Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі2,86 Mb.
#8101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Нұрперзент ДОМБаЙ

елбасы Н.Ә.Назарбаев Испания Корольдігінің 

Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-

Маргальоны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан-Испания 

ынтымақтастығының негізгі бағыттары 

талқыланды. Сонымен қатар екі елдің 

бірлескен жұмысының перспективалы салалары 

қарастырылды. Президент екі мемлекеттің өзара 

іс-қимылын нығайтуға оң ықпал етіп отырған 

Қазақстан мен Испанияның стратегиялық 

серіктестігіне назар аударды. Теміржол маши-

наларын жасау, мұнай-газ, коммуникация және құрылыс салаларында 

бірқатар бірлескен жобалар бар екенін, олар ынтымақтастық аясын 

кеңейте түсуге елеулі негіз болып отырғанын атап өтті. 



елбасы Н.Ә.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс са-

парымен барып, өңір дің тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік-экономикалық 

жағдайымен танысты. 

Президентке өңірдегі индустриялық даму, сондай-ақ «Оңтүстік» ар-

найы экономикалық аймағындағы инвестициялық бағдарламаларының 

жүзеге асу барысы, жеңіл өнеркәсіп нысандарының қызметі баян 

етілді. Сапар аясында «Азала текстиль» жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын еңбеккерлерімен 

әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев оларға жемісті жұмыс, кәсіби 

жетістіктер тіледі. Елбасы өндірісті дамытып, импорттық тауарлар 

орнын алмастыру – Қазақстанның экономикалық саясатының 

маңызды міндетінің бірі екеніне айрықша тоқталды. Бұдан кейін 

Шымкент қаласындағы «Химфарм» акционерлік қоғамының жаңа 

цехында болып, шығарылып жатқан өнімдерімен танысты. Еңбек 

ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп, цехтың ашылуымен құттықтады. 

Бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуына тілектестігін білдірді. Цех 

еңбеккерлері Н.Ә.Назарбаевқа осы салаға көңіл бөліп отырғаны үшін 

өз алғыстарын жеткізді. 



Қазақстан Республикасы Парламент Сена-

тының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған 

Қазақстан делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы 

Өркениеттер альянсы VII жаһандық форумына 

қатысу үшін Бакуге жұмыс бабындағы сапармен 

барды. Сапар аясында Сенат Төрағасы Әзербай-

жан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың ізгі тілектестігін табыс етті. Төраға 

Әзербайжан басшысын БҰҰ Өркениеттер 

альянсы «Инклюзивті қоғамдарда қатар өмір 

сүру: қатер мен мақсат» тақырыбындағы жаһандық форумын 

өткізуімен құттықтады. Сенат Төрағасы Әзербайжан басшысына 

Н.Ә.Назарбаевтың қарулы қақтығыстар мен соғыстарды түбірінен 

жою ды толық қамтитын бағдарлама әзірлеу ұсынылған «Әлем. ХХІ 

ғасыр» манифесінің мәтінін табыс етті. 



ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев венгрияның Қазақ-

стандағы Төтенше және өкілетті елшісі андраш Баранимен кездесті. 

Кездесу барысында екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық пен 

бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы әңгіме болды. Өңір басшысы 

әзірге екі арадағы сауда-экономикалық байланыстардың кемшіндігін, 

облыс пен Венгрия арасындағы тауар айналымы небәрі 10 милли-

он долларды ғана құрайтынын атап өтті. Болашаққа жоспарланған 

ізденісті қадамдар жүзеге асса, бұл бағытта анағұрлым ілгерілеу бо-

латынын жеткізді. Жиын барысында жылыжай құрылысы, ауызсуды 

тазарту, көкөніс өңдеу өндірісі, сүт және сүт өнімдері мен бидайды 

қайта өңдеу бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол 

екені айтылды. Кездесуде сөз алған А.Барани екі елдің арасында  саяси, 

экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірқатар жобалар қолға 

алынып жатқанын атап өтті. 

Сенатор Серік Біләлов Бухаресте Орталық және Шығыс еуропа 

елде рінің парламенттеріне арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі 

аймақтық семинарға қатысты. 

Семинарға Орталық және Шығыс Еуропа елдері парламенттерінің 

депутаттары мен аппарат қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық 

ұйымдардың өкілдері қатысты. Семинар барысында былтыр БҰҰ-да 

қабылданған және 2016-2030 жылдары іске асыру ұсынылған Орнықты 

дамудың 17-ші мақсаттарына қол жеткізу, сондай-ақ оны шешуге 

парламенттерді белсенді қатыстыру мәселелері талқыланды. Сенат 

депутаты С.Біләлов осы сала бойынша біздің еліміздің тәжірибесімен 

таныстырды. 

елбасының №238 Жарлығымен Жақып 

Қажманұлы асанов Қазақстан Республикасының 

Бас прокуроры болып тағайындалды. Бас 

прокуратураның бұрынғы басшысы а.Дауылбаев 

өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты ла-

уазымынан босатылды.

Жақып Қажманұлы Асанов – 1963 жылы 

туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 

университетінің заң факультетін бітірген. 

заң ғылымының кандидаты ғылыми атағы 

бар. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 

Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамашы болып 

жұмыс істеді, Қызылорда облыстық прокурорының көмекшісі, аға 

көмекшісі, Бас прокуратураның аға прокуроры, бөлім бастығы лауа-

зымдарында қызмет атқарды. Қазақстан республикасы Президентінің 

Әкімшілігінде консультант, сектор меңгерушісі, Бас прокуратураның 

департамент бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орын-

басары, Павлодар облысының прокуроры болды. 2003-2005 жылдары 

– Қазақстан республикасының Әділет вице-министрі. Әр жылдары 

Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық 

одағын, «Қазақстанның коммуналдық жүйелері», «Ордабасы корпо-

рациясы» акционерлік қоғамдарын басқарды. Төртінші және бесінші 

шақырылымдардағы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайлан-

ды.

2012 жылғы қыркүйектен – Қазақстан республикасы Бас прокуро р ы-



ның орынбасары.

Ынтымақтастықтың орны ерекше

Өңір тынысымен танысты

Манифестің мәтіні табыс етілді

Әріптестік аясындағы кездесу

Аймақтық семинарға қатысты

Қазақстан Республикасының 

Бас прокуроры тағайындалды

Байлық та, бақыт та – бірлікте

Мәңгілік Ел – патриоттық актісі

ЖИын


тәуЕлсіздіК КүндЕлігі

ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы м е н   т о л ы қ 

танысқысы келгендер оның 2013-

2014 жылдары жарық көрген 

таңдамалы ғылыми еңбектерінен 

мол мағлұмат ала алады. Кезінде 

бұл зерттеу еңбектердің тұсау ке-

сері жоғары деңгейде атап өтілді. 

Докторлық диссертациясының 

тақырыбы – «Қоғамдық ғылымдар 

терминологиялық лексикасының 

қалыптасуы мен дамуы». Атал-

ған ғылыми жұмыстың жаңа-

л ы ғ ы   к ө п   б о л д ы .   А л ғ а ш қ ы 

рет Алаш ардақтылары Ахмет 

Байтұр сынұлы мен Міржақып 

Дулатұлы ның мұралары тілдік 

тұрғыдан талданды. Әсіресе, 

А.Бай тұрсынұлының қазақ линг-

вистикасын дамытудағы, оның 

ішінде ұлттық терминологияны 

қалыптастырудағы ерен еңбегі 

жан-жақты зерделенді. 

Қазақ тіл білімінің өзекті 

м ә с е л е л е р і н е :   т е р м и н о л о -

гия, тіл мәдениеті, аудармаға 

байланысты жасаған баянда-

малары өзінің дәйектілігімен, 

ойлылығымен ғылыми жұртшы-

лыққа белгілі. «Термин жасау-

дың кейбір модельдері», «Тіл 

мәдениеті және терминоло-

гия», «Аударма ісіндегі сөзжасам 

тәжірибесі», «Қазақ терминоло-

гиясын зерттеудегі бағыттар мен 

кезеңдер» деп келетін баяндама-

лар тақырыптары осы сөзімізге 

дәлел. 


Өмірзақ ағамыз тілдің теория-

лық жағына мән берумен қатар, 

оның практикада, күн делікті өмірде 

қалай өркен жайып отырғанына 

да жанашырлық танытуда. Жана-

шырлық дегеніміз жай болар, 

жанын салып, күресіп те келеді. 

Бұл қайраткерлігі 2004 жылдан 

басшылық етіп келе жатқан «Қазақ 

тілі» қоғамындағы жұмыстарымен 

тікелей байланысты. 

1989 жылы «Қазақ тілі» қоғамы 

құрылды. Оның президенттігіне 

Ә.Қайдаров, вице-президенттігіне 

Ө.Айтбайұлы сайланды. Осы 

қоғам құрылар алдында «Ана тілі» 

дейтін ән дүниеге келген болатын. 

Бұл туындының әнін де, сөзін 

де жазған Өмекең еді. Алғашқы 

орындаушысы да өзі болды. 

Бұл ән сол мезетінде қоғамның 

әнұранына айналып кете берді. 

Елім, тілім дегенде кездес-

кен қиыншылықтардың бәрін 

көтеруге даяр асыл азамат ака-

демик Ә.Қайдармен бірге қазақ 

тілінің мемлекеттік тілге ай-

налуына қажетті шаралардың 

бәріне қатысты. Мемлекеттік 

Бағдарламаның түзелуіне, Қоғам 

Жарғысы мен Бағдарламасын 

дайындауға белсене атсалысты. 

Қоғамның жергілікті ұйымдарын 

құрып, оған іскер азаматтарды 

таңдауда және олардың күнделікті 

жұмыс бағдарын айқындауда 

Ө.Айтбайұлының еңбегі ерекше. 

 Қоғам басшылығы оның 

б ө л і м ш е л е р і н   р е с п у б л и к а -

мыздан тыс жерлерде де ашу-

ды ойластырды. Мұндай ойдың 

келуіне сырт елдерде жүрген 

қандастарымыздың тағдыры се-

бепкер болған. 

О с ы н д а й   м а қ с а т п е н 

Ө.Айтбайұлы ның Мәскеу, Астра-

хан қалаларында болып, ондағы 

қоғамдық ұйымдар конферен-

ц и я л а р ы н а   қ а т ы с у ы н а   т у р а 

келді. Киев, Вильнюс, рига, 

Таллин қалаларында болған да 

жергілікті жерлердегі тіл қауым-

дастықтарының жұмысымен та-

нысты. Омбы, Қорған, Орын-

бор, Саратов, Санк-Петербург, 

т.б. қалалардағы бөлімшелерге 

нақты әдістемелік көмек көрсетті. 

Осының нәтижесінде аталған 

қ а л а л а р д ы ң   к ө б і н д е   қ о ғ а м 

бөлімшелері жұмыс істейді. 

О баста еңбек жолын газеттен 

бас таған Өмірзақ ағаға мақала 

жазу аса қиындық туғызбайды. 

Оның белгілі ғылым, мәдениет, 

өнер қай раткерлерінің өмірі мен 

шығармашылығы туралы жазған 

дүниелері жас ұрпаққа үлгі, өнеге 

болар өрелі ойларға толы. 

Өмірзақ Айтбайұлы – сан 

қырлы азамат. Ақындығы мен 

сазгерлігінің жөні бөлек. «Көкше 

келбеті», «Жар сәлемі», «Жас 

ойшыл», «Аққоян», «Өркенім», 

т.б. әндері көпшілікке мәлім. 

БағдарлаМа

Еуразиялық 

медиа форум

Экономикалық-әлеуметтік ахуалдың дамыған мемлекеттер үлгісіне көшуі 

Қазақстандағы саяси ахуалды да өзгертті. Елде саяси плюрализм берік орын ала бастады. 

Демократия институттары күшейе түсті. азаматтық қоғамның нақты дамуын үкіметтік 

емес ұйымдардың санының 5 мыңнан асып түскендігі нақты дәлелдейді. 2005 жылы 

Қазақстан президенті мен парламент Сенаты сайлаулары ойдағыдай өтті. Нарықтық 

қатынастардың әлеуметтік тірегі орта таптың қалыптасуы жеделдей түсті. Елде бұрын-

соңды болмаған қарқынды тұрғын үй құрылысы өрістеді. тұрғын үй құрылысы ел эконо-

микасын алға сүйреуші жаңа локоматив деп аталды. 1 жылда 195 мың пәтер беру жос-

парланды. Бұл 2004 жылдан 2 есе көп.

Жуырда астанада XIII Еуразиялық медиа 

форум өтті. алқалы жиынды премьер-

министрдің орынбасары, осы басқосуды 

ұйымдастыру комитетінің төрайымы 

Дариға Назарбаева ашып, Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. 

Қазақстан «алдымен экономика, одан 

кейін саясат» формуласын басшылыққа 

алып дамыды. Елдің экономикасындағы 

жетістіктер 2005 жылдан бастап рефор-

маларды тереңдетуге, кеңейте түсуге 

мүмкіндік берді. Жалпыұлттық саяси ре-

формалар бағдарламасын жүргізу Демокра-

тия мен азаматтық қоғам жөніндегі Ұлттық 

комиссияға жүктелді. Саяси реформалар 

Конституциядағы мемлекет принциптеріне 

негізделді.

Қазақстан БАҚ-тың дамуына мүмкіндік 

туғызды. Қазақ, орыс тілдерінен басқа 11 

тілде хабарлар таратылды. Корей, ұйғыр, 

неміс диаспораларының ұлттық газеттері 

болды. Қазақстанға басқа мемлекеттердің 

ақпараттық құралдары еркін таратыл-

ды. Солардың арасында әлемдегі ең 

ықпалды ақпараттық агенттіктер бол-

ды. Интернет қызметін пайдалану кеңея 

түсті. Тұрақты интернет пайдаланушылар 

саны 0,5 млн адамнан асты. Елдегі БАҚ 

құралдарының 80%-ы жекеменшікте бол-

ды. Оппозициялық бағыттағы БАҚ еркін 

жұмыс істеді. Жалпыұлттық демократиялық 

реформалар бағдарламасы алдағы 5-6 

жыл мерзімді қамтитын болды. Бұл кең 

ауқымды жұмыс барысында жергілікті 

өзін-өзі басқаруды күшейту, саяси пар-

тиялар қызметін жандандыру, үкіметтік 

емес ұйымдар ықпалын көтеру, сот билігі 

тармағының тәуелсіздігін күшейту рефор-

малары жоспарланды. Мысалы, 2005 жылы 

үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) түрлі 

жобаларына 473 млн теңге бөлінсе, бұл 

көрсеткішті 1 млрд теңгеге көбейту жос-

парланды. ҮЕҰ-дар білім мен ғылымды, 

медицинаны дамытуға, барлық меншік 

формаларын қорғауға зор үлес қоса алды.

Сонымен бірге форумның мәні мен 

маңызын айта келіп, оның адамзаттың проб-

лемаларын талқылауға, шешуге арналған ашық 

алаңға айналғанын атап өтті.

– Форумның Астанада өтіп жатқанында да 

бір мән бар. Қазіргі кезде астанамыз еліміздің 

халықаралық сахнадағы символына айналып 

отыр. Астана – еліміздің жаңаруының айнасы. 

Бүгінде қаламыз EXPO – 2017 көрмесіне дай-

ындалып жатыр. Осы үлкен шараның лайықты 

өтуіне бәріміз атсалысып келеміз, – деді 

Д.Назарбаева.

Медиа форумның жұмысына 400-ден астам 

делегат келді. Соның ішінде Ауғанстанның 

бұрынғы президенті Хамид Карзай, Ұлыбрита-

нияның бұрынғы Сыртқы істер министрі 

Джек Стро сияқты танымал саясаткерлер бар. 

ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы 

Дариға Назарбаева Еуразиялық медиа форум 

белгілі саясаткерлер мен журналистердің 

басын қосып, Шығыс пен Батыс арасында 

өзара түсіністікті қалыптастыруға атсалы-

сатынын атап өтті. Жиында бірқатар өзекті 

мәселелер талқыланып, әлемді алаңдатқан 

түйткілдердің түйінін тарқату жолдары сөз 

болды. Еуропалық одақтың болашағы мен 

қазіргі бәсекеге қабілеттілік деңгейі де тілге 

тиек етілді. 

Елорданың төрінде өткен Еуразиялық ме-

диа форумның екі күні де ерекше естеліктермен 

есте қалды. Дариға Назарбаева өз сөзінде 

осындай пікір алаңдарына қашан да сұраныс 

жоғары екеніне баса мән берді. 

Гүлмерей ПаРаСаТ

2005 жылы 29 қыркүйекте өткен 

Әлем қазақтарының 3-ші құрылтайы 

есте қаларлық оқиға болды. Құрылтайға 

әлемнің 32 елінен 300-дей делегаттар 

келді. Қытайда 1,5 млн, Өзбекстанда – 1,5 

млн, ресейде – 1 млн, Түркіменстанда 

– 100 мың, Моңғолияда – 80 мың, 

Қырғызстанда – 45 мың қазақ өмір сүріп 

жатты. Сонымен қатар Түркия, Иран, 

Ауғанстанда бірнеше мыңнан қазақтар 

болды. Осы қазақтар арасынан 14 жыл-

да 110 мың 591 отбасы оралман болып 

еліне оралды. Бұл шамамен 500 мыңдай 

адамды құрады. Ел халқының құрамында 

қазақтардың үлес салмағы арта түсті.

Елбасы оралмандарды жұмысқа орна-

ластыру, үймен қамтамасыз ету мәселесінде 

Германия мен Израиль мемлекеттерінің 

тәжірибелерін үйренуді ұсынды. Та-

рихи Отанына қайтқан оралмандарға 

құрылыс саласында жұмыс табу оңай 

болды. Себебі Қазақстан алып құрылыс 

алаңына айналған ел еді. Елбасы құрылтай  

делегаттарына ресей Федерациясы мен 

Қытай Халық республикасы арасындағы 

Қазақстанның мемлекеттік шекарасы 

туралы келісімшартқа қол қойғанын 

ж е т к і з д і .   О с ы н д а й   к ү р д е л і   ж ұ м ы с 

Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан 

елдерімен жүргізілді. Сонымен 2005 жылы 

Қазақстан өзінің 14,5 мың шақырым бо-

латын алып шекарасында бірде-бір даулы 

бөлшекті қалдырған жоқ. Ел шекарасының 

толықтай заңдастырылуы Қазақстанның 

ұлттық қауіпсіздігін нығайтудың ең бас-

ты факторына айналды. Жер тұтастығы 

мен егемендіктің күшеюі ел халқының 

тілінің, мәдениеті мен дінінің өркендеуіне 

жол ашты. Халықтың санының өсуі, 

оралмандардың көптеп келуі Кеңестік 

дәуірдегі демографиялық диспропорция-

ны жоюға мүмкіндік берді. Тәуелсіздіктің 

14 жылында елде 2 мың мешіт бой көтерді. 

Ислам мешітінің Орталық Азиядағы 

алғашқы университеті «Нұр-Мүбәрәк» 

жұмысын бастады. Астана көркейе түсті. 

1997 жылы Астанада 220 мың адам тұрса, 

2005 жылы 600 мың адамға жетті. 

2005 жылы Қазақстан өзінің әлемдік 

қ а у ы м д а с т ы қ п е н   б е л с е н д і   қ а р ы м -

қатынастарын тереңдете түсті. Елбасы 

Астанада 90-нан астам шетелдік делегация-

ларды, жоғарғы деңгейдегі ресми адамдар-

ды, шетелдік елшілерді қабылдады. Елде 

100-ден астам түрлі халықаралық шаралар 

өткізілді. Оларға әлемнің басым көпшілік 

мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Шетел 

басшыларын қазақстандық реформа-

лар тәжірибесі қызықтырды. Олардың 

барлығы дерлік ірі жобаларды бірлесіп 

жүргізуге мүдделілік танытты. Әлемдік 

қауымдастық Қазақстанның даму жо-

лын «демократияға экономикалық өсу 

арқылы» жолы ретінде баға берді.

Қазақстанның ішкі, сыртқы ахуа-

лын әлем халықтары жаңа телеарна 

«CaspioNet» арқылы қазақ, орыс, ағылшын 

тілдерінде біле алатын болды. Спутниктік 

жүйе арқылы әлемнің қай нүктесінде бол-

масын Қазақстан жаңалықтарын білуге 

мүмкіндік туды. Әлемнің 11 мемлекетінде 

ресейде, Түркияда, Англия, Германия, 

Австрия, Швеция, Венгрия, Украинада 

қазақ ұлтының мәдени орталықтары 

жұмыс істей бастады. 



С.БОРБаСОв, 

саяси ғылым докторы, профессор

Ел шЕКаРаСЫ толЫҚтаЙ 

шЕГЕНДЕлДІ

ана тілін ардақ тұтқан

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр 

және тарихи жады арқылы байланысқан, Ұлы 

дала елінің даңқты тарихы мен дәс түр лерін 

жалғастырған Қазақстан аза маттары, көптеген 

ұрпақтың Тәуелсіздік ту ралы арманын іске 

асырып, болашақ ұр пақ алдындағы қасиетті па-

рызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік 

пен тұтас тықтың маңыздылығын сезініп, қоғам 

мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негіз ге 

ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі 

жылында осыны қабылдаймыз. 



МӘҢГІлІК ел – ПаТРИОТТЫҚ аКТІСІН

Елбасы, Қазақстан республикасының 

Тұң ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев-

тың көшбасшылығымен жаңа Қазақ стан ның 

тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауап -

кершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

Елбасының маңына топтасу арқылы біз 

ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бү-

гінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуат-

ты әрі табысты мемлекеттің азама ты мыз деп 

мақтанышпен айтамыз.

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан 

Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік тол ғауын» 

негізге ала отырып, Болашағы бір тұ тас  ел – 

Мәңгілік Елді құру жолында бір г еміз.

Мәңгілік елдің өзегінде қарапайым, 

түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең 

қым бат ақиқаттар – отбасымыздың аман дығы, 

қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақ-

тылық, қауіпсіздік және бірлік, ер тең гі күнге 

деген сенім ұғымдары орнық қан.

Біз Мәңгілік елдің мызғымас Жеті тұ ғы рын 

нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан-ұрпақ қа 

аманат етуге шақырамыз.

Мәңгілік ел, бұл – Тәуелсіздік және аста на.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы 

миссиясына адал боламыз.

Біз Аста наны халқымыздың гүлденуі мен 

қуатының жарқын белгісі ретінде әр қашан 

мақтан тұтатын боламыз.



Мәңгілік ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, 

бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қа зақ -

стан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ор  тақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне 

адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға 

жалғасады.



Мәңгілік ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және 

Жоғары Руханият.

Азаматтық  және  рухани  құнды лық тар дың 

бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзі мізді 

бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкін дік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін 

айқындайтын діндер мен өркениеттердің 

жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамы-

татын боламыз. 



Мәңгілік ел, бұл – Инновация не гізін дегі 

тұрақты экономикалық өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және ин-

н овациялық  күш-қуатын  дамытып,  та би ғи 

ресурстар мен қоршаған ортаға ұқып ты лықпен 

қарап, қоғамда білім мен ғалым дық культін 

елдің зияткерлік іргетасы ре тінде бекітетін 

боламыз.

Мәңгілік ел, бұл – Жалпыға ортақ еңбек 

қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетіс тік тері 

– барша қазақстандықтардың күн сайын ғы 

қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасам паз-

дық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жа-

сай отырып, еңбексүйгіштік және жауап -

кершілік, Еңбек адамына құрмет сынды 

құндылықтарымызды  нығайта мыз.

Мәңгілік ел, бұл – тарихтың, мәдениет пен 

тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақ-

тайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуан-

дығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктіру дің 

негізі, үштілділікті елдің бәсекеге қабі лет-

тілігінің басты шарты ретінде дамыту қа ғи-

датын ұстанатын боламыз.

Біз – Үлкен ел – Үлкен отбасымыз.



Мәңгілік ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік жә не 

Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проб-

лемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. 

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір аза маттың, 

өз елі патриотының қасиетті па рызы болып 

саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын іл ге-

рілете отырып, еліміздің халықаралық аренада 

мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылық-

тарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақ-

тата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде 

желбірететін боламыз.

Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қа зақ-

стан халқының амандығы мен гүлденуі үшін 

жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас еліміз – Мәңгілік Ел қуатты 

болсын!


Қазақстанның мәңгілік мекені –  

Ұлы дала еліне бата қонып, бақ дарысын! 

Алға, Қазақстан!

пен тексергендей, Патриоттық акт 

арқылы анықтайтын боламыз деді. 

– Өмірден арман туындатып, 

арманнан шынайы болмысты сомдау 

керек. Жалпыұлттық арманымызды 

біз осылай жүзеге асырамыз. Қуатты, 

лайықты және мәңгілік мемлекет 

туралы арманымызды. Кең-байтақ, 

сүйікті және киелі жерімізді көркейту 

туралы арманымызды. Ұлы Дала 

елі кеңістігіндегі зәулім аспанмен 

астасқан шаңырақ астында тату-тәтті 

өмір сүретін бақытты және бейбіт 

халқымыз туралы арманымызды. 

Мен бүгін Ассамблея сапына оны 

бұдан жиырма жыл бұрын менімен 

бірге құрысқан және бастапқы та-

рихи сессиялары мен шешімдерін 

әзірлескендердің есейген балалары 

қосылып жатқанын көріп тұрмын. 

Бұл – қазақстандықтардың ұрпақ 

сабақтастығының айқын айғағы, 

– деді Мемлекет басшысы. Сөз 

соңында Нұрсұлтан Назарбаев бар-

шаны алда келе жатқан Қазақстан 

халқының бірлігі күнімен құттықтап, 

бақыт пен игілік және табыс тіледі.

Сессия аясында «Болон және 

ұтқыр үдерістер» секторының ма-

маны Сергей Петряев, Қазақстан 

Жазушылар одағы басқармасы 

төрағасының орынбасары, ақын 

Маралтай Ыбыраев,  «БЕК ЭЙр» АҚ 

«Fokker-100» әуе кемесінің командирі 

Дмитрий родин,«Тіл дарын» жастар 

клубының төрайымы, қостанайлық 

Наталья Шпагина, «Өмір тынысы» 

қоғамдық бірлестігінің жетекшісі 

Жәнібек Оспанов,  «Симкон» 

ЖШС директоры Олег Мецик және 

т.б. сөз сөйледі. Жиын соңында 

Ассамблеяның XXIV сессиясының 

қорытындысы бойынша «Мәңгілік 

Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі 

жария етілді. Осымен Қазақстан 

халқы Ассамблеясының XXIV сесси-

ясы өз жұмысын аяқтады.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан 

халқы Ассамблеясы Төрағасының 

орынбасарлары болып Леонид Пи-

таленко мен розақұл Халмурадов 

тағайындалды. Оларды тағайындау 

туралы өкімге Қр Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік. 

Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн 

тәртібімен өткен Қазақстан халқы 

Ассамблеясының XXIV сессиясында 

қол қойды.

Ассамблея туралы ойымызды 

осылайша тұжырымдай отырып, 

бұл аптадағы тағы бір маңызды 

жаңалықты тілге тиек етсек дейміз. 

Ол «Елбасы жолы: Жұлдыз дар 

тоғысқанда» киноэпопеясының 

премье ралық көрсетілімінің бол-

ғаны. Президент көрерменге жол 

тартып отырған жаңа туындыны 

жұртшылықпен бірге тамашалады. 

Фильм 1984 жыл мен 1991 

ж ы л   а р а л ы ғ ы н  д а ғ ы   к е з е ң д і 

қамтиды. Туынды жаңа тәуелсіз 

мемлекеттердің құрылуы, соның 

ішінде Қазақстан республикасы 

туралы баяндайды. Бұдан бөлек, 

картина Қазақстанның Тұңғыш 

Президентінің елді реформалаудағы 

рөлі, сондай-ақ оның бүгінде 

жаһандық ауқымдағы жобаларға 

айналған бастамалары жөнінде 

әңгімелейді. Фильм режиссері – 

ресей Федерациясы Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты, ресейдің 

халық артисі Сергей Снежкин. Ки-

нолента Алматыда және Алматы об-

лысында, Астанада, Қарағандыда, 

Мәскеу мен Санкт-Петербургте 

түсірілген. Картинаны сомдау 

жұмысына жалпы саны 10 мыңға 

жуық адам қатысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет