112
құрғақ болған соң осылай аталған) екіншісі «
Қалмаққырылған»
- аталады. Осы Қалмаққырылған сайының жоғарғы бітер жері құз
жартас болып келеді.
Қалмаққырылған сайдың тарихы туралы кӛргені
мен ойға
түйгені кӛп, ел мен жер тарихын, шежіресін жетік білетін
Кәріқорған ауылының тұрғыны
Елубай Исмайлов былай
баяндайды: «Жоңғар шапқыншылығы кезінде Аққошқар батыр
бастаған қазақ жасақтары қашып бара жатқандай айла жасап,
соңдарынан қуған қалмақтарды
осы шатқалға қамап қырып
салған екен» - дейді.
ХІХ ғасырдың аяғында Батырбек датқа Қоңыртӛбе
аймағынан Найман руына жер бӛліп беріп қоныстандырғаны
тарихтан белгілі. Осы шатқалдың аузында Найман руының
Қыстаубай есімді беделді қариясы ӛзінің әулетімен мекен еткен.
Сондықтан шатқал күні бүгінге дейін «Қыстаубай шатқалы» - деп
аталып келеді.
Осы шатқалдың шыға берісінде VІІІ – ХІ
ғасырлардың
археологиялық нысаны – қарауыл мұнарасы болған. Ол туралы
мәлімет тарихшы Күзенбай Байбосыновтың зерттеулерінде
кӛрсетілген.
Майбұлақ
Республикамыздың оңтүстік атыраптарында кӛп
кездесетін
бұлақ атауларының бірі – «Майбұлақ» деп аталатын жер
Таңшығыс атты ескі қоныстың солтүстік жағындағы шағын
бастау.
Бұл бұлақтың шығыс жағынан Әкбастау, (жоғарғы
жағынан ел үй әктеуге әк қазып алғандықтан осылай аталған)
және шығыс жағынан
Кӛкбастау (жағалауы кӛк майса
болғандықтан аталған атау) бұлақтары басталып үшеуі бір арнаға
қосылып, солтүстік шығысқа қарай ағып барып Теріс ӛзеніне
қосылады.
«Майбұлақ атауы кӛне түркінің «май» және «бұлақ»
сӛздерінен қалыптасқан атау. «Май» тұлғалас тіркестер түркі
тілдерінің кӛкке табыну дәстүрінен елес береді, қазақ тілінде: «от
ана, май ана», алтай тілінде «май эне»,
орхон жазбаларында
«ұмай» ұғымындағы атау». (Еркебай Қойшыбаев. Қазақстанның
113
жер – су аттары сӛздігі. Алматы: Мектеп, 1985, 184бет.)
Ал «Майбұлақ» атауына бұрынғы Таңшығыс аталатын
жерде туып ӛскен Құттыбай Есенбекұлы басқаша түсінік береді:
«Майбұлақтың тӛңірегіндегі
шағын ауылдың тұрғындары
қарынға, ыдысқа салған майларын осы бұлаққа салып қоятын.
Бұрын тоңазтқыш жоқ кезде бұлақ суына батырылған май
бұзылмай жақсы сақталғандықтан,
Майбұлақ аталатыны
сондықтан» - деп кӛрсетеді.
Біз «Майбұлақ» - атауының екінші нұсқасына тоқталамыз.
Бұл «май салынған бұлақ» - деген ұғымды білдіретін гидроним
деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: