Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет50/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79

А.А. Елубаева 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология жəне музеология кафедрасының 2-курс 

магистранты (Алматы қ.) 

 

СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ТАТАРЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МƏДЕНИЕТІ 



 

Семей  топырағында  тамыры  тереңге  тартқан  татарлар  өздерінің  салт-дəстүрі  мен  əдет-ғұрпын 

сақтап,  бүгінде  ұрпақтан  ұрпағына  жеткізіп  отырған  халықтың  бірі.  Татарлардың  қандай  болғаны 

туралы Н.Абрамовтың жазбаларынан оқуға болады: «Татарлардың киімі ерекше сəнді жəне олардың 

бет пішіндері де өңді болып келеді, əсіресе қазан жəне түмен татарлары ерекше сұлу...Татарлардың 

мінезі  көбіне  жайдарлы.  Жаз  айларында  қала  сыртында  қыдырғанды  жақсы  көреді.  Сағат  оннан 

бастап  татар  əйелдері  жақсы  киініп,  арбаларымен  қала  шетіндегі  орманды  жерлерге  барып 

табиғаттың таза ауасында тынығады» [1]. 

1867  жылы  Мəскеуде  жарық  көрген  үштомдық  «Описание  Западной  Сибири»  еңбегінде 

И.Завалишин: «Татарлар  ислам  дінін  қатты ұстанады, оларда 10 мешіт  бар. Мұсылман  мейрамдары 

құрбан  мен  байрамды  ерекше  тойлайды.  Татарлар  мен  қырғыздар  көшелерде  қымбат  жібек 

халаттарын киіп қыдырады. Жақын туыстары мен таныстарына қонаққа барады. Ал 10-13 жастағы ұл 

балалар  көше  бойымен  қымбат  ер-тұрмандары  бар  аттармен  шабады.Үйлерде  қонақтарды  күтеді. 

Бөлмелерде  қымбат  бұқар  жəне  ташкент  кілемдеріне  күріш,  қазы,  қуырылған  қой  еті,  бауырсақ 

салынған  ыдыстар  қойылады.  Сонымен  қатар  бал,  жеміс-жидектер,  май,  тəтті  тағамдар  қойылады. 

Шай мен қымыз, орыстармен аралса бастаған соң арақ та ішіледі. Сыйлық берілетін бəйге жарыстары 

да өткізіледі» [2]. 

Семей  татарларының  көбі  көпестер  мен  кəсіпкерлер  болған  жəне  жақсы  өмір  сүрген.  Қазіргі 

уақытқа  дейін  қалалықтар  қаланың  шығыс  бөлігін  татарлар  жері  деп  атайды.Бұл  қаланың  ең  бай 

бөлігі  болған.  Ол  жерлерде  қызыл  кірпішті,  ағашпен  өңделген  əсем  үйлер  əлі  күнге  дейін 

сақталған.Татар  слабодасы  мен  қаланың  негізгі  сəні  мешіттер  болды.  Шығыс  Қазақстан  мешіттері 

Орта Азия мешіттерінен құрылысқа татар дəстүрлерінің ықпалы болғандықтан ерекшеленеді. 

Татар мешіттері туралы Завалишин: «Егер оған Ертістен қарасаң, Семей өте əсем қала, бірақ қала 

толығымен  азиаттық,  онда  жеті  мешіт  бар,  олардың  біреуі  тас,  соборлы,  қос  мұнаралы,  тамаша 

архитектуралы» [2]. Қазіргі уақытқа дейін ХІХ ғасырдың кейбір мешіттері сақталған. Олар біз үшін 

тек  культтік  орын  ретінде  емес,  сонымен  қатар  əсем  архитектуралық  ескерткіштер  ретінде  де 

қызықты.  

Қаланың  əсем  ғимараттарының  бірі  Қазақстан  территориясында  жалғыз  қос  мұнаралы  мешіт. 

Мұрағат  құжаттарына  қарағанда  мешіт 1858-1862 жылдары  жергілікті  көпестер  Сүлейменов, 

Абдышев,  Рафиков  жəне  Халитовтың  қаржыларына  діни  басқарманың  тапсырысы  бойынша 

салынған.  Жоба  авторлары:  облыстық  құрылысшы  Болботов,  инженерлер  Макашев  пен  Фадеевтар 

болған.  Санкт-Петербургтегі  Мемлекеттік  Тарихи  мұрағатта  осы  мешітті  салуға  рұқсат  алуға 

жіберілген  құжат  сақталған.  Стамбул  құрылысшысы  Ғабдулла  Эфенди  жобасы  бойынша  салынған 

бір мұнаралы мешіт те ерекше əсем. Оны салу үшін қаржыны көпес Мусин берген [3]. 

Татарлар  тек  дінге  сенушілер  емес,  сонымен  қатар  кəсіпкер  адамдар  болған.  Бұл  белгілі 

Мусиндер,  Халитовтар,  Рафиковтар  жəне  тағы  басқа  көпестік  отбасылар  əулеті [3]. Олардың 

есімдерімен Ертіс бойындағы Семейдегі өндірістің дамуы байланысты. Ол туралы біз ХIХ ғасырдағы 

басылымдардан  біле  аламыз.  Мысалы, «Семипалатинские  областные  ведомости»  баспасында  көпес 

Б.Рафиков  қалада  сабын  шығару  өнідірісімен  айналысқаны  ерекше  көрсетіледі. 1854 жылы  оның 

иелігіндегі  сабын  шығаратын  зауыт 200 күміс  сом  болатын 80 пұт  сабын  шығарды.  Рафиковтың 

кəсіпорны  ағаш  ғимаратта  орналасты.  Өндіріс  үрдісінде  күл,  тоң  май,  əктас  пен  тұз  пайдаланылды. 


297 

 

Тоң  май  сатып  алынды.  Зауыттан  шыққан  өнімдерді  қалада  сатты.  Бір  жыл  уақытта  ешқандай 



жаңарулар мен өзгешіліктер болмады [4]. 

Екінші  гильдияның  көпесі  К.Абдышевтың  көмегімен  Семейде  тоң  май  шығаратын  зауыт 

салынды.  Оның  иелігінде  болған  тоң  май  шығаратын  зауыт  жылына 400 пұт  сиыр  жəне 100 пұт 

қойдың тоң  майын шығарған. Өндірілген  тоң май жартылай  қалаға  жəне  жартылай басқа қалаларға 

сатылды. Семейлік 2-гильдияның көпесі Мұхаммед Рахим Абдышевке тиісті 1854 жылғы мəліметтер 

мынадай: 

Өнімнің атауы мен 

бағасы 


Шендер

дің саны 

Өнім

саны 


Соммас

ы 

Жұмыс  күші 



туралы 

мəліметтер 

Тоң май өндірілді:  

ірі  мал  екі  күміс 

рубльден, 

қой 


екі 

күміс рубльмен. 

400 пұт


 

100 пұт 


800 руб.

 

200 руб. 



Машиналар 

жоқ. 


Ерікті 

жалдамалы 

жұмысшылар 

екеу. 


 

Зауыттар мен фабрикалар негізінен қаланың солтүстік батыс  бөлігінде орналасты. Мұнда сабын 

шығаратын,  тоң  май  өңдейтін,  қой  жүні  мен  былғары  зауыттары  болды. 1864 жылы  Семейде 23 

жұмысшысы бар 4 былғары зауыты болды. Аяғында Семей қаласында 47 зауыттар мен фабрикалар 

болды.  Сонымен  бірге  өндірістік  өнімдер  саны  да  артты.  Мысалы,  көпес  Халитовқа  тиісті  сабын 

шығаратын зауыт жылына 1000 пұт сабын шығарды [3]. 70-80 жылдардың аяғында Семейде өндіріс 

орындарынан  шығарылатын  өнімдер  саны  артты.  Мысалы,  семейлік 2-гильдияның  көпесі  Ибрагим 

Мұхамед Рахим Абдышевке тиісті былғары зауыты 1875 жылы 15330 рублге 2570 өнім өндірді [4]. 

1864  жылы  көпес  Р.  Халитовтың  сабын  шығаратын  зауыты  жылына 1000 пұт  сабын  шығарып 

отырды.1890  жылы  Семейде  көпестік  Мусиндер  əулетінің  негізін  салушы  С.Мусинның  алғашқы 

механикаландырылған  диірмені  салынды.  Ресейдегі  ең  ірі  Макарьев  жəрмеңкесінде  Зайсан,  Аягөз, 

Өскеменде  дүкендер  иеленген  «Семейлік  Елисеевтер»  құрметтті  қонақтар  болды.  Мусиндер  Ертіс 

өзеніндегі  флоттың  басында  тұрды.  ХІХ  ғасырдың 80 жылдары  олар  коммерциялық  мақсатта  Ертіс 

бойымен тұрақты кеме жүзу ісін орнатуға тырысты [4]. 

1899 жылы көпес В. Хамитов өз қаржысына Никольск алаңында тас лавкалар салдырып, оларды 

қалаға  сыйлады.Əулеттің  негізін  салушы  қазан  татары  Мұса  Мусин  кəсібін  былғары  жасаудан 

бастады. 1832 жылы 92 жасында қайтыс болған ол ұлы Садыққа жеке байлық қалдырған. Ол ақшаға 

Садық Семей, Аягөз, Зайсанда дүкендер ашты, ұн шығаратын зауыт сала бастады. Оның ұлы Латиф 

Мусин 50-ден астам жүк кемелері мен пароходтар сатып алып, бүкіл Ертіс өзені бойынша жүк жəне 

адам таситын жолды жақсартты. Алтай мен Шығыс Қазақстан кендерінде алтын өңдеп, тау-кен ісімен 

айналысты.  Тез  арада  Семей,  Змеиногорск,  Өскеменде  зергерлік  дүкендер  ашылды.  Мусиндердің 

байлығы үнемі ұлғайды. 1900 жылы Мусиндердің ресейлік жəне қазақтардың банктеріндегі капиталы 

2,5 млн. АҚШ долларын құрады [5]. 

ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары Семей облысында барлық Ресейде сияқты қорғау ұйымдары 

мен қоғамдары құрылды. Семей кедейлерін қорғау туралы қоғамның мүшелері қатарында Ширияздан 

Юсупфович Рафиков, Муса Хисматуллович Халитов, Мухамед Гирей Хусаинович Мусагаитов болды 

[6]. ХІХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақтарда білімнің дамуы да татар молдалары мен мұғалімдерінің 

ағартушылық қызметімен де тығыз байланысты болды.  

Семей облысындағы татар халқының негізгі кəсібі бойынша өндірістік емес салада 832 адам (8%), 

кен  өндіруде 2880 адам (29%), өндірістік  салада 5696 адам (57,3%) жұмыс  істеді.  Хабарлама 

жолдарында 2759 адам (27,8%), саудада 6485 (65,24%) адам қызмет етті, басқа істермен 823 (8,28%) 

адам  айналысты,  яғни  татар  халқының  ішінде  сауда  ең  кең  тараған  кəсіп  болды  деген  қорытынды 

жасауға болады. Семей облысындағы татар халықтың ішінде: мещандар (60,8%), шаруалар (19,6%), 

жатжерліктер (13,7%), көпестер (5,24%), əскери  казактар (0,4%), құрметті  адамдар  мен  олардың 

отбасы (0,2%), сонымен  қатар  дворяндар  мен  олардың  отбасылары,  жеке  дворяндар  жəне  тағы 

басқалар болды [4]. 

Татарларда ер адамдар мен əйел адамдар арасындағы сауаттылық бірдей болды, бірақ сауаттылық 

деңгейі бойынша татарлар орыстар мен қазақтардан жоғары тұрды. Мұны оқу орындарында оқыған 

оқушылар  саны  да  дəлелдейді.  Мысалы,  ХІХ  ғасырдың  аяғында  Семейдегі 36 қалалық  оқу 

орындарында 1549 оқушы оқыса, солардың ішіндегі 7 татар мектебінде 507 оқушы оқыған. Яғни оқу 

орындарында  оқығандардың 26,9%-ін  қалалық  мешіттер  маңынан  ашылған  татар  мектептерінің 

оқушылары құраған [7]. 

Қазіргі Семейде бұрын универмаг болған ғимаратта бүгінде «Дана» деп аталатын сауда үйі тұр. 

Бұрын  универмаг  салынбай  тұрғанда  оның  орнында  бірінші  гильдиялы  татар  көпесі 

С.И.Ниғматуллиннің  екі  қабатты  сауда  дүкені  тұрды.  Оның  ауласында  кең  етіп  салынған  тағы  бір 


298 

 

ғимарат  болды,  онда  ”Ярдам”  баспаханасы  орналасып,  жұмыс  істеген.  Осы  баспаханадан  кезінде 



ақын  Шəкəрім  Құдайбердиевтің  шығармалары,  педагог-жазушы  Тайыр  Жомартбаевтың 

шығармалары  басылып  шықты.  Кітаптарды  арзан  бағаға  беріп,  кедей-кепшіктерге  кейбір  сəттерде 

тегін  үлестіріп  берген  баспахана  банкротқа  ұшырағанға  дейін  «Ярдам»  Семей  жұртшылығының 

сүйіспеншілігіне ие болды, оны халық бір ғасырдай есте сақтады. Сыдық Ниғматуллиннің үлкен ұлы 

Юнус  Ниғматуллин  Семейде  тұңғыш  рет  «Ярыш» (казақшасы  «Жарыс»)  деп  аталатын  футбол 

командасын ұйымдастырды. Ол оқиға 1913 жылы болды. Бұл командада жазушы Мұхтар Əуезов те 

ойнады.  Юнус  пен  Мұхтар  өте  жақсы  дос  жəне  екеуі  де  Алашордаға  мүше  болған. «Ярдамды» 

ұйымдастырған  екінші  кісі  Сұлтан  Ниғматуллин  Сыдық  көпестің  туған  інісі.  Ол  Семейдегі  Затон 

бөлімінде жекеменшігінде тон тігетін цех пен сабын қайнататын завод ұстады. Сұлтан Ниғматуллин 

Семей шаһарында өртке қарсы қоғам ұйымдастырған, өз қаражатымен қоғам үшін талай жабдықтар 

сатып  алды.  Өрт  сөндірушілерді  жалақы  төлеп  оқытты.  Семей  қаласының  өсіп-өркендеуіне  елеулі 

үлес қосқан қалталы азаматтардың бірі Мусиндер əулеті болды [8]. 

1908  жылы  Латип  Мусин  Қалжыр  өзенінде  су  электр  станциясының  құрылысын  бастайды. 

Осымен  бір  мезгілде  Зайсан  уезінде  қант  зауытының  құрылысын  жүргізуді  де  қолға  алады.  Оған 

қажетті  құрылыс  материалдарын,  цементті,  металды  Қара  Ертіс  арқылы  өз  есебінен  жеткізеді. 1914 

жылы  Латип  өз  су  кемелерін  жаңарта  бастайды.  Кемелердің  қайраңдап  қалмауы  үшін  көптеген 

шақырымдарға  жаңа  бакендер  қояды.  Мусиндер  қай  іске  болсын  тиянақты  қараған.  Мəселен, 

диірменде  ұнның  сапалы  болып  тартылуымен,  оның  тоқтаусыз  жұмыс  істеуі  үшін  бидай  мен  қара 

бидайдың құрғақшылыққа төзімді сорттарын таңдаған. 1903 жылы Мəскеу көпесі Г.Елисеевтен қара 

бидай  сатып  алады.  Ол  Семей  жерінде  жақсы  өнім  берген,  құрғақшылық  жылдардың  өзінде 10 

центнерден,  ал  ылғалды  жылдары  одан 30 центнерге  дейін  өнім  алған.  Мусиндерді  кез  келген 

пайдалы істер қатты қызықтырған.Семейдегі бір мұнаралы мешіттің салынуына да Мусиндер қаржы 

қосқан. Ол ХІХ ғасырдың сəулет өнеріне жатады. Академик Павлов атындағы көшедегі көп үйлерді 

Л.Мусин  салдырған,  мұнда  кезінде  дүкендер,  керуен  сарайлары  да  болған.Семей  қаласының 

өркендеуі мен өсуіне сол заманда қызмет еткен татар көпес-саудагерлердің еңбектері осындай ұшан-

теңіз болды [4]. 

1930  жылдарда  Қазақстанның  татар  диаспорасы  шоғырланған  елді-мекенде  арнаулы  татар 

мектептері болды. Кейін ол мектептер жойылып, таза орыс немесе таза қазақ мектептеріне айналып 

кетті. Кейін 1990 жылы Алматы, Астана, Семей қалаларында қазақ немесе орыс мектептері жанынан 

татар  бастауыш  сыныптары  ашыла  бастады.  Бұл  мектептер  басқа  қалаларда  да  біртіндеп  ашылып, 

жексенбілік мектептер деп аталды. Семейде татар сыныптарын татар мұғалімдері демалыс күндерде 

тегін оқытуды дəстүрге айналдырған. Сондай-ақ Семей қаласында Татарстанның мəдениетіне еңбегі 

сіңген  қайраткер  Габдол-Хакам  Ахунжановтың  басқаруымен  ұлттық  өнер  мектебі  жұмыс  істеп 

келеді. Онда  татар  мəдениеті  жайында  əңгімелер  өткізіліп,  татардың ою-өрнектері, ұлттық  киімдері 

жайында түсініктер беріледі [9]. 

Семей  татарларының  экономика  мен  мəдениет,  спорт  салаларына  қосып  жатқан  үлестері 

айтарлықтай қомақты. Олардың асыл қасиеттері жергілікті қазақтардың бауырмалдығымен ұштасып, 

өңірдің ұлттық достығы мен бірлігіне тірек болып тұр. 

 

Əдебиеттер: 

1. Абрамов Н.А.

 Областной город Семипалатинск. – Москва, 1861.

 

2. Завалишин И.И. Описание Западной Сибири Ипполита Завалишина. В 3 т. – М.: Изд. общества распространения 



полезных книг, 1862 - 1867. – [Т.1: Западная Сибирь - Тобольская губерния]. 

3.  Татары  Семипалатинского  Прииртышья.  Центр  документации  новейшей  истории  Восточно-Казахстанской 

области. – Семипалатинск, 2009. – 67 с.  

4. Фонд СИКМ. Семипалатинские областные ведомости. – 1909, № 14-15. 

5. Кашляк В.Н. Храмы Семипалатинска: прошлое и настоя

щее. – Семипалатинск. 2004. – 610 с. 

6.  Адильбаева  А.С.  Некоторые  проблемы  образования  городского  населения  Восточного  Казахстана  в  конце  ХХ-

начале ХХ века. //Материалы международной научно-практической конференции. Семей, 2010. – С. 480-485. 

8. Ражепаева Ф.З. Татарский народ Казахстана: история и демография. //Высшая школа Казахстана. 2006, №2. – С. 

232-237. 

9. Касымбаев Ж. История города Семипалатинска (1718-1917 гг.). – Алматы, 1998. – 276 с. 

 

 

 

 


299 

 

 



К.М. Рахимгалиева 

əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың  

«Археология жəне этнология» мамандығының  

1-курс магистранты (Алматы қ.) 

 

XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚ 

ХАЛҚЫНЫҢ ДƏСТҮРЛІ ҚОЛӨНЕРІ 

 

Қазақ  қолөнерінің  өсу  жолы,  өзіне  тəн  даму  тарихы  бар.  Ол  тарих  сонау  көне  замандардан 



басталады.  Оған  Қазақстан  жерінде  бұрын-соңды  жүргізілген  археологиялық  зерттеулердің 

нəтижесінде  анықталған  ежелгі  мəдениеттің  үлгілері  дəлел  бола  алады.  Мұның  өзі  қазақ  өнерінің 

республика  жерінде  мекендеген  сақ,  үйсін,  қыпшақ,  ғұн,  қарлұқ  жəне  тағы  басқа  көне  түркі 

тайпаларының мəдениетімен байланыстың айғағы. 

Қазақ халқы — кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мəдениеттің тікелей 

мұрагері  жəне  сол  дəстүрді  дамытушы,  жаңғыртып  байытушы.  Бұл  процеске  əр  кезеңде  Қазақстан 

жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия 

мен орыс халқының да мəдениеті əсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мəдениет сырттан келген 

мəдениет  элементтерінің  сан  толқынын  бойына  сіңі-  ріп,  үнемі  жақсару,  жаңғыру  үстінде  болды. 

Осындай толассыз дамудың нəтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында 

қазақ халқының дəстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді [1, 1-2-бб.]. 

Қазақтардың  қолданбалы  өнерінің  тарихын  зерттеуде  зерттеушілердің,  саяхатшылардың  жəне 

суретшілердің  нобайлары  маңызды  деректі  еңбек  қызметін  атқарды.  Қазақ  қолөнер  шеберлерінің 

күнделікті  еңбегінің  тым  ауырлығының  бір  себебі — олардың  басым  көпшілігінде  жабдықталған 

арнайы шеберханалардың болмауы. Əсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа ұсақ-түйек 

бұйымдар  жасайтын  шеберлер,  көбінесе,  қысы-жазы  өзінің  тұрғын  үйінде  немесе  жасатушының 

мекен-жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал-саймандары 

да  көшіқонға  қолайлы  шағын,  сыйымды  болды.  Сондықтан,  олар  жаздыгүні  елмен  бірге  жайлауға 

көшіп, өзінің шағын киіз үйінде-ақ істей берді. Ал енді, киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен арба-

шана,  жерағаш  сияқты  көлемді  құралдар  мен  бұйымдар  істейтін  шеберлер,  темір  ұсталары,  тас 

өңдеушілер,  көбінесе,  қысқы  мекенінен  кете  алмай  жатақта  қалады.  Сондықтан,  бұлардың 

кейбіреулерінде,  əсіресе  ұсталарда,  арнайы  қарапайым  дүкендер  болды.  Ал,  тастан  там  салып, 

құлпытас  жəне  басқа  бұйымдар  қашайтын  шеберлер  мен  үйшілердің,  арбашылардың  жұмыс  орны 

қыстаудағы қора бұрышында, шошалада немесе арнайы жасалатын лапас астында орналасгы. Оларда 

қазақ  ауылының  өмірі,  киіз  үй  жабдықтары,  оның  ажырамас  бөлігі  болған  кілем-киіз  бұйымдары, 

ұлттық киім, ағаш пен металдан дайындалған тұрмыс заттары, ас үй бұйымы, қару-жарақ, ер-тұрман 

жəне т.б. қайта жанданды.  

Қазақ  халқының  материалдық  мəдениетін  зерттеуге 1845 жылы  құрылған  Ресей  географиялық 

қоғамының  ғалымдары  П.  Маковецкий,  Н.  Ядринцев,  А.  Якоби,  Г.  Потанин,  М.  Красовский, 

И.Словцовтар  үлкен  үлес  қосты.  Олардың  зерттеулері  біртіндеп  академик  Ə.Марғұланның 

қазақтардың  халықтық  қолданбалы  өнерін  жалпылайтын  еңбегінің  негізіне  айналды. «Казахское 

народное  прикладное  искусство» [2, 31-40-бб.]  атты  үш  томдықта  ол  қола  дəуірінен  бастап XX 

ғасырдың басына дейінгі халық өнерінің бұйымдарынан Қазақстанда көнеден бері тұтынушылардың 

ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары  жайында  баяндайды.  Ғалымның  іргелі  зерттеуі  қазақтардың 

материалдық мəдениеті саласындағы жемісті зерттеулердің одан əрі жалғасуына бастау болды. 

1868 жылы М. Красовскийдің еңбегі жарыққа шықты, онда автор қазақтардың ою-өрнектері мен 

халық  өнерлерінің  түрін  сипаттайды.  Ол  «өндірістің  барлығының  арасында  киіз  жасаудың  ерекше 

орынға иеленетінін» ерекше атап өтеді [3, 21-б.]. Материалдық жəне көркемдік мəдениетті зерттеуде 

А.Добромыслов 1893 жылы көшпенді ортасында киіз өндірісінің пайда болу себебі мен қазақтардың 

үй  бұйымында  негізгі  түрі  ретінде  бекітілген  əлеуметтік-экономикалық  факторлардың  ықпалы 

туралы жазады [4, 42-б.]. 

Аса  көрнекті  ғалым-шығыстанушы,  тарихшы-этнограф  Шоқан  Уəлиханов  географиялық, 

этнографиялық зерттеулермен қатар ұлттық киімді, олардың өрнегінің ерекшеліктерін ескере отырып 

қарастырды [5]. 

1910-1920  жылдары  Қазақстан  облыстары  бойынша  ғылыми  экспедициялар  ұйымдастырылды. 

1913 жылы Семей облысында (Қарқаралы уезі) салынған А.Воронина-Уткинаның ағаш төсектер мен 

сандықтардың  суреттері  ұсынылған.  Олардың  бірегейлігі  оның  дəлдігінде,  автор  ойылған  өрнекті, 

металл  қондырғыларды,  сүйек  инкрустацияларын  анық  бейнелеген.  Сондай-ақ,  С.Дудин  оншақты 

экспедиңияларға катысып, Қазақстанның қолданбалы өнерін зерттеуде жемісті еңбек етеді. Қазақ ою-

өрнегі  қалыптасуының  нақты  уақытын  көрсетпей-ақ,  ол, «она,  как  никакая  другая  из  круга 



300 

 

центрально - азиатских и среднеазиатских орнаментальных систем, с которыми имеет много общего, 



сохранила  в  своем  составе  в  неизмененном  виде  многие  древнейшие  мотивы,  несмотря  на  поздние 

заимствовапия» - деп есептеді [6, 84-б.]. 

Соңғы  жылдары  республикамыздың  оңтүстік  аймақтарында  Қазақ  Ғылым  академиясының 

Этнография Институтының экспедициясы жұмыс істеді. Оған қатысқан О. Корбе, Е. Махова жəне т.б. 

[7]  қазақтардың  сəндік-қолданбалы  өнері  бойынша  материал  жинақтап,  жұмыс  жасауда  халық 

қолөнершілерінің шығармаларын əділ қарастырды. 

XX ғасырдың 50 жылдарынан кейінгі кезең дəстүрлі сəндік-қолданбалы өнерін зеттеудің шешуші 

кезеңіне айналды, онда отандық этнографтар, археологтар халық өнері, олардың технологиялары, ою-

өрнектері,  композициялары,  түстік  шешімдері  тараған  аудандардағы  толыққанды  экспедициялық 

зерттеулер  жүргізуді  бастады.  Халық  өнері  мен  ою-өрнегін  зерттеу  бойынша  негізгі  жəне  үлкен 

жұмысты  Ш.  Уəлиханов  атындағы  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясындағы  Тарих,  археология  жəне 

этнография институтының этнография бөлімінің ғылыми қызметкерлері атқарды. Олар 1955 жылдан 

бастап  жыл  сайын  ел  арасында  экспедициялар  жүргізді. 1956 жылы  Институт  еңбектерінде  бірінші 

рет Қазақстан аумағындағы кілем-киіз өндірісіне арналып, өзінде өнердің аталған түрлері өндірісінің 

технологиялық  ерекшеліктері  бойынша  құнды  мəліметтерді  жинақтаған  Ə.Масановтың  ғылыми 

жұмысы  басылып  шықты [8, 104-127-бб.].  Біздің  республикамыздың  əртүрлі  аудандарындағы 

материалды  жинақтау,  мейлінше  ұқыпты  зерттеулер  онымен  танысуға,  зерттеуге,  ғалымның 

жаңалақтарын кейінгі уақытта пайдалануға əсер етті. 

1990  жылдары  көрнекті  қазақ  кайраткері  Ө.Жəнібековтің  «Эхо...  По  следам  легенды  о  золотой 

домбре»  атты  кітабы  жарық  көрді [9, 7-б.],  ол  ұлттық  тұрмыс,  мəдениет,  қазақ  халық  қолөнерінің 

əртүрлі қырларына арналды. Ол басқа да көптеген ғалымдар секілді «Генетические связи казахского 

общества  со  своими  предшественниками - древними  саками,  усунями...  кыпчаками,  пожалуй,  ни  в 

чем  другом  не  находят  более  полного  подтверждения,  как  в  факге  сохранения  у  казахов 

археологически  прослеживаемого  антропологического  типа,  элементов  материальной  культуры, 

искусства,  ремесел  своих  предков...» - дегенді  ескеріп,  ХІХ-ХХ  ғасырлардағы  қазақтардың 

материалдық мəдениетінің туындыларына терең талдау жүргізудің қажеттілігін нақтылады.  

Қазақтардың əртүрлі кілем-киіз бұйымдарының көптеген техникаларын, ши тоқу (шым ши), асыл 

əрі  жартылай  асыл  тастардан  жасалған  қондырғылары  бар  зергерлік  өнер  шығармаларын 

инкрустациялаудың  шеберлігін,  үй  бұйымдарын,  қару-жарақты,  ат  əбзелдерін,  ер-тұрманды  жəне 

тағы  да  басқа  заттарды  сүйекпен  инкрустациялауда  ежелгі  бабаларынан  мұрагерлікпен  алғаны 

даусыз. 

Көшпенді  мəдениетінің  феноменін  ұсынған  дəстүрлі  қолданбалы  өнер  бойынша  ең  керемет 

материалдар  мұражай  экспозицияларында  қойылған. XIX ғасырдың  соңы  мен  əсіресе  бүгінгі  күні 

қатары  толыққан XX ғасырдың 50 жылдарына  дейінгі  туындыларды  сақтаған  этнографиялық 

коллекциялар,  Қазақстан  мұражайларының  қорлары  мен  сақтау  бөлмелері,  кілем-киіз  өнерінің, 

кестенің,  зергерлік  өнердің,  ағашты  көркемдеп  өңдеу  өнерінің,  теріні  безендіруді  жəне  сүйекті 

инкрустациялаудың үлгілерін ұсынады. Қазақтардың осы сəндік-қолданбалы өнері бес жүз жыл бойы 

халықтық шығармашылығының жалғыз түрі болып табылуымен байланысты болды. Өйткені заттық 

əлем тұрғын үй, киім, жиһаз, тіпті қозғалу құралын, жиірек олар көптеген мобильдік құрылыстар мен 

тек қана утилитарлық емес, сондай шеберлердің қырағы назарына алынатын. Жартылай көшпенділік 

өмірін  жүргізген  қазақтар  көркемдік  функциялары  бар  олардың  əшекейлерін  шеберлікпен 

дайындады.  Олардың  барлығы  бірігіп  халық  фольклорымен  бірге  халықтың  рухани-материалдық 

мəдениетін байытты. 

Оларға  ең  бірінші  кезекте - ағаштың  ең  қадірлі  түрлерін  қолданумен  жəне  бірде  бір  шеге 

пайдаланылмай,  тек  арқандардың-таңғыштың  немесе  мықты  арқан-баудың  көмегімен  ғана  (əрбір 

үйде  кездесетін  зат),  оларды  өріп,  жаңа  үйдің  мықты,  мызғымас  құрамы  жасалған  қарапайым 

техникалық  жетістіктерімен  кең  танымал  болған  ең  ыңғайлы,  мобильді  тұрғын  үй  ретіндегі  киіз  үй 

жатады.  Өрнектеліп  тоқылған  басқұрлар  киіз  үйге  əсемдік  береді,  оның  ұзындығы  киіз  үйді 

қапсырғанда еніне тура жететіндей болып келеді (басқұрдың ені 20-30 см, бас - бас, құр - жуан таспа 

немесе құрастыру мағынасында). 

Көшпенділік  жағдайдың  қажеттілігінен  туындап,  өрнектеліп  ойылған  ағаш  шкафтар — сандық, 

кебеже,  асадал,  аяқ  қап  (кісе) - кең  қолданысқа  ие  болған  тұрмыстық  мобильді  бұйымдардың  бірі 

болып  табылады. XX ғасырдың 30-40 жылдарына  дейін  оншақты  атаулар  ғана  қалды.  Аталған 

бұйымдардың көркемдік кұндылығы Ə. Марғұланның, Ө. Жəнібековтің, М. Мұқановтың жəне басқа 

да  отандық  ғалымдардың  зерттеулерінде  кеңінен  ашылған [10]. Ағашты  көркемдеп  ою  өнері 

толыққанды  болды,  ол  өмірдің  өзімен  баяндалса,  табиғи  материалдың  мəнерлілігін  бағалай  білу, 

бұйым пішінін күрделендіруге талпыну XIX ғасырдың шеберлерін екшелеп тұратын. 

Қай  халықта  жəне  қашан  да  болса  мұқтаждықты  жою,  баршылықты  молайта  беру,  халықтың 

тұрмысын жақсарту, киім-кешекті үй-жиһаздарын тиімді, қолайлы, сəнді де ұнасымды етіп пайдалану 


301 

 

халықтардың бəріне бірдей ортақ мүдде, ортақ арман еді. Соның нəтижесінде біздің бабаларымыз бен 



аналарымыз  кейінгі  ұрпақтар  үшін  көптеген  өнер  мұраларын  қалдырды.  Олар  біздің  өміріміздің 

зейнетті болуы үшін күрескенде неше түрлі азапты — от пен судың тар жол, тайғақ кешулерінен өтті. 

Жоқшылық,  қараңғылық,  тең-  сіздік  азаптарын  тартты.  Сөйте  жүріп  өз  елінің  тарихында  мəңгілік 

өнер өрнектерінің мұрасын қалдырды. 

Халық шеберлері байлыққа байлық қосып, молшылық жасаумен қатар, сол баршылықты байыпты 

етуге,  тұрмыстық  жиһаз-мүліктерімізді  сəндендіре  түсуге  үлкен  үлес  қосты.  Қолөнердің  əсем 

туындылары  коммунизм  құрылыс-  шыларына  рухани  азық  болатын,  эстетикалық  талғамын 

қанағаттандыратын,  сұлу  да  əдемі,  тиімді  де  ұнасымды  ұлттық  киімдер  мен  жасау-жабдықтарды 

жасады. 

Халық қолөнері шеберлерінің жасаған таңғажайып ою- өрнектері, алтын, күміс, əшекейлі заттары 

республикамыздың  қалалары  мен  ауыл-селоларында  кеңінен  насихатталып  келеді.  Ондай  əсем 

заттардың көптеген түрлеріне бауырлас республикалар мен бірсыпыра шетелдік саяхатшыларда таң 

қалып, тамашалай қарауда. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет