126
– қырлар тұтас орала біткен кӛк шалғынға тұнып қалған.
Талдының тоғайына түскесін Бесшоқыдан Кеңбұлаққа ӛтетін
қара жол бойындағы қойнаудан біздің үйдің қарасы да кӛрінді»
(175бет).
Талдыбұлақта 1955 жылға дейін жеті жылдық мектеп
болған.
Бұл жердің «Талдыбұлақ» - аталуына оның тамаша
табиғаты, қалың тал – тоғайдың мол болып ӛсуі арқау болған.
Қысқасы, бұл атау «талды» және «бұлақ» деген екі сӛзден
құралған гидроним.
Тасбастау
Құлан тауының шығыс жағынан басталып Теріс ӛзеніне
құятын бастау «Тасбастау» - аталады. Сол бастаудың тӛменгі
жағындағы елдімекен де «Тасбастау» - ауылы деп аталады.
Бұлақтың Тасбастау аталуы тау етегіндегі тастардың
арасынан арындап шығып жататындығына байланысты.
Кӛпті кӛрген қария Әшен Айманбетұлының айтуынша,
бұрын бұл бастаудың суы мол және арыны қатты, кӛлденең
келген ат белін майыстыруға дейін жететін - деп баяндайды.
Бұлақтың және елдімекеннің «Тасбастау» - аталуы тас және
бастау компоненттерінен құралған атау.
Достарыңызбен бөлісу: