ГЛОССАРИЙ Аддиктивті мінез-қҧлық – зиянды әдеттерге бейімділік
(маскҥнемдік, нашақорлық, токсикомания т.б.).-
Акцентуация - белгілі бір мінез-қҧлықтың айқын
белгілерінің жиынтығы.
Анофтальм – кӛз алмасының болмауы, сирек кездесетін
кемістік.
Апатия - ӛмірге деген селқостық, ешнәрсеге қызықпау,
сҥлесоқтық.
Атония – бҧлшық ет тонусының жоғалуы.
Аффект – жҥйке жҥйесіне ауыр салмақ тҥскенде, пайда
болатын психикалық қозу, қатты ашулану кҥйі. Мҧндайда, мидың
бақылау қызметі тӛмендейді, адам кейде не айтқанын, не
істегенін байқамайды.
Әлеуметтікбейімдеу – даму мҥмкіндігі шектеулі баланы
әлеуметтік ортаға қосу, оның қоғамда ӛмір сҥруге бейімделуі.
Әлеуметтендірілу – индивидтің қоғамға кірігу ҥдерісі,
қажетті теориялық және практикалық дағдыларды меңгеруі.
Әлеуметтiк тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған,
жас нормативтерiн ескере отырып, дене кiрiптарлығына,
жинақылығы,
әдеттегi
қызметпен
айналысу
қабiлетi,
экономикалық дербестiгi мен қоғамға кiрiгу қабiлетi шектелуiне
байланысты, болуы мҥмкiн әлеуметтiк кемiстiктер дәрежесiн
анықтау.
Генетика – ағзаның тҧқым қуалау заңдылықтары мен
ӛзгергіштігін зерттейтін ғылым; генетикалық ақпарат – гендердің
жиынтығына енгізілген, ағзаның қҧрылысы мен қызметтері
туралы ақпарат.
Девиантты мінез-қҧлық – адам мінезіндегі, тәртібіндегі
заңға қайшы, қоғамдық тәртіпке қайшы, теріс қҧбылыстар.
Депривация – айрылу немесе ада болу. Баланың
қажеттіліктерін жеткіліксіз қанағаттандырылуы.
Диспозиция - адамның сыртқы әсерлерге жауап беретін,
спецификалық реакцияларын туғызатын, кӛптеген әртҥрлі мінез-
қҧлық белгілерінің жиынтығы.
Дистония – бҧлшық ет тонусының бҧзылуы.
266
Дисфория – кӛңіл-кҥйдің себепсіз бҧзылуы. Мҧндайда, бала
барлығына кері реакция жасайды, тҥсініксіз мінез-қҧлық
кӛрсетеді, бірақ, бҧл 1-2 кҥнге ғана созылатын уақытша кҥй.