Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет61/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Орнын толтыру (компенсация) – даму кемістігі немесе 
зақымдану нәтижесінде жойылған, бҧзылған қызметтердің орнын 
толтыру. Орнын толтыру кҥрделі, кӛп деңгейлі ҥдеріс. Бҧған 
зақымданған және жоғалған қызметтерды қалпына келтіру мен 
алмастыру енеді. Кемістіктің орнын толтыру, ағзаның бейімделу 
реакциясының бір тҥрі. 
Әдетте, компенсация ҥдерісіне ағза толық қатысады, ӛйткені 
қандай бір жҥйенің бҧзылуынан, ағзада ӛзгерістер пайда болады, 
олар тек зақымданған қызметпен ғана байланысты емес (алғашқы 
кемістік), ол басқа жҥйелерге әсер етеді (туынды кемістік). 
Мысалы, туа біткен немесе ерте пайда болған саңыраулық - 
алғашқы кемістік, ал сӛйлеудің қалыптаспай қалуы – туынды 
кемістік, бҧл ӛз кезегінде ойлау, есте сақтау сияқты психикалық 
ҥдерістерді тежеуі мҥмкін, бҧл – ҥшінші кемістік, егер осының 
барлығы, баланың жеке тҧлғалық дамуында ауытқулар туғызса,
тӛртінші кемістік болып табылады. Бірақ, зақымданған жҥйелер 
автоматты тҥрде ӛз қызметін ӛзгертіп, қайта қҧрылады, сӛйтіп, 
жаңа жағдайға бейімделе бастайды.
Ағза қызметтерінің компенсациясы, екі деңгейде жҥзеге 
асады: жҥйеішілік және жҥйеаралық. 
Жҥйеішілік орын толтыру немесе компенсация, сол жҥйенің 
ішіндегі мҥмкіндіктерді пайдалану есебінен жҥзеге асады. 
Мысалы, ӛкпе қабынған кезде, әдетте, тыныс алуға қатыспайтын 
жоғарыдағы тыныс мҥшелері жҧмыс істей бастайды; бір ӛкпе 
істен шықса, екіншісінің жҧмысы кҥшейе тҥседі. 


96 
Жҥйеаралық 
орын 
толтыру 
немесе 
компенсация, 
қызметтердің қатты зақымдануында болады, бҧл ағзаның кҥрделі 
тҥрдегі қайта қҧрылуы, зақымданған жҥйелердің орнына ӛзге 
жҥйелер қосылады.
Кҥрделі психикалық ҥдерістердің компенсациясы, кӛмекші 
қҧралдар кӛмегімен жҥзеге асады. Мысалы, есте сақтау 
кемшілігіне компенсация жасау, қосымша ассоциациялар 
туғызумен, мнемотехниканың басқа тәсілдерімен іске асады.
Анализаторлар зақымданған кезде, алғашқыда сақталған 
анализаторлар афферентациясы пайдаланылады, кейін бҧл 
байланыстар қалыптасқаннан кейін, афферентация «қысқарады», 
зақымданған жҥйенің сақталған буындары іске қосылады.
Мҥлдем жойылған немесе ауыр зақымданған анализаторлар 
компенсациясы, басқа сенсорлық жҥйелердің алмасуымен 
орындалады. Мысалы, кӛру кемістігі сипап-сезу мҥмкіндігімен 
алмасады. Мҥлдем кӛрмейтін адамдар, сипап-сезу қабілетін 
қоршаған ортамен танысу барысында, сӛйлеу мен ойлау 
ҥдерістеріне сҥйене отырып пайдаланады, сӛйтіп, айнала туралы 
мағлҧматқа ие болады. Ал кӛретін адамдарда, бҧл мағлҧмат 
немесе кӛрініс, тек кӛру арқылы алынған ақпарат негізінде пайда 
болады. 
Есту қабілеті жойылған жағдайда, сӛйлеуді қабылдау кӛру 
арқылы жҥзеге асады («ерін қимылын оқу»), дактиль әліппесін 
оқу. Жойылған қызметтердің орнын толтыруда, арнайы 
техникалық қҧралдардың маңызы зор. Мысалы, арнайы қҧралдар 
кӛмегімен, мҥлде естімейтін адамдар, дыбыстық сигналдарды 
жарық сигналдарына айналдырып, тани алады (сондай-ақ, 
дыбыстық сӛйлеуді баспа жазуға айналдыруға болады) т.б.
Кемістіктердің орнын толтыруда, психотерапияның рӛлі 
ерекше маңызды. Арнайы психологияда психотерапияны 
қолдану, К.Роджерстен басталады. Ҧзақ уақытқа дейін, 
психотерапевтік шаралар вербальды коммуникация, интеллект 
сияқты қалыпты дамыған адамға тән, компоненттер негізінде 
ғана жҥзеге асады деген теріс ҧғым орын алып келді. Бірақ ақыл-
ойы кем балаларда интеллектуалды әрекеттік болатыны және 
психотерапияда вербальды емес әдістердің қолданылатыны 
дәлелденді, мысалы, арттерапия.


97 
Н. П. Вайзман «педагогикалық терапия» (И. Е. Шварцтің 
термині) терминін пайдалана отырып, олигофрен оқушылармен 
психотерапевтік жҧмыстар жҥргізеді, нәтижесінде олардың зейін, 
қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын, оқу әрекетінің 
арта тҥскендігін кӛрсетеді. Сондай-ақ, психикалық дамуы 
тежелген балалармен жҥргізілген психотерапевтік жҧмыстарда
нәтижелілігін кӛрсетеді.
Коррекциялық жҧмыста арттерапияның тиімділігін, мектеп 
жасына дейінгі балаларға арналған артпедагогика мен арттерапия 
бағдарламасын даярлаған Е. А. Медведева дәлелдейді»
1
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет