Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет59/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91
 
Құлантау 
Құлантау Үлкен Қаратаудың Шақпақ белі арқылы 
Алатаудың Жабағылы сілемімен жалғасып жатқан Боралдай 


105 
тауының солтүстік бӛлігі. Құлантаудың бӛктерінен жанға шипа 
мӛлдір сулы, кӛптеген бұлақтармен қатар Құлан ӛзені бастау 
алады. Құлантаудың батыс бӛктерінен Әулиесайда Ұзынбұлақ 
аталатын бұлақ ағып шығады. Әулиесай аталу себебі Үйсін 
дүниеге келген киелі, әулие саналғандықтан болса керек деген 
болжам айтылады. 
Үйсіннің тарихына байланысты: 
Ұзынбұлақ – үйсін конысы,
Малға майдан Қаратаудың сонысы - деген ӛлең сӛздері 
бұған айғақ болса керек – деп кӛрсетеді Ә.Байбатша. (Қазақ 
даласының ежелгі тарихы. Алматы: Санат, 2002, 73 - 74 беттер.) 
Б. Момышұлының « Ұшқан ұя» кітабында: «Алтын күн 
Құлан тауына иек артып, тӛңіректеп қоштасқысы келмей қызара 
қиналып тұрғандай сезіледі. Батыс жақ нарттанып, күлгін 
шапаққа шомылып тұрған кез Шақпақ, Жабағылы, Боралдай 
жондарына сол шапақ бұлаң қаққандай сезіледі» -деп туған жер 
келбетін шабыттана суреттеген. (Б.Момышұлы. Ұщқан ұя. 
Алматы, 1976, 52 бет). 
Атақты тарихшы Л.Гумилев болса «Құлантаудың етегіндегі 
кӛп бұлақты қоңыр салқын жазықта 1223 жылы Орта Азияға 
жасаған жарықтардан қатты қалжыраған Шыңғыс хан 
нӛкерлерімен сауық құрып дем алған» - деген мәлімет келтіреді. 
(Л.Гумилев. Кӛне түріктер. Алматы, 1994, 103 бет).
Алатаудың 
баурайы осы Құланбасыда 1224 жылы 
құрылтайға бара жатып Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы 
Қаратаудың Орда қонған деген жерінде Үйсін сіргелінің бір топ 
билерімен кездескені туралы ел ішінде сақталып қалған аңыз 
бар. 
«1328 – ші ұлу жылы Ақсақ Темір Загрестің биік тау асуы 
арқылы, Фарс – Хорасан керуен жолымен Самарқандқа жорыққа 
аттанады. Ол барша қосындардан таңдап алынған қырық мың 
атты әскермен Сейхун – дариясынан ӛтіп наурыздың орта 
тұсында Алатау мен Қаратаудың тоғысар жеріндегі Құлан асуына 
келіп ат басын тіреді. Айналасы ат тағасындай иіліп тау қоршаған 
Құланбасы жазығының тепсеңді биігіне ордасын тікті» – деген 


106 
мәлімет келтіреді жазушы Е.Тұрысов (Бұл мәлімет Е.Тұрысовтың 
Темірлан романынан қысқартылып алынды. 82 – 83 беттер). 
Құлан тауының не себептен бұлай аталғаны туралы нақты 
дерек жоқ. Кейбір қариялар Құлан тауы қаңлыдан шыққан Құлан 
батырдың атымен қойылған деген болжам айтады. 
Ұлы Жібек жолымен ӛткен жиһангерлердің жазбаларында 
Құлантау туралы шағын ғана деректер айтылады, соның бірінде, 
Мыңбұлақ қаласынан Құлантаудың солтүстік тұмсығын орап 
Құлан ӛзенін жағалап барып асатын, Әулиесаймен жүріп 
Тамтадж (Түлкібасы) қаласына әкелетін негізгі желімен түйісетін 
де тармақ жол болғандығы айтылады. 
Таудың Құлантау аталу себебіне байланысты Ә.Байбатша 
тӛмендегідей пікір айтады: «Құлан жортқан жазық далалардың 
құланға байланысты аталуы түсінікті. Тауларды құлан 
мекендемейді, сонда Құлан тау деген атау қайдан шыққан? 
«Құлан таза» - деген сӛз тіркесін білеміз. Тіркестегі құлан мен 
таза сӛздерінің мағынасы бір, тазаны білдіреді» дейді. 
Ал Құлантаудың басында шындығында да ешқандай бұта, 
арша сынды ӛсімдіктер ӛспейді жалтыр тастар жататыны рас. 
Сондықтан да осы пікірді растауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет