Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет61/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91
 
 
 


108 
Құртты бұлақ 
«Құрттыбұлақ» - аталатын жер Жуалы ауданындағы 
Талапты елдімекенінің үстіңгі жағындағы Қараүңгір аталатын 
жерден екі шақырымдай жоғары тау беткейіндегі бұлақ. 
Құрттыбұлақтың аумағы шағын ғана. Ол үш – тӛрт 
шақырым аққан соң ешқандай ӛзенге қосылмай тастақты аңғарға 
сіңіп кетеді. 
Бұлақтың бұлай аталуына тоқталатын болсақ бұлақта 
жанбасқұрт, жұмарқұрт, түрлі шіркейлер сияқты т.б. құрттар кӛп 
болғандықтан осылай «Құрттыбұлақ» - аталады. 
 
Қыз әулие
Жуалы ауданы, Шақпақ елдімекенінің солтүстік батыс 
жағында 3 шақырым жерде Құлан тауының етегіндегі шатқал 
«Қыз әулие» - аталады. Бұл жерден шағын бұлақ басталып ол 
таудың етегіндегі егінді алқаптарды суғаруға пайдаланылады. 
Бұлақтың басталар жері қалың жынысты, аңғарында итмұрын, 
қара долана, шеттік т.б. талдар ӛседі. 
Қыз әулиеге зиярат етіп барған жұрт бұлақтың басындағы 
талға мата байлап, суын ем санап жатады.
Шақпақ ата елдімекенінде тұратын діндар қария Дербіш 
Дүйсенбіұлының айтуына қарағанда бұл жерде қасиетті әулие 
қыз жерленген дейді.
Аңғарда ӛскен талдарды қырқып отынға пайдалануға ол жер 
қасиетті әулие саналғандықтан рұхсат етілмейді. 
Мұндағы «Қыз әулие» - атауындағы «қыз» сӛзі этноним 
болып саналады. 
 
Қыз құлаған 
Ақсу - Жабағылы қорығының Түлкібас ауданының шығыс 
бӛлігінде орналасқан тау беткейінде «Қыз құлаған» - аталатын 
шағын кӛл бар. Кӛлдің бұлай аталу себебін Ақсу - Жабағылы 
қорығының 
мұражайымен 
таныстырушы 
қызметкерінің 
пікірінше, ілгері заманда сол кӛлдің жасағын жайлаған бір 
байдың кӛрікті қызы болыпты. Бай қыздың қарсылығына қарамай 
бір саудагерге бермекші болады. Оған кӛнбеген қыз тастан сол 
кӛлге құлап ӛліпті деген мәлімет береді. 


109 
Қызмола 
Бақаты аталатын шағын ӛзеннің шығыс жағында
Сарықайқаң аталатын жерде «Қызмола» - атты жер бар. Қызмола 
туралы аңызды біз ертеректе Қаңлы руының шежірелі қариясы 
Сегізбай ақсақалдың аузынан естіген едік. Ерте кезде бір ханның 
жалғыз қызы бойжеткен кезде белгісіз сырқаттан қайтыс 
болыпты. Ол қыздың кӛріпкелдік қасиеті болған ұқсайды. 
Ұрпақсыз қалған хан қатты қайғырыпты, сол Бақаты ӛзенінің 
жағасына жерлеп басына екі қаратал егіпті. Қарияның айтуы 
бойынша не себептен екені белгісіз, қараталдарды қанмен 
суғарыпты. Бақаты бойындағы сол үлкен қара талдың бірін 
орыстар келген кезде шауып алып, арбаға тиеп алып бара 
жатқанда қиядан аунап, қайтыс болыпты дейді.
Қыз моланы бүгінгі күнге дейін ел қасиетті санайды. Ал 
оның басына егілген үлкен қара тал нешеме ғасыр ӛтсе де әлі 
күнге жапырақ жайып кӛктеп тұр. 
Жердің «Қызмола» - аталуы аңызда айтылғандай кӛріпкел 
әулие қыздың жерленген жері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет