  тəсілдерін  пайдалана  отырып  оқу  мəдениеттілігін, 

өсіп  келе  жатқан  жас  буынды  ақпараттық  мəдениеттілікке  тəрбиелеуге  міндеті.  Сонымен,  оқу 

мəдениеттілігі-бұл қажетті ақпаратты таба алуды, оны дұрыс түсініп жəне бағалай білуді, өзінің жан-

жақты  дамуына  шығармашылықпен  пайдалануды  қоса  ақпараттық  мəдениет  кеңістігіндегі  қызмет 

стратегиясы  болып  табылады.  Ең  қарапайым  оқу  мəдениеті-катологпен  жүргізе  білу,  əрбір 

оқырманның кітап сөрелерін ақтарып əуре болмай-ақ өз іздегенін табуға көп септігін тигізеді.Əзірге 

электрондық  катологқа  түбегейлі  көшу  мүмкіндігі  шешілмейінше  біз  бұрынғы  каталогтық  жүйеден 

ажырай қоймауымыз анық. Дегенімен де еліміздегі сынды жаңашылдық, біліктілік үдерісіне шетəсте 

болмайтыны  тағыда  ақиқат.  Инноваациялық  өзгерістерді  кітапханаға  енгізгенде  оқырман  не  ұтады 

жəне  кітапханаға  қандай  артықшылықтар  береді,  ғалымдарды  былай  қойғанда  қазақстандық 

С.Ш.Қожақанова,  К.Ғ.  Өрмұрзина,  Л.И.Иващенко  сынды  авторлар  толымды  пікірлерімен 

ерекшелнуде.  Ол  авторлардың  еңбектерінде  атап  көрсеткендей  стратегиялық  жоспар,  мақсатты 

бағдарлама,  инновациялық  жоба,  инновациялық  қызметті  қолдау  жобалары  мен  қатар  ағымдағы 

жоспарлардан жүзеге асыру кітапхана ісінде түбегейлі өзгерістер əкелері сөзсіз.  

Cондықтан, қазіргі дамушы кітапханалардың алдында төмендей мақсаттар жүктелуде: 

 



кітапханалық қызмет көрсетуді комьютерлендіру; 

 



электронды оқу залын, медиатека ашу; 

 



кітапхана мүмкіндіктерін жарнамалауды жақсарту жəне белсенді ұйымдастыру; 

кітапхана қызметкерлерінің ақпараттық мəдениетін, комьпютерлік сауаттылығын,кəсіби біліктігін 

жоғарлату. 

Қорыта  айтарым,  жастарды  шығармашылық  іздену  тəсілдеріне  оқыту  ХХІ  ғасырдағы 

Қазақстанның жоғарғы білім беру саясатының стратегиялық мақсаты. 

Біздің  кітапханамызда  жинақталған  кітап  қорлары  негізінен  тарих,  этнография,  археология, 

сонымен  қатар  əдеби,  ақпараттық-танымдық  кітаптарды  құрайды.  Осындай  жағдайда  тарихшы, 

мұражай  ісінің  мамандары  үшін  арнайы  бағдарламалар  мен  интернеттік  жүйе  бойынша  қажетті 

материалдарды  кітапханашы  өз  тарапынан  ақпараттық  орталық  ретінде  пайдаланушыларға 

материалды іздеуге, табуға жоғары дəрежеде қызмет көрсетуде жағдай жасайды.  

Заман  талабына  сай  «Əзірет  Сұлтан»  тарихи-мəдени  қорық  мұражайының  ғылыми  кітапханасы 

интернет  жүйесіне  қосылған,  қажетті  ақпараттар  алып  отыруға  барлық  жағдай  жасалған.  Кітапхана 

қоры 1997 жылдардан бері үзбей толықтырылып қазіргі кезде 7000-нан астам кітап қоры бар ғылыми-

мəдени  орталыққа  айналды.  Қаладағы  көпшілік  кітапханаларға  қарағанда  біздің  кітапхананың 

ерекшелігі  де  осында. «Мəдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  жарық  көрген  «Бабалар 

сөзі» қазақ фольклорының 100 томдық жинағының əзірге жарық көрген 60 томын, «Қазақстан тарихы 

орыс  деректерінде»  тарихи,  этнография,  археология,  нумизматикаға  байланысты  əдебиеттермен 

толықтырылды, «Қазақстан  тарихы  араб,  маңғол  деректерінде», «Қазақстан  тарихы  парсы,  қытай, 

түрік  деректерінде»  т.б.  Қазақстан  тарихына  қатысты  деректі  кітаптар  мұражай  ғылыми 

қызметкерлері  мен  экскурсия  жүргізулеріне  таптырмас  дерек  көзіне  айналуы  көңіл  қуантады. 

