Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет35/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   91
Билікӛл
Жуалы ауданының солтүстік шығысында, Тараз қаласының 
солтүстігінде 60 шақырым жердегі кӛл. Қаратаудың солтүстік 
беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 
биіктігі 438 метр. Аумағы 88 шаршы шақырым, ұзындығы 18 
шақырым ені 7,5 шақырымға дейін, орташа тереңдігі 3,5 метр, ең 
терең жері 8 метрге дейін жетеді.
Суы тұщы. Билікӛлге Аса ӛзені шығыс жағынан құйып, 
солтүстігінен ағып шығады. Жайпақ құм жағалауларында қоға 
аралас қамыс ӛседі. Кӛлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур, 
майшабақ жылан, балық т.б. бар. (Бұл мәлімет Жамбыл 
облысының энциклопедиясынан алынды. 184 бет).
«Түркі тілдес халықтар терминологиясында билли немесе 
белли тұлғаларының қазақ тіліндегі синонимдері: белді, кӛтерме, 
қайқы түрлерінде келеді. Билікӛл гидронимін қазіргі қазақ тілі 
нормасы бойынша «Белді кӛл» немесе «Асулы кӛл» деп 
тұлғалауға болады» - деп кӛрсетілген (Еркебай Қойшыбаев. 
Қазақстанның жер – су атаулары. Алматы: Мектеп, 1985, 76 бет). 
Билікӛлге байланысты халық этимологиясы туралы дерек 
жоқ.
Боралдай 
 «Ақтабан 
шұбыранды» 
жылдарының 
жасынды 
жорықтарының елесіндей келер ұрпаққа жер сақтаған, ел 
сақтаған белгілердің бірі болып қалған Жуалы ӛңірінің тағы бір 
жер атауы – «Боралдай». 
Боралдай – Қаратау жотасының оңтүстік шығысындағы 
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан тау 
сілімдері. Оның ең биік жері Бӛкей аталады, абсолюттік биіктігі 
1813 метр. Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан 
басталатын Арыс ӛзенінің оң саласы Боралдай ӛзені аталады. 
Жуалы ауданынан басталып, Оңтүстік Қазақстан Бәйдібек, 
Ордабасы аудандары арқылы ағып ӛтетін бұл ӛзеннің ұзындығы 
130 шақырымды құрайды. 


68 
Бұл ӛңірде қуаты Қарағанды, Екібастұз кӛмір кеніштерінен 
кем түспейтін Боралдай тас кӛмір кен орны бар. 1927 жылы 
ашылған бұл кен орны «Боралдай шахтасы» деп аталған.
Боралдай туралы бірқатар тарихи романдарда сӛз болады. Атап 
айтқанда 
Ілияс 
Есенберлиннің 
«Кӛшпенділер» 
тарихи 
триологиясында: «Шайқас Әбілқайыр мен Бӛгенбай батырдың 
басқаруымен Боралдай мен Қошқарата ӛзендерінің жоғарғы 
сағасында болған еді. Найман тайпасының бір тармағы Садыр 
руы «Ақтабан шұбырандыдан» бұрын Қаратаудағы Бұрындай 
(Боралдай) ӛзенінің арғы жағындағы Үшащы (үш ӛзенінің 
біріккен жері деген мағыныны білдіреді) қойнауы бұлардың келіп 
кетімді қонысы еді» - деген дерек келтіріледі. (І.Есенберлин. 
Кӛшпенділер. Алматы: Жазушы, 1987, 411 – 412 б).
1723 жылан жылғы жұтпен қатар келген жоңғарлардың 
жойқын шабуылы кӛшпелі елге үлкен қырғын әкелгені тарихтан 
белгілі бӛрік астынан бӛрі, жар астынан жау шығып, қазақтың 
басы байлауда, мал – жаны айдауда кеткен Жуалы ӛлкесінің 
Боралдай мен Қошқарата аймағындағы болған қиын кезеңді 
жазушы Әбіш Кекілбайұлы «Үркер» романында тӛмендегіше
суреттейді. «Осылай басталған топалаң қаулады да жүре берді. 
Қаратаудың теріскейінің үш қаласы алдымен күйреді. Енді 
Боралдай, Қошқар ата, Арыс бойындағы ауылдар талапайға 
ұшырай бастады. Қапыда тап болған жаудың хабарын кеш естіп 
асығыс атқа қонған қазақ қолдары ӛліспей – беріспей жанталаса 
шайқасса да, жау екпінін тойтара алмады, не бір қиын 
шатқалдардың ішінде, не бір жіңішке ӛткелдердің аузында, Иқан, 
Түркістан, Қарнақ, Шорнақ, Сауран, Жӛлек түбінде босқа жайрап 
қалды. Ол күндер қазақтардың кӛкіректері ояу қарияларының 
баяғыдан қақсап айтып келе жатқан ақыр заманының орнаған 
күні болды. Жан – жағың жайраған ӛлік. Арасында әлдеқайда 
зытып келе жатқан босқын елдің сіңірі шыққан қызыл сирағы. 
Мал жауда қалды. Бірінен – бірі адасқан жұрт. Ұлы жүз бен Орта 
жүздің найман, қоңыраты жол – жӛнекей Сырдария бойындағы 
екі Ала кӛлдің екеуінің де жағасын ӛлікке толтырып Бұқараға 
құлады. Орта жүздің арғыны мен қыпшағы ақ шаңытты 
толарсақтан кешіп, ақ табан боп Торғай бойына тұмсық іліктірді. 


69 
Кіші жүздің ұлан – асыр кӛші басын тауға бір, ойға бір 
соғып, Сауранды бір айналғанда үш айналып, Қызыл құмның 
қалыңын кешіп, Хиуаның бойына тартты» (Әбіш Кекілбайұлы. 
Үркер, Сӛздік – Словарь, Алматы, 1999, 265б)
«1718 жылдың ерте кӛктемінде, хан ордасы Түркістанға бет 
алғанда Хореннің қолына қарсы ашық майданға шыққан Ысты, 
Ошақты,Сіргелінің Тоғанас, Есіркеп батырларымен бірге Есет 
батырдың жасақтары Шаян, Боралдай шатқалдарында бір түмен 
құба қалмақпен алты күн айқасып, он есе басым жауды ойсырата 
қырып, ӛздері де түгелге жуық шейіт болған»- деп кӛрсетеді 
Е.Тұрысов. (Еркінбек Тұрысов. Бәйдібек. Алматы: Нұрлы әлем, 
1998, 33 бет).
Боралдай ӛңіріндегі соғыс туралы деректерді Қазыбек бек 
Таусарұлының, М.Тынышбаевтың кітаптарынан да кӛптеп 
кездестіруге болады. Осы аймақта бүгінгі шейін сақталып қалған 
тас обаларды кӛне кӛз қариялар «Қорымтас» деп атайды, бұл 
топтап жерленген адамдардың бейіттері. 
Тау мен ӛзеннің Боралдай аталуына байланысты екі нұсқа 
айтылады. Біріншісі: моңғол әскерінің батыры Бұрындай 
(Боралдаймен) 
байланысты 
делінеді. 
Қ.Аманжол, 
А.Тасболатовтың «Қазақтың әскери тарихы» атты кітабында. 
«Бұрындай әскерінің ордасы 1236 ж. қазіргі Алматы қаласының 
оңтүстік - шығысында қыстап шықты. 1236 ж. кӛктемде 
Бұрындай батырдың әскері Шымкенттен 30 шақырым 
қашықтықта Ордабасы тауының етегіндегі ӛзенге келіп тоқтайды 
(Осы жерлер бүгінде Боралдай деп аталады). Қалмақтарда 
Боралдай батыр 1710 - 1758ж.ж. соғысқа қатысқан жоқ. Рашид - 
ад - Диннің айтуынша, Бұрындай 1237 жылы Батыйдың Руське 
қарсы моңғол әскерінің оң қанатын басқарған, оның 38 мың 
жауынгері болған»
- деген мәліметіне сүйенсек жер атауының 
Боралдайға байланыстырылуы негізсіз болар еді. (А.Тасболатов, 
К.Аманжолов. Қазақтың әскери тарихы. Алматы: Білім, 1990, 
120бет) Екіншісі, Рысбек батыр туралы деректі кітапшада 
«Боралдай атауы қалмақтарда «лай су» деген мағынаны береді» - 
деп кӛрсетеді. (Бақтияр Әбідаұлы. Сиқым Рысбек батыр. Алматы: 
Мерей, 1994, 73 бет). 


70 
Әсіресе Боралдай ӛзені кӛктемгі қар мен жаңбыр суының 
әсерінен лайланып, арнасын шайып ботана болып ағатындығын 
да байқауға болады. 
Жуалы ауданы, Тасбастау ауылының тұрғыны Қабылбекұлы 
Тұрдықұл атамыздың айтуынша, Боралдай атауы – ӛзеннің 
кәдімгі бор түстес, ағарып ағып жататындығана байланысты 
берілген атау.
Еркінбек Қойшыбаевтың пікірінше, түркі тіліндегі борал 
анықтауыш тұлғаға анықталатын тай «тау» тұлғасы тіркелген 
ороним. Борал немесе бурұл формалары қазіргі қазақ тілі 
нормасында «бұрыс», «бұрма» немесе «теріс» ұғымын береді. 
Боралдайдың ӛзге дублеттері Боралдайтау, Бурылтай, 
Бурылтӛбе формасына келеді. (Қазақстанның жер – су атаулары. 
Алматы: Мектеп, 1985, 78 – 79 бет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет