Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет26/79
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84037
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ (1)

 
 «Екі жұлдыз, бір тілек» 
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және 
бір тілек айтуды сұраңыз.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе. 
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» 
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) 
ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар: 
Бөліктің оң жағына 
Бөліктің сол жағына 
Мәтіндегі қатты әсер еткен 
тұстарды, үзінділерді жазады. 
Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір 
жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары 
қандай, қандай сұрақ бар т.б.) 
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, 
топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға 
арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар 
оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылған дұрыс. 
Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға, ақпаратты өз бетінше 
меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, кұдіретін, сипаты мен табиғатын ашып 
түсінуге бағыттайды. Сондай-ак, әдістің тиімділігі - мұнда сабақтан тыс калатын 
оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған 
қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. 
«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» 
Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай 
әрекеттерді атқарады: 


38 
1. 
Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады. 
2. 
Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады. 
3. 
Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл 
жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген 
дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы «-ов/-ев», «-ова/-ева» жұрнақтарын алып 
тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады. 
Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар 
аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы –жазудың өзі, сол себепті де 
тоқтамай, әрекеттене беру керек. 
Бұл ойсергектің мақсаты мынандай: 
Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол 
жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене 
араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі 
бөлігі де жұмысқа қосылатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет