137
«Шақпақ» - атауының шығуына байланысты әртүрлі
деректер бар.
Шақпақ әулие Жүсіп Баласағұнидің шәкірті болған деген де
дерек бар. Ол
Қашқариядан шығып Бұхара, Самарқанд жерінен
ӛтіп осы ӛңірге келгенде қайтыс болыпты. Оның жерленген жері
(моласы) тәңірлік нанымға байланысты «әулие» аталған.
Жазушы, тіл маманы С.Дүйсебайұлының айтуына қарағанда
«Шақпақ» - сӛзі қазақтың архаизм сӛзіне жатады. Шақпақ сӛз
тіркесі «биік», «шоқтықты» дегенді білдіреді.
Бұрынғы ат
баптаушы сыншылар «аттың үш шақпағы болады» - дейді екен;
басы, шоқтығы, сауыры. Осы белгілеріне қарап аттың жүйріктігін
болжаған - деп түсіндіреді.
Демек «шақпақ» - сӛзі сол жердің басқа жерлерге қарағанда
биік екендігі, биікке орналасқандығы туралы мәлімет беріп тұр -
деп болжам жасауға болады.
«Шақпақ түркі тілдеріндегі шоқпақ
тұлғасымен байланысты
сияқты (чоқтал пара - пар), орнитологиялық әдебиеттерде
кездеседі. Қалай болғанда да Шақпақ атауын Ш.Уәлиханов та,
С.М.Абрамзон да түркі этнонимі деп біледі» - деп кӛрсетілген. (
Е. Қойшыбаев. Қазақстанның жер – су атауларының сӛздігі.
Алматы: Мектеп, 1986, 23 бет).
Достарыңызбен бөлісу: