Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет60/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Әлеуметтік бейімделу – мҥмкіндігі шектеулі балалардың 
әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда ӛмір сҥруге бейімделуі. 
Бейімделу ҥдерісі ҥнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. 
Кейде, адекватты емес мінез-қҧлық реакциялары, қиын 
психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сӛзбен айтқанда, 
дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптации кҥйі оңай 
пайда болғанмен, адаптация ҥдерістері ҧзақ уақытқа созылады.
Мҥмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе 
адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын 


94 
қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату, 
коррекция және компенсация жолдарымен жҥзеге асады. 
Түзету (коррекция) ҧғымы – психикалық және дене бітімдік 
дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және 
емдеу–сауықтыру шараларының жҥйесі кӛмегімен тҥзету. Бҧл 
жҥйе, баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын 
жеңілдетуге және жоюға бағытталады. 
Дефектологияда «коррекция» («педагогикалық коррекция») 
терминін, мінез-қҧлық ауытқуы бар балаларға қатысты, алғаш рет 
В. П. Кащенко енгізді. Кейінірек бҧл термин, ақыл-ойы кем 
балаларға қатысты қолданыла бастады. Қазіргі кездегі кӛмекші 
мектептер қызметінің мазмҧны, коррекциялық-тәрбиелеушілік 
тҧрғыда қҧрылады.
Оқытудағы коррекциялық немесе тҥзетушілік бағыт, арнайы 
білім беру мекемелері жҧмысының негізгі қағидаларының бірі 
болып табылады.
Ағылшын тілді елдерде, «коррекция» термині, арнайы білім 
беру саласында қолданылмайды, дамудағы кемшіліктерді 
психологиялық-педагогикалық жолдармен тҥзету, «remediation» 
сӛзімен тҥсіндіріледі. Ондағы тҥзету немесе коррекциялық 
педагогика – бҧл қҧқық бҧзушылық және оның алдын-алу 
мәселесімен айналысатын педагогика саласы.
Дамудағы ауытқуды тҥзету немесе коррекция жасаудың 
тҧтас тужырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М. 
Монтессори (1870 - 1952) жасады, ол сезімдік тәжірибе мен 
моториканың дамуы (сенсомоторлық коррекция), автоматты 
тҥрде ойлауды дамытады, себебі, олар ойлаудың алғышарттары 
деп есептейді.
Коррекция идеясының бҧдан кейінгі дамуы, бельгиялық 
педагог Декролиге (1871-1933) тән. Ол ақыл-ойы кем балалармен 
жҥргізілетін коррекциялық жҧмыстың ҥш кезеңнен тҧратын 
жҥйесін жасайды. Бірінші кезең – бақылау, бҧл кезең 
Монтессоридің сенсорлық мәдениетті қалыптастыру идеясына 
сәйкес келеді. Екінші кезең – ассоциацияларды қалыптастыру – 
ана тілін ҥйрену мен жалпы міндетті пәндерді меңгеру 
барысында, ойлау қабілетін қалыптастыру. Ҥшінші кезеңде – 
баланың сӛйлеу, сурет салу, еңбекету, ән салу, қимыл-қозғалыс 
қабілеттерін қалыптастыру. Мҧнда оқу материалының мазмҧны, 


95 
балалардың инстинкттері мен қарапайым физиологиялық 
ҥдерістеріне сай келуі керек.
Ресейде тҥзету жҧмысының теориясы мен тәжірибесін 
дамытуда жетекші рӛлді А. Н. Граборов (1885 - 1949) атқарды. Ол 
ақыл-ойы кем балалармен жҥргізілетін сабақтардың біртҧтас 
жҥйесін жасады, бҧл жҥйенің қҧрамына ойлау, есте сақтау 
ҥдерістерін дамытуға ықпал ететін ойындар, қол еңбегі, 
топсаяхаттар тәрізді, маңызды әлеуметтік мазмҧндағы жҧмыстар 
енеді. 
Ақыл-ойы кем балалармен жҥргізілетін тҥзету жҧмысының 
әріқарай дамуы мен зерттелуі, Г. М. Дульневтің атымен 
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет