Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет34/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
 
Бақаты 
Жуалы ауданындағы Кӛсегенің кӛк жоны аталатын аймақтан 
басталып, Теріске құятын шағын ӛзен. Ұзындығы шамамен 30 
шақырымды құрайды.
«Бақаты» - атауы жұрт аузында айтыла келе «Бақатей» - 
болып ӛзгерген. Бақаты ӛзенінің аймағы мал жайылымына ӛте 
қолайлы, сондықтан ол жерде аудан шаруашылықтарының 
фермалары орналасқан.
Бақаты атауының шығуы, бұл сол ӛңірде бұрынғы кезде 
жайлаған Бақа ата қаңлының атына байланысты «Бақа ата» сӛзі 
Бақаты болып ӛзгеріске ұшыраған қазақтың этникалық атауы. 
Белбұлақ 
Кіші Қаратаудың шығыс беткейіндегі кӛп шатқалдардың бірі 
«Белбұлақ» - деп аталады. Оның орналасқан жері Кӛлтоған 
елдімекенінің тұсы. Билікӛлдің батыс жағында 15 шақырым 
жерде орналасқан.
Белбұлақ шатқалының табиғаты ӛте кӛрікті, түрлі жабайы 


66 
жеміс – жидекке толы. Ол жерден ағып шыққан бұлақ Билікӛлге 
барып құяды. 
Белбұлақ шатқалында бұрын шағын 50 – 60 үйлі Құттықтар 
руы жайлаған. 
Белбұлақ атауы шатқалға әрі ондағы бұлаққа да байланысты. 
Мұндай Белбұлақ аталатын жерлер әсіресе Қазақстанның 
оңтүстік облыстарына тән атау. Белбұлақ атауына «Асабұлақ» 
немесе «Кезеңбұлақтың» түп тӛркініне жақындау, «белдегі 
бұлақ» мағынасын беретін гидроним. 
 
Берікқара
Жаугершілік заманда жұртты бастап жауға қарсы қол 
бастаған, бейбіт заманда тау аңғарында елді егіншілікке үндеп
арық қаздырып елге шарапаты тиген Берік есімді кедей жігіттің 
есімімен қойылған атау деген болжамды біз сол аймақтың 
тұрғындарынан естіп білдік. Ал негізінде Берікқараның бұлай 
аталуы туралы жазушы К.Баялиев «Жаңарған Жамбыл ӛлкесі» - 
атты кітабында жоңғар шапқыншылығы кезінде бұл шатқалда
берік қамал болған деп кӛрсетеді. Сондықтан елді жаудан аман 
алып қалған осы қамалды Берікқара атаған деп кӛрсетеді. 
Берікқара атауына байланысты осы ӛңірде кӛктем, күз 
айларында тұратын алапат желдің атын да жұрт осылай атайды. 
Берікқара шатқалынан тӛмен Ленинский путь ауылының 
оңтүстігінде Тараз – Қаратау автомобиль жолының екі жағында 
орналасқан б.з.д ІІ – б.з ІV ғасырларына жататын Берікқара 
қорымдары бар.
Берікқара шатқалында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 
1971 жылғы қаулысымен мемлекеттік табиғи қорықшасы 
ашылған. Бұл жерде қызыл кітапқа енген Берікқара терегі, кәдімгі 
пісте, Недзвецский алмасы, қызғалдақтың бірнеше түрі, рауағаш 
сияқты сирек ӛсімдіктер ӛседі. Қорықшаның жалпы аумағы 17,5 
мың гектар жерді құрайды. 


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет