61
Шалғайдан сағындырып ел – аналық,
Келемін бауырына мен оралып
(Бауыржан Үсенов Табиғат терезесі. Алматы: Балауса, 1992,
20бет.)
Арыс ӛзені
Арыс ӛзені Оңтүстік Қазақстанның басты ӛзендерінің бірі
саналғанмен ол Жуалы жерінен бастау алады. Атап айтқанда,
Жуалы ауданының Түлкібасы ауданымен (Оңт. Қазақстан)
шектесер
жерінде
ортағасырлық
Абарадж
(Мыңбұлақ)
қаласының түбінен батысқа қарай аққан бұлақтардан Арыс ӛзені,
шығысқа қарай кӛптеген бастаулардың басын құрап Шақпақ
ӛзені бастау алады. Екіншіден Жуалы ауданының Оңтүстігіндегі
Боралдай, Қошқарата ӛзендері де осы Арысқа барып қосылады.
Ерте кездерде батысында Сырдарияны, шығысында Кіші
Қаратау жотасын, оңтүстігінде Арыс ӛзенінің аңғарын,
солтүстігінде Арысқұм, Арыс кӛлі арқылы Ұлытау, Кӛкшетау
ӛңірлерінің аралығын ежелгі сақтың Арыс (Арыстар, Арсақтар)
тайпасы мекендеген.
«Арыс тайпасының негізгі бӛлігі б.д.д. 2 мың жылдықта
Еуропаға қоныс аударған. Әйгілі ғұлама Анарис (Анахарсис)
б.д.д. 8 ғасырда ӛзінің ата-жұрты Қазақ Даласы туралы
«Аримаспалар эпосын» жазып қалдырған. Анарыс туралы
мағлұматтарды Т.Жұртбаев ӛзінің «Дулыға» 1994ж. тарихи
шығармасында да Арыстар (Аорстар) Арыс тайпасы туралы
кӛптеп кездеседі» - деп деректер келтіреді Ә.Байбатша. (Алматы:
Санат, 2002, 64 бет.).
Осы еңбегінде Арыс тайпасының Сарыарқа, Жезқазғандағы
тау - кен ісін менгергені, Абайыл кен орнын тапқаны туралы
құнды деректер келтірген.
«Арыс» сӛзі – түркі тілінде «ірі, жойқын тайпа» - ұғымын
білдіреді. Бұл этнонимдік атау.
Қорыта айтқанда, Арыс ӛзенінің атырабын мекендеген
қазіргі Арыс ӛзені, Арыс қаласы, Арыс кӛлі т.с.с. атаулар осы
тайпаның мекендеген атын қалдырған жер - сулар.
Достарыңызбен бөлісу: