59
…Сырын шертсе шежіре абыз дала,
Бізге жеткен бір – екі аңыз ғана
Жаугершілік заманда аман қапты,
Жан сауғалап бір ауыл шағын ғана.
Ӛтіпті қилы кезең, қатал заман,
Жер тӛсін дүбірлетіп ат ойнаған
Қос ғашық осы сайдан пана тауып,
Қуғыннан құтылыпты атойлаған.
Әйтеуір бір шындықтың басы анық-ты,
Ақиқат, аңыз сырдан жиналыпты
Адамзатқа амандық тілеген жер,
Осылай Амансай деп аталыпты - деп жырлайды.
Аралтӛбе
Жуалы ауданының солтүстік шығысында Билікӛлге
асатын
асуға жақын маңдағы тӛбелер тізбегі «Арал тӛбе» - деп аталады.
Аралтӛбенің маңы қара топырақты келеді. Кӛктемде егін
сазды болғандықтан себілмейді, тек қана күздік себіледі. Ол
жерде бұрын үлкен қырман болған. Аралтӛбені ілгеріректе
Шымырлар мекендеген.
Физикалық география тұрғысынан
алғанда қазақ тілінде
аралдың екі түрлі мәні бар, біріншісі су айдынының ортасындағы
жер, екіншісі ӛзен немесе кӛл аралықтарындағы жер. Аралтӛбе
осы сипаттаманың екіншісіне келеді, яғни жер атауы жан –
жағынан су мен сазды жер қоршап жатқандықтан осылай аталған.
«Арал» және «тӛбе» деген сӛздерден құралған оронимдік атау.
Арбатас
Тянь - Шань тау жүйесінің солтүстік батысында орналасқан
Кіші Қаратау жотасы Жамбыл облысының, соның ішінде Жуалы
ауданының шығысында, оңтүстіктен солтүстікке
қарай созылып
жатыр.
60
Осы Кіші Қаратау жотасының Қошқарата аймағының
тұсынан Билікӛлге қарай немесе керісінше асып түсетін асуды
жұрт «Арбатас асуы» деп атайды.
Жуалы аймағындағы жұрт: «Жотадан – ылдиға Арбатас
арқылы асып түстік» - деп жиі айтады. Мұндағы «жота»
дегені
Кіші Қаратаудың «күнгей» жағы да, «ылди» дегені оның теріскей
жағы.
Осы жотадан асатын Арбатас асуының ӛзі екеу, «Кіші
Арбатас» және «Үлкен Арбатас» делінеді. Тік жартастау келетін
«Кіші Арбатас» үлкен Арбатастан сәл жоғарылау, солтүстікке
таман орналасқан. Үлкен Арбатас болса Кіші Арбатасқа
қарағанда жайбағыстау, жұрт кӛбіне
осы асуды пайдаланған,
оның ӛзінде арбалардың артқы дӛңгелектерін айналмайтындай
етіп байлап тастайтын болған.
Арбатас асуындағы жол тек қана бір кӛлік сиятындай ғана
тар болып келеді. Оның екі қапталында үлкен – үлкен тастар бар.
Ол тастардың нобайы жүк артқан арбаға келеді.
Арбатас атауы жүк артқан
арбаға теңеу ишаратымен
қойылған атау.
Бүгінде Билікӛл жаққа қатынайтын кӛлік атаулы Алматы –
Ташкент автомобиль жолымен Күйік асуы арқылы ӛткен соң,
Қаратау бағытындағы асфальт жолмен айналып жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: