Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет69/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
 
Ормансай
Күреңбел ауылдық округіне қарасты Қаратас елдімекенінің 
солтүстік – батыс жағында орналасқан шағын тоғайлы сай 
«Ормансай» - деп аталады. Ол жер Қаратас елдімекенінен 1,5 
шақырым жерде Теріс ӛзенінің батыс жағасында орналасқан. Жер 


120 
атауының Ормансай аталуына сайдағы ӛсіп тұрған шағын тоғай 
себеп болған. Онда жеміс ағаштары емес негізінен қаратал, 
сәмбітал, қарағаш, терек сияқты талдар ӛседі. 
Жергілікті жердің адамдары Теріс ӛзенінің жағасында осы 
сайдағы ӛскен тоғайды орманға балағандықтан жер атау 
«Ормансай» - болып аталып кеткен. 
 
Ӛгізарал 
Жуалы ауданының солтүстігіндегі Оңтүстік Қазақстанның 
Шаян ауданымен шектесер жерінде Ӛгізарал аталатын жер бар. 
Ӛгізарал туралы сұрастырғанымызбен біз ешқандай дерек 
таба алмадық. Сол жерге жақын жердегі Қошқаратада туып ӛскен 
ақын Бауыржан Үсенов «Ӛгізарал» атты ӛлеңінде былай 
жырлайды: 
Бір жер бар Кӛсегеде Ӛгізарал, 
Егіз шың кӛкке ағылған – егіз анар. 
Ортасы жасыл ойпат, аты қызық, 
Дерек жоқ ақиқатқа негіз алар. 
Шоламын биігінен айналамды, 
Бұл атты атам қазақ қайдан алды. 
Қай кезде, қандай адам, не себептен? 
Ӛгізге арал қосып пайдаланды... 
Жердің Ӛгізарал - аталуы туралы Е.Қойшыбаев пікірінше, 
«Кӛне түркі тайпалары тілінде үгіз («ӛзен су») және арал 
сӛздерінен қалыптасқан атау; «сулы арал» мәнінде. ( 
Қазақстанның жер – су аттары сӛздігі. Алматы: Мектеп, 1985 199 
бет).
Демек «Ӛгізарал» - атауы сол жердегі ӛзен мен
оның тӛңірегіндегі тӛбелерге байланысты ӛте ертеде қойылған 
атау.
Рысбек тӛбе
Жамбыл 
ауданының 
бұрынғы 
«Қызыл 
Октябрь» 
колхозының маңында, Жуалы ауданына жақын жерде Рысбек 
тӛбе аталатын жер бар. Бұл жердің неге бұлай аталғанына біз 


121 
жауапты - Сиқым Рысбек батыр кітабынан таптық. (авторы 
Б.Әбілдаұлы). Оның «Батыр мұраты» аталатын бӛлімінде былай 
баяндаған.
«Рысбек батыр 1824 жылы Жамбыл ауданы «Қызыл 
Октябрь» колхозына қарасты шайхана маңында кӛз жұмған. Осы 
арада Рысбек, Тұрыс тӛбелер бар. Ӛлер алдында Рысбек 
балаларын жинап, бақұлдасады. Сегіз ұлының жетіншісі
Тӛребекке: 
- Атам Қарабатыр, әкем Шінет жатқан Манкенттегі Сиқым 
зиратына қойыңдар - дейді ӛсиетін айтып. Қайтыс болған соң 
Рысбекті осы тӛбе басында жауыпты. Сол жер Рысбек тӛбесі 
аталған. (76-77 беттер). 
Рысбек тӛбенің аталу тарихы міне осындай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет