Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет47/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
 
Кӛлбастау 
Кӛлбастау – Жуалы ауданындағы елдімекен аты. Ол Ақсай 
ауылдық әкімшілігінің құрамына кіреді. Аудан орталығы 
Бауыржан Момышұлы ауылының оңтүстігінде 2 шақырым жерде 
орналасқан. Елдімекен аумағының ӛсуіне байланысты Кӛлбастау 
қазір аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылымен бірігіп 
кеткен.
Орыс переселендерінің келуімен байланысты 1916 – шы 
жылдары бұл жер «Евгеньевка» - деп аталған. 1993 жылы бұл 
елдімекен ӛзінің тарихи «Кӛлтоған» - атауын қайта иемденді. 
Кӛлтоған туралы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» 
Шерхан Мұртазаның «Ай мен айша» атты еңбектерінде жақсы 
сипаттама берілген. 
Жуалы перзенті ақын – сатирик Толымбек Әлімбекұлы: 
Алатауы, Қаратауы Құланы, 
Асу Күйік басын иіп тұрады. 
Мейіріңді, пейіліңді қандырар, 
Кӛлбастаудай 
мӛлдір шипа бұлағы!» - деп 
сипаттайды. 
Елдімекеннің 
«Кӛлтоған» - аталуы, бұлақты буып 
жасалынған кӛл деген мағынаны білдіретін гидротопоним.
 
Кӛлтоған 
Кӛлтоған – Жуалы ауданындағы ауыл, Боралдай ауылдық 
әкімшілігі округінің орталығы. Ол аудан орталығы Бауыржан 
Момышұлы ауылынан солтүстік батысқа қарай 42 шақырым 
жерде орналасқан.
Бұл елдімекен 1992 жылға дейін Алексеевка аталып келген. 
Оған дейін бұл жер Кӛлтоған, онан да бұрынырақ, орыс 
переселендерінің келуіне дейін «Құдияр сазы» - аталып келген. 


88 
Елдімекеннің 
не 
себептен 
Кӛлтоған 
аталатынына 
тоқталатын болсақ, ол орыс переселендерінің Жуалы жеріне 
келетін 1910 жылдан басталады. Орыс кулагы Алексеев бұл 
жерді иемденген соң Бӛкей тауының баурайынан тӛмен қарай 
ағатын бұлақтарды бӛгеп, тоған салдырып, егін егеді. Осы
ӛңірде ӛсірілген дәні баданадай, қарыс келетін бидай масағын 
Петербургке мақтаныш ретінде пошта жәшігіне салып 
жібергендігі туралы да мәлімет бар. 
Елдімекен 
тоқсаныншы 
жылдардың 
бас 
кезіндегі 
тәуелсіздіктің, еркіндіктің лебі есе бастаған кезде «Кӛлтоған» -
деген тарихи атауына қайта ие болды.
Кӛлтоған атауы «кӛл» және «тоған» сӛздерінен құралған 
гидронимдік атау. 
1997 жылдан бастап Кӛлтоғанда және округке қарасты 
Қошқарата, Қызтоған, Ақтасты, Рысбек батыр, Кеңес 
ауылдарында 
осы 
елдімекендердің 
атымен 
аталатын 
кооперативтер мен шаруа қожалықтары құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет