Ата –аналық мінезқылықтың дамуының кейбір элементтері. Азық
инстинктінің тежелуі. Кейбір балықтардың аталықтары ұрықтанған уылдырықты
ауызынан шығарады.. Мысалы, анабасты әтеш балығы және цихлид
тұқымдастарының кейбір балықтары. Шабақтар уылдырықты жарып шыққаннан
кейін, біраз уақыт бойы әкесінің ауызында қалуды жалғастырады. Олар өздерінің
баспаналарынан уақытша шығып отырады және қауіп төнген кезде әкесінің ашық
тұрған ауызына қайтып келеді. Сом балықтарының бірі уылдырықты ауыз
қуысында емес, қарынында инкубациялайды. Бұл шабақтар үшін қауіпсіз боспана
болып табылады, олар бұл жерді емін – еркін болған кезде ғана тастап кетеді.
Аталықтардың кейбір түрлеріндегі азық қабылдауға байланысты
рефлекстері, құртшабақтарды өсіру кезінде әдетте тежелген болып келеді.
Ата – аналық мінезқылықтың азық табушы мінезбен өзара байланысы. Уылдырықтарын ұяға шашатын тилампия балықтарында, жас шабақтарын қорғау
үшін ата –анасының екеуіде қатысады. Олар шабақтарын қамқорлықпен бағады,
ал отарынан қалып қалғандарын әкесі ауызымен ұстап, ұяға апарады. К.Лоренцтің
бақылауы көрсеткендей, тилампия балықтары өз балаларын азықтық
объектілерден ажыратуға қабілетті. Ол келесі эксперименттерді сипаттады. Бірде
шабақтардың біразы, кешке қарай аналығы күзетіп тұрған ұяларында болған
кезде, аквариумға бірнеше құрттар тасталды. Аналық азықтан бастартты, ал
аталығы құрттарды ұяға жинады. Ол құртты ұстап алып, шайнай бастады. Осы
кезде, қалып қойған шабақтарын байқап қалды және ол құрттарды тастап,
балаларын ауызына кіргізді. Демек аталықтың алдындағы мәселесі: ол құртты
жұтып қойып, шабақтарды ұясына жіберуі керек еді. Аталығы бірнеше секунд
қозғалмады және оның сезімінің үрейленгенін бірден байқауға болады. Ал, кейін
ол шешім қабылдады – ауызының ішіндегін аквариумның түбіне дейін шашып
тастады және шабақтарын бақылап, құрттарды қомағайлықпен жеп қойды. Одан
кейін шабақтарды қайтадан алып, ұясына апарды.