Ғылыми  кітапхана  өзіндегі  кітап  қорынан  жылжымалы  кітап  көрмелерін  көптеп  ұйымдастыруды, 

орталық мұражайда «Өзбекəлі Жəнібеков – мемлекет жəне қоғам қайраткері» «30 тамыз – Қазақсатн 

Республикасы Конститутсиясы күні», «Тарихы терең Түркістан», «Қайта оралған жəдігер» атты кітап 

көрмелері оқырманнан лайықты бағасын алды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай «Елім 



316 

 

деп соққан жүрегі» кітап көрмесінен де оқырманның іздеген мағұлмат алары сөзсіз. Біздің кітапхана 



алдағы  уақытта  да  талапқа  сай  оқырман  сұранысын  қанағаттандырар  мəдени  орталық  болып  қала 

бермек.  

«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан 

жоғалмауға  тиісті  сол  асыл  қазынаның  сақшылары  санаймын»,-  деп  жазушы,  қоғам  қайраткері 

Ə.Кекілбаев  айтқандай,  кітапханашылар  кітапханаға  кірген  əрбір  оқырманға  білім  шуағымен  қатар, 

көңіл шуағын да шашып, мейірімді жүздерімен өздеріне бірден баурап алады. 

Инабатты  да,  еңбекқор,  табиғатынан  зиялы,  кез-келген  қиындыққа  төтеп  бере  алатын 

кітапханашылардың  игілікті  істері  қоғамға  əрдайым  қажет.  Ендеше,  білім  бұлағының  қайнар  көзі – 

кітапханалар сарқылмай, өрлеп, өркендей берсін! 

 

Əдебиеттер: 

1.

 

Алтухова Г.А. Профессианальная этика библиотекаря. – М.: Произдат, 2002. – 89 с. 



2.

 

Библиотековедение: учеб.побобие. Под ред. В.В. Серова, Е. В.Сеглина. Т.2. – М.: Книга, 1972. – 384 с.- 



3.

 

Пантюхова  Т.В.  Читательская  культура  в  обществе  коммуникаций // Библтотеоведение. – 2008, №3. – 



С.61-64. 

4.

 



Збаровская Н. Информационная культура личности //Библиотечное дело. – 2005, №1 – С. 7-8. 

5.

 



Сағындық Б.Ə. Кітапханашы мен оқырман арасындағы этика //Кітапхана əлемі. – 2007, №21-22. 

 

 

А.И. Жұмағалиева 

Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық гимназиясының мұғалімі (Ақтөбе облысы) 



 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКАСЫНЫҢ ТƏРБИЕЛІК МƏНІ 

 

Қазақстан  Республикасының  тəуелсіздік  алуына  байланысты  елімізде  оқу-тəрбие  жүйесінің 

барлық  саласын  қайта  түлету  процесі  жүріп  жатқаны  мəлім.  Қазіргі  білім,  ғылым  мен  мəдениетті 

жаһандандыру процесі кезінде əр ұлт өз мемлекетінің рухани мəдени құндылықтарын сақтай отырып, 

əлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс.  

Елбасы Н.Ə. Назарбаев Ұлттық кеңестің мəжілісінде жасаған баяндамасында «Мəдени мұраларды 

жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан əрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез 

келді. Ұлттық мəдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат 

ету – «Мəдени  мұра»  бағдарламасының  басты  мақсаты  болуы  тиіс» - деп,  болашақ  ұрпақты 

тəрбиелеуде  ұлттық  мəдени  мұраның  мүмкіндігі  мен  мақсатын  айқындап  берген  болатын.  Осыған 

байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пəндерді оқытудың білімдік, тəрбиелік маңызы 

бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан республикасында гуманитарлық 

білім  беру  тұжырымдамасы», «Қазақстан  Республикасында  тарихи  сана  қалыптастыру 

тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы этникалық-мəдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты 

мемлекеттік  құжаттарға  айрықша  көңіл  бөлген.  Музыкалық  білім  мен  тəрбие  беру  адамзат 

өркениетінің  ең  терең  тамырларынан  бастау  алады.  Адамзаттың  сан  ғасырлық  серігі  болып  келген 

музыка  өнерінің  тəлім-тəрбиеде  алатын  орнын,  əсер-ықпалын,  қоғам  мен  мəдениеттің  дамуы 

процесінде  қалыптасқан  əлеуметтік,  музыкалық-педагогикалық  тəжірибені  ой  елегінен  өткізіп, 

таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастырутыруға тікелей байланысты. 

Музыкалық  білімнің  тəрбиелік  мəні  адамзат  өркениетінің ең  терең тамырларынан  бастау  алады. 

Адамзаттың  сан  ғасырлық  серігі  болып  келген  музыка  өнерінің  тəлім-тəрбие  алатын  орнын,  əсер-

ықпалын,  қоғам  мен  мəдениеттің  дамуы  процесінде  қалыптасқан  əлеуметтік,  музыкалық-

педагогикалық  тəжірбиені  ой  елегінен  өткізіп,  таразылау  оның  қалыптасып,  даму  кезеңдерін 

қарастыруға тікелей байланысты [1]. 

Адамзат  тарихының  беттерін  ақтара  отырып,  əлем  құрлықтарында  өмір  кешкен  халықтар, 

ғасырлар бойы тəуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз. Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді 

мемлекет  болуы,  халқымыздың  ертеден  бергі  еркіндік  үшін,  туған  жері – Отаны  үшін  күресінің 

жемісі.  Бүгінгі  таңдағы  еліміздің  əлемдік  өркениет  шеңберінде  өз  орны  мен  статусын  алуға 

ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, əр елдің, халықтың өзіндік болмысына тəн мақсат – мұраты бар. 

Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат 

немесе  мұрат – ол,  болашақта  қол  жеткізуге  жетелейтін  қоғамдық-рухани  сананың  көрсеткіші – 

идеал.  Осы  тұрғыдан,  Қазақстан  халқының  мұраты:  еркін  халық  болу;  өзгелермен  терезесі  тең 

мемлекет  болу;  өз  ішінде  береке-бірлік  пен  ынтымақ  орнаған  халық  болу.  Бұл  мұратты  жүзеге 

асырудың  негізгі  шарты – əрбір  Қазақстан  азаматының  қатардағы  қоғам  мүшесі  деңгейінен 

мемлекеттің  саналы  əрі  белсенді  азаматы  əрі  өз  Отанының,  халқының  нағыз  патриоты  дəрежесіне 

көтерілуі. 



317 

 

Отансүйгіштік – азаматтық  санамен  қалыптасатын  қасиет. «Азаматтық  сана» – біліммен 



қаруланған,  аға  ұрпақтың  қалдырған  мəдени-тəлім  мұраларынан  сусындаған,  туған  жері  мен  елінің 

рухани-материалдық,  мəдени  құндылықтарын  бойына  сіңіре  білген,  ақыл  мен  парасаттылығы 

жетілген,  жеке  мүдде  мен  болашақ  үшін  жауапкершілікті  өткен  мен  келешек  үрпақ  алдындағы 

парызбен  ұштастыра  білетін,  ұлтжанды  саналы  азаматы  болуды  талап  ететін  құбылыс.  Қазақстан 

Республикасы этномəдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті – жаны да, қаны да қазақы 

халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дəстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің 

еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тəрбиелеу» – деп атап көрсеткендей, еліміздің 

елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тəрбиелеу, білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі 

міндеттердің бірі. 

Қазақтың  халық  əңдері  жоғары  тəрбиелік  мүмкіндіктерімен,  азаматтық  идеяларының 

өркениеттілігімен,  болмастығы  көзғарасты  əсерлі  бейнелеуімен,  көркемдік  айырмашылығымен 

оқушылар назарын өзіне аударады. 

Қазақ  əңдерінің  музыкалық-поэтикалық  құрылымының  күрделілігі,  жас  буынның  ой-сезімі  мен 

танымдылығына  əсер  етуші  күштерінің  сан  қилы  болып  келуі,  оның  өнер  түрінің  өзіндік 

ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Ал біздер сөз еткелі ытырған окушылардың музыкалық-

эстетикалық  дамуын  жетілдіруде  əн  тəрбиелік  мүмкіндіктерін  нəтиежелі  пайдалану  казақ  əндерінің 

өзіндік  бітім-тұлғасын,  мазмұнын  түп  төркінін,  көркемділік  мəнерін  жете  білмейінше,  ойдағыдай 

жүзеге асырылмайды [2]. 

Қазақ  əндерінін  ерекшеліктері  əдебиет  саласында  А.Қоңыратбаев,  Р.Бердібаев,  Б.Уақатов  жəне 

баска  зерттеушілердің  еңбектеріңде  талданды.  Педагогикалық  зерттеудерде  казақ  əндерінің 

ерекшеліктері  жөніңде  арнайы  еңбектер  болғанымен,  осы  мəселе  төңірегіндегі  ой-пікірлер  мен 

пайымдауларды  С.А.  Ұзақбаеваның,  А.Нұғымованың,  М.Х.  Балтабаевтың,  Ж.Өтемісовтың 

ізденістерінен байқауға болады. 

Біздер  жоғарыда  аталған  ғылыми  еңбектерге  сүйеніп  педагогикалық  түрғыда  карастырылған  əн 

мұраларының  казақ  өмірімен  тығыз  байланыстылығы,  тарихилығы,  көп  варианттылығы, 

философиялық  ой  тереңдігі,  көркем  образдылығы,  синкреттілігі,  дидактикалық  жəне  танымдық 

маңыздылығы  жөне  мелодиялық  интонациялық  кұрлымындағы  əуен  өсемділігі  деп  ажыраттық. 

Осылайша байлам жасауымызға А.Қоңыратбаевтын əн-өлең шығармаларына берген сипаттамаларын, 

ерекшеліктерін: «Олар – фольклордың коллективтік жəне үлттық сипаты, варианттылығы, дəстүрлігі, 

тарихилығы  жəне  ауызекі  дамуы…  фольклор  синкреттік  өнер.  Оның  бойында  халықтың  тұрмыс-

салты,  театр,  сөз,  би  жəне  əн-күй  енері  бір-бірінен  дараланбай,  тұтас  күйінде  керінеді», – деген 

тұжырымдарын негізге алуга болады. 

Фольклор  шығармаларының  айрықша  əсерлі  болатын  себебі – оның  есте  калғыш,  тартымды  əрі 

карапайым, көркем образдылығы. А.Қоңыратбаевтың осы пікірі əн-елеңдерінің тағы бір ерекшелігін 

оның  көркем  образдылығын  дəл  көрсетеді.  Халық  əндерінде  ақылғой  қария  Асанкайғы,  Қорқыт, 

Жиренше еліне қиын-қыстыу кезде болған Кобланды, Алпамыс, Ертарғын, Қамбар батырлар, өнегелі 

ару қыздары Қыз-Жібек, Баян-сұлу, Қарашаш, Ақжүніс тəрізді жасампаз образдар əсем сазбен, сырлы 

əуен көгендерімен жиі кездеседі. Əн синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлкте сомдалған. Əн 

өнерінің  əсер  етуші  механизімінің  күрделігі,  біздің  оның  негізгі  ерекшелігі  синкреттілігіне 

байланысы зор. 

Қазақ  əндеріндегі  философиалық  ой  тереңдігі  үнемі  дидактикалық  мəселелермен  капсырыла 

қапталдасқан. Қазақ əндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі есиет арқылы, ізгілікті мейірбандықка, 

татулық  пен  бірлікке,  адамгершілікке,  байсалды  мінез-кұлықка,  сақилы  ақылдылыққа  насихаттап 

отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тірішлігінің сан қилылығын, қоғамдық 

қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ əңдерінің дидактикалык, танымдық 

қасиеті  оның  негізгі  ерекшеліктерін  тағы  бір  қырынан  көрсетеді.  Сонымен,  этномəдениет  мазмұны 

нені  қамтиды  жəне  ол  мазмұнның  жастарды  ұлтжанды,  Отансүйгіштік  қасиеттерін  тəрбиелеудегі 

құралы не? 

Əр  халықтың  өзіне  тəн,  тарихи-əлеуметтік  даму  ерекшеліктері  мен  өмір-тіршілігіне,  тұрмыс-

салтына,  дəстүрлеріне  байланысты  дүниетанымдық,  рухани-материалдық,  мəдени  құндылықтары 

қалыптасады.  Қазақ  халқы  бай  тарихтың  иесі.  Қазақ  даласы  əлемге  «Екінші  ұстаз»  атанған  əл-

Фарабиды,  Ж.Баласағұн,  Ахмет  Иассауи,  М.Қашқари,  Қадырғали  Жалаири  сияқты  ғұламаларды 

берді. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мəдени өміріне зор үлес 

қосқан,  асылдары  болып  табылады.  Əсіресе,  Əл-Фарабидің  сан-салалы  ғылыми  еңбектері  тек  Таяу 

немесе  Орта  шығыс  ғұламалары:  Ибн-Сина,  Бируни,  Хорезми,  Омар  Хайям,  Хафиз  т.б.  сияқты 

ғұламаларының ой-пірлеріне ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да ықпал етті [3]. 

Тарих  тұңғиығынан  Қазақстанның  мəдени  қазыналарын  тауып,  бүгінгі  ұрпақтың  ол  байлықты 

сақтауына, танып білуіне, рухани-мəдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама 

ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тəрбиесінің асыл арналары. 


318 

 

Есік  қаласынан  табылған «Алтын  адам» ескерткішінен  бастап, Орхон-Енисей  тас  жазулары, кең 



байтақ  жеріміздің  əр  аймағынан  табылып  жатқан  ежелгі  мəдениет  жəдігерлері,  көне  сəулеттік 

ескерткіштер,  халық  шеберлерінің  қолөнер  туындыларының  үлгілері – осының  бəрі  Қазақстан 

мəдениетінің қазынасын байыта түсті əрі бүгінгі ұрпақтың рухани білім көзіне айналды. 

Еліміздің  егемендігімен  бірге,  халықтық  тəлім-тəрбие  қазыналарын  жинақтап,  оны 

этнопедагогиканың  негізі  мазмұнына  енгізсек,  сол  мазмұнды  жүзеге  асырудың  басты  құралы – 

этномəдениет қазыналары. 

Қазақ  халқы  ұрпағының  «Сегіз  қырлы-бір  сырлы»  азамат  болып  дамуын,  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан рухани мəдениет құндылықтарының тəлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып 

жүзеге  асырып  келді.  Ол  құндылықтардың  негізін,  халқымыздың  əдеби,  музыкалық,  кəсіби, 

тұрмыстық фольклорлары құрайды [4]. 

Қазақ  халқының  музыкалық  жəне  поэтикалық  шығармашылығында  жырлаған  халықтың  Отан-

анаға,  туған  жерге,  көз  жетпейтін  ұлан-байтақ  қазақ  даласына,  оның  табиғат  байлығына  деген 

сүйіспеншілігі  музыкалық  жəне  эстетикалық  тəрбие  құралы  болды.  Сондықтан  да  қай  кезде 

болмасын  жыршылар,  күйшілер,  өлеңші-əншілер  қазақ  халқының  музыка  мəдениетін  сақтау  мен 

байытуда, жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тəрбиелеуде айрықша маңызды роль 

атқарады.  Олар  өздерінің  дидактикалық  əндерінде  халықты  Отансүйгіштікке,  ұлтына  деген 

адалдыққа, əділетке шақырып, жақсылықтың жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, 

жақсы атаулыға ұмтылуға дəріптеп отырды. Бұл ретте, музыка теориясын зерттеген, ноталық жазуды 

дүниеге əкелген Əл Фрабиді, күй атасы Қорқыттан бастап Құрманғазы, Дəулеткерей, Тəттімбет, Дина 

т.б.  күйші  композиторларымызды,  əнші-композиторларымызды  (Біржан,  Мұхит,  Абай,  Жаяу  Мұса, 

Майра,  Кенен  жəне  Əміре  т.б.);  қазақтың  музыка  өнері  саласындағы  мəдениетінің  эстафетасын 

жоғары  көтеріп,  бүкіл  əлемге  паш  еткен:  К.Байсейітова  мен  Қ.Байсейітовтер,  Н.Тілендиев, 

Е.Серкебаев,  Р.Бағланова,  Б.Төлегенова,  Нақыпбековалар,  М.Бейсенғалиев,  А.Мұсахожаева, 

Г.Мырзабекова, Р.Рымбаева, Ə.Дінішев сияқты өнер тарландарын мақтан тұтамыз. 

Қазақтың музыкалық құндылықтары, өткен ғасырларда Қазақстанда болған шетел ғалымдары мен 

саяхатшыларын (П.Паллас, Г.Клапорт, В.Радлов, А.И. Левшин, А.М. Янушкевич, А.Е. Алекторов т.б.) 

таң  қалдырғаны  белгілі.  Олардың  өткен  ғасырларда  қазақтың  рухани  мəдениетіне  байланысты 

жариаланған еңбектері өте құтты. Қазақ халқының музыкалық фольклорының қазыналары еуропалық 

музыка  зерттеушілердің  ғылыми-зерттеу,  шығармашылық  еңбектеріне  арқау  болды.  Бұған  дəлел 

ретінде тек А.В. Затаевичтің «Қазақтың 500 əні», «Қазақтың 1000 əні» еңбектерін, Б.Г. Ерзаковичтың, 

Е.Г. Брусиловскийдің шығармашылығын айтсақ та жеткілікті. 

Қазақтың  этномəдениеті  құндылықтарының  бір  саласы – халықтың  кəсіби  жəне  тұрмыстық 

фольклоры.  Халқымыздың  тарихи-шаруашылық,  тұрмыс-тіршілік  болмысына  байланысты: 

аңшылығы,  саятшылығы,  ағаш,  тері,  жүн  өңдеуге  қатысты  қолөнері,  зергерлік  өнері  т.б.  сан-алуан 

өнерлері. Əсіресе, халық данышпандығының бар асылын бойына жинаған сəндік-қолданбалы өнері – 

халқымыздың қоршаған өмір шындығын музыкалық, поэтикалық жəне басқа эстетикалық дəстүрлер 

аясындағы  эмоциялық  сезімдері  мен  эстетикалық  талғамдарын  қалыптастырған  этномəдениетінің 

қайнар  көзі.  Бұл  саладағы  өткенгі  жəне  қазіргі  қолөнер  бұйымдары,  халқымыздың  көркем-

шығармашылық  дəстүрлері  мен  рухани-материалдық  мəдениетінің  құндылықтарын  сақтауға,  игере 

отырып  байыта  түсуге  жетелейді.  Халқымыздың  кəсіби  жəне  тұрмыстық  фольклорын  жан-жақты 

зерттеген:  Ə.Х.  Марғұлан,  К.А.  Ақышев,  Х.А.  Арғынбаев,  Т.К.  Басенов,  Б.К.  Байжігітов, 

Ө.Ж.Жəнібеков,  С.Қ.  Қасиманов,  Э.А.  Масанов  жəне  т.б.  еңбектерінде  ұлттық  қолөнер  түрлерінің 

дамуы, философиялық, тарихи, этнографиялық, мəдениеттанымдық аспектілері, рухани-материалдық 

құндылық  ретіндегі  əлемдік  мəдениет  аясындағы  алатын  орны  жəне  тəлімдік  маңызы  бағаланған. 

Міне, сол құндылықтарды туған жерімізде өмір сүре отырып игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт саясаты 

кедергі  жасап  келді. «Тұтас  кеңестік  бір  ұлттық»  саясат  пен  оның  негізгі  тірегі  кеңес  үкіметінің 

тоқырауы,  біртіндеп  келмеске  кетуі,  қазақ  жастарының  азаматтық  санасына  ықпал  еткен,  олардың 

ұлттық  намысын  көтерген –1986 жылғы  Желтоқсан  көтерілісінен  басталды.  Міне  бұл,  қоғам 

азаматының патриоттық сана-сезімінің оянғаны. Бүгінгі еліміздің егемендігі, оның саяси-əлеуметтік, 

экономикалық,  рухани-мəдениет  саласында,  əлемдік  іргелі  елдердің  қатарынан  орын  алуы,  сол 

азаматтық  сананың  жемісі.  Ата  Заңымыздың  мазмұнындағы  мемлекет  ретіндегі  белгіленген  басты 

идеал  «Еркіндік,  теңдік,  татулық» – халқымыздың  ғасырлар  бойы  аңсаған,  ерлікпен  қол  жеткізген 

жəне  қорғаған  асылы.  Бұл  үш  түсініктің  аясында,  мемлекетіміздің  басты  мұраты,  Қазақстан 

Республикасы  этномəдени  білім  беру  тұжырымдамасының  мазмұнында: «Бізге  қажетті - жаны  да, 

қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дəстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, 

егеменді  елінің  еңсесін  көтеруді  азаматтық  парызым  деп  ұғатын  ұрпақ  тəрбиелеу» – деп 

көрсеткендей,  еліміздің  елдігі  мен  бірлігін  сақтайтын,  Отаны,  халқы  алдындағы  парызын 

жауапкершілікпен өтейтін, ұлтжанды ұрпақ тəрбиелеу міндеті тұр. 

Қорыта  айтсақ,  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жасаған  рухани-материалдық  мəдениетінің  бай 


319 

 

мұралары, қазіргі «Этномəдениет тəрбиесі» негізінде жастардың Отансүйгіштік тəрбиесі міндеттерін 



жүзеге асыруда пайдаланатын тəлімдік құрал болып саналады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет