Ж. Қ. Қамысбаева суда жүзудің техникасы мен тактикасын үйрету



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата25.04.2023
өлшемі1,92 Mb.
#86510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Екінші түрі. Бұл түрде үйлесімдер құрылымының негізі 
екі аяқтың брасс әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгендегідей 
10 


қимылынан және су астындағы екі қолдың бірдей 
қимылдауынан құралады.
Сурет 4. Сурет 5.
 
Бірінші үйлесім – екі аяқтың қимылы етпеттен, брасс 
әдісімен жүзгендегідей, ал екі қол тіке ұсталып судың астымен 
төменге – жамбас тұсына қарай еседі (5 сурет). Бастапқы қалып – 
екі алақан төмен қаратыла, екі қол алға қарай иықтың деңгейінде
созылады, екі аяқты бірге қосып созып жібереді, иекті кеудеге 
тіреп, бетті суға енгізеді. Біраз ілгері жылжып барып, тіке ұсталған 
екі қолды бір мезгілде төменге және санға дейін артқа қимылдатып 
есе бастайды. Екі қол су астынан тік көтерілгенде, терең дем 
шығару тоқталады да, бас су бетіне қарай көтеріледі. Есу 
аяқталғанда, бас су бетіне шығып, ішке дем тартылады. Бұдан 
кейін бас суға еніп, дем шығару басталады, екі қол шынтақтан 
бүгіліп, екі аяқ бір-бірінен алшақ тасталып, сонымен бір мезгілде 
тізе, жамбас-сан буындарынан бүгіледі. Осыдан кейін екі қол алға 
жылжып, бастапқы қалпына келеді, ал екі аяқ есе бастайды. Қол 
мен аяқ қозғалыстары бастапқы қалпына келгенде үйлесім 
аяқталады. Сәл үзіліс жасалып, айналым қайта басталады.
11 


Екінші үйлесім – екі аяқтың қимылы етпеттеп, екі қол тіке 
ұсталынып, бір мезгілде судың астымен екі жаққа жайыла, 
жамбасқа дейін еседі (6 сурет). Біраз сырғып барып, екі қолды 
судан шығармай жайып, алақанды сыртқа қаратып есіп, жамбасқа 
жеткізеді. Екі қол иықтың деңгейінен өте бергенде, дем шығару 
күшейе аяқталып, бас жоғары көтеріледі. Есу біткен кезде бас су 
бетіне шығып, терең дем тартылады, бас суға қайтадан енгенде дем 
шығарылады. Қолды шынтақтан иіп, аяқпен бірінші үйлесімдегідей 
дайындық қимылдар басталады. Осыдан соң екі қол кеуде астымен 
есу қимылдарын жалғастырып, бастапқы қалыпқа қайта оралады, 
ал екі аяқ есе бастайды. Біраз үзіліс жасалып, жүзу қайта басталады
(7-
сурет). 
Сурет 6. Сурет 7. 
Үшінші үйлесім – екі аяқтың қимылы шалқалап брасс 
әдісімен жүзгендегідей, ал екі қолды тіке ұстап екі жаққа жайып 
бір мезгілде жамбасқа дейін еседі (8 сурет). Бастапқы қалып – 
екі қолды да қапталға тақап, екі аяқты біріктіре созып, басты су 
бетінде ұстау. Осыдан кейін екі қолды шынтақтан бүгіп, су 
астында бастан асыра созады да ауызбен терең дем алады. Қол 
созыла бастағанда аяқ тізеден бүгіледі, жамбас бастапқы 
12 


қалпынан өзгермейді, екі балтыр да төмен түсіріліп, екі жаққа 
ажырайды, табан сыртқа қаратылады. Осыдан кейін екі қолды 
бүкпей, су бетінде есіп, жамбасқа дейін апарады. Ал бұл кезде 
екі аяқ есе бастайды да, бастапқы қалпына келеді. 
 
Сурет 8. Сурет 9. 
 
Үшінші түрі. Бұл түрде үйлесімдер құрылымының негізі 
екі аяқтың дельфин әдісімен етпеттеп және шалқалап 
жүзгендегідей қимылынан және су астындағы екі қолдың бірдей 
қимылдауынан құралады. Аяқ қарапайым қимылдарды 
орындайды, олар мыналар: аяқты тізеден бүгіп, тез сілтеп 
жазады. Сілтеген кезде аяқтың басын ішке қарай бұрады. 
Бірінші үйлесім – екі аяқтың қимылы дельфин әдісімен 
етпеттеп жүзгендегідей, қолды тіке ұстап, жамбасқа дейін төмен 
еседі (9 сурет). Бастапқы қалып – екі қолды алға созып, 
алақанды төмен қаратады, екі қолдың арасын иық деңгейінен 
асырмайды. Екі аяқты соза біріктіріп ұстайды да, басты суға 
13 


батырып, иекті кеудеге тірейді. Сырғып барып, тіке созылған 
қолмен төмен қарай есе бастап, жамбасқа жеткізеді. Осы кезде 
аяқты тізеден бүгеді. Қолмен есудің екінші жартысы екі аяқпен 
артқа қарай тебініп қалумен тұспа-тұс келеді. Қолмен есу 
біткенде бас жоғары көтеріліп, терең дем алу басталады. Осыдан 
кейін бас суға еніп, дем шығарылады және қолды шынтақтап 
бүге сала қайта келеді, содан кейін сырғып барып, айналымды 
қайталайды.
Сурет 10. Сурет 11. 
Екінші үйлесім – екі аяқты дельфин әдісімен етпеттеп 
жүзгендегідей қимылдатып, қолды екі жақтан созып жамбасқа 
дейін еседі (10 сурет). Бастапқы қалып – бірінші үйлесімдегідей. 
Қолды тіке созып, қос қолдап есе бастап, жамбасқа дейін жеткізеді, 
бұл кезде алақан сыртқа қаратылады. Қолмен есе бастағанда тізе 
буындары бүгіледі.Бұл кезде толық дем шығарылады да, бас 
жоғары көтеріле бастайды, аяқ созылады. Екі қолмен есу біте 
бергенде бас көтеріледі де, ішке дем тартылады. Сонан соң бас 
14 


төмен түсіп, су астында дем шығарылады, екі қолды шынтақтап 
бүгеді де, кеуде астынан алға қарай созып, бастапқы қалыпқа қайта 
түседі. 
Үшінші үйлесім – екі аяқты дельфин әдісімен қимылдатып, 
шалқадан жатып, тіке ұсталған екі қолмен екі жақтан жамбасқа 
дейін еседі (11 сурет) .Бастапқы қалып – екі қолды да қапталға 
жанастырып, екі аяқты біріктіре созады, табан ішке қаратылған, бас 
– 
су бетінде, бет жоғарыға қараған. Сәл сырғыған соң екі қол бір 
мезгілде шынтақтан бүгіліп, бастан асыра созылады, алақан сыртқа 
қаратылады. Осы кезде ауызбен дем тартылады. Бұдан соң екі 
жақтап қолмен есу қимылдары басталады да, артынша екі аяқ 
тізеден бүгіледі, ал екі қолдың есуі аяқтала бергенде екі аяқпен 
сермеп қалады. 
Төртінші түрі. Бұл түрдегі үйлесімдер құрылымының негізі 
екі аяқтың кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгендегідей 
қимылына және екі қолды судан шығармай, кезектестіріп есуден 
құралады. 
Бірінші үйлесім – екі аяқтың қимылы кроль әдісімен етпеттеп 
жүзгендегідей, екі қол крольдегідей қимылдайды, айырмашылығы 
– 
жамбасқа дейін созыла еседі (12 сурет). Бастапқы қалып – екі 
қол алға созылған, алақан төмен қаратылып, иық деңгейінде 
ұсталады және екі аяқты қосып созады, табан ішке қаратылған, бет, 
су астында иек кеудеге тірелулі. Сонан соң бір қолмен төмен қарай 
есіп, жамбасқа таман апарады. Есу кезінде бұл қол шынтақтан сәл 
бүгіліп, қолдың басы жүзу бағытына тіке келеді де, есу бітер кезде 
қайтадан созылады. Қол жамбасқа жеткенде шынтақтан бүгіліп, 
қолдың басы кеуде астынан алға қарай созылып, бастапқы қалыпқа 
қайта оралады. Бір қол есуді бітіре бергенде (жамбас тұсына 
барғанда), екінші қол есе жөнеледі. Әрбір қол (оң не сол қол) есуді 
бітірген кезде бас судан жоғары көтеріліп, ішке дем тартылады. Ал 
қалған уақыттың бәрінде су ішінде дем шығарылады.
Екінші үйлесім – екі аяқтың қимылы кроль әдісімен етпеттеп 
жүзгендегідей, екі қол да крольдегідей қимылдайды, бірақ есуді 
шолақ қайырады (13 сурет). Бастапқы қалып және жаттығудың 
басталуы бірінші үйлесімдегідей. Содан кейін бір қол тіке қалыпқа 
түскенінше төмен –артқа бағыттала еседі. Соның өзінде қолдың 
бүгілу сипаты, қолдың басының орналасу жағдайы, сондай-ақ 
қолдың бастапқы қалыпқа қайтадан келуі тура бірінші 
үйлесімдегідей. Бір қол есуді аяқтай бергенде (тіктелген кезінде), 
екінші қол есуді бастайды. Екі қолдың бірі (оң не сол қол) аяқтаған 
15 


шақта бас су ішінен көтеріледі де, ішке дем тартылады, одан соң 
бас қайта суға жасырынғанда дем шығарылады.
Сурет 12. Сурет 13. 
 
Үшінші үйлесім – екі аяқтың қимылдары кроль әдісімен 
шалқалап жүзгендегідей, екі қол кезекпен кеуде тұста 
қысқартылған есу қимылдарын орындайды (14 сурет). Бастапқы 
қалып – екі қолды қапталға жанастырып, екі аяқты созып 
біріктіреді, табан ішке қаратылған, бас су үстінде, бет жоғары 
қараған. Бір қол 90
0
шамасында шынтақтан бүгіліп, тік бұрыш 
жасап, осы күйінде жамбасқа дейін еседі. Бұл кезде екінші қол 
есуге дайындық қалпын сақтайды, содан кейін ол да санға 
жеткізе есіп қалады. Осы қимылдар әрбір қайталанған сайын дем 
алу және дем шығару орындалады.
16 


Сурет 14. 
Жоғарыдағы әдістердің әрбір қимылының дұрыс 
орындалуын қадағалау қажет және жіберілген қателіктер міндетті 
түрде түзетіліп отырылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет