Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет72/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91
 
 Саясу 
Билікӛл ӛңірінен үстірттегі Жуалыға қарай кӛліксіз атпен 
асатын асулардың бірі «Саясу» - аталады. Бұл шатқалдың 
табиғаты мен ӛсімдіктер дүниесі басқа шатқалдар сияқты кӛркем.
Бұл шатқал Бәйел Мұстафа және Саян сынды атақты 
байлардың жайлауы мекені болған. Сондықтан да шатқалдың 
және асудың аты Саяның асуы деп аталған. Саяның асуы айтыла 
келе Саясу болып қалыптасып кеткен. 
Саясу асуының орналасқан жері қазіргі Кӛлтоған ауылымен 
тұспа – тұс келеді. «Саясу» - атауы адам атынан тұратын 
антропонимдік атау. 
 
Сеңгір 
Боралдай тауының солтүстік батысындағы биік құз «Сеңгір» 
- аталады. Кӛкке шаншыла бой кӛтерген құзда бүркіттер ұя 
салады, табиғаты ӛте кӛркем. 
Балалық шағын осы ӛңірде ӛткізген жазушы Еркінбек 
Тұрысов Сеңгідің келбеті туралы жазбасында: «Қараштың 
биігінен, алыста Сеңгірдің күрең қаздарына ұласып, кӛгілдір 
мұнар құшқан Боралдайдың келбетіне қарап тұрдық. Неткен 
сұлу, неткен кӛркем дүние еді бұл. Сол сұлулыққа тұнған сырлы 


124 
дүниенің нақ ортасында, кӛк торғынға оранған тау шатқалын қақ 
жарып, тулап ағып жатқан асау ӛзеннің арнасынан аспан кӛгіне 
шаншыла бой кӛтеріп келісті – кербез Нұржау тұр» - делінген. (Е. 
Тұрысов. Нұржаудың нұрлы түндері. Алматы: Нұрлы әлем, 1998, 
183 бет). 
Сеңгір атауы - ӛте кӛне термин. Бұрын Тұраны қазақтар 
«Сеңгір» - деп атапты.
М.Қашғари сӛздіктерінде, Кеншек – Сенгир т.б. түрлерінде 
кездеседі. Кӛне түркі тілінде сеңңир – «шошақ» деген мәнді 
береді. Сондықтан біз «Сеңгір» - атауы «құз жартас», «шошақ 
тау» сӛздерінен шыққан деген тоқтамға келеміз.
Сулысай 
«Сулысай» – Жуалы ауданындағы Құлан тауының күнгей 
жағындағы екі жотаның ортасындағы сай атауы. Орналасқан жері 
Ынтымақ елдімекенінің батыс тұсында. 
Сулысайдың айналасындағы тау жоталарынан бірнеше 
бұлақтар басталып, батысқа қарай ағады. Сондықтан да бұл жер 
кӛк майсалы, сулы болып жатады.
Қазақ тілінің сулы мәніндегі сӛзі кейбір түркі тілдерінде 
сұлу түрінде айтылатындары да бар, бірақ бұл атау орналасу 
жағынан «суы бар сай» деген географиялық атауға келеді. 
Қорытып айтқанда, жер атауы «сулы» және «сай» сӛздерінен 
қалыптасқан гидронимдік атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет