Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет52/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
 
Қарамұрын 
Жуалы ауданына қарасты Шыңбұлақ елдімекенінің 
солтүстік шығыс жағында Үлкен Қоңыртӛбенің жанындағы жота 
«Қарамұрын» - деп аталады. Жотаның етегінен Қарасай аталатын 
бұлақ ағып шығады. (Сайдың екі қапталы қатпарлы қара тас 
болғандықтан Қарасай аталады). Қарамұрын жотасынан 1 
шақырымдай тӛмен Сарқырама аталатын бұлақ ағып шығады. 
(Суы шағын болса да тастардан дыбыс шығарып ағатындықтан 
солай аталған).
Қарамұрынның жотасына шыққан кісіге шығыстағы Кіші 
Қаратау жоталары мен батыстағы Боралдай мен Құлан таулары 
айқын кӛрінеді.
Жотаның «Қарамұрын» - деп аталуы ол жотаның 


95 
орналасуын дӛңес мұрынға теңегендіктен туындаған атау. 
«Қарамұрын» - атауы қаратұмсықпен бір мағыналас, «мұрынға 
ұқсаған қара жота» - деген ұғымды беретін ороним. 
 
Қарасаз 
Аудан орталығы Б.Момышұлы ауылынан солтүстік батысқа 
қарай 8 шақырым жерде орналасқан елдімекен аты. Ол 1993 
жылға дейін Петровка аталып келген. Батыс жағынан Шақпақ 
ӛзені ағып ӛтеді. 
Мұндағы «Қара» сӛзі, «жер» деген мағынаны береді. Бұл 
атаудың ӛзіндік сипаты сол – жер асты суы жер бетіне тым таяу 
жатады. Сондықтан да бұл атау кӛнедегі «жер - су» немесе «саз - 
су» ұғымындағы сӛз тіркесін толық дәлелдеп тұр. 
Қариялардың айтуы бойынша, бұл атыраппен сазды жер 
болғандықтан кӛлік айланып ӛтетін болған. Бұны бұрын 
«Қараой»- деп та атаған кӛрінеді.
 
Қарасай 
Қарасай – Қазақстанның оңтүстік аймағында кӛп кездесетін 
жер атауларының бірі. Сондай Қарасай аталатын жер Жуалы 
жерінде екеу. Біріншісі: Талас Алатауының етек жағындағы 
Талапты 
елдімекенінің 
маңында, 
екіншісі: 
Шыңбұлақ 
елдімекенінің солтүстік шығысындағы Үлкен Қоңыртӛбенің 
жанында. 
Бұл екі Қарасайдың аталу этимологиясы екі бӛлек. Талапты 
елдімекенінің үстіңгі жағындағы Қарасай, ол аймақтың малға 
жайлы «отты» мағынасын беретін атау. Бұл атау жердің түріне 
байланысты атау емес, ӛйткені ол маңда қараға лайық кӛз тартар 
ешқандай белгі жоқ. 
Екінші Үлкен Қоңыртӛбенің жанындағы «Қарасай» - 
сайдың екі қабағындағы қара қошқыл тастардың түсіне қатысты 
қойылған атау.
Қаратас 
Жуалы ауданындағы Жетітӛбе ауылдық округіне қарасты 
Күреңбелден солтүстікке қарай 7 шақырым жерде орналасқан 
шағын таудың және елдімекеннің аты. 


96 
Орыс тілінен енген топонимикалық отаршылдықтың ортақ 
таңбасынан Жуалы жеріндегі «аман қалған» бірден – бір жер 
атауы осы Қаратас болатын. «Қаратас» - атауы реңмен 
байланысты «қара» және «тас» деген сӛздерден қалыптасқан 
атау. Оның себебі сол аймақтың шығысындағы тау 
қыраттарының және ондағы қатпарлы тастардың түсі қара. 
Сондықтан бұл жер Қаратас аталады ал оның етегіндегі 
шағын елдімекен Қаратас ауылы аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет