110
Қызыл дала
Қызыл дала – Республика бойынша кӛп
кездесетін дала
аттары. «Қызыл дала» - аталатын жер Жетітӛбенің оңтүстік
жағында Бауыржан Момышұлы – Қошқарата автомобиль
жолының үстінде, таудың етегіне дейін созылып жатқан дала. Ол
Қарасаз ауылдық округінің аймағына жатады.
Қызыл даланың
етегіндегі сайлардан басталатын бұлақтардың суын бӛгеп
жасалған «Қызыл даланың кӛлі» - аталатын кӛл бар.
Алыстан қараған кісіге Қызыл даланың күнгей жағы
қызғылт тартып жатады. Бұл жердің аталуы осы беткейдің
қызғылт түсіне байланысты қойылған ороним.
Қызылжар
Талас Алатауының баурайындағы Ақсай аталатын ӛзеннің
шығыс жағындағы сілемнің орта тұсы «Қызылжар» - аталады.
Орналасқан жері Ақсай ӛзенінің шатқалдан ағып шығар
жеріндегі қорықшы үйінің шығысында 300 метрдей жерде.
Тауға шығатын адам осы Қызылжардың үстіндегі қылта
жолмен кӛтеріледі. Етектен қараған
кісіге Қызылжар жоғарғы
және тӛменгі жағы кӛкорай белдеу болып ерекшеленіп, 45 – 50
метрдей жері қып – қызыл болып айқын кӛрінеді.
Қызылжардың ӛзен жағасынан
бетон құюға эксковатормен
құм алатындықтан батыс беткейі жарлауыт болып келеді.
Бұл жердің «Қызылжар» - аталуына тоқталатын болсақ,
мұндағы «қызыл» сӛзінің жер қыртысының реңімен байланысты
атау екендігін аңғару қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: