Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет51/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79

Əдебиеттер

1.

 

Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.  Алматы: Өнер, 1987. 



2.

 

Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1-3. – Алма-Ата: Өнер, 1986, 1994. 



3.

 

Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. – Алма-Ата, 1979. 



4.

 

Добромыслов А. Киргизские изделия из шерсти и волоса. //ИООРГО, Вып. 13, 1899. 



5.

 

Валиханов Ч.Ч. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б. 



6.

 

Дудин  С.М.  Ковровые  изделия  Средней  Азии.  Сборник  музея  антропологии  и  этнографии  АН  СССР.  Т.VII, 



1925-1928.  

7.

 



Корбе  О.А.,  Махова  Е.И.,  Черкасова  Н.В.  Орнаментированные  изделия  из  войлока. //Сб.  Народное 

декоративно- прикладное искусство киргизов. Т.5. – М., 1968. 

8.

 

Масанов Э.А. Казахское войлочное производство во 2-ой половине ХІХ-ХХ вв. – Алма-Ата, 1980. 



9.

 

Джанибеков У. «Эхо... По следам легенды о золотой домбре». – Алматы, «Өнер», 1990. 



10.

 

Тохтабаева Ш.Ж. Серебряный путь казахских мастеров. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. 



 

 

Қ.Б. Картаева 

əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың «Археология жəне этнология» мамандығының  

1-курс магистранты (Алматы қ.) 

 

ƏЛЕМДІК ЖƏНЕ ДƏСТҮРЛІ ДІНДЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ 

 

Тəуелсіз Қазақстанның табысты дамуы – Бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделін қалыптастыра 

білуі. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде көп ұлтты халықтың өзара татуластығы, бірлігі 

мен  дінаралық  диалогты  атауға  болады. 1995 жылы 1 наурызда  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  жарлығымен  елдегі  қоғамдық  тұрақтылық  пен  ұлтаралық  келісімді  нығайту 

мақсатында  Қазақстан  Халықтары  Ассамблеясы  құрылды.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы – 

ұлтаралық жəне дінаралық диалогтың теңдессіз институты.  

Қазақстан  халықтарын  құрайтын  жергілікті  халық  қазақ  халқы  мен  Қазақстанды  мекен  еткен 

басқа  ұлттар  мен  ұлыстардың  жалпы  саны  ҚР  Статистикалық  Агенттігінің 2014 жылдың 1 

қазанындағы  ресми  мəліметі  бойынша  бұл  күнде 17 353 700 адамға  жетіп  отыр. 2014 жылдың 

қаңтарындағы ресми мəлімет бойынша еліміздегі қазақтардың саны – 11 244 547, басқа ұлттар саны – 

6 109 153. Соның  ішінде  Алматы  облысы  бойынша  барлық  халық  саны – 1 984 518; соның  ішінде 

қазақтар – 1 383 345; орыстар – 301 713; өзбектер – 4627; украиндар – 5250; ұйғырлар – 156 004; 

татарлар – 13 829; немістер – 9117; корейлер – 16 651; əзірбайжандар – 17 187; белорустар – 732; 

түріктер – 37 458; дүнгендер – 1848; поляктар – 1187; күрттер – 14 794; шешендер – 5991; тəжіктер – 

770; башқұрттар – 352; басқалар – 13 663. Енді Алматы қаласы бойынша талдасақ, халық саны – 1 507 

509;  оның  ішінде  қазақтар – 845 938; орыстар – 447 259; өзбектер – 8806; украиндар – 10 536; 

ұйғырлар – 80 347; татарлар – 21 823; немістер –6458; корейлер – 28 648; əзірбайжандар – 9438; 

белорустар – 1643; түріктер – 6523; дүнгендер – 7507; поляктар – 842; күрттер – 2369; шешендер – 

2396; тəжіктер – 2510; башқұрттар – 552; басқалар – 23914 [6].  

Қазіргі Қазақстан халықтардың құрамын нақтылау, олардың діні мен тілін, Қазақстан өңірлерінде 

қоныстануын  нақтылау  жəне  саралау,  этнодемографиясы  мен  этномəдени  байланыстарын 

анықтаудың  қоғам  үшін  маңызы  ерекше.  Осы  тұста  Қазақстан  халықтарының  құрамына  тоқталып 

өтейік,  саны  жағынан  көп  басқа  ұлт  өкілдері:  орыстар,  украиндар,  өзбектер,  немістер,  татарлар, 

ұйғырлар,  белорустар,  корейлер,  азербайжандар,  түріктер,  поляктар,  дұнғандар,  күрдтер,  чечендер, 

тəжіктер,  башқұрлар,  молдавандар,  ингуштар,  мордвалар,  армяндар,  гректер,  чуваштар,  қырғыздар, 



302 

 

удмурттар,  литовтар,  болгарлар,  еврейлер,  марийлар,  грузиндер,  цыгандар,  лезгиндер,  қытайлар, 



парсылар,  түрік-месхеттер,  балкарлар,  осетиндер,  эстондар,  латыштар,  түркмендер,  қарақалпақтар, 

аварлар, қарашайлар, қырым татарлары. Саны жағынан аз ұлт өкілдері: чехтар, абазиндер, абхаздар, 

австриилықтар, агулдер, адыгейлер, албандар, алеуттар, алтайлықтар, американдықтар, ағылшындар, 

арабтар,  ассирилықтар,  афгандар,  белудждер,  буряттар,  венгрлер,  вепстер,  вьеттер,  гагауздар, 

голландықтар,  грузиндік  еврейлер,  даргиндер,  долғандар,  жапондар,  қырым  еврейлері,  ижорлар, 

испандықтар,  итальяндар,  ительмендер,  кабардиндер,  қалмақтар,  қарайымдар,  карельдер,  кеттер, 

комилар,  коми  пермяктар,  коряктар,  кубиндер,  лактар,  ливтар,  мансилар,  монғолдар,  нанайлар, 

үнділер  мен  пакистандықтар,  нганастар,  негидальдар,  ненцтер,  нивхилер,  ноғайлар,  ортаазиялық 

еврейлер,  ороктер,  орочилар,  румындар,  рутульдар,  рушандар,  саамдар,селькуптар,  сербтер, 

словактар,  табасаран,  талыштар,  таттар,  тау  еврейлері,  тофалар,  тувиндер,  удиндер,  удэгейлер, 

ульчтар,  финдер,  француздар,  хакастар,  ханттар,  хорваттар,  цахурлар,  черкестер,  чехтар,  чувандар, 

чукчалар, шведтер, шорцтар, шугнандар, эвенкилер, эвендер, энцтер, эскимостар, юкагирлер, якуттар 

[7; 4, 84-86-бб.].  

Əрине, осындай 130 дан астам ұлт өкілдері тоғысқан мекен көп діннің де тоғысқан мекені болады. 

2009  жылғы  жалпыұлттық  санағының  нəтижесіне  сəйкес  елімізде  халықтың 70,2 %-ы  өздерін 

мұсылмандармыз,  яғни 11 237 900 адам  діни  сенімі  бойынша  өздерін  ислам  дінінің  өкілдеріне 

жатқызатындығын білдірген, 4 190 100 адам, яғни 26 %-ы – христиандармыз, 5 300 адам, яғни 0,03 %-

ы – иудеилерміз, 14 600 адам,  яғни 0,1 %-ы – буддистерміз, 30 100 адам,  яғни 0,2 %-ы – басқа 

діндерді ұстанушылармыз деп атаған. Соның ішінде ешқандай дінді ұстанбаймыз деп – 450 500 адам, 

2,8 %-ы, жауап берсе, 0,5 %-ы жауап беруден бас тартқан [6]. 

Қазақстан  көп  ұлтты  халықтар  консолидациясы  олардың  діни  құқықтарын  қорғау  жəне 

дамытумен  де  тығыз  байланысты.  Қазақстанның  бастамасымен 2010 жыл  Мəдениеттерді  жақын-

дастырудың  халықаралық  жылы  ретінде  өтті,  ал 2013-2022 жылдарды  ЮНЕСКО  Мəдениеттерді 

жақындастырудың  халықаралық  онжылдығы  деп  жариялады. 2010 жылы  Қазақстан  ЕҚЫҰ-ға  төр-

ағалық  етіп,  өз  қызметі  барысында  еліміз  толеранттылықты  нығайту  мəселесін  басты  бағыт  етіп 

ұстап,  еуроатлантикалық  жəне  еуразиялық  қауіпсіздік  өлшемдерінің  санын  кеңейте  түсуді  ұсынды. 

ЕҚЫҰ  Астана  саммитінің  Декларациясында  конфессияаралық  үнқатысуды  дамыту,  мемлекеттер 

арасындағы  сенімді  нығайту  туралы  Саммитке  қатысқан 56 мемлекет  басшыларынан  қолдау  тапты. 

Одан  əрі  Қазақстан  Eлiмiз  «Иcлaм  кoнфepeнцияcы  ұйымының»  тoлық  мүшeci  ретінде 2011 жылы 

Ислам  Ынтымақтастығы  Ұйымын  басқарып,  ислам  елдері  арасындағы  діни  мəселелердің  басым 

бағыттарын реттеуге үлес қосты.  

Қазақстан  Республикасының 2011 жылы  қабылданған  «Діни  қызмет  жəне  діни  бірлестіктер 

туралы»  Заңында: «Ocы  Зaң  Қaзaқcтaн Pecпубликacының  өзiн  дeмoкpaтиялық,  зaйыpлы  мeмлeкeт 

peтiндe opнықтыpaтынын,  əpкiмнiң ap-oждaн  бocтaндығы  құқығын pacтaйтынын,  əpкiмнiң  дiни 

нaнымынa қapaмacтaн тeң құқылы бoлуынa кeпiлдiк бepeтiнiн...нeгiзгe aлaды», – дeп aтaп көpceтiлді. 

«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң негізінде 2012 жылы діни бірлестіктер мемлекеттік 

қайта  тіркеуден  өтті.  Нəтижесінде,  кезінде 4551 деп  көрсетілген  діни  бірлестіктер  саны, 3088-ге 

өзгерген.  Сонымен  қатар,  елімізде  тараған  конфессияларды  жіктеу  жүйесіне  көңіл  бөлініп,  бұрын 

конфессия  қатарына  жатқызылған  діни  бағыттарды  талдау  арқылы,  діни  конфессиялардың  нақты 

саны 46 емес, 17 екені  анықталған.  Сондай  ақ,  осы  Заң  қабылданғаннан  кейін 2229 – ислам,  орыс 

православ шіркеуінің митрополиялық округінде – 9 епархия, 261 приходтары, Армян-апостол шіркеуі 

мен 8 көне əдет-ғұрыптар шіркеулері, Рим-католик шіркеуінің 79 бірлестігі, иудейлердің 4 қауымы, 2 

буддистік  бірлестіктер  діни  бірлестіктер  ретінде  мемлекеттік  қайта  тіркеуден  өткен.  Елімізде 9 

медреселер, 1 имамдардың  біліктілігін  арттыру  орталығы, 2 қарилар  дайындау  орталықтары, 1 

епархиялық  жоғары  діни  семинариясы, 1 епархиялық  рухани  училищесі  жəне 1 ислам  дін 

мамандарын дайындайтын «Нұр-Мұбарак» университеті, ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен 

шіркеу жанынан ашылған жексенбілік мектептер діни білім беру мекемелері ретінде қызмет атқарады 

[5]. Ал, 2003 жылғы ресми дерек бойынша Қазақстанда мұсылмандар мен христиандар халықтың 97 

%-н құрайды. Республикада 1648 – ислам, 230 – православтық, 300 – баптист, 70 – 7 күн адвентистері, 

90 – лютерандар, 106 – иегуа  куəгерлері, 40 – елуліктер, 77 –Рим  католик  шіркеуі, 166 – дəстүрлі 

еместер, 23 – иудаизм,  барлығы 2750 діни  ұйымдар  болған  еді [2, 547-549-бб.; 4, 108-б.]. «Діни 

қызмет  жəне  діни  бірлестіктер  туралы»  Заң  бойынша  дəстүрлі  діндерді  насихаттайтын 

миссионерлерде ресми түрде тіркеуден өтеді. 

Қазақстанда Қазақстанды өз отаным деп санайтын басқа діни сенімдегі халықтардың қандай дінге 

жəне этномəдениетке жататынына қарамастан барлық қазақстандықтардың жалпыұлттық бірлігі мен 

келісімінің  ерекше  формуласын  қалыптастырылды.  Қазақстандағы  əрбір  дін – ислам,  православие, 

католицизм,  протестанттық  діни  ілім,  иудаизм,  буддизм  жəне  басқалар  уағыздайтын  жоғары 

құндылықтар,  əрбір  дінді  ұстанатын  қазақстандық – ол  тең  құқылы  азамат,  біртұтас  азаматтық 

қоғамның ажырамас бөлігі.  


303 

 

Қазақстанда  дінаралық  қатынас  орнатудың  негізгі  ұстанымдары  қалыптасқан.  Қазақстанда 



этносаралық  жəне  дінаралық  келісімнің  тұрақты  моделінің  қалыптасуы  мемлекет,  азаматтық  қоғам, 

оның  ішінде  діни  бірлестіктер  тарапынан  үздіксіз  қолдау  көрсетіп  отыруымен  байланысты  десек 

болады.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен  заңдары  ар-ождан  бостандығы  мен  діни 

сенімді  қорғауға  кепіл  береді,  əрі  діни,  этникалық  жəне  басқа  тұрғыдағы  кемсітушіліктерге  тыйым 

салады.  Қазақстан  Республикасының 2011 ж.  қабылданған  «Діни  қызмет  жəне  діни  бірлестіктер 

туралы»  Заңы  діни  бірлестіктердің  қызмет  атқару  аясын  құқықтық  негізде  жүзеге  асыруға  жəне 

қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстан маңызды халықаралық келісімге жəне адам құқығына қатысты 

шарттарға, оның ішінде БҰҰ-ның негізгі халықаралық келісімдеріне (пакт) қосылған.  

Қазақстанда  конфессиялардың  өз  қызметтерін  жүзеге  асыруы  үшін  тең  жəне  қолайлы  жағдай 

жасалған.  Қазақстан  халқының  басым  көпшілігі  өздерін  мұсылман  санағанымен,  басқа  діни  сенім 

иелерінің толыққанды іс-əрекет жасауына кедергі келтірмейді. Қазақстан Тəуелсіздігін алғаннан бері 

православиелік, католиктік жəне протестанттық қауымның саны артқандығын жоғарыда келтірілген 

мəліметтер  айғақтайды.  Қазақстандағы  иудейлер  мен  буддистердің  ұйымдары  да  өз  құқықтарына 

сəйкес қызмет жасап отыр.  

Діни  келісім  мен  толеранттылықтың  қазақстандық  моделі  Əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер 

лидерлерінің  Қазақстанда  бас  қосуынан  да  көрінеді.  Əлем  таныған  Астана  қаласында  Елбасы 

Н.Ə.Назарбаевтың  бастамасымен  Əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер  лидерлерінің  Халықаралық 

деңгейдегі IV съезі өткізілді. Бұл Халықаралық маңызы бар жиында əлем елдерінің БАҚ бақылады.  

2012 жыл 30 мамырда өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне əлемнің 

40 елінен 85 делегация қатысты. Ең алғашқы өткізілген съезге əлемнің 17 елінен 17 діни көшбасшы 

қатысқан  еді.  Əлем  діни  көшбасшаларының  Қазақстанның  елордасында  бас  қосып,  əлемдің  діни 

кеңістіктегі  өзекті  мəселелерді  талқылауы  Қазақстандық  діни  татуластыққа  негізделген  «модельді» 

мойындауы еді.  

Əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер  лидерлерінің  Халықаралық  Кеңесі  құрылып,  Кеңес  құрамына 

əлемнің  жетекші  конфессиялары – Исламның,  Христиандықтың,  Иудаизмнің,  Буддизмнің,  Ин-

дуизмнің,  Синтоизмнің,  Зороастризмнің  өкілдері  енген. IV съезде  Елбасы  Н.Назарбаев  жаһандық 

толеранттылық  пен  сенімді  қалыптастыру  мен  нығайту  проблемаларына  арналған  Интернет-ресурс 

құруды  ұсынып,  ол G-GLOBAL жалпы  электронды  порталының  бір  бөлігіне  айналды.  Қазақстан 

ұсынған G-GLOBAL идеясы  жаһандық  өзара  түсіністік  пен  толеранттылық  үшін  де  жаңа  мүмкін-

діктер ашты [5]. Елбасы Н.Назарбаев 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана өткен «Əлемдік жəне дəстүрлі 

діндер»  көшбасшыларының  ІІІ  съезінде  сөйлеген  сөзінде: «сіздер,  діни  лидерлер,  руханилықтың – 

дүниенің үйлесімді дамуының басты шартының қайта өрлеуінің жүргізушілері бола аласыздар», - деп 

əлем  діндерінің  басшыларын  үндестікте  жұмыс  жасауға,  халықаралық  рухани,  халықаралық  діни, 

халықаралық конфессиялық байланысқа шақырды [5].  

Ислам  діні  басым  дамыған  Қазақстанда  Əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер  лидерлерінің  өткен 

басқосулары  мен  қабылдаған  үндеулері  дүние  жүзінде  дінаралық  келісімнің  өркен  жайып, 

өркениеттердің  өзара  үндестік  табу  ісінде  айтарлықтай  рөл  атқарады  деуге  болады.  Қазақстан – 

мұсылман тұрғындары басымдыққа ие ел. Ислам діні осы дінді ұстанатын Қазақстан халықтарының 

рухани тіректерінің бірі. Бүгiнгi күнi иcлaм дiнi жepшapының бapлық құpлықтapындa тapaлғaн жəне 

мұcылмaндapдың caны 2 миллиapд  aдaм  мөлшepiндe  деп eceптeлудe.  Əcipece,  Бaтыc xaлықтapынaн 

иcлaмды  қaбылдaушылapдың caны  тұpaқты  түpдe  өcудe. XX ғacыpдa  мұcылмaндapдың caны 7 ece 

көбeйгeн.  Дүние  жүзінде  хaлқының  бacым  көпшiлiгi  мұcылмaндapдaн  құpaлaтын  мeмлeкeттepдiң 

caны 60 шaмacындa [1, 4-б.; 3, 9-б.].  

Қорыта  айтқанда,  Қазақстанның  бастамасымен  өткен  Халықаралық  діни  конфессия  идеялары 

бүкіл  əлем  үшін  бетбұрысты  кезең  болды,  бұл  əлемдік  тəртіптің  жаһандық  трансформациясы 

бастамасы болды деуге болады. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ХХІ ғасырда 

əділетті  əлем  құрудың  негізін  идеялық-рухани  құрылымдауға  нақты  бағытталған  жетекші  үнқатысу 

тұғырнамасына айналды деуге болады.  

 

 

Əдебиеттер: 



1. Əбжалов С.И. Ханафи мазхабы. – Алматы, Қазақ университеті, 2012.  

2. Бұлытай М.Ж. Дін жəне ұлт. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2006. – 584 б. 

3. Бұлытай М.Ж. Ата-баба діні немесе түркілер неге мұсылман болды. – Алматы: Білім, 2000. – 480 б. 

4. Картаева Т.Е. Тарихи демография. – Алматы, «Арыс баспасы», 2007. – 178 б.  

5. 

http://www.mckr.kz/  



6. 2014 жыл  басындағы  Қазақстан  Республикасы  халқының  жекелеген  этностары  бойынша  саны.  Серия 15, 

Демография // 

http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersPopulation

 

7. Народы Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы. Арыс, 2003. 



 

 

304 

 

Н.К. Акназарова 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, тарих, археология жəне этнология факультетінің  

1-курс магистранты (Алматы қ.) 



 

ӨЗБЕКСТАННЫҢ ТАРИХИ ЖƏНЕ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ – 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ НЫСАНЫ 

 

Өзбекстан  ежелгі  өркениеттермен  мағыналы  маңызы  мол  тарихи  мəдениеттер  елі.  Сондай-ақ 

Өзбекстан  Орта  Азиядағы  аты  бүкіл  əлемге  белгілі  архитектуралық  ескерткіштер  орналасқан 

қазыналы өлке.

 

 

Өзбек  халқының  тарихы  бай  жəне  мазмұнды  тарихи  беттері  мен  өткені  Орта  Азия  тарихымен 



тығыз  байланысты.  Өткен  ғасырлардан  сыр  шертетін  қалалар  мен  елді  мекендердің  қолтаңбасы 

қалған ескерткіштерді, барлық аймақтарда бүгінгі өмір мен тіршіліктің қайнап жатқанына қарамастан 

көптеп  кездестіруге  болады,  əрі  тарихи  ескерткіштердің  сақталуы  көңілге  қуаныш  ұялатады. 

Республика  жері  адамзаттың  жаратылуынан  бастап  ежелгі  іргелі  мемлекеттердің  қалыптасуы 

процесстері  жүрген  тарихи  мəдени  ескерткіштердің  баға  жетпес  мұрағаты  іспетті.  Ауқымды  əрі 

күрделі  деңгейлерде  жүргізілген  археологиялық  зерттеулер  негізінде  əлемдік  масштабтағы  теңдесіз 

тарихи ашулар ел археологтарының тарихи еншісінде. 

Өзбекстандағы  ежелгі  сəулет  ескерткіштері  б.з.б. 4 ғасырда  салынған.  Олар  Бактрия,  Хорезм, 

Соғдияна,  Ферғана  өңірінде  жақсы  сақталған.  Қала  салу  өнері  көне  заманнан  (б.з.б. 3 ғасыр) 

басталып,  орта  ғасырларда  өркендей  түсті.  Бұхара,  Самарқанд,  Ташкент,  Хиуа,  т.б.  қалалардың 

сəулеттік  өнер  элементтері  (шаһристан,  рабад,  т.б.)  сол  кезеңнің  классикалақ  үлгісіне  жатады. 

Жергілікті  қала  салу  мəдениетінде,  негізінен,  өрнек  пен  эпиграфика  əдісі  қалыптасып,  портал-

күмбезді композиция пайда болды [1, 70-74-бб.].  

Шығыс  мəдинеттерінің  жаухарларын  мыңдаған  жылдар  бойы  аймақты  мекендеген  халықтар  өз 

өмірлерінің  ажырамас  бөлігі  салт  дəстүрлерінің  өзегі  ретінде  қабылдаған.  Мəдени  процесстердің 

алмасуына ежелгі түркі тайпалары, ирандықтар, гректер, арабтар, қытайлықтар, орыстар өз үлестерін 

қосқан.  Сонымен  қатар  Ұлы  Жібек  жолыныңда  халықтар  арасында  мəдениеттердің  бірігуі  мен 

алмасуына,  дəстүрлердің,  өнерлердің  кең  етек  жайуына  қосқан  үлесі  ұшан  теңіз.  Өзбекстан 

халықының  діні  мен  ділінің  əлсіреуіне  тоталитарлық  кеңес  дəуірі,  əрі  империялық  Ресейдің 

колониалдық билеп төстеу кезеңдерінде орын алған ызғарлы саясаттар ықпалы байқалады. 

Əрине  ел  егемендігін  рухани,  ұлттық,  діни  жəне  тарихи  құндылықтарын  жандандырусыз  іске 

асыру мүмкін емес. Сондықтанда Өзбекстан тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел өміріндегі 

саяси, əлеуметтік экономикалық күн тəртібіндегі мəселелермен қатар халықтардың өмірінде рухани, 

мəдени  құндылықтарды  қайта  қалпына  келтіріп  жаңадан  жаңғыртуға  мемлекеттік  тұрғыдан  ерекше 

көңіл  бөлді.  Ұлттық  тəуелсіздік  тұғыры  идеясымен  қатар  қоғамды  рухани  жетілдіру  Өзбекстан 

Республикасы егемендігінің негізгі ұстанымы болды [1, 106-110-бб.]. 

Шығыс  сəулет  өнері  мəдениетін  сақтай  отырып  əрі  осы  уақыттағы  сəулет  өнерлері 

жетістіктерімен  байланыстыра  отырып  республикада  көптеген  тарихи  мəдени  ескерткіштерге 

реставрациялық  жұмыстар  жасалып,  Имамдар  Əл  Бухари,  Əл  Фергани,  Əмір  Темір  жəне  Темір 

ұрпақтарымен қатар Құрмет жəне есте сақтау мемориалдық жаңа кешендер жəне тағы басқа мəдениет 

ошақтары салынды [2, 96-б.]. 

Тарихи  мəдени  ескерткіштер  əр  мемлекеттің  айнасы  іспетті.  Сондықтанда  Өзбекстан 

республикасына  жасалған  туристік  сапарлар  бірінші  кезекте  аймақтың  ежелгі  тарихы  мен  осы 

уақыттағы  өзбек  мəдениетінің  ерекшеліктерімен  құндылықтарына  есік  ашады.  Өзбекстан 

республикасы тарихи құндылықтар тұрғысынан тек өз аймақтарында ғана емес, сонымен қатар бүкіл 

əлемге  белгілі.  Уақыт  бізге  ортағасырлық  сəулет  өнерінің  теңдесіз  үлгілері  сарыны  бар  қасиетті 

Бұхара,  көк  күмбездері  аспанмен  таласқан  Самарқан,  азан  шақыратын  мұнаралары  сақталған  Хиуа 

қалаларын сақтап қалды. 

Самарқан - біздің  дəуірімізге  дейінгі  шашамен VIII ғасырда  негізі  қаланған  əлемдегі  өте  көне 

қалалардың  бірі,  əйгілі  Рим  қаласымен  бір  мезгілде  салынған.  Самарқан  көне  деректерде  ежелгі 

Соғды  мемлекетінің  астанасы  ретінде  тарихта  мəлім  екенін  біз  б.д.дейінгі VI ғ.  зороастризмнің 

қасиетті кітабы Авестадан білеміз [3, 27-б.].  

Самарқан  біздің  дəуірімізге  дейінгі  І  мыңжылдықтың  ортасынан  Марканд  аталып  келгені  бізге 

белгілі, сонымен қатар Ұлы Александр дəуірі хроникасында атақты соғды Афрасиабы ретінде аталып 

өтеді,  бірақ  осы  уақыттағы  атын  Шыңғысхан  дəуірінде  иеленген.  Ақсақ  Темір  жəне  оның  немересі 

Ұлықбек дəуірінде қала ұлы Самарқан деп аталған. XIV-XVI ғасырларда Самарқан өсіп өркендеудің 

шарықтау  шыңына  шықты,  қалада  цитадельмен  бірге  қорғаныс  қамалдары,  кең  көшелермен  қатар 

алып  сəулет  құрылыс  кешен  ансамблдері  Эль  Регистан,  Шахи  Зинда,  Бибі  Ханым  жəне  қаланы 13 

шеңбермен қоршай саябақтармен бау бақшалар салынды. Самарқан қаласы ғимарат ескерткіштерінің 


305 

 

əсемдігімен  əйгілі,  мұнда  ғимараттарды  шыңылтырмен  қаптаудың  озық  үлгілері  пайда  болды,  əрі 



барлық ескерткіштерді зермен өрнектеліп шыңылтырмен қаптады.  

Алтынмен  апталып  түрлі  түсті  өсімдік  стилінде  алтын  жалатылып  өрнектелген,  шыңылтыр 

плиталармен қапталған мұндай сəулет ескерткіші əлемнің еш жерінде кездеспейді. Бұлтартпас айғақ 

есебінде  біз XVI ғасырда  салынған  Тіллə  Қара  медресесін  айта  аламыз,  медресе  халық  арасында 

тектен  тек  Алтындатылған  деп  аталмайды,  себебі  күмбезді  зал  интерьері  Кундаль  стилі  өрнегімен 

безендірілген.  Тіпті  мұндай  тұтас  күмбезді  алтынмен  аптау  тəсілі  əйгілі  Темір  шеберлеріне  де 

беймəлім болған. Қаланың ең əсем көрікті жерлері, əлемдегі ең сұлу алаңдардың бірі ол негізі XVI – 

XVIІ ғасырларда қаланған Регистан алаңы, алаңды қоршалай ежелгі биік ғимараттар, кесенелер, азан 

шақыруға  арналған  мұнаралар  орналасқан,  алаң  тарихтың  ғаламат  көрме  залы  іспетті.  Афрасиаб 

қаласының  оңтүстік  бөлігінде  Шахи  Зинда  жерлеу  қорымы  созылып  жатыр,  көше  зираттың  қос 

қапталында XI – XVІ  ғасырлардың  мешіттері  мен  кесенелері  орналасқан.  Қаланың  орталығына 

жақын  Бибі  ханым  мешітінің  биік  құландылары  байқалады,  мешіт  Əмір  Темірдің  жарлығымен 

салынған  шығыстағы  ең  биік  ғимарат  болып  есептеледі.  Мешіт  күмбезін  бір  кездері  көк  аспанмен, 

аркасымен  порталын  құс  жолына  теңеген.  Жақын  маңда  атақты  Əмір  Темірмен  оның  ұрпақтарына 

арналып  салынған  Көр  Əмір  кесенесі  орналасқан,  кесене  пішіні  мен  формалары  таңқаларлықтай 

көлемде салынған, əрі үлкен көк қызғалдақты еске салатындай. Кесененің ішкі қабырғалар панелдері 

сары-жасыл мəрмəр таспен қапталған, көк сырмен боялып алтынмен апталған, соның əсерінен күмбез 

астымен мүрде жерленген бөлмеде ерекше түстермен əсемдеген [3, 74-80-бб.]. 

2001  жылы  Самарқан  Мəдениеттер  қиылысындағы  қала  есебінде  ЮНЕСКО-ның  бүкіл  əлемдік 

мұралар тізіміне енгізілді.  

Бұхара – біздің  дəуірімізге  дейінгі V ғасырдан  өз  алдына  өсіп,  дамып  келген  дүниедегі  аз  ғана 

қалалардың  бірі.  Жаңа  дəуірге  дейінгі  бірінші  мыңжылдықтың  екінші  жартысында  қала  түбегейлі 

өзгерді.  Бұхараның  орталығы  əміршілер  мен  олардың  қызметшілері  тұратын  биік  Арк  қорғаны 

болды.  Қорғанның  ішкі  жағында  меншікті  қала – «Шахристан»  дамып  келген.  Оның  айналасында 

саудагерлер,  темір  ұсталары  жəне  құлдар  болған.  Жаңа  дəуірге  дейінгі II ғасырдан III ғасыр 

аралығында Бұхара Канпоя құрамында болған. V ғасырдан бастап Эвталиттер мемлекетімен бірге, ал 

VI ғасыр мен VII ғасырдың бастапқы кезеңінде Батыс түрік қағанатының құрамына кірген. 

«Қасиетті  Бұхара»  бұл  қаланың  ислам  өркениетінде  алатын  орны  ерекше,  сан  ғасырлар  бойы 

имамдар  Əл  Бұқари,  Əл  Гүждуани,  Сейфеддин  Бохарзи,  Баауаддин  Накшбандилер  өмір  сүріп 

өсиеттерін уағыздаған. Х-ХІ ғасырларда Бұхара Саманидтер мемлекетінің астанасы, ал XVI ғасырдан 

бастап  Бұхар  хандығының  астанасы  болған. 1920 жылы  бұхар  əмірін  тақтан  тайдырғаннан  кейін, 

хандық территориясында Бұхар Республикасының құрылғандығы жарияаланды [4, 65-б.]. 

Бүгінде  Бұхара – өзіндік  қайталанбас  мəдениеті  дамыған  қала.  Мұнда  ұлы  ғалымдар,  ақындар 

жəне  ойшыл  демократтар  Абу  Али  ибн  Сино,  Рудаки,  Фирдоуси,  Имам  аль  Бухари  жəне  басқалар 

жемісті  еңбек  еткен.  Сондай-ақ,  Бұхара – 140-тан  астам  көне  дəуірдің  ескерткіштері  бар  мұражай 

қала.  Ескі  Бұхараның 25 ғасырдан  бері  сақталып  келе  жатқан  аса  құнды,  қайталанбас  тарихи 

ескерткіштері,  ескірмейтін  көз  қуантар  сəнді  сарайлары  мен  мешіттері,  кесене  мен  мұнаралары 

бүгінгі күнде де əлем туристерін таңқалдырып отыр. Атақты қаладағы сəнді ғимараттардың əшекейлі, 

сыры кетсе де сыны кетпеген нəзік өрнектері, оюлары кімді болса да қызықтырмай қоймайды. 1991 

жылы ЮНЕСКО Бұхараны «Дүниежүзінің мəдени мұрасы» деген тізімге кіргізген болса, 1997 жылы 

ЮНЕСКО-ның  басшылығымен  Бұхара  қаласының 2500 жылдық  мерейтойы  халықаралық  деңгейде 

тойланды. 

Бұхара  қаласының  негізі  қаланғанға  азды-көпті 2500 жыл  болды  жəне  ол  əлемге  əйгілі  Рим 

қаласымен бірге қаланған өркениет ошақтарының бірі болып саналады. Егер аңызға сүйенетін болсақ 

Бұхарада  орналасқан  ежелгі  көне  ескерткіштердің  бірі  болып  Иова-Чашма-Аюб  құдығы  мен  қақпа 

алдына  аңыз  батыр  Сиявуш  жерленген  Арк қамалы  болып есептеледі. Болжамдарға  сүйенер  болсақ 

«Бұхара»  атауы  соғдының  «бухарк»  сөзінен  шығады  жəне  аударғанда  бақытты  мекен  деген  мағына 

береді. 


Мəдениетінің  өркендеуіне  келетін  болсақ  біздің  дəуірімізге  дейінгі  ІІ  ғасырда  Бұхарада  теңге 

сарайының  болғандығы  тарихшыларға  аян.  Жылнамашы  əрі  тарихшы  Наршахи  жазып  қалдырған 

деректерде VIІ ғасырда Бұхар княздық одағын «бухар-худата» лауазымды билеуші басқарғаны жəне 

оның  Аркті  Үлкен  Аю  жобасы  немесе  сұлбасы  негізінде  қайта  салғаны  белгілі. VIІІ  ғасырда  араб 

қолбасшысы ибн Кутейба Бұхараны басып алып, қалада ең алғашқы мешіт Бану-Ханзаланы салды. ІХ 

ғасырда арабтар ойсырай жеңіліп, ортазиялық өзендер аралығы басқыншылардан азат етіліп, аталған 

территорияда Саманидтер мемлекетінің негізі қаланып мемлекет астанасы болып Бұхара аталды. Осы 

уақытта  қала  көлемі  едəуір  өсіп  аймағы  ұлғайды.  Бүгінгі  күнге  дейінгі  жақсы  сақталған  қорғаныс 

жүйесінің қабырғасы кезінде, қаланы мекендеген көпестермен қолөнер шеберлерін сенімді қорғаған. 

Күні  бүгінге  дейін  қорғаныс  қабырғасының  бір  бөлігімен  ортағасырлық  Бұхара  қақпасы  сақталған. 

Бұхара  қаласы  өзінің  ХVI  ғасырда  алып  жатқан  қорғаныс  қамалдарының  аумағына 200 ден  астам 


306 

 

медресе  мен  базарларды  сиыстыра  білген.  Біздің  дəуірімізге  дейінгі  бірінші  ғасырларда  негізі 



қаланған байырғы Бұхарада ежелгі өркениет ескерткіштерінен аяқ алып жүре алмайсыз. Қала өзінің 

осы  уақыттағы  бет  бейнесіне  ХVI-ХVIІ  ғасырларда  Шайбанидтермен  Аштраханидтер  билігі 

кезеңдерінде  қол  жеткізді,  сол  уақыттарда  қалада  сəулет  өнерінің  қас  шеберлері  салған  мешіт 

медреселер,  монша  жəне  керуен  сарайлар,  қорғаныс  қабырғаларымен  қақпалар  əрі  мүрдеханалар 

қазіргі күнге дейін сақталған.  

Осы күнге дейін көне қамал қабырғаларымен 140 тан астам мұсылман дəуірі сəулет ескерткіштері 

(Калян минареті ХІ ғасыр, Көкілташ жəне Ұлықбек медресесі ХІ- ХVI ғғ., Ляби хауз ХVI ғ., Исмаил 

Самани кесенесі ІХ-Хғғ.) ескі қала көшелері мен махаллаларында сақталған. Жуықта мыңжылдығын 

атап  өткен  Сасанидтер  əулетінің  кесенесі - қала  маржаны  болып  есептеледі.  Кесене  қарапайым 

күйдірілген кірпіштен қаланғанмен, кірпішті ойып ортағасырлық шеберлер керемет өрнектер салған, 

мұны  көрген  шетелдік  туристердің  таңқалысында  шек  жоқ,  алайда  мүрдехана  пішіні  қарапайым 

пропорционалды жəне биік емес шағындау аласа күмбезді, ұзақтан қарағанда өрнек салынған алтын 

қобдишаны  еске  салады. 1127 жылы  салынған  Азияның  ең  биік  мұнараларының  бірі  болып  Ұлы 

Калян  мұнарасы  болып  саналады,  техникалық  жағынан  Бұхара  қаласының  рəмізі  болып  есептеледі. 

Көне  мұнаралар  ежелгі  (Ұлы  мұнара,  Калян  мешіті,  Мир  Араб  медресесі 1536 жылы  құрылған), 

Чашма  Агоб (1380ж.),  Арх  қамалы  (ХVIІІ-ХХғғ.),  Магок  Аттар  мешіті,  Буян  Кули  хан  кесенесі 

терракотамен қабырғалары өрнектелген, Токи Заргорон базарының көк күмбездері Бұхараның əлемге 

əйгілі Пой Калян алаңы жəне тағы басқа тарихи сəулет ескерткіштеріне жол ашады [4, 110 б.]. 

Хиуа - Өзбекстан  Республикасындағы  тарихи  қала.  Əмудария  өзенінің  сол  жағалауында,  теңіз 

деңгейінен 91 м. биіктікте, Үргеніш темір жолы станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде 

орналасқан.  Халқы 51,2 мың (2004). Хиуа  тарихы  көне  Хорезм  мəдениетімен  тығыз  байланысты. 

Зерттеушілердің болжауынша, Хиуаның негізі б.з.б. V ғасырда қаланған.  

Бастапқыда  Ахемен  əулеті  мемлекеттерінің,  кейіннен  Сасани  əулетінің  қарамағында  болды. 

Хиуаны 712 ж.  арабтар  жаулап  алды.  ІХ-Х  ғасырларда  Хорезм  мемлекетінің  астанасы  болып, 

біршама  гүлденді.  Хиуа  б.з.б. 1-мыңжылдықта  дамыған  Топыраққалы,  Қуатқала,  Бүркітқала, 

Гүлдірсін,  Қырыққыз,  т.б.  қалалармен  қатар  аталады.  Хиуа  қаласында  өз  заманында  Мұхаммед  əл-

Хорезми,  Əбу  Райхан  ибн  Бируни,  Əбу  Əли  ибн  Сина  тəрізді  ірі  энциклопедияшы  ғалымдар  еңбек 

етті.  Шыңғыс  хан  мен  Əмір  Темір  заманында  Хиуа  қиратылып,  талауға  түсті.  Хиуаның  қайта 

гүлденген кезеңі ХVІ ғасырға сəйкес келеді. Бұл кезде қаланың ірі қорған қабырғалары, салтанатты 

сарайлар,  мешіттер,  мұнаралар,  кесенелер  салынып,  архитектуралық  ансамбль  құрылды.  ХVІІ 

ғасырда Хиуа Хиуа хандығының астанасы болды. 1842 жылы Хиуа хандығының билеушісі Аллақұл 

хан Хиуаның бір бөлігін арнайы дуалмен қоршатып, қаланың ол бөлігін Ишан қаласы деп атады. ХІХ 

ғасырда Хиуада көптеген медреселер мен мешіттер салынды. Əйгілі медреселердің қатарына көркем 

безендірілген  ғимараты  бар  Мұхаммед  Аминхан  медресесі  жатады. 1873 жылы  Хиуаны  орыс 

əскерлері  басып  алып,  бүкіл  Хиуа  хандығымен  бірге  Ресей  империясының  протекторатына 

айналдырды. 1920-1924 жылы  Хорезм  Халық  Кеңес  Республикасының  астанасы  болды. 1967 жылы 

қаланың  ескі  бөлігі — Ишан  қаласы  қорыққа  айналдырылды. 1995 жылы  Хиуа  ЮНЕСКО-ның 

шешіміне  сай  əлемдік  мəдениеттегі  ерекше  орны  бар  қалалардың  қатарына  қосылды. 1997 жылы 

Хиуаның 2500 жылдық мерейтойы аталып өтті [5, 18-б.]. 

Хиуаның  ішкі  қаласы  ол  Ишан  қала  қамалы.  ХVI-ХVIІ  ғасырларда  қала  қорғаныс  жүйесінің 

қабырғасы  ұзындығы 2200 метр,  биіктігі  7метрді  құрайтын  берік  əрі  зор  дуалдармен  қоршалды. 

Қабырғаларды  бойлай  барлық  жерлерде  жартылай  шеңберлі  мұнаралар  қаланды.  Қабырғаның 

жоғарғы  бөлігінде  жебе ататын  орындар  болды.  ХVIІІ ғасырдың ортасы  Надир  шах  басқарған иран 

əскері басып кіргенше, Ишан қаланың зор қорғаныс қабырғалары Хиуаны ешбір жауға бермеді. Бірақ 

иран шапқыншылығы кезінде Хиуа бекіністері қирады. Қоңырат əулетінің билігі жүрген тұста Хиуа 

қаласының көлемі ұғайып өсті, ал ХХ ғасырда оның аумағы Ишан қаладан бірнеше есе үлкен болды. 

Хиуа қаласының тарихи орталығы мен Ишан қала қамалының бір бөлігі ЮНЕСКО ның дүниежүзілік 

мұралар  тізіміне  енді.  Мұнда  көптеген  сəулет  өнері  ескерткіштері  бар:  хан  сарайлары,  мешіт, 

медресе,  кесенелер  жəне  мұнаралар.  ХVIІ  ғасырда  Ишан  Қала  қамалында  Куна  Арк  Хан  қамал 

сарайы  соғылып,  онда  хандықтың  əкімгершілік  мекемелері  орналасты.  Қала  қамалының  төрт 

бөлігінің  қақ  ортасында  төрт  қақпа  орналасқан,  Батыс  Ата  дарбаза  Куня  Аркаға  қарай,  солтүстік 

Бахша дарбаза Үргеніш бағытына қарай, шығыс Палуан дарбаза Хазраспаға қарай жəне оңтүстік Тас 

дарбаза Қарақұм шөліне қарай бағытталған. Ата дарбаза қақпасы 1020 жылы жаугершілікте қираған, 

алайда өткен ғасырдың 70-жылдары қайта қалпына келтірілген [5, 54-б.].  

Хиуа  нағыз  қорық  қала.  Аңыз  бойынша  қаланың  негізін  Нұх  пайғамбардың  ұлы  Шем  салған 

деседі.  Бағзы  замандарда  Ұлы  Жібек  жолының  негізгі  орталығы  болған,  сондай-ақ  Ресей 

империясының қол астына өткенше, Темір əулетінің үш жүз жыл бойы хандығының астанасы əрі құл 

саудасын  іске  асыратын  базар  орталығы  болған.  Қаланың  əсемдігін  сөзбен  айтып  жеткізу  мүмкін 

емес,  оны  көзбен  көру  керек.  Мұнда  жүзден  астам  əр  түрлі  дəуірлерге  жататын  ескерткіштер 


307 

 

сақталған: Көне Куна Арк қорғаныс қамалдары, Ичқон Қала, Таш Хаули сарайы, Дишан Қала рабады, 



Ислам  қожа,  Мухамед  Амин  хан,  Калта  Минор 218 тұғыр  колоннасы  бар  Жұма  мешіт,  мұнаралы 

медреселері жəне Махмуд Пахлави кесенесі тағы басқа көне құрылыстар [5, 46-б.]. 

Ташкент - Орталық  Азиядағы  ірі  қалалардың  бірі,  əрі  Өзбекстан  Республикасының  астанасы. 

Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда көне шығыс деректерінде қалалық қоныс ретінде Ташкент 

алғашқы рет жазылады. Ежелгі Қытай деректерінде Ташкент Юни деген атпен белгілі. Парсылардың 

патшасы Шапур 1-нің 262 жылғы «Каабе Зороастра» жазбасында Ташкент оазисі Шаш деп аталған. 

Шаш қаласы бағалы тастар мен алтын экспорты, емдік шөптер жəне  жүйрік сəйгүліктер сатылатын 

қалалар  мен  мемлекеттерге  апаратын  тоғыз  жолдың  торабында  орналасқан.  Ташкент  Өзбекстан 

Республикасының  астанасы,  ежелгі  Өзбекстан  жерінде  орыналған  тарихи  оқиғалар  мен  кезеңдерге 

куə болған ескерткіштерді келешек ұрпақтарға мұқият сақтап келеді [6, 9-б.]. 

Тіпті көпті көрген небір саяхатшыларды да Ташкент жайбарақат қалдыра алмайды. Көне тарихтан 

сыр шертетін жəне замануи қазіргі Ташкент шақарына барсаңыз, сіз рухани лəззат аларыңыз сөзсіз. 

Ташкент  келешек  өскелең  ұрпақтарға  аманатқа  сақтап  келе  жатқан  ислам  сəулет  өнері 

ескерткіштеріне, мешіт, медреселер мен кітапханаларға бай қала.  

Ташкентке  жасалған  туристтік  іс  сапарда  қала  өмірінің  көне  тарихынан  мол  мағұлмат  аласыз. 

Ерекше  атап  өтетін  болсақ  Өзбекстан  Өнер  мұражайында 4000-нан  астам  артефакталарды 

тамашалауға болады (соғды кеңінің жəдігерлері, мың жылдан асқан тарихы бар будда мүсіншелері, 

зороастризімнің  ғұрыптық  заттары  жəне  т.б).  Мұражайлар  ішіндегі  ең  көрнекті  əрі  құнды 

жəдігерлерден  тұратын  музей  ол  Темір  əулеті  тарихы  музейі  (Əмір  Темір  музейі),  ол  қаланың 

орталығында  орналасқан.  Сіз  міндетті  түрде  онда  болуға  тиіссіз.  Ташкент  қаласында  бола  тұрып 

Əмір  Темір  музейінде  болмау,  жергілікті  мəдениетті  силамау  болып  есептеледі.Сонымен  қатар 

Ташкенттің Ескі Шахар бөлігі орналасқан аймағыда өте қызғылықты. Ташкент тарихында орын алған 

орасан  күшті  зілзалаларға  қарамастан  қаланың  бұл  бөлігінде  ескі  ғимараттармен  көшелер  адам 

таңқаларлықтай жақсы сақталған [7, 104-б.].  

Көкілтас медресесі жанында орналасқан Чорсу базары жəй ғана бай сауда орталығы ғана емес, ол 

ежелгі шығыс əпсаналарының куəсі іспетті. Ташкент куранттары деген атпен белгілі ғимарат қаланың 

көркін ашқан ең сұлу ескерткіштерінің бірі жəне ғимарат сағаты бар мұнарасы, Мəскеудің əйгілі Спас 

мұнарасының көшірмесі. «Ташкент куранттары» тарихи ескерткіші Өзбекстан Ресей империясының 

ықпалында болған кезең, яғни Ташкент Генерал-Губернаторлығынан қалған мұра [7, 189-б.]. 

1917  жылғы  төңкерістен  кейінгі  болған  өзгерістердің  нəтижесінде  жəне  əсіресе 1966 жылғы  жер 

сілкінуден  кейін  Ташкент  көптеген  дəстүрлі  сəулеттік  мұраларынан  айырылды.  Алайда  онда 

мұражайлар жəне кеңес дəуірінің ескерткіштері көптеп кездеседі. 2009 жылы бұл тарихи ескерткішке 

реконструкция  жүргізіліп  қапталында  тағы  бір  сағатты  мұнара  пайда  болды,  яғни  қаланың 2200 

жылдық мерей тойында форум сарайы маңынан арнайы тапсырыспен салынды. Жаңа мұнаралы сағат 

кешені əдепкі түпнұсқамен бірдей салынған, бірақ қарама-қарсы жаққа бағытталған. 

Бүгінгі  Өзбекстан  астанасы  тек  қана  елдің  ғана  емес  ол  бүкіл  Орта  Азияның  мəдени  ошағының 

орталығы. 9театр,  Консерватория  (оның  ішінде  əлемге  əйгілі  Ə.  Науаи  атындағы  Опера  жəне  Балет 

театры),  концерт  жəне  көрме  залдары,  стадиондар,  жүзу  бассейндері,  кітапханалар,  саябақтар 

гүлденген  бау-бақшалар  жəне  су  бұрқақтар  (шөлейтті  аймақтардағы  сирек  жағдай,  бірақ  сəулетпен 

инженерлік  жүйелердің  озық  үлгілері  қолданылған)  ешкімді  жайбарақат  қалдыра  алмайды.  Ал 

Ташкент телемұнарасына келер болсақ, ол Орталық Азиядағы ең биік құрылыс нысаны (биіктігі -375 

метр).  Көкілдаш  медресесі  Абдулла  ханның  билік  құрған  кезіне (1557-1598) жататын  бұл  мешітті 

қазіргі таңда Мауараннахр мұсылмандарының діни басқармасы қалпына  келтіріп жатыр. Оны кейін 

мұражайға айналдыру туралы жоспарлар бар, бірақ қазір ол мешіт ретінде қолданылуда. 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет