62
Аса ӛзені
Жуалы жерінен басталып
Талас және Жамбыл аудандары
арқылы ағып ӛтіп Билікӛлге құятын, ұзындығы 105 шақырым
болатын ӛзен. Оның кішігірім 30-ға жуық саласы бар. Жуалы
ауданының жерінде ол Шақпақ, Теріс, Ақсай, Кӛксай, Күркіреусу
ӛзендері қосылған соң Аса ӛзені аталады. Асаның әсіресе
Күркіреусу ӛзенімен қосылған тұсы таулы аңғамен ӛтеді,
ағысы
ӛте жылдам.
Ӛте ерте кездегі табиғаттағы тектоникалық ӛзгерістердің
әсерінен Қаратау жоталарының кӛтерілуі үдей түскені белгілі.
Бірақ, ӛзендер алғашқы бағытымен кӛтерілген жоталарды шайып,
тілгілеп ӛзіне арна салып отырған.
«Шамамен 350 мың жылдың ішінде алғашында ӛзендердің
табаныныда жатқан беткейлердің қазіргі кезде 500 метрден астам
«ӛскенін» кӛреміз. Теріс ӛзені де аққан бағытын ӛзгертпей,
жолындағы Кіші Қаратаудың кӛтерілуінен болған кедергіні
«қиып» түскен. Су жарып аққан жота Маймақ бекетінің
тӛңірегінде Күркіреусу ӛзенімен қосылған тұсында кӛтеріліп,
оның биіктігі 300 метрден асады»
- деп жазады Әділхан
Байбатша. ( Қазақ даласының ежелгі тарихы. Алматы: Санат,
2002, 13 бет).
Осы тұста ӛзен тау шатқалында күркіреген дыбыс шығарып
аққандықтан ел оны «Күркіреусу» - деп атап кеткен. Ш.Айтматов
«Жәмила» повесінде Күркіреусу ӛзенін, Маймақ пен Шекерді тіл
жеткісіз тамаша етіп суреттеген.
Жамбыл ауданының жерінде Аса ӛзені Ақкӛл ауылының
шығыс жағынан ағып ӛтеді. Ол жерде ортағасырда салынған
әйгілі Айша Бибі кесенесі орын тепкен. Ӛзеннің «Аса» деп
аталуына байланысты ел аузында мынандай аңыз айтылады:
Тараздың жас батыры Қараханға ғашық болған Айша сұлу
сүйгеніне келе жатып осы ӛзеннің жағасына жетіп жуынып, дем
алмақшы болады. Осы кезде сәукеленің
ішіне жасырылған улы
жылан Айшаны шағып ӛлтіреді. Қос ғашық арманына жете алмай
арманда кетеді, яғни қыз әлгі ӛзеннен аса алмай кӛз жұмады.
Сондықтан жұрт ӛзенді «Аса алмаған» кейін «Аса» атап кеткен
дейді.
63
Бұл әрине аңыз ал, енді Геродоттың дерегі бойынша Қазақ
Даласын мекендеген сақ тайпасының ең үлкені Асы (Ассақтар)
атымен байланысты екендігіне кӛз жіткіземіз. Асылар батысында
Кіші Қаратау арқылы шектесіп,
шығысында Талас, Шу, Іле,
Тарбағатай мен Алтай аралығына дейін мекендегені, негізгі ата
мекені Жетісу болғандығын тарихтан білеміз.
Тарихшы У.Шалекенов, Асылардың Тұйық, Жайсан,
Шатырқұл кен орындарын игергенін жазса, Ә.Марғұлан
Асылардың Сарыарқадағы кӛптеген мәдени ескерткіштерін ашып
берді.
«Ассақтар, яғни Асы тайпасы б.д.д. 5 - 6 ғасырда құрылған
Ұлы жүз одағының бірі болып үйсін мемлекетінің құрамына
енген. Б.д.д. 2 ғасырда грек-бактриялықтарды
тас-талқан етіп
жеңген үйсін мемлекетінің Асы, Арыс тайпаларынан жасақталған
жауынгерлер еді» - деп жазады Ю.Зуев. (К этнической истории
усуней / труды и АЭ АН Каз ССР, 8т, 1960г).
Е.Қойшыбаев, Қазақстанның жер – су атаулары сӛздігі
кітабында «Аса» сӛзіне басқаша анықтама береді: «Аса кӛне
түркі, моңғол тілдеріндегі аша – ача «айрық» сӛзінің баламасы.
Ежелгі дәуірде Аша түрінде ӛмір сүргендей. Ӛйткені бұрынғы
Әулие – ата уезінде Аша болысы атты әкімшілік бӛлім
болғаны
бар» - деп жазады. (Қазақстанның жер – су атаулары. Алматы:
Мектеп, 1985, 52 – 53 беттер.)
Біздің пікірімізше, «Аса» - ӛзенінің атауы осы аймақты
мекен еткен сақ тайпасының атымен аталған. Бүгінде Жамбыл
ауданының
орталығы, теміржол бекеті, бірқатар елдімекендер
осы Аса тайпасымен аталады.
Асансай
Жуалы ауданының Ақтасты аталатын елдімекенінің шығыс
жағында 6 шақырым қашықтықта «Асансай» аталатын жер бар.
Бұл Асансай аталатын сай қонысқа және малға ӛте жайлы жер.
Кӛлтоған аталатын жерден ығысып, 1910 жылдардан кейін орыс
переселендерінің келіп шұрайлы
жерлерді иемдене бастаған
кезінде Сиқым руының Асан атасының ұрпақтары яғни, Асан
сиқымдар осы жерге келіп қоныстанған.
64
Сондықтан бұл сай Асан сиқымның есімімен аталған
этникалық атау.
Достарыңызбен бөлісу: