Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет13/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91
Адыраспантӛбе 
Адыраспантӛбе - Жуалы ауданының «Дихан» ауылының 
жанында Алматы - Ташкент автомобиль жолынан солтүстікке 
қарай 400 - 450 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қаланың 
орны. Бұл қалашық туралы дерек жоқтың қасы. Тек кана Қазақ 
ССР 

інің 
энциклопедиясы 
мен 
Жамбыл 
облысы 
энциклопедиясында ғана қысқаша мәлімет келтірілген. 
Адыраспантӛбе қалашығы дӛңес жерге салынған, екі сатылы 
алаңнан тұрады. Бірінші (жоғарғы) алаңның жалпы аумағы 
180х180м. Оның ортасында тӛрт бұрышты кішігірім бекіністің 
калдығы бар. Екінші (тӛменгі) алаңның аумағы 100х100м. 
Қалашық айнала 1,5 - 2 метрдей ал қалыңдығы 5 – 6 метр дуалмен 
қоршалған. Адыраспантӛбенің батысында диаметрі 30 метрден 
астам биіктігі 2 метр шамасында дӛңес тұр.
Қалашық сай қабағында салынған, шығыс жағы егін салу 
үшін жыртылып тегістеліп кеткен. Табылған ыдыстар мен 
құрылыс бүйымдарына қарағанда қала тұрғындары VIII - X 
ғасырларда мекен еткен - деп тұжырымдауға болады.
Қазіргі кезде ол жерде Байтана руының ескі бейіті бар. 
Табылған заттарға қарап қала тұрғындары егін салып, мал 


32 
шаруашылығымен айналысқан - деп топшылаймыз. 
Адыраспантӛбе қалашығының жобасы. 
Шартты белгілер: 1-қамал, 2-дӛңес, 3-бұлақ, 4-қақпа 
Аққұм 
Аққұм - Билікӛл кӛлінің маңында Аса ӛзенінің солтүстік 
жағалауында орналасқан ортағасырлық қала. Бұл қала жұртын 
Г.И.Пацевичтің жетекшілігімен 1941 жылы Жамбыл облыстық 
археологиялык пункітінің экспедициясы зерттеу жұмыстарын 
жүргізген. Қала жұртының қазіргі сырт кӛрінісінің аумағы 50 
метрден астам, ал биіктігі 5 метрден асатын шағын тӛбешік. 
Бұл жерде күрделі қазба жұмыстары жүргізілмеген. Қалашық 
тас пен топырақ араластырылып салынған. Қазба жұмысы кезінде 
табылған қыштан жасалған құмыралардың, ыдыстардың 
сынықтарына қарағанда қалашық VII -XI ғасырларда тіршілік 
еткен деп топшылауға болады. Қалашықтың тұрғындары жер 
ӛңдеумен және мал ӛсірумен айналысқан қоныс болып табылады. 
(Бұл мәліметтер С.Жолдыбаевтың «Археологическая карта 
Казахстана» Алма - Ата 1960 атты еңбегінен алынды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет