Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет11/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91
Шақпақ әулие үңгірі. 
Жуалы ауданының Шақпақ елдімекенінің жанындағы 
Шақпақ тау жотасының батысында «Шақпақ әулие» аталатын 
шағын үңгір бар. 
Шақпақ әулие үңгірі түрлі пішіндегі жақпар тастардың етек 


25 
жағында орналасқан аузы солтүстікке қараған шағын үңгір. Оның 
тереңдігі 6 метр ал биіктігі 2,5 метр болады. 
Шақпақ әулие туралы Ә.Байбатшаның еңбегінде, «Біздің 
дәуірімізге дейінгі заманның соңында ӛмір сүрген Шақпақ әулие 
(Үйсіннің 12 - ші ұрпағы) мекендеген жер Шақпақ ата деп 
аталады» - деген мәлімет келтірген. (Қазақ даласының ежелгі 
тарихы. Алматы 2002, 170 б) 
Бұл үңгірді жұрт әулие санап ауру - сырқаулар мен тумаған 
әйелдер басына түнеп зиярат етіп жатады. Үңгір алдындағы 
шеттікке ырым етіп шүберек байлайды. 
Шақпақ әулие үңгірі туралы ел аузында түрлі - түрлі аңыз 
әңгімелер айтылады. Соның бірінде Шақпақ әулие Шақ және Пақ 
деген егіз кісі екен. Осы жерде оларды қарақшылар ӛлтіріп 
кетіпті. Олардың әруақтары түйе болып, тазы болып осы маңда 
жүреді екен делінеді. 
Шақпақ әулие үңгірінде шырақшы болып жүрген Дербіш 
Дүйсенбіұлы үңгір маңындағы тастар туралы: «Мына тастардың 
барлығының ӛз аттары бар, мысалы: «Жігіт пен қыз», «Арыстан 
тас», «Басын кескена адам», «Тӛрт бура», «Екі басты айдаһар», 
«Бүркіт әулие», «Құмай тазы» т.б.б деп түсіндіреді.
Шақпақ әулие үңгірінің тӛңірегіндегі тастарда аппақ, бір - 
біріне ұрғыласа от шығатын шақпақ тастары кездеседі. 
Бұрынғы кезде осы тастардың ортасына мақта қойып ұрғылау 
арқылы от тұтатқан екен. 
7. Ұлы Жібек жолының Жуалыдағы сілемдері 
Ұлы Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІІ – ІІ 
мыңжылдықтарда елшіліктің және сауда – саттықтың тұрақты 
желісі ретінде қызмет атқара бастағаны бізге тарихтан белгілі. Ол 
Қытай мен Батыс елдерін байланыстыра Тынық мұхиты мен 
Жерорта теңізі аралығындағы сауда мен мәдени қарым – 
қатынастардың күре тамыры болғандығы аян. 
Қазақ даласының барлық аймақтарын қамтитын Ұлы Жібек 
жолының ең басты жиһазы жібек болған. Алтынмен бірге ол 
халықаралық валюта ретінде пайдаланылған, оны хандар мен 


26 
елшілерге тарту еткен, мемлекеттік қарыздарды жібекпен тӛлеген. 
Қазақ жеріндегі табылған археологиялық олжалар соның айғағы. 
Ұлы Жібек жолына байланысты қарым - қатынастар 
Бадахшан тауларында кӛктас, ал Жаркентдария ӛзенінің жағалауы 
мен Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы 
себепті жолға қойылған болатын. Бадахшанның кӛктасы Иранға, 
Мысыр мен Сирияға, Анадолға ал І мыңжылдықтың орта 
кезеңінде Қытайға жеткізілді. Осы «Кӛктас жолымен» қатар 
Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырып отырған «Нефрит 
жолы» болғандығы Е.И. Лесниченконың (Великий Шелковый 
путь // Восточный Туркестан в древности и раннем 
средсновековыье 1956, №1, 33б) және Қазақстан тарихының 1 
томында кӛрсеткен. (Қазақстан тарихы І том. 492 бет.) 
Ұлы Жібек жолы туралы тарихи фактілерге сүйенсек 629 
жылы Қытайдан шыққан буддалық тауап етуші Сюань – Цзян 
ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын 
берген жібек туралы алғашқы деректерді жазып қалдырған. Ал 
«Дала жолының» б.з.б І мыңжылдықтың орта кезінде жандана 
бастағаны туралы Геродоттың жазбаларында да кездеседі. 
VІ – VІІ ғасырларда Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік 
Қазақстан арқылы ӛтетін жол жандана түсті де елшілер мен сауда 
керуенінің кӛпшілігі осы жолмен жүрді. Оның негізгі бағыты 
Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас аңғары – 
Шу аңғары – Ыстықкӛл ойпаты – Шығыс Түркістан болды. 
Қазақстан тарихының І томында батыстан шығысқа қарай 
жүріп ӛткен Жібек жолының Қазақстандағы бӛлігі былайша 
кӛрсетілген: «Жол Шаштан (Ташкенттен) шығып, Тұрбаттағы асу 
арқылы Жібек жолындағы аса ірі орталықтың бірі Испиджабқа 
беттейді. Испиджабтан керуендер Шығысқа, Шарап, Будухкет 
қалалары, Тамтаж (Түлкібасы) және Абараж керуен сарайлары 
арқылы Таразға беттейді». (Қазақстан тарихы І том. 495 бет.) 
Ұлы Жібек жолының негізгі арнасына орналасқан Жуалы 
жеріне қатысты деректер Убейдаллах ибн Абдаллах ибн 
Хордадбектің күнделіктерінде келтірілген. Онда Тамтаждан кейін 
Ұлы Жібек жолының керуені Абараж, (Мыңбұлақ - Шақпақ 
станциясының оңтүстігіндегі қалашық) онан кейін Баркуаб (Теріс 


27 
ӛзенінің оң жағалауындағы керуен бекеті) онан әрі қарай Шаугар 
(Күйік асуындағы Күркіреусуға жақын жердегі керуен бекеті) 
арқылы Жувикеттен Таразға жеткендігі айтылады. Бұл мәліметті 
Бағдадтың жиһангер Кудама ибн Жафар да Х ғасырдың басында 
қайталайды. 
Мұндағы кӛрсетілген Ұлы Жібек жолының бойында 
орналасқан Абараж, Баркуаб, Шаугар қалашықтарының қатарына 
Шақпақ қалашығын сол сияқты Қайрат елдімекенінің үстіңгі 
жағындағы «Нан жер» аталатын VІІ – ХІІ ғасырлардағы және 
Кӛлтоған ауылының үстіңгі жағындағы VІІІ – ХІІ ғасырлардағы 
аты жоқ қалашықты қосу қажет. Ӛйткені Ұлы Жібек жолы 
Шақпақ асуы арқылы асып, Алатаудың етегімен жүріп отырып 
аталған қалашықтар арқылы Таразға бет алған.
Жоғарыда кӛрсетілген Ұлы Жібек жолының негізгі 
арнасынан басқа жолдың бір тармағы Кіші Қаратаудың солтүстік 
бӛктерімен ӛткен. Ол туралы Аль – Макдисидің 985 жылы жазған 
күнделігінде келтіріледі. 
Қазақстан тарихында бұл жол туралы былай жазылған: 
«Армян патшасы Гетум мен монах Рубрук солтүстік Арал 
ӛңірінен Монғолияға осы жолмен сапар шеккен. Бұл жолдың 
бойында Созақ, Ұрысоған, Құмкент, Сӛгілкент қалалары 
орналасқан. Жол Таластың тӛменгі ағысына шығарып, одан 
жоғары ӛрлеп, Таразға кӛтерілген, Билікӛлдің батыс жағасын 
бойлап, Берукет – Паркет, Құттықшын қаласы арқылы тағы да сол 
Таразға жеткен.(498 – 499беттер.) 
Ұлы Жібек жолының Жуалыдағы сілемдері тӛмендегі 
суретте кӛрсетілген. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы 
ӛтетін Жібек жолының негізгі торабынан солтүстік пен шығыс 
бағытқа жолдар шығып, олар Орталық және Шығыс Қазақстан 
аудандарына, Дешті қыпшақ даласы, Ертіс жағалауы мен Алтай 
арқылы Монғолияға апаратын болған. 
Ұлы Жібек жолының Жуалы жері арқылы ӛтуі жоғарыдағы 
аты аталған қалалардың ӛсіп, кӛркейуіне септігін тигізген. Осы 
кездегі жер қазу жұмыстары кезінде әсіресе Шақпақ 
қалашығының шығыс іргесіндегі Керуен сарайдан, Қайрат және 
Кӛлтоған елдімекендерінің оңтүстік жағындағы бейіт маңдарынан 


28 
кӛптеген ыдыс – аяқтар, құмыралар қыштан жасалған т.б әшекей 
бұйымдар сияқты айғақтар табылып жатады. Бірақ бұл табылған 
бұйымдар мұражайларға жетпей, жеке адамдардың қолында 
қалып қоюда. 
Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін маңызы бар, ол арқылы 
біз ӛткен тарихымызды танимыз. Осы Ұлы Жібек жолы ӛткен 
Абараж, Баркуаб, Шақпақ, Шаугар сияқты қалалар мен 
бекеттердің орындарына ескерткіш тақта орнатылып, заттай 
айғақтардан мұражай ұйымдастырылса оның келер ұрпақ үшін 
танымдық және тағылымдық маңызы мол болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет