Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет20/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Патша барлық жан-жануардың, құрт-құмырсқа, бақа-шаянның, балықтың тілін біліпті. 
Күндердің күнінде патшалығына жау шауып, әлек салғанда, жау бетін у себелеп қайтарған 
жылан екен. Бұл баға жетпес ерлікке риза болған Сүлеймен патша жыланға: 
— Қалауыңды айт, не тілесең соны берем, — депті. 
— О, ұлы патшам, — депті жылан үш оралып жатқан күйінде басын қаздитып, — жалғыз-
ақ тілегім бар. Мен және менің ұрпақтарым жер бетінде ең тәтті қанды сорып өтсе деп 
тілеймін... 
Сүлеймен біраз ойланып қалыпты. Алайдахан сөзі қашан да біреу емес пе. 
— Айтқаның болсын. Кімнің қаны тәтті екенін өзің ата, — деген екен. 
— О, ұлы патшам, — деп шағыныпты жылан, — кімнің қаны тәтті екенін мен қайдан білем. 
Мен бір құдайдың сүйкімсіз жаратылған жәндігі емеспін бе. Көргеннің бәрі жиіркене 
жиырылады, бар денем тастай, он бойымда жылу жоқ, ешкімнің мейірімін көре алмай, 
ешкімнің құшағына ене алмай қалған жексұрын бейбақпын ғой. Қауыз-қауыз алапес 
денемді көргенде, тірі жанның бәрі тітіркеніп теріс айналады. Ұшарға қанат жоқ, жүрерге 
аяқ жоқ — бауырмен жер сызған бишарамын. Қусам жете алмай, қашсам құтыла алмай 
қор боп жүр емеспін бе? Тіптен күн сәулесінің өзі менен қашып, тайғанақтап тұрмайды. 
Амалсыз құмда қыздырынып ұзақ уақыт жатқаным. Аяғы барлар алыстап қашады. Қанаты 
барлар қалықтап асады. Осы мүсәпір халіммен кімнің қаны тәтті екенін қайдан білейін? 
Басқасын былай қойғанда, Алла Тағала сілекейімнің өзін у етіп жаратыпты!Әділетті 
Сүлеймен әбден ойланыпты. Тірі жанның қай-қайсысын болса да азапты өлімнің аузына 
апарып беру оңай дейсің бе. Сүлеймен патша соны ойлап көп кідіреді. Амал қанша, 
уәденің аты уәде. Патша жарлығы екі айтылмаған. Уәдесін қайтып ала алмайды. 
Не де болса орындау керек. 
Содан патша ине тұмсық шаққыш жәндіктерді шақырыпты да, дүниенің төрт бұрышына 
жұмсапты. Ұшып жүріп, жан-жануарды шағып, қанын сорасыңдар, сонан кімнің қаны тәтті 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет