71
ешқандай қатысы жоқ. Түркі және монғол тілдерінде «бота» сӛзі
бұта, ал «қара» сӛзі тӛбе - деген мағынаны білдіреді. Бота және
қара компоненттерінен жасалған «бұта тӛбе» немесе «бұталы
тӛбе» - дегенді білдіретін хоронимдік атау.
Бурное
Бұрынғы «Бурное» (Боранды) Жуалы ауданының орталығы,
ресми түрде 1936 жылы қазіргі жер кӛлемімен ӛз алдына «Жуалы
ауданы» болып отау тіккен. Ол Теріс ӛзенінің оң жағалауында,
солтүстігінде Қаратау,
батысында Боралдай, оңтүстік шығыста
Талас Алатауының түйіскен жерінде орналасқан.
1993 жылдан бастап Бурное елдімекені даңқты жерлесіміз
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімімен
аталады.
Бұл елдімекен
туралы Қырғыз жазушысы, мемлекет және
қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматов қазан тӛңкерісінен кейінгі
тарихи кезеңдерді ӛзінің басты кейіпкері Едігенің атынан әдеби
кӛркем тілмен «Боранды бекет» романында баяндаған.
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
кітабында, 1917 жылы
Бурное темір жол бекетінде үлкен базар ашылғандығын айтады.
(Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя. Алматы, 1976, 41 бет).
Инженер
тарихшы
Мұхамеджан
Тынышбаевтың
ӛмірбаянында: «В 1914 году он работал начальником участка и
главным инженером участка Арыс – Аулие Ата» -
деп
кӛрсетіледі. (М.Тынышбаев. История казахского народа. Алма –
Ата, 1993, 8 стр).
Демек, Бурное елдімекенінде темір жол құрылысы 1914 –
1915 жылдары салынған. Бұл мәліметті тарихи танымдық
«Жуалы» кітабы да нақтылай түседі. «Ресей ӛкіметі Орынбор –
Ташкент темір жолының құрылысын бастап жіберді. Осы
учаскеге қарасты Жетісу темір жолының құрылысы 1914-1915
жылы Арыстан Бурное станциясына жеткізілді» - деп жазылған.
Тарихи деректерде осы Боранды – Бурное бекетін басып
ӛтетін Түркісіб құрылысында 29,5 мың Қазақстан азаматы жұмыс
істесе оның 1,5 мыңы Жуалық кедейлер болатын.
«Құрылыс 1930 жылы 25 сәуірде Луговое станциясынан 640
72
шақырым
жердегі
Айнабұлақ
станциясында
түйіскен.
Жолшыларды КСРО мемлекетінің басшысы И.В. Сталиннің ӛзі
құттықтаған. РКФСР Халкомсовы жанына құрылған Түркісіб
құрылысына жәрдемдесу комитеті тӛрағысы Тұрар Рысқұлов та
қажырлы қызмет еткен» - деп кӛрсетілген. (Мырзахан Ахмет.
Жері, суы дуалы – Жуалы. Алматы: Тоғанай Т, 1998, 29 – 30 бет)
Қазір ӛмірде жоқ сол кездегі
шойын жол құрылысына
қатынасқан қариялардың айтуынша жол құрылысына күш – кӛлік
жылқы, арба, кетпен-күрек, қайла сияқты материалдар зембілмен
тасып тӛгілгендігін еске алушы еді.
Сол кезде Түркістан – Сібір темір жолынның құрылысын
жеделдету міндеті қойылғандықтан жұмыс ешқандай тоқтаусыз,
үлкен қарқынмен жүргізілген. Жол салуға 20 мыңнан астам
жұмысшылар қатынасқан, олар барактарда, палаткаларда тұрған.
Аудан орталығы болған Бурное селосы мен осындағы темір
жол бекетінің неге бұлай аталғанын кӛпшілік әлі біле бермейді.
1913 - 1914 жылдардың қысында
Ташкентттен бері қарай
тартылған шойын жол құрылысы дәл осы біздің ӛңірге келіп
жеткен-ді. Табиғаты қатал, қысы боранды, аязды, ызғарлы Жуалы
жеріне жеткенде жол құрылысы тоқтап қалады. Айлап соққан ақ
боран жолшылар жұмысын бір адым ілгері жылжытпайды. Қыс
бойы жаман барақтар мен шатырлардың жыртығынан сыртқа
сарыла қарап, Жуалының дүлей боранынан мезі болған
жолшылар «бұл жер боранды жер екен» ғой,
болашақ бекет
«Боранды», болып аталсын - деген екен. Борандының орысшасы
«Бурный» емес пе? Жол құрылысында жұмыс істегендердің
басым кӛпшілігі орыс ағайындар болғандықтан, бекет салынып
болған соң, олар оның маңдайшасына «Бурное»
- деп жазып
кеткен деседі. Кейінірек темір жол бекетінің айналасына қоныс
тепкен үлкен елді - мекен де осылай аталып кетіпті.
Жауынгер жазушы Д.Фурманов ӛзінің Ташкент - Әулиеата
сапарында осы Бурныйда болғандығы туралы ӛзінің «Мятеж»
атты романында баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: