107
Шегір руынан шыққан Ақпан батыр жау мергенінің оғынан мерт
болған.
Құлан
атауына
байланысты
Әділбек
Байбатшаның
болжамынан басқа мағынадағы пікірді Еркебай Қойшыбаев
Жамбыл облысының Құлан мекеніне
берген анықтамасында
келтірілген. «Кейбір топонимнің әуелгі аты «Құлан» болу лайығы
жоқ. Тегінде, кӛне түркілердің «Қойлан» этнонимінің қазақ
тілінің бейімділген түрі болса керек» - деп кӛрсеткен.
(Е.Қойшыбаев Қазақстанның жер – су аттарының сӛздігі Алматы:
Мектеп, 1985, 176 бет).
Құлан асуына байланысты осы екі болжамды сараптай келе
біз Е.Қойшыбаев берген екінші нұсқаға тоқталамыз.
Құрама
Құрама аталтын жер Жуалы ауданының шығыс жағындағы
Бақаты ӛзенінің бойында орналасқан.
Біз бұл жердің Құрама
атлуына байланысты деректер
іздестіріп, кӛне кӛз, қалталы құлақ қарияларға
жүгінгенімізден ешқандай нәтиже шыққан жоқ,
сондықтан
болжам жасауға тура келеді. Бұл аймақты түрлі кезеңдерде
қазақтың түрлі руларының ӛкілдері мекендеген. Мәселен
«Бақаты» атауына байланысты
қаңлы руының Бақа қаңлы,
«Еңке» атауына байланысты Еңке қаңлының мекендегенін
жазғанбыз. Бақатының жоғарғы жағын атам заманнан бері
Шымыр руы, етек жағын Байтана руы қоныс еткен.
Біздің
ойымызша осы Қаңлы, Шымыр, Байтана рулары бірігіп
мекендеген жері «Құрама» аталған. Себебі қазақтың «құрама»
сӛзіне «түрлі рулардан құрылған этностық топ.
Құрама атауы
«Ақтабан шұбыранды алқакӛл сұлама» жылдарынан кейін (1723
– 1729 жылдары) қалыптасқан» - деп анықтама берілген. (Қазақ
Совет энциклопедиясы Алматы, 1975, 42 бет).
Осы мәліметке сүйеніп біз «Құрама» - атауы «құрама ел»
деген ұғымнан қалыптасқан атау деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: