Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет54/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
 
Қоңыртӛбе 
Шӛккен нардай болып қазіргі Шақпақ ата елдімекенінің 
солтүстігінде оқшау орналасқан тӛбені жергілікті жұрт 
«Қоңыртӛбе» - деп атайды. Бір құдірет осы аймаққа әдейі алып 
келіп орнатқандай; күн шығысқа қарай маңдайын, Құлан тауына 
қарай сауырын тӛсей жығылған оқшау тӛбенің ұзындығы мен ені 
жарты шақырымнан асып түседі. Осы тӛбе басына шығып 
қараған кісінің кӛз алдына Жуалы ӛлкесінің солтүстігіндегі Жеті 
тӛбе аймағы мен оңтүстігінде жер мен кӛктің арасын тұтастырып 
ала шұбар ұзын кӛштің кӛшбасындай асқақ Алатау, 
шығысындағы барыстың жонындай болып шұбатылған Қаратау, 
Күйік асуларының торабы сайрап жатады. 
Алатау етегіндегі Мыңбұлақтан басталып Қоңыртӛбенің 


98 
батыс жағын жанап ӛтетін Шақпақ ӛзені Теріске қосылуға 
асығады. 
Қоңыртӛбенің әсіресе Шақпақ ата елдімекені орналасқан 
шығыс және солтүстік баурайы ұйысқан кӛк майсалы, етегі 
былқылдаған сазды келеді. Жазғы шілдеде тӛбедегі ӛсімдік 
біткеннің барлығы аптапқа күйіп қоңыр реңге еніп, қоңыр 
тақиядай дӛңгеленіп жатады. Тӛбенің шығысы жағынан 
қыздардың қос бұрымындай қосарланған қос бұлақ бастау алып, 
бірі оң жағынан, тӛбені айналып ӛтіп, екіншісі сол жағынан 
айналып ӛтіп Шақпақ ӛзеніне қосылып тынады. 
Кең жазыққа оңаша отаудай оқшау біткен, кӛпті кӛрген 
кӛненің кӛзіндей, кезінде осы аймақтың игі жақсылары иеленіп 
бас қосып, жұрттың басындағы мұң мен қамның барлығын ортаға 
салып ақыл түгелдесер тӛбесі осы Қоңыртӛбе болған. 
Осы тӛбе маңын жайлаған ел арасында Шегір руының сӛз 
ұстар Байсейіт, Түнқатар сынды шешендері мен Ақпан, Итаяқ, 
Құрман батырлары хақында олардың ұрпаққа мұра етіп 
Қоңыртӛбеде, Құлан тауында, Шегір қамалда қалдырған 
ерліктері мен кемел даналықтарына жетелейтін аңыз, шежірелер 
әлі күнге сақталып қалған.
Қоңыртӛбе аталатын тӛбелер Жуалы аймағында тӛртеу. 
Біріншісі біз жазып сипаттаған Шақпақ елдімекенінің 
солтүстігіндегі Қоңыртӛбе, екіншісі бұрын Успеновка (қазір 
Қоңыртӛбе) аталатын елді мекеннің солтүстігіндегі Бӛкей 
тауының 
етегіндегі 
Қоңыртӛбе, 
үшіншісі 
Шыңбұлақ 
елдімекенінің солтүстік шығысындағы Үлкен Қоңыртӛбе, 
тӛртіншісі бұрынғы Бірлік аталатын елдімекеннің тӛменгі 
жағындағы Құлан асуының тұсындағы Қоңыртӛбе.
Барлық «Қоңыртӛбелердің» - аталу себебі, түркі тіліндегі 
«қоңыр (отты) тӛбе» - деген мағынаны беретін атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет