Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет10/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91
қоныс тепесі. (Қарабастау ауылының 
жанында болғандықтан осылай атадық) Билікӛл аймағына 
қарасты Қарабастау ауылының солтүстік – батыс жағында 1,5 
шақырым жерде орналасқан, қазіргі сипаты биіктігі орташа 
тӛбешік. Қарабастау қоныс тепесі VІІІ – ХІІ ғасырларға жатады. 
Екінші Қарасаз қонысы. Қарасаз ауылының аймағында 
орналасқан. Орналасқан жері Қарасаз ауылынан солтүстікке 
қарай 1 шақырым жерде Зыковка ауылының жанында, 
Бауыржан Момышұлы – Қошқарата автомобиль жолының 
бойында. Қоныстың дәл жанынан Шақпақ ӛзені ағып жатыр, 
тӛбенің батыс жағын су шайып жарлауыт болып қалған.
Қоныстың биіктігі 15 – 16 метрдей ал алып жатқан аумағы 
0,7 гектердай. Бұл жерде қазір Қарасаз, Зыковка ауылдарының 
ескі бейіті бар. Қоныс тұрғындары VІІ – ХІ ғасырлар арасында 


24 
ӛмір сүрген. 
Үшінші Қоңыртӛбе қонысы Шақпақ ауылдық округіне 
қарасты Ынтымақ ауылының оңтүстік шығыс жағында 
орналасқан. Бұл қоныс та Қарабастау мен Қарасаз қоныстары 
сияқты VІІ – ХІ ғасырлардың аралығындағы архитектуралық 
нысан болып саналады.
Қоңыртӛбе қонысының шығыс жағынан Шақпақ ӛзені ағып 
ӛтеді. Қоныс тӛбенің шығыс жағының үштен бірін ӛзен суы 
шайып, биік жар болып қалған. Жергілікті жұрт оны осы 
сипатына қарай «Жартытӛбе» деп атайды. Бұл жерде қазір 
Шегір руының бейіті бар. 
Тӛртінші Мүрделітӛбе қонысы - VІІ – ХІІ ғасырларға 
жататын ескі тарихи археологиялық нысан болып табылады. 
Орналасқан жері Билікӛл аймағындағы Қарабастау ауылының 
солтүстік батысында 3 шақырым жерде. Мүрделі тӛбе 
қонысының жанынан 150 метрдей жерден Тараз – Қаратау 
автомобиль жолы ӛтеді.
Мүрделітӛбе - ежелгі бекініс орнын 1938 жылы 
А.Н.Бернштамның 
жетекшілігімен 
Жетісу 
археологиялық 
экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде ол 
жерден табылған қыш құты, керсен, күбі сынықтары сияқты 
заттардың жасалу тәсілдері мен пішіндеріне қарап мекен 
тұрғындарының VIII - XII ғасырларда ӛмір сүргендігін 
шамалаймыз. Мүрделітӛбенің қазіргі кӛрінісі жалпақтау келген 
тӛбе. Мұнда қазба жұмыстары жүргізілмеген. 
Біз Жуалы аймағындағы ерте темір дәуіріндегі болған 
обалар, қорымдар, қорған тӛбелерді жазғанда осы ӛңірде 
бірнеше жылдай зерттеулер жүргізіп үлкен еңбек сіңірген тарих 
ғылымының докторы, профессор Күзенбай Байбосыновтың 
материалдарын пайдаландық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет