Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет65/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91
 
Майтӛбе 
Қаратау-Тараз автомобиль жолының шығысында Билікӛлден 
10 шақырым шамасындағы тӛбе «Майтӛбе» - аталады. Бұл 
тӛбенің осылай аталуы туралы қариялар бұл жерден бұрынғы 
кезде мұнай ӛндірілген, сондықтан Майтӛбе - аталған дейді. 
(Бірақ қай кезде, кімдер ӛндіргені туралы ешкім дәйекті ештеңе 
айта алмайды). 
Екінші біреулердің айтуынша бұл тӛбенің Майтӛбе аталу 
себебі жаугершілік кезде қаза тапқандарды осы тӛбеге жерлеген, 
сондықтан ол «Мәйіттӛбе» - аталған, айтыла келе Майтӛбеге, 
айналыпты кеткен деп баяндайды. 
Тарихи мәліметтерге суйенсек, Майтӛбе аталуының екінші 
нұсқасы шындыққа жақын сияқты. Б.Әбілдаұлы Тӛле би мен 
Қойгелді батыр кітабында былай баяндалады: «Қотырбұлақ, 
Майтӛбе, Ақкӛл жеріндегі шайқастардың іздері әлі күнге дейін 
сайдап жатыр. Сол соғыстарда қырылған қалмақтардың обалары 
тӛрткүл тӛбелер ретінде сақталса, туған жерін қорғауда шейіт 
болған қазақтардың зираттары да айқын байқалады. Туған жерді 
жоңғарлардан босатқаннан кейін Қойгелді еліне қоныс бӛлгенде 
осы бауырлары қаза тапқан жерлерді таңдапты. «Майтӛбе» 
совхозы орналасқан Майдан тӛбені Қойгелді басқарған 
жауынгерлер әуелі қалмақтардан, одан кейін қырғыздардан
үшінші рет түрікпендерден азат еткен» - деп кӛрсетеді. (Алматы. 
Қазақстан «Мерей» 1992 110 бет).


114 
Демек, «Майтӛбе» - атауы Мәйіттӛбе немесе Майдантӛбе 
болсын, сол кезеңде жаугершілікте туындаған атаулардың 
бүгінге жеткен жаңғырығы деп білеміз. 
Осы маңдағы Талас ауданына қарасты елдімекен де 
«Майтӛбе» - аталады. 
 
 Маңқасай 
«Маңқасай» - Шақпақ ата елдімекенінен тоғыз шақырымдай 
жерде Амансайдың солтүстік батысында жатқан жан жағын тау 
қоршаған терең сай. Бұл жерді «Маңқасай» -деп аталуына жылқы 
малында болатын маңқа ауруы себеп болған. Ол адамға да, малға 
да жұғатын жұқпалы ауру. Індет таратпау үшін маңқа ауруымен 
ауырған жылқы малын осы сайға алып келіп атып, ӛлексесін 
ӛртеп отырған. 
Сол оқиғаны кӛзімен кӛрген қариялардың айтуынша Ұлы 
Отан соғысының алдында яғни, 1930 – 1940 жылдары болған. Ол 
жерді әлі күнге дейін ақ сӛңке болып қураған жылқы малының 
сүйектері шашылып жатады. 
Жер атауы маңқа ауруымен ауырып жойылған жылқыларға 
байланысты «Маңқасай» - деп аталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет