89
асуында табиғат тез ӛзгереді екен, бұралаң тастақты жолмен
тӛмен құлдилай бердік. Жолдағы үлкен
тастар татар
молаларының басындағы белгі тастарға ұқсайды екен. Асу біткен
кезде алдымыздан ескі керуен сарайдың орнына тап болдық. Бұл
жерде арғы – бергі ӛткен жолаушыларға қарақшылық шабуыл
жасалып тұрған да, ел кӛтеріліп керуен сарайды иесімен қоса
ӛртеп жібереді. Жер атауы сондықтан Күйік аталады» - дейді.
(Д.Фурманов Мятеж. Москва: Правда, 1980, 19 – 20 беттер)
(мәтін ықшамдап аударылды).
Асудың «Күйік» аталуы туралы, Бӛгенге жақын «Шошқа
бұлақ» атты ауылдың тұрғыны
Базен қарияның аузынан
Мұхаметжан Тынышбаев тӛмендегідей аңыз әңгіме жазып алған:
«Есім хан жауға аттанар алдында Түркістанға Тұрсын ханды
шақырып алып ел билігі мен отбасын аманат етіп тапсырады. Екі
жыл жорықта болып, еліне қайтар жолда Әулиеатадан 40
шақырым жердегі таудан Тұрсын ханның бұзауларын бағып зар
еңіреп жылап жүрген кейуанаға кездеседі. Байқап қараса кемпір
ӛз шешесі екен, соның күйігінен жер атауы «Күйік» аталыпты
делінеді». «(Есым узнал в
старухе свою мать; им овладела
«Каюк» (злоба, ненависть), откуда и местность стала называться
«Куюк»)
(История
казахского
народа.
Алматы:
Қазақ
университеті 1993, 157стр). Жер атауының «Күйік» аталуы
осылай баяндалады.
Осы Күйік асуында Шыңғыс тағының иесі Күйік хан қайтыс
болғандығы туралы І.Есенберлиннің Кӛшпенділер тарихи
триологиясының бірінші кітабында мынандай тарихи оқиғаны
келтірген: «Еділ ӛзенінің сағасындағы
Алтын Орда астанасы
Сарай қаласынан «Сарыарқадағы елімді кӛремін» деген
сылтаумен он түмен қолмен Бату Күйікке қарсы жүрген.
Қалың қол екі жақтан таяй берді. Күйік пен Бату алыстан
айбат кӛрсетіп, аяқтарымен жер қопарып сүзісуге келе жатқан екі
бұқа тәрізді. «Қайсысының мүйізі сынбақ? Ал сынбаса
қайсысының мүйізі мұқалып, намысқа шыдай алмай қан қақсап
сырқырамақ?
Бүкіл Шыңғыс әлеті болып демін ішіне тарта күтті.
Бірақ
заңғар мүйіздер сарт – сұрт ұрысқан жоқ. Күтпеген жерден жол –
90
жӛнекей Күйік екі күн ауырып қаза тапты». (І.Есенберлин
Кӛшпенділер. Алматы: Жазушы, 1976, 11бет).
Бұл мәліметті М.Тынышбаев та растайды: «Каюк,
укропивший власть в обширном владении Чингис – хана, динулся
в 1248 году на улус Джочи; Батый также пошел навстречу.
Однако до открытого столкновения дело на этот раз не дошло:
Каюк умер (по некоторым источникам был отравлен
подосланным лицом Батыя) еще до встречи войск».
(М.Тынышбаев История казахского народа Алматы, 219 стр).
Жолдасбек Тұрлыбаевтың «Райымбек батыр» романында
Күйік асуының әрбір тӛбесінде
қазақ жасақтары от жағып аз
адаммен қалың жаудың алдын кескендігі туралы сӛз болады.
2006 жылы сәуір айында «Қазақстан» телеарнасынан
жүргізілетін «Атажұрт» бағдарламасында, асудың «Күйік» аталу
себебі ақтабан жылдарындағы елдің күйік – зарынан туындаған
атау деп айтылды.
Жазушы жерлесіміз Ш. Мұртаза «Жұлдызы биік Жуалы»
атты очеркінде: «Күйік» - Қаратаудың атақты асуы. Неге «Күйік»
деп аталғаны белгісіз. Мүмкін, «Қаратаудың басынан кӛш келеді»
заманындағы қорлықтың күйігі ме екен? … кейбір кӛктемде осы
«Күйіктен» алты – жеті, тіпті одан да кӛп күндер бойы бір
азынауық жел тұрады. Сонда жайқалып ӛсіп келе жатқан кӛк
желең шынжау тартып, мешел баладай ілмиіп, кӛк тұрмақ, мал –
жанның да реңі қашып берекесі кетеді. Асудың «Күйік» аталуы
бәлкім содан шығар» -
деп жазады. (Шерхан
Мұртаза Не
жетпейді? Алматы: Жазушы, 1990, 59 бет).
Кӛктем айларынан басқа кездерде бір-бірімен жалғасқан
жоталар да, асфальт жолдың екі қапталындағы ентелеген жақпар
тастардың да реңі қара қошқыл, бейне күйіп қалған жер іспетті.
Мүмкін «Күйік» атауы да осы себепке байланысты ма деген
болжам да жоқ емес.
Бұл асу туралы болжам,
дерек аңыздардың барлығы да
күйік, зар, қорқыныш сынды сезімдермен байланысты
болғандықтан асудың аты «Күйік» - аталған деп жорамалдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: