Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет63/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91
Қыдыр қонған сай 
Ақтасты елдімекенінің солтүстік шығысындағы Кіші 
Қаратаудың бір сілемінің қойнауындағы сайды жұрт - «Қарасай» 
немесе «Қыдыр қонған сай» - деп атайды. Ол сайдың орын 
тепкен жері, Ақтасты елдімекенінің солтүстік шығысында 7 
шақырым жерде. Бұл сайды Қарасай атауға негіз болатын 
ешқандай белгі жоқ, ал Қыдыр қонған сай аталуына байланысты 
ӛте бір қызық құбылыс бар. Сайдың табанында шағын бұлақ бар, 
оның оң жақ қапталында үлкен – үлкен екі түп долана ӛседі. 


111 
Сол доланалардан сәл тӛменірек кішігірім киіз үйдің кӛлеміндей 
«Қыдыр қонған жер» - аталатын орын бар. Ол жердің бір 
ерекшелігі қыс күндері жауған қар бірден еріп кетеді де 
дӛңгеленіп қарайып бу шығып жатады, ал жаздың күндері 
кӛкпеңбек дӛңгелек болып кӛгеріп жатады.
Жергілікті тұрғындар бұл жерді «Қыдыр ата қонып 
аттанған» - деп қасиетті санайды, басына зиярат етеді. Қыдыр – 
мұсылман дінінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға 
қамқоршы, бақыт дәулет сыйлаушы кейіпкер ретінде танылады. 
Діни наным бойынша, әрбір нәрсенің иесі болады – мыс, 
солардың бірі Қыдыр әулие.
Сай атауы жоғарыда айтылған Қыдыр атаға байланысты - 
«Қыдыр қонған сай» аталады. Сай атауы сӛйлемнен қалыптасқан
жалқы есім болып саналады. 
 
Қыстаубай кӛлі 
Бұл шағын кӛл Ынтымақ елдімекенінің солтүстік батыс 
жағында бір шақырым жерде орналасқан. Кӛл табиғи емес, 
Ынтымақ ауылының батысынан шағын бұлақтардың суына бӛгет 
салып қолдан жасалған. Бұл кӛл Ұлы Отан соғысынан кейін сол 
ауылдың тұрғыны Қыстаубай қарияның жанқиярлық еңбегі 
арқасында пайда болған. Сондықтан да кӛл сол кісінің есімімен 
«Қыстаубай кӛлі» - деп аталады. 
Қыстаубай қария кӛлдің жағасына айнала қара тал егіп, 
балық ӛсірген, үйрек – қаз асыраған. 
Бүгінде Қыстаубай кӛлінің жағасындағы қара талдар әбден 
қартайып қурай бастаған, ал кӛл ұйыққа толып, суы таязданып 
кеткен. Аумағы кішірейіп қалың қоға мен қамыс басқан. Бір 
кездері базары тарқамаған айдын кӛл шүрегей мен жабайы үрек, 
кӛл бақаларға ғана мекен болып қалған жағдайы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет