2-ТАРАУ. ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ШЕТЕЛ
ТӘЖІРИБЕСІ
Түркі халықтарының латын графикасына көшуіне себеп болған
түрткіжайттар
Түркітілдес мемлекеттердің ішінде латын жазуын ең алғаш түбегейлі
қабылдаған ел - Түркия. Бұл елдегі латын графикасын қабылдау науқаны
ешқандай отаршылдық саясаттың астарында емес, керісінше, зайырлы қоғам
құру, әлемдік өркениетке ілесу мақсатында жасалды. Бұл, ең алдымен, әрине,
Түркияның тәуелсіз ел болғанымен тығыз байланысты. Осман империясын
сақтап қалған Мұстафа Кемал Түркия Республикасын жариялай салысымен-
ақ, Еуропа құндылықтарын ендіруге күш салды, дамыған Еуропа
мемлекеттерімен қатарласу үшін дамыған жазу керек деп жариялап, елді
латын графикасына көшіруге шешім шығарды. Ататүріктің бастамасын 1928
жылы 23 мамырда құрылған «Тіл комиссиясы» қадағалады.
Ел басшысы «қарапайым халық үшін күрделі әліпбиден құтылып, ал
мемлекет дамуы үшін кедергі келтірген сауатсыздықты жоюдың бір ғана
амалы - латынға көшу» деген берік ұстанымда болды. Түрік ғалымдары
зерттеулерінде: «Өкінішке орай, түркі қоғамында Мұстафа Кемал латынға
көшуді бір-ақ күнде ойлап, 3 айда жүзеге асырды» деген жаңсақ пікір
қалыптасқан, ал шындығында латын әліпбиіне көшу сонау ескі Османлы
заманынан бастап-ақ қолға алынған болатын», -деп жазады [18]. Сонымен,
жоғарыдағы құрылған комиссияның қабылдаған ережелері негізінде Мұстафа
Кемал Ататүрктің бастауымен 1928 жылдың 1 қарашасында Түркия
мемлекеті латын әліпбиіне көшеді. Латын әліпбиін қабылдағаннан кейін 1928
жылдың 1 желтоқсанында Тіл Алқасы алғашқы «Емле сөздігін» жарыққа
шығарады. Ататүрктің бастамасымен 1932 жылы 12 шілдеде «Түрік тілі
қоғамы» құрылып, халыққа латын жазуын меңгертуде орасан зор қызмет
атқарады, бұл қоғам латын графикасы негізіндегі түріктің ұлттық жазу
жүйесін қалыптастыруға барынша күш салады. Алайда әліпби құрастыруда
бірқатар кемшіліктер орын алғандығын түрік зерттеушілері жоққа
шығармайды. Мәселен, ң, қ, ұ дыбыстарының әліпби құрамына енбей
қалуынан күні бүгінге дейін орфографиялық ережеде қиындықтар орын алып
отырған көрінеді. Бұл мәселені шешу жолдары Түркияда қазіргі таңда
қайтадан көтеріліп жатыр.
Жалпы түрік елінің латын графикасына көшуіне саяси және әлеуметтік,
мәдени, лингвистикалық түрткіжайттар себеп болған. Осылардың ішінде
саяси түрткіжайтқа басымдық беріледі, яғни Еуропа елдерімен теңесіп, оқу,
білім, мәдениет жағынан алға шығуын көздеп, елді барынша дамытуды
мақсат тұтқандығы. Бұл туралы ғалым А.Фазылжанова түрік елінің датын
графикасын қабылдауы Мұстафа Ататүріктің жүзеге асырған маңызды
реформаларының бірі екендігін айта отырып, түріктердің латын графикасына
көшуінің негізгі себептерін былайша түсіндіреді: «Оның басты себебі Түркия
30
Республикасының өз даму бағытында батыс бағдарын ұстанғанынан, яғни
батыстың мемлекеттік моделін негізге алғанын және көршілес Еуропа
мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынасты орнатуды көздеуінен шығады»
[19].
1991 жылы Кеңес өкіметі тарап, одақтас республикалар егемендігін
алғаннан кейін Түркия түбі бір түркі мемлекеттерін саяси-экономикалық,
мәдени-гуманитарлық салаларда бірігіп, ынтымақтастық орнатуға шақырды.
Түркітілдес мемлекет басшыларының 1 құрылтайын да (1991ж.) алғаш
ұйымдастырып, басын қосқан Түркия болды, түркітілдес мемлекеттерге
білім-ғылым, мәдени салалар бойынша барынша қолдау көрсеткен де осы
Түркия елі. Түркітілдес мемлекеттердің латын графикасы негізіндегі ортақ
әліпбиге көшу идеясы да осы Түркияда көтерілді (ортақ әліпби 34 әріптен
тұрады). Әрине, түркі мемлекеттерінің экономикалық, саяси, т.б.
жағдайларына байланысты барлығы латын графикасына көшкен жоқ. Тек
Түркіменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан елдері латын графикасына көшу
туралы тез шешім қабылдап, түріктер құрастырған ортақ әліпбиді
қабылдамаса да, өз тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкес түзілген латын
әліпбиіне көшті. Әзірбайжанда 1992 жылдан, Өзбекстанда 1993 жылдан,
Түркіменстанда 1994 жылдан латын графикасы қолданысқа енді.
Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мемлекеттеріндегі әліпби реформасына
арнайы зерттеу жүргізіп, бұл елдердегі латын графикасын қабылдау
барысындағы лингвистикалық аспектінің тиімді-тиімсіз тұстарын, қолайлы-
қолайсыз жағдайларын, әліпби жобаларындағы графемалар құрамы мен оның
аталған ұлттар тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестігін, латын графикасының
ұлттық тілдердің дамуына қалай әсер еткенін және латын әліпбиіне көшуге
себеп болған негізгі түрткіжайттарды айқындап, бірқатар тұжырымдар мен
талдаулар жасаған зерттеуші А.Фазылжанова бұл елдердің латын
графикасына көшудегі экономикалық, саяси, тілдік, мәдени-әлеуметтік
факторларын жан-жақты ашып көрсеткен болатын. Мәселен, Түркия
Республикасына қатысты: «Түркі дүниесінен алшақта Еуропаның ортасында
отырған жаңа республиканың экономикасының қарқындап дамуы үшін
көршілес батыс елдерімен тығыз қарым-қатынас орнату үшін латыннегізді
жазуға көшудің маңызы зор болды» [20], деп түсіндіреді.
А.Фазылжанованың көрсетуінше, Әзірбайжандағы ХХ ғасырдың 90-
жылдары орын алған үлкен отаншылдық-серпіліс пен ұлттық сананың
асқақтап көтерілуі, Түрік Республикасымен тығыз қарым-қатынас жасауға
деген талпынысы графиканы реформалауға себеп болған саяси түрткіжайт
болса, кирил графикасының орыс тілінен енген сөздерді өзгеріссіз жазуға
мәжбүрлеуі, әрі моноконфессиялық (мұсылман діні) әзірбайжан үшін кирилл
жазуының діни жаттығы оны өзгертуге себеп болған тағы бір фактор болып
табылады, ал Түркиямен теледидар, сауда, БАҚ құралдары арқылы орныққан
мәдени қарым-қатынас нәтижесінде қолайлы жазуды талап етуі, әрі латын
жазуымен өркендеп өсіп жатқан Түрік мемлекетінің мәдениетіне,
31
экономикасының дамуына бет бұру керек деген көзқарастың күшеюі мәдени-
әлеуметтік түрткіжайтқа негізделген [21].
Ал өзбек тілінің латын графикасына көшуінің басты себептері «ұлттық
жазуға негізделген графиканың талап етілуі, әлемдік сауда, экономикалық
қатынастар үшін латын графикалық жазудың тиімді болуы, дүниежүзі
бойынша ақпарат алмасудың негізгі құралы латын графикасы болғандықтан,
соның негізінде ұлттық жазу әліпбиін жасау қажеттігі» [21] сынды саяси
және экономикалық факторлар түрткі болған. Өзбекстанда қабылданған
латын әліпбиінде кемшіліктердің өте көп болуы себепті оларды түзету
мерзімі 2010 жылға дейін созылған. Негізгі кемшіліктер қатарына «бір»
таңбамен әртүрлі фонемалық статустағы дыбыстардың белгіленуі, жазуды
интернетке икемдеуге басымдық берілгендіктен, ұлттық тілдің мүддесінен
шықпай қалғандығы, жаңа латын графикасында алынған 3 әріптік тіркес бір
сөздер құрамында бір дыбыс ретінде оқылса, келесі бір сөздерде екі дыбыс
түрінде оқылуы» [21] жатады. «Дегенмен өзбек тілінің дыбыстық жүйесіне
негізделген латын графикасындағы жазу кирил әліпбиінде қалыптасқан
қосамжар орфографиядан арылуға әрі өзбек жазба тілінің жүйеленуіне, оның
мәдениетінің дамуына оң әсерін тигізген», – деп тұжырымдайды
А.Фазылжанова [22].
Түркіменстан 1991 жылы 27 қазанда Тәуелсіздік туралы декларация
қабылдағаннан кейін тіл саясатына қатысты жаңа ұлттық заңнамалар
қабылдай бастады. Бұл елдің де латын графикасын қабылдауына ең бірінші
саяси факторлар түрткі болды. Зерттеушілердің көрсетуінше, Түркіменстанда
латын графикасына көшу барысында ескі араб жазуын қолданушылар
болмаған, керісінше, тоталитарлық жүйенің символы болып табылатын
кирил жазуынан құтылып, дыбыстық жүйені бейнелейтін жаңа латын
әліпбиін қабылдауға бірауыздан ден қойған. 1993 жылы Түркия президенті
Тұрғұт Озал Ашхабадқа ресми сапармен келгенде Түркіменстан президенті
Сапармұрат Ниязов Республикада латын әліпбиін енгізу туралы Жарлықты
ұсынған [23, 120-б.]. Сөйтіп «Тазе Түркмен әліпбиін» (Жаңа Түркімен
әліпбиі) қолданысқа енгізу шаралары қарқынды түрде қолға алынды.
Осының
негізінде
әліпби
реформасын
жүргізуге
қатысты
ұйымдастырушылық іс-шаралары, ғылыми-әдістемелік және оқыту базасын
құру іс-шаралары, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету
іс-шаралары жүзеге аса бастайды [23, 121-б.]. Түркіменстандағы латын
графикасына көшу реформасы 2000 жылға дейін созылды. Зерттеушілер
түркімендердің жаңа латын әліпбиіне көшудегі кемшіліктеріне «әліпби
реформасының белгілі мерзімде аяқталмауын, әліпби реформасының елдегі
этносаралық жағдайға кері ықпалын, ересектер арасында жаңа әліпбиді
үйретудің қиынға соғуын» [24, 100-б.]. Жатқызса, артықшылығына «жаңа
әліпбидің түркімен тілінің ұлттық фонетикалық ерекшеліктерін ескеріп
жасалғандығын, орыстанған атаулардың жаңа графикада ұлттық сипатта
32
таңбалануын және ортақ тоталитарлық санадан құтылғандығын» жатқызады
[24, 101-б.].
Егемендік алғаннан кейін Түркіменстанда ұлттық идеологияға
басымдық беріліп, тіл мен әліпби мәселесі алдыңғы орынға шықты, осыған
дейін басымдыққа ие болған орыс тілі ығыстырылып, оның қолдану аяғы
тарыла бастады. Тәуелсіздік алғаннан кейін, тек Түркіменстанда ғана емес,
бодандықта болған барлық респуликаларда ұлттық бағыттағы жұмыстар
қарқынды түрде қолға алынып, жүзеге асты. Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-
Мұхаммед бодан болған республикалардың егемендік алғаннан кейін
«ұлттық идентификацияға» барынша ұмтылғанын айтады: «Әлемдегі
алпауыт елдер өз отарларындағы ықпалды күшейту үшін екі мәселені мықтап
қолға алды. Оның бірі – тіл, екіншісі – дін. Отар елге алдымен миссионерлер
қаптап, тұрғылықты халықты дінінен аздырды, сосын біртіндеп тілінен
ажыратты. Мәңгүрттікке барар алғашқы екі қадам осы. Тарихтың пародоксы
сонда: бодандықтан бостандыққа ұмтылған халықтардың тәуелсіздік
жолындағы кез келген күресінің басты мотиві де осы екі ұран болып қалды.
Бұрынғы бодан елдер егемендікке қол жеткізген кезде отарлықтың кез келген
атрибутын лақтырып тастап, ұлттық идентификацияға ұмтылады» [25].
Жоғарыдағы талдауларды түйіндей келе, мынадай қорытынды жасауға
болады:
аталмыш
халықтардың
латын
графикасына
көшуінде
лингвистикалық, саяси-әлеуметтік қиындықтар ұшырасқанымен де латын
әліпбиі олардың мемлекеттік тілін дамытты, ұлттық жаңа жазу мәдениетін
қалыптастырды, интернетті, техникалық салаларды кедергісіз пайдалануға
жол ашты, ең бастысы, отаршылдық психологиядан құтылуға зор ықпалын
тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |