Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет70/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
 
Садырқамал 
Боралдай ӛзенінің Үшашы атты қосылысының жанында 
«Садыр мүрде», «Садыр сай», «Садыр қамалған» атты жерлер 
бар. Оны бүгінде «Садырқамал» - деп атайды. Бұл жерлердің 
бұлай аталу себебін әсіресе кейінгі ұрпақ біле бермейді. 
Бұл Садырқамал да «Ақтабан» жылдарындағы сұрапыл 
дәуірде қызыл қырғыннан қалған белгі. 
Садырқамал туралы Ілияс Есенберлин «Кӛшпенділер 
триологиясында 
біршама 
деректер 
келтіреді: 
«Найман 
тайпасының бір тармағы Садыр руы Ақтабан шұбырандыдан 
бұрын Талас пен Арыс ӛзендерінің арасында кӛшіп жүретін. 
Бұрындай ӛзенінің бойында «Садыр мүрде» деп аталған жер – 
бұл рудың аталары қойылған зират еді. Ақтабан шұбырандыда 
қалмақ қолынан тоғыз баласымен Жомарт ӛледі. Қырық мың 
үйдің он бес мың шаңырағы шұбырап Әндижан жеріне ӛтіп 
кетеді». (Кӛшпенділер. Алматы: Жазушы, 1987, 418 б).
Жазушы С.Сматаев, Жомарт батыр мен оның тоғыз ұлының 
туған жер үшін жанқиярлықпен шайқасып мерт болғаны 
хақында шынайы да кӛркем етіп «Елім - ай» романында 
баяндайды. 
М.Тынышбаевтың пікірінше, «Между обоими тура в 
местности Терекы впадает ручеек называемый ныне «Садыр – 


122 
қамалган - булак» т.е. ручеек, у которого застряли, т.е. были 
окружены и перебиты Садыра в 1723 г. здесь раз и зимовал 
Джомарт батыр со своими 9 сыновьями» - делінген.
(История 
казахского народа. Алма-Ата,1993, 188 стр).
Сол қырғын соғыстан 25 күндік Тасболат есімді жалғыз 
нәресте ғана тірі қалып одан бір қауым ел ӛсіп ӛнгенін М. 
Тынышбаев: «От этого 25 – дневного мальчика – Тасбулата в 5 
колоне происходит автор» - деп ӛзінің ата тегінің шығуына дейін 
баяндайды. 
Қысқасы, бұл «Садыр мүрде», «Садыр сай», «Садыр 
қамалған» - атты атаулардың барлығы да Садыр руына 
байланысты туындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет