Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.03.2017
өлшемі2,86 Mb.
#8101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

аЙДаҒЫ аРу БеЙНе

Ай қарап тұр,

аспанда жарық мүлдем,

Жарық дейді! 

Жарығын танып білген. 

Қиялымның бұл сезім серігі ме...

Бір елес бар сезімге жанып, кірген.

Сен елессің!

Жоқ өзге амал басқа,

Жүрек жылап, 

толғанмен жанар жасқа.

Бар кінәміз шектелген сезім жолы,

Сағынамыз тек ойда қамалмасқа.

Салып қойғам, 

бейнеңді айға бекем,

Түсінеді көктегі ай да, көкем.

Сағынғанда қараймын айға жиі,

Іздемеймін! 

Сезімді байлап өтем.

Менің бейнем

Білемін, жанарыңда,

Ешкім сезе алмайтын нала, мұңда.

Ақ парағым – 

ақ жүзің аймен түстес,

Сезім сыры сыр бүккен қаламымда. 

Негізінен әдебиет 

пен өнер, тарихи тұл-

ғалар,  діни-та ным-

дық хабарлар әзір-

л е д і .   К ө р е р м е н г е 

«Кәусар»,  «Жел тоқ-

сан және тәуел сіздік», 

«Кезең», «Жылдар, ой-

лар», «Дидар», «Асыл 

мұра», «Ораза қабыл 

болсын» атты топта-

ма хабарлары арқылы 

танылды. Көптеген 

хабарлары Қазақ те-

левизиясының алтын қорында сақталған. Олар 

– «зейнолла Қабдолов», «Дінмұхамед Қонаев», 

«Асанбай Асқаров», «Сәбит Оразбаев», «Қуандық 

Шаңғытбаев», «Әбу Сәрсенбаев», «Күләш Ахме-

това», «Совет Масғұтов», қажылық сапарынан 

«Жүректер нұрға толғанда» атты хабарлар және 

т.б. 


Кейін ол қызметін баспасөзде жалғастырды. 

республикалық «Айқын» газетінде жауапты 

қызмет атқарды. 

 Таяуда Ұлбосынның Алматы қаласынан 

«Біздің Майтөбе» деген кітабы жарық көрді. 

Мұнда бір ауылдың елге елеулі еңбегі сіңген 

түлектері арқау болған. Бұл еңбегі жөнінде 

автордың өзі былай дейді. 

– Отан отбасыңнан, туған ауылыңнан бас-

талатынын ескерсек, өскен ортасының өзіндік 

ерекшелігін, табиғат байлығын, сол өңірді 

өркендетуге үлес қосқан адамдарды жетік 

білмеген жан оның қасиетін де тереңінен танып 

білмейтінін ұғасыз. Сондықтан осынау еңбекті 

ең жоқ дегенде бір шолып шыққан оқырманның 

бойында туған жердің табиғатын аялайтын, 

байлығын бағалайтын, адамдарын құрметтейтін 

сезімнің үстемелене түсуіне сәл де болса ықпал 

етсе қандай ғанибет деген мақсатта қолға алған 

жайы бар. 

Туындының екінші бөлімінде Ұлбосынның 

халқымыздың біртуар перзенттерімен жүргізген 

сұхбаттары топтастырылған. Әсіресе ұлтымыздың 

біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен 

болған кездесулер жайлы жазылған мақаласы 

оқырман қауымды қызықтырары анық. 

Түйіндеп айтқанда, автор бұл шығармасында 

жұртшылыққа жақсы таныс тұлғалардың өмір 

жолдары мен ой-пікірлері арқылы ең бек-

сүйгіштікті, адалдықты, ізгілікті, жалпы адами 

асыл қасиеттерді үлгі етеді. 

Нұркен ЖаНДӘулеТҰлЫ

Үлкен байқаудағы алғашқы жүлдесін 

оркестр 1967 жылы ұйымдастырылған 

облыстық байқаудан алса, 1968 жылы 

облыстық фестивальде 2-ші дәрежелі 

дипломмен, 1973 жылы халық компози-

торы Құрманғазы мен Динаның құрметіне 

өткізілген облыстық күй мерекесінде 1-ші 

дәрежелі дипломмен марапатталып, сол 

жылы Қазақ КСр Мәдениет министрлігі 

ал қасы ның шешімімен ұжымға «Халық 

оркестрі» атағы берілген болатын. Содан 

бері өнер ұжымы талай додаларда бой 

көрсетіп, 1975 жылы халық оркестрлерінің 

республикалық сынағында өз бабында 

екендігін тағы бір дәлелдейді. Араға екі 

жыл салып, 1977 жылдың 1 мамырында 

Ташкенттің М.Горький атындағы драма 

театрында өткен байқауда Құрманғазының 

«Сарыарқа» және Динаның «16 жыл» 

күйлерін асқан шеберлікпен орындап, 

оркестр жүлделі 1-ші орынға ие болды. 

Сол жылы мақаттық оркестр Мәскеудің 

Кремльдер Сарайында өнер көрсетіп, 

еліміздің мерейін өсіргені баршаға мәлім.

Халықты әуезді үнмен сусындатып, 

тыңдарман жүрегіне нұр құйып келген 

өнер ұжымы 2000 жылы «Ақ ерке – Ақ 

жайық» облыстық фестивалінде «Гран-

При» жүлдесін жеңіп алды. Осы іспеттес 

20-ға жуық жоғары деңгейдегі бай қауларда 

жүлдегер атанып, өзін республикаға та-

нытып үлгерген оркестрге Сая Жұмашева 

дирижерлік етеді. Оркестр жақында тағы 

бір белесті ба ғын дырып, бұл жолы аудан 

емес облы сымыздың абыройын аспанда-

тып келді. 

Қазақстан республикасы Мәдениет 

және спорт министрлігі, Ақтөбе облыс-

тық әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе 

облыстық мәдениет, мұрағаттар және 

құжаттама басқармасы, Ғ.Жұбанова 

атындағы облыстық филармонияның 

ұйымдастыруымен өткізілген «Жұбанов 

көктемі» деп аталатын халық аспапта-

ры оркестрлері және ансамбльдерінің 

халықаралық фестивалі қазақ кәсіби 

музыкасының негізін салушы, академик 

Ахмет Жұбановтың 110 жылдығына, ел 

тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 

Ұлы Қазақ даласын күмбірлетіп, екі 

күнге созылған дәстүрлі халықаралық фе-

стивальге Қырғызстан, Түркия, Татарстан, 

Қырғызстан, Башқұртстан, ресей, Бело-

руссия елдері мен еліміздің Атырау, Пав-

лодар, Семей, Ақтөбе қалаларының үздік 

өнерпаздары қатысқан. «Ахмет Жұбанов 

тек қазақтың ғана емес, барлық Кеңес 

Одағының музыка өнерін биіктетіп, жаңа 

сатыға көтерген ұлы тұлғасы болғандықтан, 

бұл фестивальде шетелдіктердің де барды 

салып, өнер көрсеткені айқын. 

Қр Мәдениет және спорт министр-

Оның мақсаты – Алаш идеясын 

қытай қазақтары арасына таратып,  

өнегелі іс-әрекеттері арқылы өмірін 

арнаған ұлт қайраткерінің терең әрі жан-

жақты зерттелуіне ықпал ету. Мұрасын 

ғылыми айналымға енгізіп, жастарға кең 

көлемде насихаттау. Сол арқылы өткен 

ғасырдағы Қытайдағы қазақтардың та-

рихы, өмірі, өнері мен әдебиетіне баға 

беріп, талдау жасап, тарихи тұлғалардың 

з е р т т е л у і н е   ү л е с   қ о с у .   Қ а з а қ 

мемлекеттік Қыздар педагогикалық 

университеті Қазақ филологиясы 

және әлем тілдері факультетінің Қазақ 

әдебиеті кафедрасының қолдауымен 

өткен кезекті байқаудың демеушісі әрі 

ұйымдастырушысы – «Халықаралық 

Таңжарық зерттеу қоры». 4 жоғары 

оқу орнынан 16 студент байқауда 

бақ сынады. Олар Таңжарық өмірі 

мен шығармашылығы туралы шағын 

Нағашы мен жиен арасындағы қарым-

қатынас алым-берімге ғана қатысты емес. Мал-

дүние қолдың кірі сияқты, оның бір жұтта жуы-

лып-шайылып кетуі әбден мүмкін. Ал, нағашы 

мен жиен туыстық жағынан мәңгі ажырамайтын 

тұлғалар. Бұлар мейлі бай, мейлі кедей болсын 

бәрі бір, бірінен-бірі кете алмайды. Өз анасын 

шын сүйетін жігіт сол ананың туыстарын да 

жақыным, бір жұртым деп қадір тұтып, олардың 

бауырына кіруге әзір тұрады. Нағашылар да 

жиенді баласындай еркелетіп, басынан сипайды. 

Қашан да нағашы жақта білімді, білікті, ақылды, 

өнерлі адамдар кездеседі. Солардың бірінің бол-

мысы, бірінің өнегесі жиенге жұғуы заңдылық 

болса керек. 

БалалЫҒЫҢ ҰСТаСа 

НаҒаШЫҢа БаР...

Әрбір адам туған анасын өте жақсы 

көреді. Ендеше, анасының әке-шешесін, аға-

інісін, басқа да ет жақын туыстарын қалайша 

құрметтемесін?!

Соңғы жылдары өздерінің өмір жолдары 

туралы естеліктер құрастырып, арғы ата тегін 

түгендеп, ғұмырнамалық шежірені тарата-

тын немесе отбасылық өнегені баяндайтын 

кітап жазғыштар көбейіп кетті. Бір қызығы, 

солардың қайсыбіреулерін парақтап көрсеңіз 

де нағашы жұрт туралы жып-жылы лебіздерді, 

көңіл толқытатын қимастық пен сағынышқа 

толы жүрекжарды пікірлерді кездестіретініңіз 

анық. 

Қымбат болар туған жердің ағашы да, 



Әркімнің жету керек бағасына. 

Анамыздың ақ сүті үшін өмір бойы, 

Бәріміз борыштымыз нағашыға, – деген өлең 

шумағы осындайда ойға оралады. 

Өлең демекші, нағашыға арналған жырлар 

баршылық. Әсіресе, қазақ поэзиясының шолпан 

жұлдыздарының бірі әрі бірегейі, айтулы лирик 

ақын Мағжан Жұмабаевтың «Нағашыларға» 

деген өлеңі 

Сол екеуден жеті-сегіз біз бармыз 

Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?! 

Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз, 

Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз,– деп 

басталатындықтан кім-кімнің де көңіл төрінен 

орын алары сөзсіз. 

Сондай-ақ жиын-тойларда үнемі нағашының 

батасы ерекше толғанысқа толы. Мәселен, 

Мен нағашы білсеңдер, 

сендер маған жиенсің, 

Жақсы болсаң жиендер, нағашыны сүйерсің.

Суығына қалтырап, ыстығына күйерсің, 

Еңбек етсең ерінбей бақытты болып 

жүрерсің, – деп басталатын игі тілектер жер 

бетінде қазақ деген халық тұрғанда ешқашан 

толастамайтыны ақиқат. 

Соңғы кезде теледидар бетінде әншілер 

заттыбек Көпбосын мен Клара Төленбаеваның 

Динара СӘДуаҚаСОва, тігінші:

– Менің анам 45 жасында аяқ астынан қан қысымы көтеріліп қайтыс болды. Содан бері 10 

жыл уақыт өтсе де әлі күнге дейін өң мен түстің арасында жүргендеймін. Анамның бұл өмірде 

жоқ екеніне көңілімді еш сендіре алмаймын. Үнемі елеңдеп күтетіндеймін. Қай жерге барсам 

да, анама ұқсас біреулерді көріп қалсам болды, сол жерде қалшиып тұрып қаламын. Анамның 

екі сіңлісі, бір інісі бар, олар Қарақалпақ жерінде тұрады. Жаз шықса болды еңбек демалы-

сымды ала сала нағашы жұртыма барғым келеді. Олар мені жұбатады, еркелетеді. Сол жер-

де өзімді жақсы сезінемін. 

Шірбану ҚИлЫБаева, мұғалім:

– «Нағашы – бәйтерек, жиен – қотыр тайлақ» дейтін қазақтың мәтелі есіме түсті. 

Өйткені мен жасым 50-ге келгенше нағашы жұртқа сөзімді өткізіп, еркелеп өстім, тұрмыс 

құрғаннан кейін де жиеншарларын апарып, баққызып жүретінмін. Нағашы жұрттың маған 

жасаған жақсылығы ұшан-теңіз. Алайда мен оларға қандай көмек бердім, ол жағын айта 

алмаймын. Тек көңілге медет тұтатыным адал өмір сүріп, ешкімге қиянат жасамайтыным. 

Арам пиғылдан, жаман ойлаудан аулақ болуым – бұл да нағашы жұрттан дарыған қасиет 

екеніне күмәнім жоқ. 

Махмұт аХМеТОв, құрылысшы:

– «Баланың жақсысы нағашысынан», «Балалығың ұстаса, нағашыңа бар» деген сөздер 

тегін айтылмаса керек. Менің осы күндерді кешіп жүргеніме әуелі Аллаға, содан кейін Ана-

ма, қиын кезде қол ұшын беретін нағашыларыма алғысымды білдіремін. Нағашы атамның 

жақсы кісі болғанын үйде тұрған суреттегі күлімсіреген жүзінен және еңбектерінен білемін. 

Кішкентай кезімде Қызылорданың Жаңақорған ауданындағы алыс бір ауылында тұратын 

нағашы жұртқа қыдырып барғаным қазір де есімде. – Жиенжан, қалағаныңды ал, – де-

ген нағашымның үні құлағымнан кетпейді. Мен өзіме ұнаған ала тайды қаладым. Кейін 

тағы бір қыдырыстап келгенімде жүйіткіген су жаңа велосипедке ие болдым. Сөйтіп, 

әйтеуір Қызылорда жаққа жолым түссе болды олжалы қайтатынмын. Бүгінде өзім де әке 

болғандықтан «жиенқұрық» дегеннің мәнін терең түсінгендеймін. Менің аяулы анамның аға-

інілері Мұрат, Нұржан, Кенжебектер ұдайы маған бағыт-бағдар беріп, жақсы қасиеттерді 

бойыма сіңіруге көмектесті. Өзім сәулет-құрылыс институтын бітіргенмін. Отбасын 

құрғанда да нағашыларым материалдық және рухани жағынан жақсы жәрдемдесті. 

шырқауындағы «Нағашыма» дейтін ән жиі 

беріліп жүр. Осы әнді тыңдағанда жас-кәрінің де 

көңілі толқып отырғанын көк жәшіктің экраны-

нан талай рет көргенбіз. 

Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,

Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.

Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,

Ардақты анашымның туысы,– деп басталып, 

Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың,

Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.

Қараймын көкжиекке күнде тұрып,

Артыңда анам келе жатқандайын,– деп 

аяқталатын ән әрбір жүрек қылын шертіп, өткен 

шаққа деген сағынышты, балалық балдәурендегі 

нағашыларының бейнелерін көз алдарына 

әкеліп, қимастық сезімді оятатыны анық. 

ЖИеНДІ ҰРҒаННЫҢ ҚОлЫ 

ҚалТЫРаЙДЫ...

Өткен ғасырдың соңында қоғам ауысып, 

елде өндіріс тоқтағандықтан дағдарыс басталып 

ер-азаматтар жұмыссыз қалып, әйелдер қауымы 

«қара қазан, сары баланың қамы үшін» ала 

дорба арқалап кеткен кезеңдер де болған еді. 

Сондай күрделі уақытта қаншама жиендердің 

нағашыларын паналағанынан хабарымыз бар. 

Тіпті маған таныс бір отбасында жиені көктем 

кезінде бір теріс әрекет жасап, полиция қолына 

түскен жағдай орын алды. Сонда нағашысы 

дардай қызметін тастап, ата сақалымен басын 

иіп заң орындарына барып жиені үшін қомақты 

айыппұл төлеп, түрмеге қамаудан жиенін бо-

сатып алды. «Ел ішінде бір тентек жүрмей ме? 

Жиенімді соттатып жіберсем қызымның бетіне 

қалай  қараймын» деп кемсеңдеген шал бүгінде 

өмірде жоқ. Алайда данагөй аталарымыздың 

сұңғылалығы, бала үшін от пен суға түсуге дайын 

тұратындығын ұмыту мүмкін емес. Жиендердің 

бейбастақ қылығын сабырмен жөндеп, ұлағат 

сөздерін құлақтарына құюдан жалықпаған, 

нәтижесінде қателіктерін кешіріп, түзу жолға 

салып жіберген нағашылар қай ауылдан болсын 

табылады. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» 

деген тәлімді саналарына мықтап сіңірген 

нағашылар ешқашан жиенге қол көтермейді. 

Теріс әрекетін әзілдей отырып миына жеткізеді, 

ақылға жүгіндіреді, сөйтіп, оң тәлім-тәрбие 

береді. Осындай істерін олар ешуақытта міндет 

қылмайды. Өздері қандай таза болса өзгелерді 

де солай көреді және солай болуын қалайды да. 

Мен 1981 жылы Қазақтың мемлекеттік 

университетінің журналистика факультетін 

бітірер кезде «Тамаша – ойын-сауық отауы» 

дейтін тақырыпта дипломдық жұмысымды 

қорғадым. Оқу кезінде ұдайы телевидениеде 

тәжірибе жинақтаған болатынмын. Актер, қоғам 

қайраткерлері Құдайберген Сұлтанбаев пен 

Тұңғышбай Жаманқұловтың халыққа танылған 

бейнелерінің ең бастысы: нағашы мен жиен 

арасындағы диалогтары еді. Осы кезге дейін 

нағашының, жиеннің образдары жайлы сөз етсек 

жоғарыдағы өнер адамдары ойымызда тұрады. 



Салтанат ҚаЖЫКеН

нағашының 

жолы үлкен

Ұша

Бала дегеніміз – болашақ. Сон дықтан 

олардың тағдырына бейжай қарауымызға бол-

майды. Бүгінгі таңда, жаңа туған сәби лерін жол 

бойына, тіпті әжет ханаға тастап кетіп жатқан 

аналарға  қатыс ты  оқи ға ларды  көргеніңде 

жаның қайғы рып, мұңаясың.

Соңғы жылдары тастанды сәбилердің 

көбеюі қыздарымыздың жеңіл жолға түсуі, 

ажырасып жатқан отбасылардың санының 



«ана тілі» газетінің №10 (1320)10-16 наурыз-

дағы санында журналист ақбота Исләмбектің 

демография мәселесіне арнал ған «отан от-

басынан басталады» деген мақа ласын оқып, 

өзімнің ой-пікірімді ортаға салуды жөн көрдім.

Бекболат ӘДЕтоВ 

талап таЙМаСҰлЫ 

Олар ше? Олар бізде қашан болып 

еді? 

– Слушай!... – деп, мол денесімен 



жөңкеріле қараған Дариғадан енді 

жөндемді жауап ала алмасына көзі 

жеткен Ілдірім жөпелдемеде судыр-

лай жөнеліп, мән-жайды түсіндіруге 

көшті. Жаңа әлгіде Қасейіннің теле-

фон соғып, болмашы бірдеңелерді 

көңірсіткенін, сөз арасында «Біреудің 

жаясын жесең, ұшаңды сайла» дейтін 

мақалды қыстырып, әлденендей емеу-

рін білдіргенін айта келіп: 

– Сен байқамадың ба, сол жылы 

солардың дастарқанында жая болып па 

еді? – деп тоқтады. 

Сөздің тігісін қанша жатқыздым 

дегенмен Дариғаның әлгіде кілт келе 

қалған алқым ашуы әлі басыла қойған 

жоқ екен: 

– Еркек басыңмен біреудің табағына 

не салғанында шаруаң қанша? – деп 

дауыл  датып  бастап,  жауындатып-жа-

уындатып алды. Бастырмалатып, ит 

сілікпесін шығарды. Ілдірім де тірі жан 

емес пе, жауын-жауынның арасына сы-

налап сөз қосып, өз дегенін ақтаған бо-

Сергелдеңін

Сезімнің тұсап қайғым,

Шапағын да аламын құшаққа айдың.

Тиіспеймін!

Шошыма, еркелетіп,

Жанарыммен жай ғана құшақтаймын.

Жанарымның 

Ішінде қылығың бар,

Жанарымның 

ішінде ұғыныңдар!

Содан кейін көңілде көрінбейтін,

Жүректің де түбінде бір ұғым бар.

Доғарайын!

Сөйлеуге таңдай бақсы,

Бақ тілейтін 

біздерде маңдай тапшы.

Шын ғашық боп япыр-ай, 

қалар ма едім,

Айдың алыс болғаны қандай жақсы!

ЖаҒалау

Көл беті де көңілсіз, 

көбік басқан,

Мендік көңіл секілді 

көніп қашқан.

Толқындар да ағыстың жетегінде,

Өте шыққан күндердей жөн ұқпастан.

Шағала жүр шарқ ұрып 

шабақ іздеп,

Көбіктен де нәпақа 

табамыз деп.

Менің ессіз шабытым сияқтанған,

Қанаттанса кететін қалам іздеп.

Жасыл кірпік жағалау 

құрақтанған,

Тамырының қуатын 

құрап талдан. 

Менің түссіз ойымдай тамырланса,

Түр-түсімен түрліше қуаттанған.

Әлсін-әлсін самал жел 

ойнақ салған,

Бедерленген су беті 

оймақталған.

Менің балғын шағымдай алыстағы,

Қиялым мен санамда ойнап қалған.

Ақ айдын да сиректеу 

үйрек, қаздан,

Тұмсығымен тереңін 

түйреп қазған.

Менің жастық дәуренім секілденген,

Қызығы мен қытығы сиреп қалған.

Жағалау да айдыннан 

қалыстаған,

Сортаңы мен қайраңы 

жаныштаған.

Ақ қайыңды менің де жағалауым,

Базарынан бал көңіл алыстаған!..

Батыс Қазақстан облысы 

лігінің Мәдениет және өнер істері 

департаменті директорының орынбаса-

ры, Қр Мәдениет қайраткері Нұрболат 

Ахметжанов, Қырғызстанның халық 

артисі, Бішкек қаласы мэриясының 

ұлт-аспаптар оркестрінің бас дири жері 

Бақытбек Тілегенов, Башқұрт респуб-

ликасының халық артисі, Х.Ахметов 

атын дағы Башқұрт мемлекеттік филар-

мониясының Ұлттық халық аспаптар 

оркестрінің көркемдік жетекшісі ра-

миль Хайруллин, Қр еңбек сіңірген 

мәдениет қызметкері, профессор, 

композитор Қайырғали Қожанбаев, 

«Дарын» мем лекеттік сыйлығының 

иегері, Құр манғазы атындағы Қазақ 

м е м л е  к е т т і к   а к а д е м и я л ы қ   х а л ы қ 

аспаптары оркестрінің бас дирижері 

Арман Жүдебаев сынды белгілі аза-

маттар қазылық еткен фестивальде, 

Қырғызстаннан келген халықтық оркестр 

бас жүлдені қанжығасына байласа, Пав-

лодардан келген Иса Байзақов атындағы 

филармонияның қазақ ұлт-аспаптар 

оркестрі 1-ші, Уфа қаласының ұлт-

аспаптар оркестрі мен Татарстан респу-

бликасынан келген Г.Жиганов атындағы 

Қазан мемлекеттік консерваториясының 

оркестрі және Әміре Қашаубаев атындағы 

Семей мемлекеттік филармониясының 

«Бибігүл» қазақ халық аспаптары 

оркестрі 2-ші орынды иемденіп, жүлделі 

3-ші орынға қол жеткізгендер қа тарында 

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық 

колледжінің оркестрі мен Түркиядан 

(Адана) келген кәсіпқой оркестрлердің 

қатарында Мақат аудандық халықтық 

ұлт-аспаптар оркестрі аталды. Ауданнан 

барған әуесқой ұжымның кәсіпқойлар 

арасында жүлдеге ие болуы біз үшін бас 

жүлдемен бірдей, – дейді оркестрдің 

шашбауын көтеріп, Ақтөбе қаласына 

бірге барып қайтқан Мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат 

Ермеков. 

Осындай кәсіби деңгейі жоғары 

ұжымдармен иық тіресіп, бір сахнада 

тәжірибе алмасқанымыздың өзі мәртебе 

десек те, халықтық оркестрдің ізденісі 

мұнымен тоқтап қалмақ емес. Арты-

на қайталанбас өзіндік із қалдырып, 

ғұмырда барлық білімі мен ақыл-ойын, 

күш-жігерін қазақ кәсіби музыка өнерінің 

дамуына сарп еткен шынайы талант Ах-

мет Жұбановтың туындылары бабадан 

қалған әуенді қаз қалпында нақышына 

келтіріп орындайтын оркестрлер барда 

мәңгі жасайтынына сенім мол. 



Нұрбейбіт НҰҒЫМаНОв

Атырау облысы

мақала, өлең, эссе жазып, таным 

деңгейін көрсетті. Сонымен бірге ақын 

өлеңдерін мәнерлеп оқып, сынға түсті. 

Нәтижесінде бас жүлдені аталған оқу 

орнының 2-курс студенті Айжан Мел-

дебек иеленді. Өзге де жүлделі орындар 

мен қатысушыларға диплом, сертифи-

каттар берілді. Белгілі қаламгерлер мен 

өнер иелері қазылық еткен байқаудан 

студенттердің ақын рухын асқақтатуға, 

шығармаларын көбірек оқып, зерттеу 

нысанасына айналдыруға деген талпы-

ныс байқалды. Шарадан шабыт алып

ой түйіп ұлт қайраткерін ұлықтауға 

ниеттенген жастарға қор тарапынан 

алдағы уақытта да қолдау көрсетіліп 

тұрмақ. Осы арқылы шетелдегі қазақ 

әдебиеті мен тарихи тұлғаларын көбірек 

зерттеуге жол ашылады.

Жарқын СӘлеНҰлЫ 

Қошеметке ие «Халық оркестрі»

Таңжарық оқулары

КҮН БаТаДЫ

Күн батады!

Қызыл арай шапағына малына,

еңкейеді  ұясына тағы да.

Дамылдатып біреулердің тынысын,

күш береді біреулердің жанына.

Күн батады!

Күңірене, бәлкім әлде, күлімдеп,

демі бардың күрме баулы күнін жеп...

Түн келеді түрен салып тылсым бір,

күннен қалған сілемдерді тілімдеп.


12

№17 (1327) 

28 сәуір – 4 мамыр 

2016 жыл


АНА ТІЛІ

Құрылтайшы және шығарушы: 



«ҚазаҚ ГазЕттЕРI» 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор – 

Редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КЕНЖалИН

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

Бас редактор 



Самат ИБРаИМ

Бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

Нұрперзент ДоМБаЙ

Бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан төлЕБаЕВ

Бөлiм редакторлары:

Ақбота ИСләМБЕК – Тіл мәселелері және мәдениет

Бағдагүл БАлАУБАЕВА – Білім және ғылым

Аян МЕЙРАШ – әлеумет және ақпарат



Фототiлшi

Азамат ҚҰСАЙЫНОВ



Беттеуші

Нұржан АСАНОВ



 

Корректор

Динара МАСАКОВА



Хатшы-референт

лунара АТАМҚҰлОВА

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-Г куәлiгi берiлдi.

Газет аптасына бір рет шығады.

«Ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ 

газеттерi» ЖШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

«Ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. Редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» ЖШС-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. Индекс 65367. Офсеттiк басылым.

Газет: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 «в». 

 «Алматы-Болашақ» АҚ, Тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 190, «А-Полиграфия» баспаханаларында басылып шықты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет