Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет51/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91
 
Қарабастау 
Қарабастау - Жуалы ауданының солтүстік шығыс 
жағындағы Билікӛл аймағындағы елдімекен мен бастаудың аты.
Бастау елдімекеннің оңтүстік жағындағы үлкен жотаның 
астынан шығып жатыр. 
Қарабастау атауындағы «қара» сӛзі судың түсіне қатысты 
атау емес. «Қара» ұғымы ежелден – ақ «мӛлдір су», сусын 
мағынасын береді. «Қара суға зар болдық», «Бір ұрттам қара су 
кӛз кӛрім жерге апарады» - деген халқымыздың сӛз тіркестері 
бар.
Кӛне түркі тіл топонимдерін зерттеушілердің дәлелдеуінше 
қарасу – үлкен ӛзен емес, жер астынан, сайлардан шығып жатқан 
қайнар су. Қарабастау атауындағы «қара» сӛзін түркі тілдес 
халықтар «жер» мәнінде қолданған. Сондағы мағынасы «жер 
суы» деген ұғымды білдіреді. Е.Қойшыбаев бұл жӛнінде: «Адам 
мен мал шоғырланған жер мәніндегі атау» - деп кӛрсетеді.
(Қазақстанның жер – су атауларының сӛздігі. Алматы: Мектеп, 
1986, 150 бет).
Қорыта келгенде; бастаудың және елдімекеннің атауы 
«қара» және «бастау» деген компоненттерден құралған атау.
 
 
 


94 
Қаражол 
Бауыржан Момышұлы ауылынан 5 шақырым, ал Қайрат 
елдімекенінен 3 шақырым жердегі ескі жолдың арнасы 
«Қаражол» - аталады.
Бұл Қаражол аталатын жолдың тарихы Жуалы жерінен 
Талас Алатауын етектеп ӛткен Қытай мен Батыс елдерін 
байланыстырып отырған сауда мен мәдени қарым – 
қатынастардың күре тамыры Ұлы Жібек жолымен байланысты. 
Бұл ӛлкеден ӛткен Ұлы Жібек жолының негізгі арнасы 
туралы Араб жиһангері Убейдаллах ибн Абдуллах ибн 
Хордадбектің 846 жылы және Кудама ибн Жафардың Х 
ғасырдың басында жазып кеткен деректерінде мол мәліметтер 
келтірілген. Сол сияқты Қазақстан тарихының І томында 
«Тараздан шыққан керуен Шауғар, Баркуаб арқылы тау етектеп 
Абарадж арқылы Тамтаджға асқан» - деп кӛрсетілген. (Қазақстан 
тарихы І том Алматы: Атамұра, 1996, 351 бет). 
Осы Қайрат елдімекенінің үстіңгі жағында осы Қара жолдың 
бойында бекет болғандығы туралы да деректер бар. 
Бұл жолдың «Қаражол» - аталуына тоқталатын болсақ, 
қазақта «қара жол» деген сӛз тіркестері кӛп қолданылуы мұндағы 
«қара» сӛзі жолдың түстік сын есімнің сипаты емес, үлкен жол 
деген мағынаны беретін этимология. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет