Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы


 Митоздық хромосомалардың құрылысы



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
1-лекция

4.5.2. Митоздық хромосомалардың құрылысы.
Митоздық хромосомалар екі иіннен, алғашқы тартылыстан (кермеден), центромерадан тұрады.(55 – сурет). 
Митоздық хромосоманың қысқа иінін «Р», ұзын иінін - «q» әріпімен бейнелейді. Центромера – жасуша 
бөлінуі (митоз, мейоз) кезінде хромосоманың қозғалуын қамтамасыз етеді.Егер центромера болмаса 
хромосомалар қозғала алмай жойылады. 
Әрбір хромосома ұзына бойына екі тепе –тең бөліктен тұрады,оларды хроматидалар деп атайды. 
Митоздың анафаза сатысында хромосомалар 2 хроматидаға ажырап олардың әр қайсысы бөлінуші 
жасушаның қарама – қарсы полюстеріне қарай тартылады. Әрбір хроматидада 2 ширатпа (жіпше) болады, 
оларды - хромонемалар деп атайды, олар ДНҚ молекуласының жіпшелері болып табылады. Хромосома 
иіндерінің ұштарын теломералар деп атайды, олардың қызметі хромосомалардың тұрақтылығын сақтау, 
хромосомаларды ядро ламинасына бекіндіру, хромосомаларды жабысып қалудан сақтау т.б. болып 
табылады. Жасушаның әрбір бөлінуінен кейін хромосома теломералары азды-көпті қысқарып отырады,ал
оның ұзындығы минимальды деңгейге жеткенде жасуша бөлінуін тоқтатады және бұл ағзаның қартаюына 
алып келеді. 
Үнемі бөлінуші жасушаларда (ұрық жасушаларында, ствол (діңгек) жасушаларында ) теломералар 
ұзындығын қалпына келтіріп отыратын ерекше фермент болады. 
Хромосома иіндерінің өлшеміне, центромераның орналасуына қарай митоздық хромосомалардың 
бірнеше түрлерін ажыратады.1) Тең иінді немесе метацентрикалық – иіндерінің ұзындығы бірдей, 
центромера хромосоманың дәл ортасына орналасқан; 2) Әр түрлі иінді немесе субметацентрикалық – бір 
иіні екіншісінен ұзын, центромера хромосоманың бір ұшына қарай ығысып орналасқан; 3)акроцентрикалық 
– бір иіні жақсы дамыған, ал екіншісі нашар дамыған, центромера хромосома ұшына жақын орналасқан.(55 
– сурет). 
4.5.3. Кариотип. Адам кариотипі. 
Кез келген биологиялық түрлердің хромосома саны (2n , n) тұрақты болады.Сонымен қатар, хромосома 
пішіндері, өлшемдері де тұрақты болады.Биологиялық түрлердің хромосома санын, олардың пішіндерін, 
өлшемдерін қамтитын кешенді сипаттамасын кариотип.( Г.А.Левитский, 1924 ж) деп атайды. (56 – сурет) 
Адамның сома жасушаларында 46 хромосома (2n) кездеседі, олар 23 жұп құрайды, 22 жұп хромосомалар 
әйелдерде де, ер адамдарда да бірдей болады,оларды аутосомалар, ал бір жұп хромосомалар ер адамдарда 
бір түрлі (ХУ), әйелдерде өзгеше (ХХ) болып келеді, оларды жыныс хромосомалары деп атайды.
Кариотипті, әдетте метафазалық препараттар дайындап зерттейді.Адам кариотипін жіктеудің 
(классификациялаудың) 2 түрі белгілі: Денвер классификациясы (1960) және Париж классификациясы 
(1971). 
Денвер классификациясы бойынша хромосомаларды үлкенінен кішкентайына қарай орналастырып, 
олардың идиограммасын құрастырады да әрқайсысын нөмірлейді, хромосома морфологиясына қарай 
бірнеше топқа бөледі: мұңда негізгі көрсеткіш ретінде центромералық индекс (ЦИ) пайдаланылады. 
Центромералық индекс дегеніміз – хромосоманың қысқа иіні ұзындығының бүкіл хромосома 
ұзындығына ара қатынасы (%) болып келеді. 
А тобы: 1-2-3 хромосомалар; ең ірі метацентрлі хромосомалар, (ЦИ= 38-49); 
В тобы: 4-5; ірі субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ= 24-30); 
С тобы: 6-12; орташа субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ= 27-35); 
Д тобы: 13-15; орташа акроцентрлі хромосомалар, (ЦИ= 15); 
Е тобы: 16-18; ұсақ субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ= 26-40); 
F тобы: 19-20; ең ұсақ метацентрлі хромосомалар, (ЦИ= 36-46) 
G 21-22; ең ұсақ акроцентрлі хромосомалар, (ЦИ= 13-23) 
Х хромосома – орташа субметацентрлі ( С тобы ), У хромосома – ең ұсақ акроцентрлі (G тобы ) 
хромосомалар болып табылады. 
Денвер жіктелуінің кемшілігі бір топқа жататын хромосомаларды ажыратудың қиын, тіпті мүмкін 
болмауы.


Париж классификациясы.(1971) хромосомалардың таңдамалы боялуына байланысты жүргізіледі.Ол үшін 
хромосомалардың түрліше бояулармен бояйды. (G ,R ,S). Сонда әртүрлі (гомологтық емес) хромосомалар 
түрліше боялады, ал гомологтық хромосомалар бірдей боялады, сондықтан хромосомалардың гомологтық 
жұптарын табу жеңілдейді.Сонымен қатар, бұл классификация бойынша хромосомалардағы нақтылы 
локустарды ажыратып белгілеуге, хромосома картасын жасауға болады.Ол үшін кейбір символдарды 
пайдаланады, мысалы: хромосоманың қысқа иінін р, ұзын иінін q әріпімен белгілейді. Боялу интенсивтігіне 
қарай хромосоманың әрбір иінін центромерадан теломераға қарай аударғанға, ал аудандарды сегменттерге
бөледі де араб сандарымен белгілейді.Мысалы, Ip 22 хромосоманың қысқа иінінің 2 ауданындағы 2 сегмент 
дегенді білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет