Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет53/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91
 
Қараүңгір 
Қараүңгір – бұл Жуалы ауданының оңтүстік жағындағы 
Б.Момышұлы ауылынан 16 шақырым жерде Талас Алатауының 
шатқалындағы үңгір атауы. Орналасқан жері Талапты аталатын 
елдімекеннің жоғарғы жағындағы тар шатқалдың аузында. 
Қараүңгірдің айналасында шеттік, бұталар қалың ӛседі. Үңгірдің 
аумағы бір отар қой (шамамен 600 – 700 бас) сыйып кететіндей 
кӛлемді алып жатыр. Қараүңгірдің ішінде жағалай жақпар 
тастарды тесіп мал байлауға арнайы жасалған тесіктер бар. 
Үңгірдің бітер жеріндегі түкпірінде киіз үй сиятындай орын бар. 
Әсіресе осы үңгір түкпіріндегі қабырғаларынан от жаққаның 
белгісін кӛрсететін қап – қара ыс басқан. 
Бұл үңгір ӛте ерте замандарда алғашқы адамдардың қонысы 
болғандығы даусыз. 
1960 – 1970 жылдардың шамасында Қараүңгір бұрынғы 
Ленин атындағы колхоздың отарларының тұрағы болған. Прораб 
Тоқтасын Тілеуқабыловтың басшылығымен Ақсай бұлақтарын 
буып, үш шақырым жердегі Қараүңгірге құбыр тартылып су 
әкелінген. 
Енді осы «Қараүңгірдің» - атауына тоқталатын болсақ - бұл 
қара және үңгір сӛзінен туындаған атау (ороним). Қазақ тілінде 
«қара» сӛзінің ұғымы әр түрлі мағынада қолданылатыны белгілі.
Мысалы: Қарадаладағы «қара» сӛзі «отты дала», Қара қамыстағы 
«қара» сӛзі «қалың қамысты», Қаракемердегі «қара» сӛзі «жар 
қабақты», Қарақоныстағы «қара» сӛзі «қоныс» атауын білдіретін 
т.с.с. кӛптеген атаулар тізбегі жатады. 


97 
Осы жоғарыдағы мысалда келтірілгендей қара сӛзі «қоныс», 
«пана» мағынасында қалыптасқан деп ой түйеміз, яғни 
«Қараүңгір» - сӛзі «қоныс үңгір» деген сӛзден туындаған 
оронимдік этимология.
 
Қоғалы
Жуалы ауданының Рысбек батыр (бұрынғы Луначарка) 
аталатын елдімекеннің оңтүстік жағында 2,5 шақырым жетпей, 
үлкен жотадан басталатын шағын бұлақтың аңғары «Қоғалы» - 
аталады. Бұлақ суы Рысбек батыр елдімекенінің ортасынан ағып 
ӛтіп Боралдай ӛзеніне қосылады. Бұлақтың басталар
жерінде қалың қоға ӛседі. 
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Рысбек батыр Оңтүстік 
Қазақстан облысының жерінен 40 – 50 түтін қыпшақтарды осы 
Жуалы жеріндегі Қоғалыға алып келіп қоныстандырған екен - 
деген әңгімені біз сол Рысбек батыр ауылының тұрғындарының 
аузынан естідік. Қазір Қоғалы аталатын жерде сол қыпшақ 
ауылының ескі қонысының орны ғана бар. 
Бұл жердің «Қоғалы» - аталуы сол бұлақтың басындағы 
ӛскен қалың қоғаға байланысты қойылған. Арқарлы, Алмалы, 
Жыланды, Қақты атаулары сияқты «қоға» сӛзіне «лы» жалғауы 
жалғанып «қоға ӛскен жер» - деген мағынаны беретін атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет