Байдалиев Д. Д


Ұлы Жібек жолының Жуалыдағы сілемдерінің картасы



Pdf көрінісі
бет12/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91
Ұлы Жібек жолының Жуалыдағы сілемдерінің картасы 
8 Жуалы аймағындағы ортағасырлық қалалар 
Абарджадж қаласы 
Бірқатар оқулықтар мен тарихи кітаптарда аты аталатын 
Мыңбұлақ - Абарджадж қалашығы туралы деректер Қазақстан 
тарихының І томында «Абараж қаласы» - деп кӛрсетілген. 
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Теріс ӛзенінің 


29 
алабы ежелден - ақ Мыңбұлақ аталған екен. Бұл жердің толық 
сипаттамасын алғаш шамамен 630 жылы осы аймақта болған 
қытай жиһангері Сюань - Цзян жазып қалдырған екен. 
«Мыңбұлақ елінің территориясы шамамен 200 шаршы ли 
болады, оның оңтүстігін қарлы таулар (Алатау) шектейді, ал 
қалған үш жағы біркелкі жазық. Кӛктемде жердің беті масаты 
кілемдей құлпырады. Бұл жерде кәусар сулы сансыз бұлақтар 
ағып жатады, сол себепті «Мың бұлақ» аталған» - деп кӛрсетеді. 
(Ә.Байбатша Қазақ даласының ежелгі тарихы. Алматы: Санат, 
2002) 
Мыңбұлақ туралы Араб жиһангері Убейдаллах ибн 
Абдуллах ибн Хордадбек (846 жылы) және Кудама ибн Жафар (X 
ғасырдың басында) ӛздерінің қолжазбаларында, Абарджадж 
үлкен тӛбе, оның айналасынан мындаған бұлақтар ағып шығады, 
олар қосылып бір ӛзен құрайды. Ӛзен шығысқа қарай ағады
сондықтан оның аты Баркуаб, аудармасы «кері бағыттағы ағатын 
ӛзен» дегенді білдіреді – деп сипаттаған. Бұл қазіргі Теріс ӛзені. 
Осы жерге VIII ғасырдың басынан белгілі болған, жақсы 
бекіністері бар Абарджадж қаласын Батыс Түрік қағанатының 
қағаны Ышбара хан 651 жылы салып, ӛзінің ордасын осында 
кӛшіріп әкелген. Қаланың оған дейінгі аты Мыңбұлақ болған
 
 
деген мәліметтер келтіреді. 
Жамбыл облысының энциклопедиясында: «Ышбара хан 
(Халлығ, Хэлу 651 - 669ж.ж) Батыс Түрік қағанатының оныншы 
және соңғы ханы, Істеми ханның ұрпағы делінген. Оның шын 
есімі белгісіз, Батыс Түрік қағанатының саяси тарихында 640 - 
шы жылдардан бастап кӛріне бастайды, Мыңбұлақ деген жерде 
ӛзіне арнап бекіністі қала салдыртады» деп жазылған. 
Ызбарлы хан туралы Л.Гумилев оның атын Шабало - хан 
Ашіна Хэлу немесе Халыг, Шабало - деген хан қытайша аты, 
оның мағынасы «айбарлы» «құдіретті» ал түрікше Ышбара деп 
түсіндіреді. Ол «651 жылдың жазында Дулыханның бұрынғы 
жерлерін басып алады. Ол ӛзі мен ӛзінің жасауылына арнап, Мың 
бұлақ алқабынан бекіністі қала салдырады, ал баласына 
«Баһадур - жабғы» лауазымын береді. (Л.Гумилев. Кӛне 
түріктер. Алматы, 1994, 103 бет) 


30 
Ұлы Жібек жолының негізгі арнасында орналасқан қалалар 
мен керуен бекеттері туралы деректі Араб географы, мемлекеттік 
байланыс қызметкері Убейдаллах ибн Хордадбек 846 - 847 
жылдары жазған күнделігінен үзінді келтірейік: «Испиджабтан 
(Сайрам) Будухкетке келдік, одан Тамтаджға, (Түлкібас) одан 
Абарджаджға (Мыңбұлақ) 4 фарсах жол жүрдік, одан 
Баркуабтағы (Теріс) бекетке дейін 6 фарсах жол жүріп Жувикет 
арқылы Таразға жеттік»
– деген. Кӛрсетілген қалалар мен керуен 
бекеттерінің ара қашықтығы 2 8 - 3 0 шақырым барын болжау қиын 
емес. (1 фарсах 7 - 8 шақырымға тең) 
Аль - Макдисидің 985 жылы жазған деректерінде Абарджадж 
қаласын Барджах қаласы деп кӛрсетеді. 
К.Байпақов «Қазақстанның ежелгі қалалары» - атты 
еңбегінде, Абарджадж (Барджадж) қаласы туралы тӛмендегідей 
мәлімет береді. 
«Бұл қала Испиджабтан шығысқа қарай 17 фарсах жерде 
орналасқан. Қала және оның тӛңірегі туралы жазған IX ғасырдағы 
араб 
географы 
ибн 
Хордадбектің 
айтуына 
қарағанда, 
«Абарджаджда арнасынан шығысқа қарай бағыттап жатқан 
«Баркуаб» деп аталатын, яғни теріс ағатын су дегенді білдіретін 
мың бұлақ бар» екені белгілі. Архелогтар қаланың орнын іздеуде 
осы Баркуаб ӛзенін басты бағдарға алды. Оның орналасқан жері - 
Бурное, қазіргі Б.Момышұлы атындағы ауылдың маңы. Ауылдың 
сыртында VII - XII ғасырларға жататын қалашық бар. Ол 
Абарджадж қаласы болуы мүмкін» - делінген. (К.Байпақов 
Қазақстанның ежелгі қалалары. Алматы: Аруна 2005, 256б.) 
Абарадж қаласы туралы барлық деректерді қарастыра 
отырып негізін 651 жылы Ызбарлы Халық хан қалаған қала 1219 
жылы Шыңғысханның шапқыншылығынан ӛзінің ӛмір сүруін 
тоқтатқан сияқты. Есептеп қарасақ қала 568 жыл ӛмір сүрген 
деген болжам жасауға болады. 
Осы жазба деректерді саралай отырып Абарадж Ұлы Жібек 
жолындағы Қытай мен Батыс елдерін жалғастырып отырған сауда 
мен мәдени қарым - қатынастың қаласы болғандығын кӛреміз. 
Кезінде қытай, араб жиһангерлері тамсана жазған Мыңбұлақ 
мекені, айналасы биік дуалмен коршалған, биік мұнаралы, кіріп 


31 
шығатын қақпалары бар Абарадж қаласы Ұлы Жібек жолының 
бойындағы Құлантаудың аузында орналасқан. Қаланың қазіргі 
орны Жуалы ауданының Оңтүстік Қазақстан облысының 
Түлкібасы ауданымен шектесер жеріндегі Шақпақ темір жол 
станциясынан оңтүстікке қарай 1 шақырымдай жерде. Батыс 
жағында Шақпақ белі мен Құлантау жотасы арқылы 
жапсарласып жатқан тӛбеден іргелес жатқан екі ауданның
кӛз жетер аймағы алақандағыдай айқын кӛрінеді. 
Тарихи деректердегі айналасы биік дуалмен қоршалған 
арнайы мұнаралы, қақпалары болғандығын қаланың қазіргі 
сұлабасы нақтылай түседі. Қазіргі кезде тӛбенің айналасындағы 
егінді алқапты ӛңдеп, жер жыртқанда бұл жерден қаланың 
болғандығын айғақтайтын кӛптеген қыш, керамикалық ыдыс - 
аяқтардың, қыпшақ кірпіштерінің сынықтарын кездестіруге 
болады. Бірақ қала орны әлі күнге дейін арнайы зерттелмеген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет