Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет68/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91
 
 Орда қонған 
 Бүгінде Қошқарата ӛңіріндегі елдің ауызекі әңгімесінде 
«Үлкен Ордаған», «Кіші Ордаған» деген сӛздер кӛп айтылады. 
Ал, сӛздің анығына келсек, ол «Үлкен Орда қонған», «Кіші Орда 
қонған» екендігін аңғару қиын емес, айтыла келе «Орда қонған» 
сӛзі тілдің ынғайына қарай ордаған аталып кеткен. Осы «Орда 
қонған» деген жер Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан 
облыстарының шектесер жерінде Арқарлы атты тауға жақын
Қошқарата мен Боралдай ӛзендерінің жоғарғы сағасында 
орналасқан. Үлкен Орда қонған мен Кіші Орда қонғанның ара 
қашықтығы небәрі 3-4 шақырым ғана. Жоңғар шапқыншылығы 
кезінде, жасақтарды аңғарларға жасыру және барлық уақытта бір- 
бірімен байланыста болу үшін сол кездегі соғыс
тактикасына байланысты солай орналасқандығын кӛреміз. 
Бірінші орда Ордабасында, екінші орда Қошқарата жерінде, 
үшіншісі Ақыртӛбе станциясының жанында қазақ жасақтары 
топтастырылғаны бізге тарихтан белгілі. 
Мұхаметжан Тынышбаевтың еңбегінде: «Орда - басы 
расположено так, что командует над всей терассой; стоит только 
подняться из низин районов Арыстанды (90-100 верст) или 
Боралдайской системы (50 - 60 верст) как сразу бросается в глаза 
характерная сопка Орда басы; и наоборот с Орда-Басы можно 
обозреть все пространство, такое только доступно глазу 
дальнозоркого степняка»
- деп сипатталады. (История казахского 
народа. Алма-Ата, 1993г. 166 стр). 


119 
Осы үш орданың ел билеушілерінің бірігіп Сазтӛбеде 
ӛткізген жиыны туралы Қ.Аманжолов, А.Тасболатовтар 
«Қазақстанның әскери тарихы» атты кітабында былай жазады:
«XVIII ғасырдың 20 жылдарында Сайрамға жақын Састӛбеде 
(Оңт.Қазазқстан облысы) (Сазтӛбе – айтыла келе Састӛбе болып 
аталып кеткен. Автор) үш орданың ел билеушілері мен ру 
басылары қатысқан бүкіл қазақтың үш ордасының съезі 
шақырылған. Съезден кейін Кіші орданың хандық билігі 
Әбілқайырдың, Орта орда Сәмеке мен Күшіктің қолына кӛшті. 
Ұлы орда билігі Тӛле биде қалды» - деп жазады. (Қазақтың 
әскери тарихы. Алматы: Білім, 1999, 133 б).
Қазақтың үш ордасының біріккен шешімі Жәнібек батырдың 
орыс елшісіне айтқан: «Ӛз туыстарымды және ар - намысымды 
қорғау үшін Жоңғарларға қарсы соғысуға мәжбүр болдым» - 
дейтін сӛзі толық сай келеді. Мұны М.Тынышбаевтың 
жазғанымен нақтылар болсақ «Верховьях р.р. Боралдая и 
Кошкараты стояли ставки Старшего хана 3х-Орд и Младшего 
хана Верховным ханом всех трех Орд считался сын Тауке-хана 
Болат хан, и Улкен Орда конган- место стоянки его ставки 
младшим ханом был Абулхаир, командовавший всеми 
казахскими силами; Киши Орда конган-место стоянки его 
ставки» - делінеді (167 стр).
Қорыта келгенде Жуалы ауданының Қошқарата ӛңіріндегі 
Ордақонған, Боралдай, Жолбарыс қамал, Үлкен тұра, Кіші тұра, 
Садыр қамал, Тарақты қамал, т.с.с. кӛптеген жер - су атаулары 
17-18 ғасырлардағы туған елімізді Жоңғар қалмақтарынан азат 
ету кезіндегі соғыстарға қойылған атаулар болып табылады. 
Қысқасы, «Орда қонған» - атауы Орданың тұрған жері дегенді 
білдіретін атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет